ru
Feedback
данышпан қарға

данышпан қарға

Открыть в Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

Больше
669
Подписчики
Нет данных24 часа
-17 дней
-930 дней
Архив постов
#ашықмикрофон Адамдардың маған сыйлық сыйлаған соң оны қалай алғанын жырлап беретінін жек көремін. Өтірік іі,мм деймін. Түрім бәрін айтып тұрады ғой. Неге қоя салмайды екен. Ааа бұған қызық емес екен деп неге қоя салмайды. Жалпы солай сыйлық сыйлайтыңдарға айтарым бар: э, олай сыйлайтын болсаңдар вообще сыйламай ақ қойыңдарш!

Өзімді аса популяр телеграмшы санамасам да, аудиториямның сапалы екеніне сенем (естіватсыңдар ма, мақтаватырм сендерді). Ендеше сендердің де іштеріңе жиналған жанайқай не тәнайқай болса, бөлісе отыруларыңды сұраймын. Бірге талқылайық, КНБ есік қаққанша билікті жер-жебіріне жетіп жамандайық. Аноним сұрақ-жауап кезіндегі бірнеше пікірлер ұнап қалды да, жай. Сендерден барынша сауатты, конструктив жазу сұралады. Пікір авторын көрсеткілерің келсе соңында өз аты-жөндеріңді/аккаунттарыңды/ИИН нөмірілеріңді көрсетіп кетсеңдер болады. Ал хат - аноним қалсын десеңдер, өз еріктеріңде. Сонымен, ашық микрофон: https://t.me/anonim_mail_bot?start=318962607

ЕРЕКШЕЛІК ДЕРТІ Біздің мүсәпір қоғамда талғампаздық - ерекше көрінудің әлде өзіңді еске салудың жалғыз ғана саңылауы тәрізді. Ол қиын да емес. Жұрттың көбі елітіп, еріксіз тербеле бастаған әнге кенет қақшия қаласың да, «ал маған бұл ән ұнамайды!» деп бақырасың. Инерция заңы бойынша өзіңе тиесілі минөттік жұрт назарын аласың. Басқа біреу, «ал мен бүгін биге дамбалсыз келдім, мінеки!» деп, шылбырын ағытып жібермейінше. Қалай оның шалбары сыпырылып түседі - жұрт солай сені де ұмытады. Ұмытқанда оңбай ұмытады: сен келесіде, «ал мен алысқа қақыра алам» деген кезіңде, «оу, мынау баяғы талғампазымыз ғой!» демейді, қайтадан, «бұл кім еді?» дейді. Сосын талғам арқылы ерекшеленудің азапты жолына біржола түсесің. Мидың белсенді бөлігі - жұма күні керісінше, мешіттен қашып келе жатқан Қожанасыр болуды ойлайды да тұрады. «Төлен Әбдік сияқты мен де жаза алам» дейсің, ешкім жаза алмайсың демесе де. Көгілдірмін дейсің, фашиспін дейсің, Сырақарындар Клубының құрылтайшысы боласың, әйтеуір істемегенің қалмайды. Осының барлығын «неге?» деген сұраққа жауап бере алмай істейсің. Талғамға талас бар әрине, бірақ ол өзіңнің меніңнің аймағымен аяқталса керек-ті. Палауға да мұрнын шүйіретіндер бар, бірақ табақ тартылғанда сіңбірмесе керек-ті. Етті «оччччень жирно!» деп ұнатпайтын асфальтбетон қазақтар бар, бірақ дастарқан басында лоқсып берекемізді алғанын бір рет те көрмеппін. Кескініміз болмай қалған шығар, дауысымыз да сойылатынын сезіп қалған ешкінікі сияқты бақылдақ шығар. Бірақ өлмей жүрсің ғой әйтеуір? Айтпақшы, сенің де қиқа-жиқаңа біздің де үндемей шыдап жүргенімізді ескерсейші. Ол әке-шешеңе ғана еді ғой, ең тәтті, ең сұлу, ең-ең болғаның. Балалықтан шықсайшы. Ақыр аяғы, мақұлықтың ең сорлысына, насына, сасығына дейін кемеге алған Нұқтың тәмсілі бар емес пе. Сәлдесін шұлғау қылып алса да, замандастарымызға мейіріммен қарайықшы. Өткінші емес пе бәрі. P.S. Маған Windows ұнайды. (с) Ерлан Оспан

Комплекстерім мен қайғы-мұңымды айтып, шер тарқатып жылап алатын мүмкіндік болмаса маған әйел наққа керек?!

Марқұм Болат Атабаев бір сұхбатында өзінің істеген бір қылығын «Ой, оңбағандық қой ол. Сорлылық қой» деп еске алғанын көргем. Өмірде ондай мәрт адамдарды жиі көре бермейсің. Әдетте өзімнің оңбаған, жексұрын екенімді жазғанда алдын-ала ақталу қарекеті не самокритичный, ендеше данышпан екен деп ойлап қалсын деп емес, шын жүректен сезініп жазам. Тағы бір рет қайталаймын, өзін өзі нашар деп санайтын адамның сөзіне сене салған дұрыс. Сендердің орындарыңда болсам, мен де жақтырмайтын ем мұндайды. Расында өзім де байқамай қалам: Бәрінен ақылды көрінуге тырысу, бәрі жақсы көретін нәрсені терістеу, әрбір сөзге әзіл тықпалап отыру, не керек бір сөзбен пиздец болып кететінімді өзім де кейінірек барып байқаймын. Тек адамдардың әзіл түсіну қабілетсіздігіне деген көзқарасым теңселмейді. Кешірім сұрауға кеп тұрған жоқпын, өйткені мұнымды бір күні емес бір күні тағы да қайталайтынымды білем. Жай, өз кінәңді мойындап сорлы жаратылыс екеніңді, сондай зиянкес қылықтарыңнан арланып, шын тазаланып тұрған да жөн бе деймін де әлгі

Телеграмға стори салатын таныстарым көбейіп барады Оңбаған буржуалар ((

Repost from YerlanGo - 44+
#TIMISKI #TIMISKIPROJECT #ТІМІСКІ БОЛЫП ТАБЫЛМАУҒА КӨМЕК КЕРЕК Достар, көмегіңіз керек. Жобамды финалға жеткізіп, сіздерге ұсыну үшін ерікті қаржылай көмек (донат) сұрағым келеді. "Тіміскі" - қазақша мәтінді жиі кездесетін грамматикалық, орфографиялық қатеге тексеретін компьютер бағдарламасының жобасы. Ұқсас жоба: glvrd.ru. glvrd.ru сияқты құрал жасауды 2017 жылы бастадым. Сол кезде де жылу жинап, бір рет журналист қауымға ұсынғам. Одан бері техника, технологиялар адам танымастай өзгерді. Сөзімізде қате де көбейді, ол қателердің алуандығы да артты. Ақыры, әр қатеге бір қақпақ болып отыру мүмкін емесі анық болды. Бірнеше жыл ұтымды алгоритмдерді зерттеп, тауып отырмын. Енді соны нақты компьютер программасына айналдырып, ұсынсам деймін. Мұндай бағдарламаның ерекшелігі - оның ақылы болғаны дұрыс емес. Тек бұқаралық сипатқа ие болса ғана дамитын қасиеті бар. Немесе бірден бес мың қолданушысы болу керек, ал ондайдың біздің елде мүмкін емесіне практика жүзінде көзім жетті. Қазіргі кезеңде күнде 3-4 сағат бөлгенім керек. Сосын, ең болмаса бастапқы кезеңде менен жалақы алатын, сондықтан маған нақты міндеткерлігі бар алғыр көмекші керек. Бұған қоса, түрлі лицензиялық төлемдер мен жарақтар (sign key сияқты) бар. Бұлардың бәрін өз бетімше өтеу мүмкін болмай қалды. "Тіміскі" редакторы қарашаның басында жарыққа шығады. Тегін болады. Жоба туралы жаңалық пен мақалаларды әзір әлеуметтік желіде жариялап отырамын. Көмек бергендер кез келген уақытта қоңырау шалып немесе мессенджерге жазып, жоба туралы сұрап отырса болады. Әдеттегідей, бәрі де ашық болғанын қалаймын. Атымтай жомарттар мен жанашырларға ақпар: KASPI: 4400 4301 4891 8219 +7 777 619 65 90 Ерлан Оспан. HALYK\BCC\JUSAN: +7 777 619 65 90. WhatsApp: + 777 619 65 90 Көмек жібере қалған жағдайда "Тіміскі жобасына көмек" деген каммент жазсаңыз екен: кейін маған есеп беруге жеңіл болады. Және - есіміңізді де жазыңыз, жобаға қатысқандар тізіміне қосқым келеді. Назарыңызға рақмет.

DY-ға қарап өзімнің қандай оңбаған екенімді түсінем. Солардың токсик жазбасын оқыған сайын (кем дегенде) біртүрлі болам, сендер де соны сезінеді екенсіңдер ғой, айналайындарым-ау... Кешіріңдерш ((

Өзіңе айтылған туған күн тілектерін, көтерілген тосттарды қалай қабылдайсың?
Anonymous voting

- молдеке, мешітке миллион доллар аударсам жұмаққа барамын ба? - дәл айту қиын, бірақ байқап көрейік

Неге қыздар Gorilla ішпейд?

Телеграм арнаға үгіт-насихат, теория-гипотеза мен ақыл-өнеге жазғаннан гөрі, өз өміріңнің мезеттерін, ғибратты оқиғаларды, сосын әлбетте өсек-аяңды салған әлдеқайда тартымды көрінетінін түсіндім (3 жыл бойғы тәжірибем бар ғо, көрген-білгенімді айтуға хақым бар шығар) Чаплинның "кішкентай адам" концепциясына ұқсайтын сияқты. Маған ұнайды. Адамдар идеал жасаумен, біреудің әлгісін шұқылаумен, максимализммен басы ауырмай, өз өмірін сүруден, содан ләззат алуды мақсат етсе, онда оның қай жері жаман? Мен қартайдым, сендерге айтар кеңесім, тым құрығанда моралым осы. Боже, храни хана

Тағы да осы. Сонда да құтты болсын, балмұздақ бейбилер

1 және 3 нұсқаларды таңдаған адамдарға сауалым бар. Қандай сезім?

Адам өліміне куә болған кезің болды ма?
Anonymous voting

Repost from N/a
"Spin dictators" (қазақша қалай аударылатынын білмейм) - Дениел Трейсман мен Сергей Гуриев екеуі жазған 21 ғасыр диктаторларын зерттеуші кітап. Авторлар осы кітабында ендігі күнде диктаторлар - адамды ашықтан-ашық өлтіріп, қолы қанға бұлғанып отыратын адамдар күйінен жаңа күйге түрленіп бастағанын сипаттайды. Негізгі тезистер: - Орыс тіліне аударылған нұсқасында кітапқа "Диктаторы обмана" - Жалғанға негізделген диктатура деген атау берілген. Авторлардың айтуынша диктаторлар да эволюция заңына бағынып, жаңа заманға бейімделді. "Өркениет нығметтерінен құр қалмау үшін заманауи диктаторлар түр жасауға дағдыланды" - дейді Сергей Маратович. - 20 ғасырда диктаторлар тек "Диктаторы страха" - Үрейге негізделген диктаторлар болды. Олар жасаған репрессиясынан ұялмады, қысылмады әрі ешкімнен жасырмай қырғын жасады. 21 ғасырда бұндай жасайтындар әлемнен оқшауланатынын түсініп (Мадуро, Асад не Ким Чен Ын сияқтылар), енді заманауи диктаторлар бұндай істерін демократияны жамылып істеуге көшті. - Жалғандар диктаторы сырт көзге - демократтардан айырып алғысыз көрінеді. Олардың спичтері, ұрандары, мемлекеттік саясаты демократ елдердікімен бірдей. Есесіне олар да сайлаулар жасап орнын, билігін легитимдеуге мәжбүр. Бұл мәселелер 21 ғасыр диктаторы үшін ауадай қажет. - Жалғандар диктатурасы үшін БАҚ-тың 70-80 пайызына иелік ету аса маңызды. Олар халықтың базалық қажеттіліктеріне: ас-ауқатына, жұмысы мен салығына барынша зиян салмауға әрекет етеді, керісінше оған өздері де мүдделі. Есесіне, құқықтарын, еркіндігін аз-аздан суырып жатады. Медианың қалған үлесін - тәуелсіз авторларға береді, демократияға иммитация жасау үшін. - Диктаторлар ең алғашқы сайлаудың өзінде-ақ фальсифакция жасайды. Тіпті олар жеңетініне 100 пайыз сенімді болса да. Бұнысын авторлар "халықты демократиялық трендтерге үйретіп алмау үшін" деп түсіндіреді. - Мекен-жайлы репрессиялар. Сталин мен Хитлер заманында, сүкімет көзіне түскен адамды ұлт сатқыны ретінде айыптап, кез-келген мезетте Сібірге айдап жібере алатын заманда, әрбір адамның кем дегенде итжеккенге айдалған 1 танысы болатын. Ал заманауи диктаторлар, үн-түнсіз ондаған адамдарды: көбіне журналистер мен активистерді бір-бірлеп түрмеге тоғытып жатады. Бірақ, бұның массалық әсері жоқ. Сенің саяси себеппен тұтқындалған танысың жоқ па? Демек диктатор жеңді. Себебі сен әділетсіздікті өз басыңнан өткермегендіктен, басқалардың уайым-қайғысын естімейсің де. - Жалғандар диктаторының ең басты міндеті - тағын да сақтап қалу, сыртпен де дұрыс қатынаста болу. Қысқаша айтқанда, олар - демократияға жасалатын пародия. Авторлар - Нұрсұлтан Назарбаевты осындай типтегі мінсіз диктаторлардың бірі ретінде көрсетеді. Сонымен, біздің қайсы таныстарымыз "жалғандар диктаторы"? Тоқаев, әрине. Мирзиеев, Әлиев, Жапаров және Ердоған. Путин де соғысқа дейін жалғандар диктаторы болған, соғыстан кейін үрейлер диктаторына айналып бітті. Лукашенко о бастан-ақ үрейлер диктаторы болған дейді авторлар. Сергей Гуриев аталмыш кітаптың жақын арада қазақ тіліне де аударыла бастайтынын хабарлады.

Repost from N/a
Сағат 15:42 кетті, демек, жер-әлемге ілім мен мейірімділік шуағын шашқан асылбек дініміз Буддизмнің небір шытырман хикаяларын жырлап беретін нағыз сәт. Адамзат деген пидараз жаратылыс иелері әлі пайда бола қоймаған сондай жайма-шуақ, сондай шүкіршілік замандар болатын. Жер бетінде Парвати (Патил емес) деген әйел-құдай мен Шива деген еркек-құдай, сосын бірнеше майда-шүйделер мен Хан-ата ғана бар кез. Ешкімнен ұялмайтын, қымсынбайтын әлгі... Бірде Шива Атырауға вахтаға кеткен кезде Парвати сандал майынан бала жасап алып, ол баланы ваннаға түскенде қарауылдап тұратын қызметке қойыпты (кімнен деймін де). Атын обед шақырып – Ганеша қояды. Сөйтіп ай өтеді, ай артынан күн өтеді, бір күні вахтадан әйеліне деген ерекше құштарлықпен келген Шива ваннаның алдында бейтаныс бала тұрғанын көреді. Ішке кіргіз десе кіргізбей, керісінше өзіне секіріп ЦОН-нан сотталмағандығы туралы қағаз, военкоматтан әскери билет, ең сорақысы психдиспансерден справка сұрап, бюрократиясын тықпалап қанын ішіп тұрып алыпты. Сонда аштықтан (қарны ашқаннан емес) әрең бұратылып тұрған Шива ашуланып кетіпті де, щеголдың басын жұлып алып лақтырып жіберген деседі. Ваннадан шыға сала, мұны естіген қатын-құдай «бүкіл әлемді жоқ қылам» деп долданғанда (әсілінде бермей қойған, бар болғаны) Шива да сабасына түсіп, әскерін солтүстікке жіберіп балаға бас іздей бастапты. Солтүстікте әскері Индраның ақ пілін ұстап алып, үйге әкеліп Шиваның денесіне тігіпті де, Брахманың күші арқылы жаңа жан бітіріпті (о, шешесс! не боп кетті өзі). Сол күннен бері Ганеша - үнділердің, жалпы, ақылы бар өркениетті адамзат үшін даналық және аман-саулық құдайы болған деседі ел артындағы аңыз. Оған көбіне бизнесмендер, философтар және әрине, соры қайнаған студенттер табынады. Бүгінгі күні ЕҰУ атындағы Гумилев университетінің бас корпусының алдында Ганеша-сидхтың қасқайып тұрған мүсінін көруге болады.

Осы арнаның көзін құртып, t.me/oygroup-қа барымды салсам ба деп ойлап жүрмін. Эволюциялық жадым тыныштық берер емес 🙂

Алдын аса мән бермейтінмін, соңғы күндері байқадым: интернет таныстарыммен өмірде жолыққаннан кейін, олардың маған қатынасы ақырындап суып кете ме әлде субординация ұстап бастай ма сондай бірнәрсе болады, қққ. Осындай теріс энергиямды өмірде жолықпай-ақ байқап, сол қатынасын әрбір постыма ортан теректің реакциясын қалдырып кететін оқырманымның данышпандығына бас исем деп едім, осы сәтті пайдалана отырып. P.S. Бұл - автокомплимент жазба емес, ендеше, есіркеп-мүсіркеу, қайыр-садақаларыңды әкетіңдер бұл жерден, әхәхәхәхә