ru
Feedback
данышпан қарға

данышпан қарға

Открыть в Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

Больше
669
Подписчики
Нет данных24 часа
-17 дней
-930 дней
Архив постов
алғанды көбірек жақсы көресің бе әлде бергенді? Не нәрсе екеніне байланысты)

бір адамға айтқың келіп,айта алмай қалған сөз бар ма? бар болса ол қандай сөз? ұнатып жүргенімді айта алмаған қыздар болған. және айта алмағаныма қуанам, бүгін 😁

ой сен красапчиксиің Бейбіт шын ниетіммен дым сарказмсыз айтып тұрм 😚 мынаны өз-өзіме жазған жоқпын, шын айтам 🤞

өзіңе ұнаған сұрақтар болды ма? Эмоция тану, интеллект және кешірім сұрау туралы сұрақтар ұнады.

сенде қандай память жақсы дамыған? тыңдау арқылы көбірек есте сақтайтын сияқтымын.

болашақ жарың дәстүрлі көзқарастағы адам болғанын қалайсың ба әлде заманауи? Заманауи. Жастық максимализмі ұрып тұрған дәуірде тым либерал болған адам орта жасқа қарай - консерватор ортамен іштей келісімге келетін тәрізді. Яғни, әйтеуір баланс табады. Дәстүршілдердің бөтен ортаға ашылғанын жиі көре бермейсің, алайда.

кешірім сұрау білмесең ертең қалай отбасын құрмақсың, сүйіктіңмен мәселені қалай шешіп, татуласасың? үйренем. үйретеді.

мектепте сабақты жиі көшіретін бе едің? ҰБТ тапсырарда қаншалықты уайымдадың, үмітің, еңбегің ақталды ма? 9 сыныпқа дейін - иә, көшіретінмін. Одан кейін басқа сыныпқа ауыстым да, мотивация пайда болды. ҰБТ-ны аса уайымдамадым, өзіме сенімді болғандықтан шығар. Түк сезім болған жоқ. Тапсырғанда да, жауабын білгенде де.

қалай ойлайсың өміріңде жақсы адамдар көбірек кездесе ме саған әлде нашарлары ма Өмірді, ендеше адамдарды да жақсы-жаманға жіктемеймін. "Міне мынау жаман адам" деп нұсқайтын адамдар шамалы. Дегенмен сауатты, білімді адамдарға көбірек тап болдым, тиісінше олардың бар болуын - позитив бағалаймын

жігіттердің қандай әрекетін, әдетін жек көресің/түсінбейсің? Барлық әрекетін түсінем. Жек көретін әдетім нетактичность. Қай жерде өзін қалай ұстауды білмейтіндер, ляп айтып қоя беретіндер (әсіресе көпшілік ортада не қыздармен сөйлескенде).

Әзілді түсіне білу бұл үнемі интеллекттің белгісі емес сияқты ғой. Мысалы сен сияқтылар адамды кемсітіп, орынсыз күлкі ғып әзілдеп жатады :( Кейбіреулер түр-түсін айтып жеке басқа тиісіп әзілдейді Жо-жоқ, формула дұрыс жұмыс істейді, оған күпір келтірме. Мәселе мынада: мен интеллектуал емеспін. Бар болғаны сол.

өз эмоцияларыңды жақсы біліп, танисың ба?(без шуток) Танимын. Қай кезде өзімді қалай сезініп тұрғанымды жақсы түсінем, тіпті көп ойланып кетем кейде. Бірақ басқару қолымнан келмейді. Жұрттар сияқты мен де чортпын.

Ерлі-зайыптылардың екі бөлмеде ұйықтауы қалыпты ма сен үшін? Егер бір партнерге бірге ұйықтау физ.тұрғыда ыңғайсыз болса, ұйқысы өте чуткий болса Ерлі-зайыптылардың мәселесінде екі ғана тарап бар: күйеуі және әйелі. Әлеуметтану ғылымына бұндай ізденістердің қосылмағанын қалар едім: өздеріне қалай ыңғайлы, солай жатсын. Сырттан біреу бірдеңе десе: пошел нақу десін.

неге көп еркектер үйленерде әйелі соның фамилиясын алмаса ущемляться етіп қалады? сен үшін бұл маңызды ма? Бұндай намыстануды бірінші рет естіп тұрмын. Менің апам ғана - атамның фамилиясын алған. Әулетте басқа ондай кейс жоқ. Мен - жоқ. Әйелім өз фамилиясында қалуы керек деп есептеймін.

Провокацияны жақсы көресің бе? Жо-жоқ, беті аулақ.

Болашақта егер сүйіктің сенің ата-анаң мен бауырларыңды жақсы көрмесе сен шешіміңді өзгертесің бе н/се сен оның отбасын жақтырмасаң? Бала болмаса ажырасуға тырысар едім.

адам қаласа өзінің бүкіл қорқынышын, әлсіздігін жеңе алады деген бос сөз бе? Меніңше жоқ. Бірақ ол, сірә, кинодағы романтика көрсететіндей бір сәтте аспаннан санасына нұр құйылып, бәрін жеңе салмайды. Чехов айтқандай "күн сайын бойындағы құлды тамшылап шығарып отырудан" пайда болады. Бұған жылдар керек.

Жұптардың бір-бірінің телефон паролін білгені норм деп ойлайсың ба әлде бұл жеке шекараны бұзу ма? Мен өз басым берер едім. Қалғандары - өзі шешсін. Өзара сенімге байланысты тағы да.

кімнің қолын алмас едің?(әзілсіз) Созылған қолды сол күйі қалдырмауға тырысам, кім болса да. Ал өзім барып амандаспауға тырысатын адамдарым көп - ауылдағы кейбір алқаш көкелер (бәрібір сен танымайсың). Сен танитындардан - бұрынғы кафедра меңгерушім, сосын Тоқаев (өзіме көп алып кеткен сияқтымын, қояйын)

балалық шақтағы ең қорқынышты жаза? Болған ба, қорыққан ба? Қорқу абстрактілі болған сияқты, неден қорыққаным есімде жоқ. Ал болған жаза - ұру. Бір жолы інім екеуміз үйден рұқсатсыз ақша алып, 2-3 күн айран-асыр салып жүрдік. Сөйтіп бір күні жауап беретін күн туды: мамам ақшаның азайғанын біліп қойды. Сөйтіп інім екеуміз бір-бірімізді ұстап бердік. Кешке ұрыс-керіс, кешкіліктің орнына таяқ жеп жаттық, ең жаман сезім - таңертең болды. Ұйқыдан оянғанда алда тағы да жаза күтіп тұрғанын, ешқайда қашып құтыла алмайтыныңды және медет болар ештеңенің жоқ екенін сезінгенде кәдімгідей түрмені сезіндім. Көбіне психологиялық жаза болған.