669
Подписчики
Нет данных24 часа
-17 дней
-930 дней
Архив постов
"Сіздің сұлу бейнеңізді көрмей жүру мен үшін өте ауыр".
Білә, шығыс халықтарының романтикалық сөз саптауы пиздец енді. Кейін біреуге ғашық болғанда соған айтам деп блокнотқа жазып жүретін болам 🤞
"Бірде Марсий деген адам түсінде Дионисийді бауыздап жатқанын көреді. Сосын, осы түсі туралы жақындарына да айтады. Үшбу әңгіме жерде жатып қалмай, тез тарап кетіп, бір күні Дионисийдің өзі де бұл жайлы естиді.
Естіген бойда Марсийді тауып алып, құлағынан сүйреп сотқа әкеледі. Қазыға болған жайтты айтады да, соңында «бұның мені өлтірмек ойы бар, әйтпесе өңінде ойламаған нәрсесі түсіне кіруші ме еді?» деген аргумент қосып қояды"
Тәмсіл - Шарль Луи Монтескьенің «Заңдар рухы жайлы» еңбегінде баяндалған. Ал Монтескье аталмыш прецедентке, қысқаша әрі мәдениетсіз айтсақ, қаямжеген әңгіме деп баға береді. Біз - болмаған қылмыс үшін жаза белгілемейміз, бұл далбаса.
Монтескьенің еңбектері кейіннен англо-саксон құқықтық семьясының да, романо-герман құқықтық семьясының да қалыптасуына өте үлкен ықпалын тигізген.
Марал орнына: Ақбота.
Потенциал қылмыскер деген ұғым бар екенін білем. Алайда осы даналықты аз-кем интерпетация жасағаннан кейін оңай әрі әбден зайып алы шыққан қорытынды жасауға болады. Қысқа киінген қыздарды - жезөкше деп, ендеше бүркенгендерін де террорист деп айыптау - жай ғана негізі жоқ нәрсе емес, қып-қызыл жала болып саналуы тиіс. Мен солардың орнында болғанда моральный ущерб деп сотқа беріп, тиын сындырвалар ем, мысалы. Мүмкін солай жан бағар ем, қққ.
Қыздардан басқа түк ойламағандықтан, солардан басқа мысал келтіре алмадым, (з)айыпқа бұйырмағайсыздар. Монтескье тәтемнің мысалын өз шама-шарқыңызға қарай конвертация жасап ала берің, ешкім ренжімейді 🙂.
Бүгінге осы.
Ең ұяттан безген, ең алқаш, ең бейәдеп мәнермен тикток жұлдызы болғандардың бәрі түбінде Мәуләна боп шығатыны несі осы?
Османдар жайлы сөз болғанда бір-екі тарихи факт айтам ғой деп Сүлеймен сұлтанды көріп бастап ем. Ой, әнәсс. Ешқандай да тарихи емес, қатындардың құр айқай-жанжалы. Хюрем же сучка еще та. Қанымды қайнатып бітірді.
Бірақ өте қызық. Мен кеттім, қазір 4-ші сериясын басталады.
Әр бейшараның - бейшара болуына татитын өмірлік ұстанымы бар. Сондықтан әркімге бір жандарың ашып, албаты іш ауырта бермеңдер.
Генетикалық код деген бар болса, сол ДНҚ арқылы менің боқтау мәнеріме тікелей әсер еткен сияқты.
Кейде байқамай тұрып сиыр тепкенде, бұзауы ұстатпай қашып кеткенде, ютубтағы видеоң жүктелмей тұрғанда оның үстінен жарнама ойнап кеткенде, қысқасы бүкіл әлем жаныңды шығарып жіберердей зайбал болғанда - ағыл-тегіл боқтағың келетін сәттер болады. Сонда маған орыстың, ағылшынның, тіпті кейбір қазақша боқтаулар да жаныма медет болмайды: тек шешеден бастағанда, күллі тәнімнің соңғы протондарына дейін жеккөрінішімді сезініп, соны сыртқа шығара алатындаймын.
Мораль орнына. Бір діндар ағам әр ашуы шыққанда, тістеніп тұрып хамд-салауаттар айтатын. Әлі де айтады. Күнә жамағысы келмейтін ниетін дұрыс түсінем, дегенмен айтқан сөздері - ашуын басып, қышуын қандыратынына үлкен күмәнмен қараймын. Оның үстіне (сөзде энергия деген нәрсе болса) жаман реакциямен жақсы сөзді байланыстыруға себеп көрмеймін.
Сол үшін де терең жеккөрінішің мен рухани нәжісіңді шығаруға лайықты сөздер болуы керек деп ойлаймын. Ал енді ол сөздің біреуді кемсітуі мен құқықтық нормативтер аясына сыю-сыймауы - өзіңнің проблемаң, қққ
Авторы, әрине, Хамид әкәм. Менен қайдан шықсын бұндай даналық.
Соңғы күндері көрінбей кетті. Твайматтың өзбек сүкіметі де Азан.уз сайтын жауап тастағалы бері көршілерімізде еркіндік шектеліп бара жатыр. Өкінішті (біләет, далбайоптар). Хамид Содық соңғы сұхбатында жүдеу көрінді. Оның да жанына батқан болар. Зиялы адамдар өзі сондай болады.
Өзбекше түсінетіндерің болса осы кісіні тыңдаңдаршы, зб, елдеріміз қандай сорлы күйде екенін ойлап бірге қайғыға батайық.
Еркіндік екі элементтен құралады:
Біріншісі - шешім қабылдай алу еркіндігі, екіншісі - сол қабылдаған шешіміңнің үстінен жауапкершілік ала білу.
Бізде неге құлдыққа деген қажеттілік бар? Өйткені құл - шешім қабылдамайды және құлда жауапкершілік жоқ.
iPhone 15 презентациясының қысқаша шолуын қарап шықтым. Бұрынғыларынан аса бір айырмашылық жоқ сияқты. Алмайтын болдым 🙂
Қай жасыңнан бастап істеген істеріңе «ой, ол кезде мал болғам» демей-ақ, кринжсіз деп қабылдап толық жауапкершілік ала аласың?
Мысалы мен 1 курстағы кездерімді толық «чорттық дәуірі» деп есептеймін. Бастан-аяқ.
#үрейлерім
Елестетші. Өзіңмен-өзің көшеде кетіп бара жатасың. Камерасын құшақтаған бір бейтаныс "сізден бір-екі нәрсе сұрасам бола ма?" дейді де, рұқсатыңды алған бойда «Колумбияның астанасы? Алтын Орданың соңғы ханы? Американың ашылған жылы?» деген сұрақтармен төпелеп тастайды.
Сосын интернетке шығасың да, адамдар жұмыстан шаршап келгенде, дым білмей мөлиіп тұрған жүзіңді көріп күліп бір бой жазып алатын болады. Біреулер көңіл-күйім түскенде қайта көрем деп сақтап та алатын шығар.
"Адамның ақталғысы келгенде дінді араластыруы - басқа мүмкіндік қалмағанын көрсетеді".
ВК-дағы футбол жайлы көпшілік пабликте орыстар әдейі Қазақстанның жеңісін шығармай, қайдағы жоқ әңгімені қуып отыр.
Қаззақтардың көті жаныватыр, алды комментте жеңіспен құттықтау туралы ультиматиум қойған. Ал әкімшілер одан әрісіне барып - Реалдың чемпиондығы туралы мүлде актуалды емес, философиялық әңгімені бастады.
Ох, осы майда ұлттардың комплексін-ай...
Бәлкім сендер бұрын да естіген боларсыңдар, алайда тағы бір рет ойлай салу артық емес:
Өкпең қазір автоматты түрде өзі тыныс алып тұр. Осы туралы ойла.
Одан да сорақысы: кірпік қағуың да автоматты түрде. Келесі кірпік қағу уақытын өткізіп алма, көзіңе зиян 🙂
Білә, расистігім үшін кетшірім өтінем. Үндінің (ендігі бхаратастардың) киноларының сюжетін қаранәсілділер де мазақ қылады екен ғой. Жаңа ғана сондай ролик көріп қалдым.
Ганди атайдың өзі "негір" деп жақтырмайды деп естіген соң, нәсілдік иерархияда үнділерден кем дамыған деген жабайы сана басым еді. Нәсілшілдік доктринасын қайта қарау керек пе дейм 🙂
