ru
Feedback
Әділбек Исламбек

Әділбек Исламбек

Открыть в Telegram
6 182
Подписчики
Нет данных24 часа
-177 дней
+11230 дней
Архив постов
Менің қаржылық әдеттерім: 1. Үлкен суммада зат сатып алуды алдын-ала жоспарлаймын. 2. Айына 1 рет инвестиция жасаймын. 3. Эко
Менің қаржылық әдеттерім: 1. Үлкен суммада зат сатып алуды алдын-ала жоспарлаймын. 2. Айына 1 рет инвестиция жасаймын. 3. Экономикаға байланысты жаңалықтарды әрқашан бақылап жүремін. 4. Табысымның 1 бөлігін ылғи да жинақтаймын. 5. Табыс түсетін жерді 5-тен төмендетпеуге тырысамын. Бірі азайса, екіншісінен көбірек табыс табуға талпынамын. 6. Қаржы, инвестиция тақырыбында айына 1 кітап болса да оқимын. 7. Кіріс-шығыс есебін жүргіземін. Қолмен жазбаймын. Барлық банк карталарымды monefy қосымшасына жалғап қойдым. Ол өзі есептеп шығарып береді. 8. Білім саласына қайырымдылық жасағанды жөн көремін. 9. Жинақтаған қаржымды құнсызданудан сақтау үшін әртүрлі активтерге әртараптандырамын. 10. Қарыз, несие, бөліп төлеу т.б қарыз түрлерін мүлде қолданбаймын. Бұл әдеттерді қалыптастыру оңай болмады. Кейде бұл әдеттер бұзылып та кетеді. Ең бастысы: қарызға кірмей - өз табысыңа сай өмір сүреу.

қиялға ерік берейік 😁 💭егер қаржы құралдары сөйлесе: Кредит: маған кірсең оңдырмаймын, тыныш жүр Бөліп төлеу: мен пайызды ешкім көрмесін деп қойыныма тығып алдым Инфляция: қарнымның ашқаны, қадіріңнің қашқаны Депозит: мен сенің ақшаңды өсіріп бере алмаймын, бірақ инфляцияға 1-1 тұрып берейін Алтын: кез келген дағдарысты жекпе-жекке шақырамын Қолма-қол ақша: инфляция қанымды ішті. Енді көтерілдім ба дегенде..... Трейдинг: ақша жоғалтып, депрессияға түскің келе ма?! 9990 теңгеге курс сатам. Инвестиция: болашағын жарқын қылғысы келетін жандар қайдасыңдар? Шыдамсыздар әрі кетіңдер, сабырлы жандар бері келіңдер! 🌱 https://t.me/qarjysayaty

Қазір тұрып жатқан үйім, Сарыарқа базарына жақын. Азық-түлік алуға базарға барамыз. Соңғы уақытта базардан бір дүниені байқап жүрмін: сауданы қолма-қол ақшаға жасасаң, заттың бағасын түсіреді. Егер, банк қосымшасы арқылы аударым жасасаң, заттың бағасын өсіріп айтады. Себебін сұрап көріп едім, алған жауабым: "қазір адамдардың 90%-ы банк қосымшалары арқылы төлем жасайды. Біз ол ақшаны шешіп алғанда банкомат бізден пайыз алады. Біз сол пайызды өз қалтамыздан төлемес үшін, заттың бағасына қосып сатуымызға тура келеді" дейді. | Бұл қазір барлық жерде бар. Гажеттерді де қолма-қол ақшаға алсаң, едәуір бағаға төмен аласың. Мысалы, жақында кәсібіме жеке смартфон керек болып, нарықты зерттедім. Сонда мынадай баға өзгерісін байқадым. Мен алғалы тұрған смартфон 200.000 теңге көлемінде. Әр жерде әртүрлі баға ұсынды: 1. Техникалық маркеттерде (Sulpak, Alser) - 265.000+ теңге. 2. Маркетплейстерде (kaspi) - 245.000 - 260.000 теңге. 3. Шағын техника сататын дүкендерде: 🔸қолма-қол ақшаға алсаң: 199.950 теңге 🔸 несие, бөліп төлеуге алсаң: 245 000+ 📍Байқап тұрғаныңыздай, үлкен қаржыны талап ететін заттарға қаржыны жинап алған дұрыс. Егер қаржыны жинамай несиеге немесе бөліп төлеуге алсаңыз, банк пайызын және саудагердің де пайызын сіз төлейсіз. Кей жерлерде инфляция мөлшерін де заттың құнына қосып жібереді. Қарапайым азық-түліктің өзіне баға қосқанда, техникалық тауарларға шамадан тыс баға қосады. Қандай зат алсаңыз да, нарықты толық зерттеп, есептеп алыңыз. Алатын затыңызды алдын-ала жоспарлап, соған қаржы жинасаңыз, затты өз құнында ала аласыз. Жылдап несиені төлегеннен, айлап ақша жинаған дұрыс. 📍ақпарат осы жерден алынды: https://t.me/qarjysayaty

💵👨🏻‍💻Қаржы сауаттылығы бар адамның әдеттері: 1. Табысының бір бөлігін жинайды. Табысы түскен күні бір бөлігін міндетті түрде жинақтайды. 2. Шығыны табысынан асып түспейді. 200.000 теңге табыс тапса, 180.000-ға өмір сүреді. 3. Үлкен сатылымдарды алдын-ала жоспарлайды. Яғни, смартфон, машина алмас бұрын, қаржыны жинақтап, дайындалады. Айлап қаржы жинайды, жылдап несие төлемес үшін. 4. Кіріс және шығыс есебін жүргізеді. 5. Инвестиция жасайды. Жинақтаған қаржысына инвестиция жасайды. 6. Эмоциямен сатып алмайды. Заттарды эмоциямен сатып алмайды, өзіне нақты не қажет, соны сатып алады. 7. Салық төлейді. Салық жүйесін түсінгесін, салық төлеудің маңызын түсінгесін, салық төлейді. 8. Саяхаттайды, қаржылық білім алады. Экономикалық жаңалықтарды ылғи да бақылап отырады. 9. Кредит, бөліп төлеу, тұтынушылық несиеге жоламайды. 10. Қайырымдылық жасайды. Сіздің бойыңызда осы 10 қаржылық әдеттің қайысысы бар❓ ©️ https://t.me/qarjysayaty

Инвестиция жасап бастағаныма 3 жыл 7 ай болды | Ең алғашқы акциямды студент кезімде сатып алдым. Ол кезде әлі білім де, тәжірибем де жоқ. Брокерлік шот ашып, 1000 теңгеге халық банктің акциясын алдым. ~ Өзімді халық банктің иесі санап, мұрынымды аспанға шүйіріп, мастанғам сол сәтте😅. 🔸Қазір ай сайын инвестиция жасауды әдетке айналдырдым. Аяқ-қолым сау, жалындап тұрған шағымда капитал жинап алсам, соның өзі үлкен жетістік. | Қазірдің өзінде инвестициям өте жақсы табыс әкеліп тұр. 🔸Инвестицияны өліп-талып, әр жерден ізденіп, кітап оқып, әрең дегенде үйрендім. Сол кезде жинаған білімімнің бәрін де telegram арнама салып қойдым. Тегін инвестиция жасауды үйреніп алыңыз👇 https://t.me/qarjysayaty/134

Ұсыныс 4 жылдан бері ұйымдастырып келе жатқан КІТАП ОҚУ САЙЫСЫН (kitapjaris) сатылымға шығарамын. Сатылымға шығарудағы басты мақсат: әрі қарай өзге салаға алмасамын. Әрі өзге салада академиялық білім аламын. Сол үшін кітап оқу сайысына көңіл бөле алмай қаламын. 🙌Кітап оқу сайысы - Республикамыздағы ең ауқымды жоба. 7 рет түрлі телеарналар мен жобаларға шықтық. Қазір instagram парақамызда 65.000 оқырман бар. Стористі 6000-8000 аралығында оқырман тұрақты қарайды. 1 ай ішінде охват 319.000 адам. Одан бөлек 3 телеграм арнамыз бар. Толық 30.000 оқырман бар. Охваттары да өте жақсы. 300+ ватсап группа бар. Ол группада бұрын сайысқа қатысқан оқырмандар бар. 1 сайысқа ең аз дегенде 2500 оқырман тіркеуге болады. Біз әр айда 4000+ оқырман тіркеп жүрміз. Бір сайыстан қалатын таза табыс 400.000-700.000 теңге аралығында. Ол тікелей жарнама мен тіркеу уақытына байланысты. 📍Жобаның толық құны: 3.000.000 теңге. Нақты ұсыныс болса, келісуге де болады🤝 Байланыс ватсап номер: 87774007069

image.png0.16 KB

Бірінші рет: iPhone 16 телефонын кітап оқыған оқырманға сыйлағалы жатырмыз. Сайыс шарты мен айтпай-ақ түсінікті. Сайысқа тірк
Бірінші рет: iPhone 16 телефонын кітап оқыған оқырманға сыйлағалы жатырмыз. Сайыс шарты мен айтпай-ақ түсінікті. Сайысқа тіркелу үшін сілтемені басыңыз👇 https://wa.me/message/VSPMRO5RA4ZXB1

кітап жазамын деп 5.5кг салмақ тастаппын. Бәйгеге шабатын жылқы құсап, шап-шақ болып қалдым. Денемде артық ет жоқ. Көрген адамдар “көзің үңірейіп қалыпты” деп жатыр. Ал мен қоғамға пайдам тиетініне мәз болып, семіріп жүрмін

Маған қандай да бір жетістік, қиындықпен келеді. Мысалы, алғаш кітабым шығатында, кітапты жазып қойған ноутбугімді ұрлап кетті. Марафонға жүгіруге дайындалып жүргенде, аяғымды ауыртып алдым. 1 аптада емделіп, бәрібір де жүгірдім. 2-ші кітабым шығатында Ресейде соғыс басталып, ол жақтың тұрғындары біздің елге сыпырыла көшті. Сол сәтте бізді квартирадан шығарып, ресейліктерге берді. 1 күнде далада қалдық. Міне осылай. Қазір де сәл-пәл қиындықтар болып жатыр. Бұны жетістіктің басы деп қабылдадым.

Бейтаныс кісімен ашылып әңгіме айту оңай ғой. Жас шамасы 35 жастағы бір аға “жасымды айтудан ұяламын” дейді. Неге деп сұрадым. Жауабы: «Оқуды аяқтадым. Жұмыс жасадым. Иә, үй жоқ, көлік жоқ. Жәй қатардағы адаммын. Адамның жасы санмен емес, істеген ісімен өлшенеді. Мысалы, сен кеудеңді керіп тұрып, екі кітап жазды деп айта аласың. Мен ше? Мен сияқты жасыңды айтуға ұялмас үшін, жасындай жарқырау керек » деп түйіндеді. Бұл кісі арқылы маған ҚҰДАЙ сөйлеп отыр деп топшыладым. Әлі де еңбектену керек

күнде ұйқыдан тұратын уақытымнан 1 минут ерте тұрамын. Осылай жасап жүргеніме 33 күн болыпты. 8:00-де оянатынмын, қазір 7:27-де. 1 минуттың өзі өмірді ақырын-ақырын өзгертеді. Кітапты да солай жаздым ғой. Күніге 1 бет. Шаршамасам, 2 бет. 3 айда толық кітап жазылды. Кішкене-кішкене әрекеттер, үлкен-үлкен істерді тындырады.

Бір іске жан-тәнімен кіретін адамды көрсет десе, мені көрсетсеңіз болады. Биыл жазда 1-1 киім сатып алмадым. Себебі, кітабымды басып шығаруға қаржы жинадым. Әрі былтырғы киімдерім де жарап тұр. Ең бастысы таза. Байқасам, бұл кітап мені біраз тәрбиеледі

Көп адамның өмірі студенттік шақтан кейін аяқталып қалатындай. “Студенттік шағымда бүйтіп едім, қазір қалды ғой” деген әңгімені көп естимін. Архивте істегенімде бір ғалымның үйіне бардым. Жер асты жолын зерттеген. Метро салу сызбасын жасаған. Зерттеулері көп. Бәрін де 30 жастан кейін жасаған. Тіршілікке жұтылмаған. Біздің қазіргі қоғам тіршілікке жұтылып кетеді. Студенттік шақтан кейін, білімге қолды бір сілтейді де, күніге 3-5К теңге табуды ойлайды. Бәрі емес, басым бөлігі. Бұл дұрыс тренд пе?!

Биылғы жаз мен үшін өнімді болды. Қысқа ғана жетістіктерім: • 3-ші кітабымды жаздым. • Телеграм арнама 22К оқырман жинадым. • 3 адамға инвестиция жасап үйреттім. • Іні-қарындастарымды қыдырттым. • Инвестиция саласы бойынша 3 кітап оқыдым. • 3 рет кітап оқу сайысын өткіздім. • Табиғат аясына шығып та, шомылып та, демалып та үлгердім.

😳⏰ 3 КҮННЕН СОҢ... “Көкіректегі мұң мен мұз” шығармасын оқып, айфон, айпад, макбук ұтып ала аласыз. 📋Кітап оқу сайысының шарты: 1. Төмендегі көк сілтемені басып, 13 беттік кітапты алып, толық оқу; 2. Тамыздың 24-і сол 13 беттік кітаптан құралған 15 сұрақ тестті белгілеу; 3. Кім дұрыс әрі бұрын жауап береді сол оқырман келесі кезеңге өтеді;  💵🎁 - жүлделермен таныс болыңыз: 1 орын – Macbook (ноутбук) 2 орын – iPhone 3 орын – iPad 4 орын – 50 000 тг 5 орын – 40 000 тг 6 орын – 30 000 тг 7 орын – 25 000 тг 8 орын – 20 000 тг 9 орын – 15 000 тг 10 орын – 10 000 тг 11- 150 орын – ақшалай сыйлық. 🔅қатысушының барлығына: 1. «online кітапхана» арнасына тегін жазылым; 2. Жылдың ең үздік кітаптарының pdf нұсқасы; 3. “Аудиокітап” арнасына тегін жазылым. 🔻ЖАРЫСҚА ДӘЛ ҚАЗІР ТІРКЕЛУ ҮШІН КӨК СІЛТЕМЕНІ БАС🔻 https://wa.me/message/VSPMRO5RA4ZXB1

Кітап саудасымен айналысатын досым бар. Досым дегенде меннен 13 жасқа үлкен. 1 салада жүргесін дос боп кеттік. Өз әңгімесінде
Кітап саудасымен айналысатын досым бар. Досым дегенде меннен 13 жасқа үлкен. 1 салада жүргесін дос боп кеттік. Өз әңгімесінде: «осыдан 13-10 жыл бұрын, қазақ әдебиеті өте жақсы сатылатын. Адамдар қатты іздеп оқитын. Соңғы 10 жылда тек қана діни кітаптар қатты саудаланды. Үлкендер емес жастар алды. Ал, осы жылдың басынан бері қайттан әдеби кітаптар қарқын алды». Енді 10 жылда ғылыми кітаптан көз аша алмай қалсақ екен тіледім іштен

Қазір оқып жүрген кітабым Жас отбасы болғасын, үй алу үшін қаржы жинап жүрмін. Үй үшін қаржы жинау - үлкен төзімдік пен еңбек
Қазір оқып жүрген кітабым Жас отбасы болғасын, үй алу үшін қаржы жинап жүрмін. Үй үшін қаржы жинау - үлкен төзімдік пен еңбекті талап ететін жұмыс. Осындай сәтте мотивацияны ояту үшін кітап оқу керек. Мақсатыма сай "бір жылда қалай баспаналы болдым?" кітабын таңдадым.

Шәкіртақым 21.000 теңге болды студент кезде. Сол шәкіртақымның 5-7 мың теңгесіне кітап сатып алып жүрдім. Алматыда ол кезде «қазына» кітап үйі танымал болатын. Кешқұрым кітаптарымды жинап отырсам, бас-аяғы 300-дей кітап сатып алыппын. Оның оқылғаны бар, оқылмағаны бар. Студент кезімде сол ақшаны компьютер клубқа, playstation-ға құртпағаныма қатты қуандым. Қазір шағын ғана кітапханам бар. Біздің бір сәттік шешімдеріміз, біраз дүниені өзгертуге қауқары бар.

2022 жылы. Алматыда жалдамалы пәтерде тұрамын. Пәтер деуге келмейді. Үйдің қуыстағы 1 бөлмесі. Терезесі жоқ. Қалған бөлмелерд
2022 жылы. Алматыда жалдамалы пәтерде тұрамын. Пәтер деуге келмейді. Үйдің қуыстағы 1 бөлмесі. Терезесі жоқ. Қалған бөлмелерде үйдің иесі тұрады. Студентпін. Жазған кітабымды жарыққа шығару үшін құрылыста істедім. Шаршамайтынмын. Бір ғана дүние шабыттандырды. Ол жазулы тұрған кітабым. Әрең дегенде керек қаржыны жинап, кітабымды басып шығардым. «Оқырман әліпбиі» кітабы болатын. Кітабымды көрген сайын - шаң-шаң құрылыс пен қуыстағы терезесі жоқ 1 бөлме еске түседі.