ru
Feedback
Ізгі амалдар✨🌕🌎

Ізгі амалдар✨🌕🌎

Открыть в Telegram
761
Подписчики
-124 часа
-47 дней
-1330 день
Архив постов
Repost from Iman K
"Мое образование стоит $300,000. Сейчас я расскажу вам его суть абсолютно бесплатно. 1. Спите. Не надо читать всякие посты от коучей и нутрициологов о том, "как oптимизировать вашу рутину отхода ко сну с помощью моего эффективного протокола в 14 шагов". Просто ложитесь спать. В одно и то же время каждый день. Закройте глаза и отдыхайте. Вот и все. Это знание составляет примерно $40,000 от всего моего образования. 2. Пейте воду, когда испытываете жажду. Не щелочную воду. Не водородную воду. Не надо покупать навороченную воду за бешеные деньги. Пейте обычную воду. На вашей кухне. Из стакана. Эти знания составляют примерно $60,000 в области биохимии и физиологии. Решение проблемы - вода. Очищенная фильтром, если нужно. 3. Ешьте настоящую еду. Если ваша еда выросла из земли, и вы можете распознать её без чтения этикетки, значит её можно есть. 4 года медунивера плюс 3 года резидентуры - это главный вывод, к которому я пришла. Ешьте выращенное. Желательно своими руками. 4. Двигайтесь. Прогулка считается - всегда считалась - эффективным средством. За все годы обучения самое лучшее мое назначение было таким: "выйдите на улицу и пройдитесь хотя бы 10 минут." 5. Проводите время на улице. Солнечный свет бесплатен. Свежий воздух тоже. Это окажет моментальное воздействие на ваше настроение, сон, циркадные ритмы и уровень витД. И все это бесплатно, главное усилие - открыть входную дверь и сделать шаг. 6. Дышите. И следите за дыханием. Дышите медленно. Сделайте три вдоха и выдоха. Ваша нервная система отреагирует на это гораздо быстрее, чем на любые назначаемые вам лекарства, и опять же - это бесплатно. 7. Общайтесь с другими людьми. Не через экран, а лично. Лицом к лицу. Одиночество является таким же риском для здоровья, как курение. Но лечение простое - беседа с кем-то, кто знает, как вас зовут. Опять же - это бесплатно. 8. Управляйте своим стрессом. Не надо пытаться убрать стресс полностью из своей жизни, потому что это невозможно. Признавайте наличие стресса и делайте маленькие шаги по решению проблемы, по одному в день, вместо того, чтобы притворяться, что стресса нет, пока ваше тело страдает. Вот и всё - восемь шагов, которые можно начать выполнять прямо сейчас. Ни для одного из них не нужно рецепта, не нужно платного членства где-то, подписки на что-то, не нужно сдавать анализы и не нужно дожидаться визита к врачу через 4 месяца. Врачи проводят 10 лет, обучаясь правильному лечению людей. Эти самые эффективные средства не стоят абсолютно никаких денег. Поэтому их никто не назначает". (Один амерский врач)

Repost from Basqadam 🐝
Көп адам зікірді бір мақсат үшін айтады. Бірі ризық үшін, бірі денсаулық үшін, бірі отбасы, бала-шаға, неке немесе басқа бір арманы үшін. Және бұл қате емес. Бірақ жүректің ең биік дәрежесі зікірді ештеңе үшін емес, тек Аллаһ үшін айту. Бір күні жүрегіңнен:
Уа, Раббым! Мен Сені тек мұқтаж болғаным үшін емес, Сен Раббым болғаның үшін еске аламын. Менің зікірімнің мақсаты Сенің разылығың
деген сөз шықса… Міне, сол кезде бәрі өзгереді. Себебі Аллаһ Тағала құлының жүрегіне қарайды. Сонда Ол: Құлымның қанша мұңы, қанша арманы, қанша шешілмеген мәселесі болса да, ол бәрін ысырып қойып, Мені ғана таңдады. Ол Мені тек Мен үшін еске алып жатыр дейді. Ал кім Аллаһты бәрінен жоғары қойса, Аллаһ та оны адамдардың арасынан ерекше қылады. Сенің зікірің енді жай ғана тілдің қайталауы болмайды. Ол Раббыңның алдында ерекше құлшылыққа айналады. Сен сұраған нәрселер ғана емес, тіпті сұрамаған жақсылықтар да саған қарай жол тартады. Сен білмейтін бәле-жалалардан қорғаладысың. Сезбейтін қауіптердің алды алынады. Ойыңа да келмеген есіктер ашылады. Кейде Аллаһ саған сұрағаныңды бермес бұрын, саған зиян болатын нәрселерді жолыңнан алып тастайды. Ал сен оның бәрін байқамай да қалуың мүмкін. Сондықтан зікірді тек нәтиже үшін емес, тек нығмет үшін емес, тек мәселелер шешілсін деп емес, ең алдымен Аллаһты жақсы көргенің үшін айт. Өйткені Аллаһтың Өзін тапқан адам, ақырында бәрін табады. Ал дүниені іздеп Аллаһқа келген адам, қалағанын алуы мүмкін. Бірақ Аллаһтың разылығын іздеп келген адамға, кейде бүкіл дүние өзі келеді. Сен тек Оны таңда. Қалғанын Ол Өзі реттейді… 🤍

Өлім… Расында Алла Елшісі (с.а.с) бізге өлімді көп еске алуды өсиет етті. «Ләззаттарды кетіруші өлімді көп еске алыңдар» Және еске алудың арнайы бір уақытын тағайындаған жоқ. Мәселен, күніне бір рет, аптасына үш рет, айына он рет еске алыңдар деген секілді. Ол істі өз еркімізге қалдырды. Әркім өз иман дәрежесіне сай өлімді еске алады. Біреу өлімді тек жаназада еске алады. Екіншісі науқасты зиярат қылғанда, басқасы уағыз‐насихат тыңдағанда және т.б. Сахаба Омардың ұлы Абдулла сүйікті Пайғамбарымыздың «Дүниеде бөтен адамдай немесе жолаушы секілді бол» деген сөзіне қосымша былай деген: «Таң атса кешті күтпе, кеш батса таңды күтпе!» Яғни, істейтін істі дәл қазір жаса, ертең өмір сүретіңіне кім кепіл? Қарап тұрсақ ізгі жандар өлімді ешқашан ұмытпайтын болған. Сахаба Абу әд‐Дарда: «Өлім оны күтіп тұр, оның болса дүниеден үміті бар. Өзі бейқам, бірақ одан ешкім бейқам емес. Ауыз толтырып күледі, бірақ Алла оған разы ма жоқ па білмейді! Міне осындай адам менің күлкімді келтіреді» деген. Сахаба Абу Зар: «Сендерге өзімнің қатты мұқтаж болатын күнім жайлы хабар берейін бе? Ол алғашқы қабірге түсетін күнім» деген. Сахаба Абу Хурайраның қасынан мәйтті алып бара жатқан болса, оған: «алға жүр, біз де түбі сенің артынан барамыз» дейтін. Уасіғтың ұлы Мұхаммедтен «таңды қалай аттырдың», деп сұрағанда ол: Күнде ақыретке бір қадам жақындаған адам таңын қалай аттырады деп ойлайсың», деп жауап қататын еді. Мұсылмандардың патшасы Абдулазіздың ұлы Омар арнайы ғалымдарды жинап алып, олармен бірге ақыретті еске алып, құдды бір алдарында жаназа тұрғандай өксіп жылайтын болған. Міне, ізгілер өлім мен ақыретті ешқашан ұмытпаған. Себебі осы екеуі арқылы адам есін жиып, түзу жолмен жүре бастайды. Олжас Ханафин “Ілімге ғашық адам” 2024 жыл.

photo content

ЯСИН СҮРЕСІН ОҚУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Әр нәрсенің жүрегі бар, Құранның жүрегі Ясин сүресі. Кім Ясин сүресін оқыса, Алла Тағала оған Құранды он мәрте хатым еткендей сауап жазады.» Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ясин – Құранның жүрегі», – деп бұл сүрені «Қалбүл-Құран» деп атаған. Хужжатүл-Ислам Имам Ғазали (рах.) былай деген: «Бұл атаудың бір хикметі мынада: бұл сүреде хашр және нашр (адамдардың қайта тіріліп, амалдарына қарай жиналуы) ең әсерлі әрі әдемі түрде баяндалған. Ал хашр мен нашрға иман келтіру – иманның жүрегі секілді.» Яғни жүрек тіршіліктің қайнар көзі болғаны сияқты, Ясин сүресі де дінімізде маңызды рухани қозғаушы ретінде қарастырылып, Құранның жүрегі деп аталған. Сондай-ақ, бұл хикметке байланысты пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл сүрені қайтыс болғалы жатқан адамға оқу жөнінде әмір еткен. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Оны (Ясинді) қайтыс болғандарыңыздың жанында оқыңыздар», – деген. Мұндағы «қайтыс болған» дегеннен өлгелі жатқан адамдар меңзелген делінген. Басқа бір хадисте: «Ясин сүресі қайтыс болған адамның бас жағында оқылса, Алла оған жеңілдік береді», – деп айтылған. Осы себептен қабірге зиярат жасағанда да Ясин сүресін оқу сауапты. Тағы бір хадисте: «Кімде-кім анасының немесе әкесінің, яки екеуінің де қабіріне әр жұма барғанда Ясин сүресін оқыса, әрбір әрпіне мол кешірім беріледі», – делінген. Осыған байланысты басқа да хадистер бар: «Құранның жүрегі Ясин сүресі. Кім оны Алланың разылығын көздеп оқыса, Алла оны кешіреді. Марқұмдарыңызға оны оқыңыздар.» «Кім Алланың разылығын үміт етіп, түнде Ясин сүресін оқыса, сол түні оның күнәлары кешіріледі.»

photo content

Repost from N/a
🤩Адам бір амалды бастаса болғаны, кішкентай бір істі болсын Аллаһ үшін, дұға етіп, тәуекел етіп, әрі қарай қалай басқа да керемет амалдарға көшіп кеткенін байқамай қалады ғой, шабыттанып, тоймай, Оған әртүрлі жолдармен құлшылық етуден раханттанып. Енді бұл жердегі әдемі бір сыр бар.🌸 Ол сыр-әлгі бір амалды жасап, Аллаһқа кішкене болсын ықыласыңызды білдіргендегі Аллаһтың сізге одан да көп жақсылықпен жауап беріп, келесі амалдарға көшіріп, Өзімен, Өзіне қызмет етумен айналыстырып қойғаны. Құлшылықты сіз жасап жатқан жоқсыз, зікір, салауатты сіз айтып тұрған жоқсыз, сіз ниеттеніп жақсылықтарға кірісіп жатқан жоқсыз. Бұның бәрін Аллаһ жасатып жатыр. Аллаһтың сізге Жауабы🤍 «Менің құлым Мені қандай деп ойласа, Мен сондаймын, ол қай жерде Мені есіне алса, сол жерде Мен онымен біргемін. Егер ол Мені іштей есіне алса, Мен де оны іштей есіме аламын, ал егер ол Мені басқа адамдардың арасында еске алса, Мен оны одан да жақсы адамдардың арасында есіме аламын. Егер Менің құлым маған бір сүйем жақындаса, Мен оған шынтақтай жерге жақындаймын, егер ол Маған шынтақтай жақындаса, Мен оған сажындай жақындаймын, ал егер ол Маған қарай қадам жасаса, Мен оған қарай жүгіремін(Бұхари, Муслим). #ихсан 🤍Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек

Құлшылығы түгел, ешкіммен дүние табуда жарыспайтын, өзін басқалармен салыстырмайтын, кішіпейіл, үлкендерді құрметтейтін, барлығын қуантқысы келіп жүретін адамдар болады… Міне солар нағыз бақыттылар! Ондай адамдарға Алла үйіп-төгіп береді…

*** 🔺ЖАМАН ОЙЛАРМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕС КЕТУ КЕРЕК? 🔻Имам Ибн әл-Қайим былай деген: Мінез-құлқында, сөздерінде және іс-әрекеттерінде тура жолмен жүрудің қысқа жолы бар: адам өз ойларын бақылауға алып, олардың адасып кетуіне немесе жетегінде кетуіне жол бермеу керек. Кездейсоқ ойды итеру тілекпен немесе нақты ниетпен күресуден оңайырақ екені сөзсіз. Мұндай ойлар нақты ниетке айналғаннан кейін оларды итеруге қабілетсіз сезінеді. Ал егер бұл ойлар әлі әлсіз және жай ғана ойлар болып тұрған кезде оларды итермелемесе, адам немқұрайлы болады. Бұл құрғақ ағашқа түсетін кішкентай ұшқынды елемеумен бірдей: ол тұтанғаннан кейін отты өшіру мүмкін емес. Егер сіз ойларыңызды қалай басқару керектігін сұрасаңыз, мен бірнеше жол бар деп жауап беремін. - Бірінші жол: Ең Жоғарғы Құдай сіздің жүрегіңізге қарайтынын және ойларыңызды әрбір бөлшегін білетінін толық түсіну. - Екінші жол: Оның алдында ұялу. - Үшінші жол: Оны дәріптеу, нәтижесінде сіз Оның осы ойларыңызды Ол [кеудеңізде] Оны тану және сүю үшін жаратқан мекенінде көруін қаламайсыз. - Төртінші жол: осы ойларыңыздың кесірінен Оның алдында өзіңізді төмен түсіруден қорқу. - Бесінші жол: жүрегіңізге Оған деген махаббаттан басқа ештеңе отырғызбауды жөн көру. - Алтыншы жол: бұл ойлардың өсіп, көбейіп, ұшқындары тұтанып, бұл жалын жүрегіңіздегі Аллаһқа деген сенім мен махаббатты сіз білмей-ақ жояды деген қорқыныш. Жетінші әдіс: бұл ойлардың құсқа лақтырылған тұқымдар сияқты екенін мойындау. Мұндай әрбір ойдың сіз байқамай тұрғанда сізді ұстап алу үшін әдейі қойылған тұзақтағы тұқым екенін білу. Сегізінші әдіс: бұл жаман ойлардың сенім ойларымен және бізді Аллаһты сүюге және Оған мойынсұнуға қайта оралуға итермелейтін барлық нәрсемен үйлеспейтінін және олардың мүлдем қарама-қайшысы екенін мойындау. Олар жүректе кездескен сайын, бірі сөзсіз екіншісін ығыстырып, олардың орнын басады. Ал жан мен шайтан шабыттандырған ойлар сенімге, Аллаһты тануға және Оған деген махаббатқа қатысты ойларды жеңіп, оларды қуып, өз орындарына орныққан жүректен не күтуге болады? Бірақ бұл жеңілістің ауырсынуын тек өмір бар жүрек қана сезінеді. Тоғызыншы әдіс: бұл ойлардың қиялдың шексіз мұхиты екенін мойындап, оның суларына кіріп, жүрек соларға батып, қараңғылығында адасып, құтқарылуды қалайды, бірақ құтқарылу жолын таба алмайды. Бұл ойлармен жеңілген жүрек гүлденуден алыс; ол азап шегеді және пайдасыз нәрселермен айналысады. Оныншы әдіс: бұл ойлардың ақымақтардың тағдыры және надандардың армандары екенін және олар адамға тек ащы өкініш пен ұят әкелетінін мойындау. Жүректі жеңіп, олар өздерімен бірге сыбырларды әкеледі, оны биліктен айырады, оның тобырын [дене мүшелерін] бұзады және оны ұзақ уақыт бойы тұтқында ұстайды. Мұның бәрі жан шабыттандырған ойлар туралы белгілі шындықтар. Ал сенім мен Мейірімді [Аллаға] қатысты ойларға келетін болсақ, олар барлық жақсылықтың негізі. Егер сіз сенімге, Алладан қорқуға және Оған деген сүйіспеншілікке, Оған мойынсұнуға оралуға, Оның қауіптеріне сенуге және Оның сыйлығына үміттенуге қатысты ойлардың тұқымын сеуіп, осы тұқымдарды қайта-қайта суарып, жүректе мұқият өсірсеңіз, онда жеміс пайда болады - әртүрлі жақсы істер. Мұндай адамның жүрегі жақсылыққа толы және дене мүшелерін Құдайға ұнайтын нәрсені жасау үшін пайдаланады. Мұндай жүректің күші зор, нәтижесінде оның тобыры түзу жолмен жүреді. Міне, сондықтан да, Алланы іздейтін кейбір адамдар мұны түсінгенде, олар өз ойларын қорғай бастайды, бұл олардың алға жылжуына айналады және бұл олардың жұмысының мәні. Ал Алладан көмек сұралады. 📕Қараңыз: Тариқ әл-Хиджратайн.

Садақа тек ақша жұмсау емес, өйткені пайда әкелетін кез келген жақсылық қайырымдылық болып саналады. Алла Тағала адамдарға денсаулық пен әл-ауқат беру арқылы үлкен нығметтерді сыйлайды, ал адам денесінің әрбір мүшесі үшін күн сайын алғыс айтуға міндетті. Бұл ризашылық екі негізгі садақа түрі арқылы көрінеді: 1. Басқаларға пайда әкелетін садақа (қоғамдық) 👥 Оларға мыналар жатады: шариғат бекіткен іс-әрекеттер; басқаларға жақсылық жасау; мұқтаж жандарға көмектесу; адамдарға жақсы қарау; жақсы істермен айналысу; жамандықтан аулақ болу; және тек адамдарға ғана емес, барлық тіршілік иелеріне де кез келген жақсылық жасау. Мұның бәрі басқаларға пайда әкелетін садақа түрлері. 2. Өзіне (жеке адамға) пайда әкелетін садақа 👤 Садақаға өзіне пайда әкелетін іс-әрекеттер де кіреді. Мысалы, мешітке барудың өзі де садақа болып саналады. Оған мыналар кіреді: Аллаһты еске алу (зікір), Оны мадақтау, Оны дәріптеу және мадақтау, куәлік сөздерін айту, Одан кешірім сұрау, Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту, Құран оқу, мешітке бару, сол жерде намаз оқуды күту немесе білім іздеу үшін бару және Аллаһты үнемі еске алу. Бұған мінез-құлықтағы қарапайымдылық, қарапайым киім кию, жұмыстағы шынайы ынта, заңды жұмыспен айналысу және оған ұмтылу, өзін-өзі талдау, өткен күнәлары үшін өкіну және тәубе ету, Ұлы және Құдіретті Аллаһтан қорқып жылау, аспан мен жерді, сондай-ақ ақырет істерін және онда болатын нәрселерді — жұмақ пен тозақты, Аллаһтың уәделері мен ескертулерін және т.б. ойлау жатады. 📖Шейх Мұстафа Бұға, Әл-Уафи

*ҚҰРБАН ШАЛУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?* 📜 *Ханафи мәзһабы бойынша құрбан айт күндері құрбан шалу* ⬇️ ➡️ *муқим (жолаушы емес),* ➡️ *бай,* ➡️ *азат мұсылман адамға уәжіп (міндет) болады[1].* Алла Тағала Құран Кәрімде: فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَانْحَرْ «Ендеше, Раббың үшін намаз оқы да, құрбан шал!»[2] – деп бұйырды. Бұл жердегі бұйрық рай уәжіп (міндет) үкімін білдіреді. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) міндеттелген нәрсе, үмметіне де – міндет. Өйткені ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмметіне үлгі ретінде жіберілген[3]. Сондай-ақ, Алла Тағала былай дейді: ... وَيَذْكُرُوا اسْمَ اللَّهِ فِي أَيَّامٍ مَّعْلُومَاتٍ عَلَىٰ مَا رَزَقَهُم مِّن بَهِيمَةِ الْأَنْعَامِ ۖ فَكُلُوا مِنْهَا وَأَطْعِمُوا الْبَائِسَ الْفَقِيرَ «... сондай-ақ, Алланың өздеріне ризық етіп берген малды белгілі күндерде Алланың атын атап, құрбандыққа шалсын. Сөйтіп, құрбандыққа шалынған малдың етінен өздерің де жеңдер, пақырлар мен кедейлерге де жегізіңдер»[4]. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабалары бұл ғибадаттың мәнін сұрағанда: «Құрбан шалу – Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) бабаларыңның салып кеткен жолы. Құрбандыққа шалған малдарыңның әрбір тал қылшығы үшін сауап аласыңдар»[5], – деп жауап берген. Ханафи фиқһ ғалымдары бұл бұйрықтың мұсылман үмбетіне де қатысты екенін айтып, құрбан шалуды уәжіп (міндетті құлшылық) ретінде қарастырған. Бұны Әбу Һұрайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): مَنْ وجدَ سَعَةً فلَم يُضَحِّ فلا يَقْرَبنَّ مُصَلاَّنا «Жағдайы бола тұра құрбандық мал шалмаған кісі біздің мешітімізге жақындамасын»[6], – деп қатаң ескерткен. Ал Имам Юсуф пен Имам Мұхаммедтің бір көзқарасында және малики мен шафиғи мәзһабтарында құрбан шалу – сүннет. Олар дәлел ретінде мына хадисті келтіреді: Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): إذا رَأَيْتُمْ هِلالَ ذِي الحِجَّةِ وأَرادَ أحَدُكُمْ أنْ يُضَحِّيَ فَلْيُمْسِكْ عن شَعْرِهِ وأَظْفارِهِ «Сендерден зұл-хижжә айын көріп, құрбан шалуды қалаған адам оның (құрбандықтың) жүні мен тұяғын ұстасын», – деген[7]. «Құрбан шалуды қалаған» деп айту шариғатымыздың бұл істі міндеттемейтінін білдіреді[8]. Сондай-ақ, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Маған үш нәрсе міндеттелді, ал сендер үшін нәпіл (ерікті құлшылық). Олар: үтір намазы, құрбан шалу және құрбан айт намазы», – деген[9]. [1] Жәуһара нәйира, 5/478. [2] Кәу­сар сүресі, 2-аят. [3] Бәдаиғ ас-санаиғ, 10/245. [4] Хаж сүресі, 28-аят. [5] Ибн Мәжә риуаят еткен. [6] Ибн Хажар әл-Асқалани риуаят еткен. [7] Мүслим риуаят еткен. [8] Фатху баб әл-ғиная, 3/284. [9] Ахмад, Хаким риуаят еткен.

🌙 *ЗҮЛХИДЖА АЙЫНДА ҚАНДАЙ АМАЛДАР ЖАСАЙМЫЗ?* 1️⃣ *Алланы көп еске алу* (Зікірлер айту: ⬇️ төменде 1-2 өрнек жазамын) 2️⃣ *Ораза ұстау* Мамыр - 18-26 аралығы кез келген күн 3️⃣ *Құрбандық шалу* 4️⃣ *Дұға ету* 5️⃣ *Салауат айту* 6️⃣ *Истиғфар айту* 7️⃣ *Сүннет амалдарды жасау* 8️⃣ *Тәубе ету* 9️⃣ *Нәпіл намаз оқу* (Духа, Дәрет, Шүкір, Тәубе, Қажет, Тәсбих, Тахаджуд, Әууәбин) 🔟 *Құран, Хадис, Кітап оқу* 1️⃣1️⃣ *Сүре, аят, дұға, зікір жаттау* 1️⃣2️⃣ *Құран, Сира, уағыз тыңдау* 1️⃣3️⃣ *Садақа беру* ❗️ _Кесте жасап, қайсын орындаған болсаңыз ✅ белгісін қойып жоспарласаңыздар болады._ 📿 *Шамаңыз келгенше көбірек зікір етіңіз. Әр бос сәтіңізді пайдаланып, Алланы еске алыңыз.* Әсіресе, хадистерде келтірілгендей ✅ *таһлил (Лә иләһә илләллаһ)* ✅ *тәсбих (Субханаллаһ)* ✅ *тахмид (Әлхамдулиллаһ)* ✅ *тәкбірге (Аллаһу әкбар)* көп көңіл бөліңіз.Пайғамбарымыздың, оған Алланың сәлемі мен игілі болсын, кей зікірлері аталғандардың барлығын қамтиды. Мысалы: ‎سُبْحَانَ اللَّهِ وَالْحَمْدُ لِلَّهِ، وَلَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ 🤲🏼 *Субханаллаһи уә-л-хәмдулилләһи уә лә иләһә илләллаһу уә-ллаһу әкбар.* 📜 _«Аллаға мақтаулар мен мадақтар болсын, Алладан басқа тәңір жоқ, Алла Ұлы.»_ 👳🏻‍♂️ Халифа Омардан (одан Алла разы болсын) сауабы мол амал жайында сұрағанда, төмендегі зікір жайында айтты: ‎لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَسُبْحَانَ اللَّهِ، وَالْحَمْدُ لله، وَاللَّهُ أَكْبَرُ، وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ 🤲🏼 *«Лә иләһә илләллаһ, уә субханаллаһи уәл-хәмдулилләһи уә-ллаһу әкбар, уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ.»* 📜 _«Алладан басқа тәңір жоқ, Аллаға мақтаулар мен мадақтар болсын, Алла Ұлы. Барлық күш пен қуат тек Аллаға тән»_ 🤲🏼 _Адамзаттың асылы, сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) үйретіп кеткендей, Зүл-хиджа айы мол сауапқа кеңеліп, күналардан тазаруға үлкен мүмкіншілік беретін ай. Алла Тағала баршамызға күнәлардан тазарған және ізгі амалдары қабыл болған сүйікті пенделерінен болуды нәсіп етсін!_ *«Алланы көп зікір етуші ерлер мен әйелдер үшін Алла Тағала жарылқау және ұлы сыйлық (яғни, жәннатты) әзірледі.»* 📖 Ахзаб сүресі, 35

Фото от Saltanat
Фото от Saltanat

📌🗓️ Зүл-хиджа айының 10 күнін қалай тиімді өткізуге болады: шейх Мұхаммед Ясир әл-Ханафидің кеңесі 1️⃣ Қасиетті Құранды оқу. Мұны үш жолмен жасауға болады: 1. Күніне бір жүз оқу. 2. Күніне екі жүз оқу. 3. Күніне үш жүз оқу. Бұл ең жақсы нұсқа, себебі бұл сізге осы он күнде Құранды толығымен оқып шығуға мүмкіндік береді. 2️⃣ Намаз алдында ертерек мешітке келіп, дұғамен уақыт өткізіңіз, әсіресе Аллаһтан бұл өмірде де, ақыретте де амандық ('афия) тілеңіз. Сондай-ақ, намаз уақытынан бұрын зікір айтыңыз. (Ескерту: Бұл ер адамдарға қатысты) 3️⃣ Бес уақыт парыздың алдында және кейін сүннет намаздарын мұқият оқыңыз және духа, тахажжуд және т.б. сияқты нәпіл намаздарды жіберіп алмаңыз. 4️⃣ Күннің үш уақытын Аллаһты еске алу, Пайғамбардың салауаты 🤲, Құран оқу және дұға ету үшін бөлу керек: 1. Таң намазынан бұрын, әсіресе күнәлардың кешірілуі үшін көп дұға оқыңыз (истиғфар) 2. Таң намазынан кейін, күн шыққанға дейін 3. Аср мен Мағриб намаздарының арасында. 5️⃣ Отбасыңызға, достарыңызға, әріптестеріңізге, көршілеріңізге және мүмкін болатын кез келген адамға осы күндері жақсылық жасаудың маңыздылығын еске салыңыз. Сіз олардың толық сауабын аласыз және олардың сауабы азаймайды. 6. Бұл күндері, зүл-хиджа айының 1-нен 9-ына дейін ораза ұстау ұсынылады, себебі бұл күндері ораза ұстағанның қосымша сауабы бар. Кейбір хадистерде жылдың ең жақсы күні болып саналатын Зул-Хиджа айының 9-ында ораза ұстау өткен және болашақ жылдардағы кішігірім күнәлардың кешірілуіне себеп болады. (Муслим, 1162) 7. Тіліңізді тек жақсылық үшін қолданыңыз: зікір, жақсылыққа шақыру, күнәдан тыю, адамдар арасындағы татуласуға және адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауға. Одан да маңыздысы, тілді барлық қабылданбайтын нәрселерден: өсек айтудан, өтірік айтудан, қарғыс айтудан және басқаларды қорлаудан тыю қажет. Тілді қорғау барлық күндері міндетті, бірақ бұл қасиетті күндерде жауапкершілік артады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы он күн ішінде келесі сөздерді көп оқуға шақырған. «Субханаллаһ уә әл-хамду лиллаһи уә лә иләһә иллаллаһу уә Аллаһу әкбар». 8️⃣ Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай, осы күндері ораза ұстағандарға ауызашар беру де сауап алудың бір жолы. 🤲 Сонымен, бұл ораза ұстаушыларды тамақтандыру арқылы сауап табуға тамаша мүмкіндік. Бұл сауап тек толық кешкі ас беру арқылы ғана емес, ораза ұстаған адамға бір жұтым су немесе құрма ұсыну арқылы да осы сауапқа қол жеткізілетінін ұмытпаңыз. 9️⃣Қайырымдылық: Мұқтаж адамға бір құрма берудің өзі үлкен қасиет. Осы қасиетті күндерде Аллаһ жолындағы кез келген садақа адамды Аллаһқа жақындатады. Осы қасиетті он күннің әрқайсысында садақа беруге тырысыңыз. Қайырымдылық - күнәларды кешірудің және Аллаһтың қаһарынан арылудың ең жақсы құралдарының бірі. 1️⃣0️⃣Осы күндері қолыңыздан келген барлық жақсылықтарды үнемі жасауға тырысыңыз: ғибадат немесе насихат, науқастарға бару, мұқтаждарға көмектесу немесе тіпті мұсылман бауырыңызға күлімсіреу. Әсіресе, осы қасиетті күндерде ешқандай жақсылық жасамаңыз.

2026 жылғы Зұлхижжа айының алғашқы 10 күнінің күнтізбесі 1-күн (Зұлхижжаның басталуы): 18 мамыр, дүйсенбі 2-күн: 19 мамыр, сейсенбі 3-күн: 20 мамыр, сәрсенбі 4-күн: 21 мамыр, бейсенбі 5-күн: 22 мамыр, жұма 6-күн: 23 мамыр, сенбі 7-күн: 24 мамыр, жексенбі 8-күн (Тәруия күні): 25 мамыр, дүйсенбі 9-күн (Арапа күні): 26 мамыр, сейсенбі — бұл күні қажылықтың негізгі рәсімі өтеді және қажылықта еместер үшін нәпіл ораза ұстау өте сауапты амал болып саналады. 10-күн (Құрбан айттың алғашқы күні): 27 мамыр, сәрсенбі — Қазақстанда ресми демалыс күні.

3. Әлу Имран сүресі – сынақтардағы төзімділік, сенім және иман сүресі Әлу Имран – қиындықтарға қарамастан берік болғысы келетіндерге арналған сүре. Ол апаттарда, шығындарда, сынақтарда, сәтсіздіктерде, көңілсіздіктерде, сенімнің жоғалуында және эмоционалдық жараларда оқылады. Ухудтың қайғылы атмосферасын сипаттайтын бұл сүре бізге: «Құласаң да, Алланың мейірімі сені қайта көтереді», – деп үйретеді. Бұл сабыр арқылы күш жинағысы келетін, Аллаһқа деген сенімін нығайтқысы келетін, жігерін нығайтқысы келетін және сенімін жаңартқысы келетіндер үшін күшті тірек. Дереккөз

2. «Бақара» сүресі – үй мен жүректі қорғайтын сүре «Бақара» сүресі – шайтан жете алмайтын құдайлық қалқан. Ол рухани шабуылдар, сыбырлар, сиқыршылық, көз тию, қараңғы күйлер және эмоционалдық күйзеліс кезінде оқылады. Үйде «Бақара» сүресін оқу оның рухани атмосферасын өзгертіп, береке әкеледі. Сондай-ақ, ризықты арттыру және дұға есігін ашу үшін ұсынылады. Қиын кезеңдерде «Бақара» адамның айналасына жарық қабырға орнататын сияқты; сондықтан отбасылық тыныштық бұзылған кезде ол жиі оқылатын сүрелердің бірі. Дереккөз

1. Әл-Фатиха – емшілік, бастау және қорғау сүресі Әл-Фатиха – Құранға апаратын қақпа және мүміннің барлық жағдайларының кілті. Бұл ауру, қиындықтар, шешім қабылдау, бағыт жоғалту, эмоционалдық күйзеліс және мазасыздық кезінде оқылатын ең күшті мәтін. Пайғамбар ﷺ Әл-Фатиханы ем деп атаған, ал сахабалар жылан шаққанда да оны оқып, нәтижеге қол жеткізгенін хабарлаған. Барлық қиындықтардың түпкі себебі бағыт жоғалту болғандықтан, Әл-Фатиха адамның бағыт сезімін қалпына келтіреді; ол жүректі қайта шоғырландырады, алаңдаушылықтарды жояды және дұға етуге жол ашады. Қаржылық қиындықтар, эмоционалдық ауырлық кезінде үйге бата жіберу және тыныштық іздеу үшін оқылады, өйткені бұл емнің де, басшылық сұраудың да мәні. Дереккөз

Хасан әл-Басри (Алла оны мейіріміне бөлесін) өзінің бір сөзінде былай деген: «Алладан кешірім тілеуден жалықпаңдар. Үйлеріңде, дастархан басында, жолда, базарда, жиындарда тіпті қайда болсаңдар да истиғфарды көбейтіңдер. Расында, Алланың кешірімі қай кезде жауатынын қайдан білеміз?!». 📚الجامع لشعب الإيمان Имам Бәйһақи (رحمه الله تعالى)

Имам әш-Шафиғи رحمه الله айтты: Біз күнәларды тастаудың жолын іздедік, оны дұха намазынан таптық. Біз қабіріміздің жарық болуын іздедік, оны Құран оқудан таптық. Біз сырат көпірінен өтудің жолын іздедік, оны ораза ұстау мен садақа беруден таптық. Біз Арштың көлеңкесін іздедік, оны ізгілерді жақсы көруден таптық.