cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Рекламные посты
5 170
Подписчики
-224 часа
+507 дней
+2430 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

♦️4️⃣0️⃣8️⃣-ХАДИС: Амр ибн Шуғайб әкесінен, ал әкесі өз әкесінің (р.а.) аузынан естіген хадисте: «Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Шынында, Аллаһ тағала Өзінің нығметінің белгісін құлының үстінен (136) көргенді ұнатады», – деп айтты» – делінген. (Тирмизи, әдәб 54). ❗(136) Яғни, киімінен 📕 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy
Показать все...
👍 11 6🔥 1
♦️4️⃣0️⃣7️⃣-ХАДИС: Муғаз ибн Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте: «Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім Аллаһтың разылығы үшін кішіпейілділік танытып, қымбат киімдерді киюге шамасы жетсе де қарапайым киінетін болса, қиямет күні Аллаһ тағала оны шақырып алып, күллі жаратылыстың алдында мүміндерге арналған (баға жетпес) киімдердің ішінен қалағанын кигізеді», – деп айтты» – делінген. (Тирмизи, сыфатул-қиямә 39). 📕 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy
Показать все...
28👍 2🥰 2🕊 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
"Өзің нақты білмейтін нәрсенің (мәліметтің) соңына түспе (яғни, білмегенді білдім, көрмегенді көрдім, естімегенді естідім деп айтпа)! Шындығында, адам баласы құлақ, көз және жүрек сынды дене мүшелерін қалай басқарып қолданғанына қатысты (Алланың алдында) жауапқа тартылады." "Исра" сүресі: 36-аят https://t.me/turtip_algandarym
Показать все...
26👍 4🔥 4
Фото недоступноПоказать в Telegram
1🔥 1
СИРА
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
АРАБ ТІЛІ ДӘРІСТЕРІ
АҚИДА САБАҚТАРЫ
ФИҚҺ ДӘРІСТЕРІ
♦️4️⃣0️⃣6️⃣-ХАДИС: Қайс ибн Бишр әт-Тәғләби (р.а.): «Менің әкем – Әбу Дәрдамен (р.а.) дос-жар болған адам. Бірде әкем маған былай деді: «Димашқ қаласында Сәһл ибн әл-Ханзалия атты Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір сахабасы тұратын еді. Ол адамдармен көп араласпай, көбінесе саяқ жүретін жан болатын. Сондай-ақ, жиі намаз оқитын, әрі намаздан кейін үйіне қайтқанда, отбасымен қауышқанша Аллаһ тағаланы пәктеп, ұлықтаумен болатын. Бір күні Әбу Дәрдамен бірге отырғанымызда Сәһл ибн әл-Ханзалия қасымыздан өтіп бара жатқан еді. Әбу Дәрда оған: «Бізге пайдалы болатын әрі өзіңізге зияны тимейтін өнегелі бір сөз айтсаңыз», – деді. Сонда Сәһл: «Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мұсылман әскерін бір жорыққа аттандырған еді. Әлгі жасақ жорықтан аман-есен оралған соң, әскердің құрамында болған бір адам келіп, ішінде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) де болған бір отырысқа қосыла кетті. Содан ол қасында отырған бір кісіге: «О, сен біздің жаумен бетпе-бет келген сәтімізді көрсең ғой. Арамыздан пәленше деген жігіт жауға шауып, дұшпанның бір әскерін: «Мә саған. Мен Ғифар баласымын» (134) – деп, найзасымен шаншып өтті. Оның бұл сөзіне не дейсің?» – деді. Сонда қасындағысы: «Менің ойымша, оның сауабы босқа кетті», – деді. Екеуінің әңгімесін естіп қалған басқа біреу олардың әңгімесіне араласып: «Оның не сөкеттігі бар? Меніңше, онда тұрған ештеңе жоқ», – деді. Сөйтіп, олар әркім өзінің пікірін дұрыс санап, қызыл кеңірдек болып қалды. Екеуінің таласын Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) де естіп: «Субханаллаһ, оған сауап жазылғанда әрі мақтау айтқанда тұрған ештеңе жоқ», (135) – деді. Сонда Әбу Дәрда бұл сөзге қуанып кетіп, басын көтерді де Сәһлге: «Сен бұл сөзді Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өз аузынан естідің бе?» – деп сұрады. Сәһл: «Иә» – деді. Әбу Дәрда бұл сауалын үсті-үстіне қайталағаны соншалық – мен оны Сәһлдің алдында тізерлеп отыра кете ме деп қалдым. Бір күні Сәһл тағы тұсымыздан өтіп бара жатқанда, Әбу Дәрда оған: «Бізге пайдалы болатын әрі өзіңізге зияны тимейтін өнегелі бір сөз айтсаңыз болар еді», – деді. Сонда Сәһл: «Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізге: «Аллаһ жолында мінілетін ат-көліктің жем-шөбін өз қаражатынан қамдаған кісі үздіксіз садақа беретін адамға ұқсайды», – деп айтты», – деді. Тағы бір күні әдеттегіше қасымыздан өтіп бара жатқан Сәһлге Әбу Дәрда: «Бізге пайдалы болатын әрі өзіңізге зияны тимейтін өнегелі бір сөз айта кетіңіз», – деп өтінді. Сонда Сәһл: «Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Хурәйм әл-Усәди шашының ұзындығы, етегінің сүйретілгені болмаса қандай жақсы адам», – деген еді. Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл сөзі көп ұзамай Хурәймнің құлағына жетті. Сонда ол бірден қолына ұстарасын алып, шашын құлағының сырғалығына дейін алып, етегін жіліншігінің қақ жарымына дейін қысқартып тастады», – деді. Сәһл бір күні тағы да қасымыздан өтіп бара жатқанда, Әбу Дәрда оған дәстүрлі өтінішін айтып: «Бізге пайдалы болатын әрі өзіңізге зияны тимейтін өнегелі бір сөз айта кетіңіз», – деді. Сонда Сәһл: Бірде жол жүріп келе жатқанымызда, Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жақында бауырларыңмен қауышасыңдар, сондықтан көпшіліктің ішінде адамның ажарына ажар қосатын беттегі көрікті қал сияқты тартымды болып көріну үшін ер-тұрмандарың мен үсті-бастарыңды ретке келтіріңдер. Расында, Аллаһ тағала жаман сөз бен жағымсыз іс-әрекетті әрі ұсқынсыз түр-тұрпатты ұнатпайды», – деп айтқанын естідім», – деді», – деген. (Әбу Дәуіт, либәс 25). ❗(134) Яғни, Ғифар руынанмын ❗(135) Яғни, ол шайқаста кәпірді өлтіргені үшін сауап алды әрі адамдардан мақтау естуге лайық болады. 📕 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy
Показать все...

15👍 3🔥 2
Қазақ тілінде сауатты жазып, сауатты сөйлегісі келетіндерге арналған парақшаға тіркеліп алыңыздар. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте.
Показать все...
🔥 9🥰 1
Repost from N/a
Фото недоступноПоказать в Telegram
САУАТТЫ ЖАЗ
✍️ Сиқырдан сақтайтын аят ‼️ مَا جِئْتُم بِهِ السِّحْرُ إِنَّ اللَّهَ سَيُبْطِلُهُ إِنَّ اللَّهَ لَا يُصْلِحُ عَمَلَ الْمُفْسِدِينَ мә житум биһис сихру инналлаһа сәйубтилуһу инналлаһа лә йуслиху ъамәләл муфсидиин Әкелгендеріңнің бәрі таза сиқыр. Алла сиқырларыңды түкке тұрғысыз етеді (нағыз көз бояушылық екенін баршаға білдіреді). Өйткені Алла лаң салушы бұзғыншылардың ісін әсте оңғармайды Баяғының ізгілерінің айтуынша, жатар алдында осы аятты оқып жатқан адамға сиқыршының кесірі тимейді. Тіпті сиқыршылар оны сиқырлағысы келіп бірдеңе істесе де, Алла Тағала оның бетін қайтарып тастайды. (“Юнус” сүресі, 81-аят) 📚 Тәфсир әл-Қуртуби, 8/368 📌Дереккөз: Ұстаз Дастан Құрманбаев https://t.me/turtip_algandarym
Показать все...
5
♦️4️⃣0️⃣5️⃣-ХАДИС: Жәбир ибн Сүләйм (р.а.): «Бірде айналасындағы адамдар ақыл-кеңесіне құлақ асып, айтқанынан шықпайтын бір кісіні көріп, ол жайлы білмекші болып: «Бұл кісі кім?» – деп сұрадым. Сонда қасындағылар оны: «Аллаһтың елшісі» – деп таныстырды. Мен оған жақын барып, екі қайтара: «Аләйкәс-сәләму, уа, Аллаһтың елшісі!» – деп сәлем бердім. Сол кезде ол маған: «Аләйкәс-сәләму» деп айтпа, өйткені аләйкәссәләму деп өлгендерге айтылады. Сәлем беретін болсаң, «әс-сәләму аләйкә» деп айт», – деді. Мен одан: «Сіз Аллаһтың елшісісіз бе?» – деп сұрадым. Ол: «Мен сен қандай да бір зиянға ұшырағанда дұға жасасаң, сені содан құтқаратын; қуаңшылыққа тап болғанда дұға жасасаң, (жауын жауғызып) көк шығаратын; сондай-ақ, шөл далада келе жатып, көлігіңнен айырылып қалғанда дұға жасасаң, саған соны (ойламаған жерде) қайтарып беретін Аллаһ тағаланың елшісімін», – деп жауап берді. Сонда мен: «Ендеше, маған жөн сілтеп, ақыл айтыңыз», – дегенімде, алғашқы айтқан ақылы «Ешкімге тіл тигізбе» – болды. Содан бері, басы азат жанға да, басыбайлы құлға да, тіпті, түйе мен қойға да тіл тигізген емеспін. Содан кейін маған: «(Титтей де болса) жақсылық атаулының ешбірін қомсынба. Тіпті, бауырыңмен жай ғана сөз алмасқан күннің өзінде жүзің жарқын болсын. Өйткені, бұл да жақсылықтың бір түрі. Киіміңнің етегін (балағыңды) жіліншігіңнің қақ жарымына дейін көтер. Егер олай істегің келмесе, тобықтарыңа дейін көтер. Киіміңнің етегін (балағыңды) тобықтан төмен түсіріп, сүйретуші болма, өйткені олай істеу – тәкәппарлық. Расында, Аллаһ тағала тәкаппарлықты жақсы көрмейді. Егер біреу сенің қандай да бір мініңді біліп, сол үшін сені балағаттап, мініңді бетіңе басса, сен оның осал жағын білсең де, есе қайтарамын деп, айыбын бетіне басып балағаттама. Сонда оның обалы өзіне болады», (133) – деп насихат айтты», – деген. (Әбу Дәуіт, либәс 24; Тирмизи, истизан 27). ❗(133) Яғни, күнәға өзі ғана батады 📕 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy
Показать все...
19👍 5🔥 2🥰 1
♦️4️⃣0️⃣4️⃣-ХАДИС: Әбу Зәррден (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қиямет күні Аллаһ тағала үш түрлі адаммен тілдеспейді. Оларды (күнәларынан) тазартпайды және оларға (мейіріммен) қарамайды, сондықтан олар өте ауыр азапқа душар болады» – деп үш қайтара айтты. Сонда Әбу Зәрр: «Нағыз соры қайнап, қасіретке ұшырағандар екен. Уа, Аллаһтың елшісі, олар кімдер?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Киімін тәкаппарлықпен жерге сүйреткен, жасаған жақсылығын міндетсінген және жалған ант ішіп затын сатқан адам», – деп жауап берді» – делінген. (Муслим, иман 171). 📕 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy
Показать все...
19👍 11🔥 1💔 1
Выберите другой тариф

Ваш текущий тарифный план позволяет посмотреть аналитику только 5 каналов. Чтобы получить больше, выберите другой план.