cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

Нұржан Керменбаев @nurzhan_kermenbayev

Нұржан Керменбаев Нуржан Керменбаев Nurzhan Kermenbayev @nurzhan_kermenbayev

Больше
Страна не указанаЯзык не указанКатегория не указана
Рекламные посты
279
Подписчики
Нет данных24 часа
Нет данных7 дней
Нет данных30 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

«QAZAQSTAN» брендімен қолшатыр ұтып алыңыз! Ол үшін осы Telegram-дағы https://t.me/qazaqstan_arnasy арнасына жазылыңыз және БЕКІТІЛІП тұрған жазбадағы «ҚАТЫСАМЫН» түймесін басыңыз! Жеңімпазды 1 қараша күні анықтаймыз! You Tube | Instagram | Telegram
Показать все...
​​Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінеді ⠀ Бұл туралы бүгін Ақордада БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. ⠀ - Биылғы жылдың 1 қыркүйегінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары үшін жоғары оқу орындарына қосымша 5 мың білім гранты бөлінетін болады. Әзірше 5 мың, одан кейін бұл жүйе жұмыс істейтін болса, тағы да қарастырылады», - деді Қ.Тоқаев. ⠀ Мемлекет басшысы бұл жұмыстың маңызды элементі әлеуметтік аз қамтылған топтың ішінен талантты балалар мен жасөспірімдерді оқыту және жоғары оқу орындарына түсуге дайындау жүйесі екендігін айтты.
Показать все...

​​Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында жарылыс болды, деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті. Ресми мәлімет бойынша, бүгін сағат 09.20-да өртке қарсы қызмет бөліміне Түркістан облысында жарылыс болғаны туралы хабар түскен. «Жарылыс болған жерде облыстық Төтенше жағдайдалар департаментінің жеке құрамынан 30 адам мен 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - делінген ақпаратта. Дереккөз
Показать все...

​​Нұр-Сұлтанда жаңа мұнаралы көпір тұрғызылады Triathlon Towers Есіл өзенінің жағалауында, Триатлон-Паркі мен «Жетісу» саябағында аумағында орналасады деп жоспарланған. Көпфункционалды тұрғын үй кешені қызметтік пәтерлермен, қонақүйлермен, кіріктірілген үй-жайлармен және тұрақпен қамтамасыз етіледі. Triathlon Towers мұнарасының биіктігі 42 қабатқа дейін жетеді. Дереккөз
Показать все...

​​2019 жылы 3500-ден астам әскери қызметкер баспанаға ие болады Биылғы жылдағы 6 айдың ішінде екі мыңнан астам әскери қызметкер жалпы сомасы 30 млрд. теңгені құрайтын ипотекалық несие алған. Осы санаттағы тұлғалар санының өсуі «Әскери баспана», «Баспана хит» , «7-20-25», «Қазақстандық ипотекалық несиелендіру», «Нұрлы жер» бағдарламаларының іске асуымен байланысты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Дереккөз
Показать все...

​​Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған телехикаяға байқау! «Қазақстан» РТРК» АҚ ұлы ақын, жазушы ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай телехикая түсіреді. Осыған байланысты, телехикаяның сценарлық идеясына байқау жариялайды. Байқауға қатысу үшін орындаушы компания - идея, синопсис, сондай-ақ, концепция ұсынуы шарт. Байқауға өтінімдер қабылдау 2019 жылдың 1 тамызына дейін жүргізіледі. Ұсыныстар [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады. Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: 8 (717) 2 75-72-30. Дереккөз
Показать все...

​​Қазақстандықтар шілде айында қалай демалады? Дереккөз
Показать все...

«Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша 70,76% дауыс жинады», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Константин Петров.
Показать все...
9 маусым – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы күні «Qazaqstan» Ұлттық арнасының «Aqparat» бағдарламасы таңғы 07:00-ден бастап тікелей эфирге шығады. Еліміздің барлық аймақтары мен шетелдердегі сайлау барысы Ұлттық арна тілшілерінің назарында болмақ. «Aqparat» @q_aqparat тілшілері дауыс беру басталған уақыттан бастап, Сайлау учаскелерінен тікелей хабар таратады. 9 маусым 07:00-ден түнгі 01:00-ге дейін Сайлау барысы туралы жаңалықтарды әр сағаттың басында «Ақпарат» шығарылымдарынан көріңіздер.
Показать все...