cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

Tengri.kz

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Больше
Рекламные сообщения
11 997Подписчики
-1124 часа
-327 дней
+40730 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

ІІМ экс-басшысы Тұрғымбаев не үшін ұсталды? Генпрокуратура ақпаратты растады. 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталған. "Қылмыстық істе мемлекеттік құпия мәліметтер болуына байланысты соталды тергеп-тексерудің басқа деректері жарияланбайды", - деп жазылған хабарламада.
Показать все...
1
Қайрат Нұртас қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін жазаланды Желіде бұған дейін қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас кейінгі концертінде балағат сөз айтқан видеосы тарады. Осы видеодан кейін көпшіліктің пікірі екіге жарылды. Бірі әншінің жазалау керек десе, енді бірі "Әркімде болып тұратын жағдай" деп Қайрат Нұртасты ақтаған. Полицияның хабарлауынша, Қайрат Нұртасқа ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Показать все...
👍 9😁 3
ІІМ экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды 19 наурыздан бері БАҚ беттері мен телеграм арналар Ішкі істер министрін басқарған Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жарыса жаза бастаған болатын. Іс қаңтар оқиғасына қатысты екені айтылды. Бас прокуратура мәліметінше, 2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді әлі де жалғастырып жатыр. Оларды жасағаны үшін соттармен облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталған.
Показать все...
👍 11👌 1
Сәуірдің басынан бері Атырау облысы су тасқынының зардабын шегіп жатыр. Өңірдегі өзендерде су деңгейі күрт көтеріліп, халық үйін, заттарын тастап, аман қалу үшін эвакуациялануға мәжбүр болды. Алайда бизнес су тасқыны салдарынан болып жатқан проблемаларға бей-жай қарай алмады. Жергілікті биліктен көмек беру туралы өтініш түскеннен кейін “Теңізшевройл” ЖШС Жылыой ауданының тұрғындарына бірден көмекке келді. Судан қорғау үшін Құлсарға 100-ге жуық арнайы техника, жұмысшыларға арналған тамақ және жанар-жағармай материалдары жіберілді. 6 сәуірге қараған түні компания өз автобустарымен ауданның 7000-нан астам тұрғынын Теңіз кен орнындағы мердігер компаниялардың вахталық қалашықтарына көшірді. 6 сәуірге қараған түні компания өз автобустарымен ауданның 7000-нан астам тұрғынын Теңіз кен орнындағы мердігер компаниялардың вахталық қалашықтарына көшірді. Ал компанияның және Атырау қызметкерлері зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті жинауды жалғастыруда. Халық Қара өзен деп атап кеткен Сарыөзек өзенінің маңында ТШО күшімен 8 шақырым бөгет салына бастады. Биіктігі 3 метр болатын бұл инженерлік құрылым топан судан қорғай алады.
Показать все...
10👍 7🙏 1
Бүгінге жоспарланған сот жарыссөзі болмады. Бишімбаевтың соты 2 мамырға шегерілді.
Показать все...
🥱 6 1
Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінде мемлекеттік айыптаушы екінші сотталушы Бақытжан Байжановқа тағылған айыптың бір бөлігінен бас тартты. Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы: 432-бап "Қылмысты жасырып қалу" және 434-бап "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша қылмыс жасады деген айып тағылған болатын. Прокурор Саяхат Нұрбековтің айтуынша, мемлекеттік айыптаушы Байжановқа тағылған 434-бап бойынша белгілі қылмыс туралы хабарламағаны туралы айыптаудан бас тартып отыр.
Показать все...
👍 4😁 1
Бүгін Астана сотында Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуі аяқталды. Келесі кезең - сот жарыссөзі. Судья Айжан Құлбаева сот жарыссөзі қашан басталатынын айтты. Жарыссөз 29 сәуірде басталады. Тараптардың жарыссөздері 30 сәуірде, сондай-ақ, 2, 3 және 4 мамырда жалғасады.
Показать все...
👎 14🤡 8🗿 3 1
Тағы бір сот процесі тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. "Алматы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (ҚМАС) бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді (ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі). Сот отырысына қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - делінген Жоғарғы Сот хабарламасындар
Показать все...
👍 11
Астанада бүгіннен бастап жылу беру маусымы аяқталды Бас қалада күн жылыды. Бүгін күндіз ауа температурасы 24 градусқа жетті. Түнде ауа температурасы 9 градустан төмен түспейді. Ауа райының қолайлы болуына байланысты қала әкімдігі жылыту маусымын 19 сәуірде аяқтау туралы шешім қабылдады.
Показать все...
👍 14🤔 5 2🥰 1
Бишімбаев ісі бойынша судьяны белгісіз біреулер қорқытқан. Астана қаласының Полиция департаменті судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.  Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі Іс жүргізу басталды. Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.
Показать все...
👍 44 6😁 4