cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

Жаңалықтар - Qaz365.kz

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿 Жарнама бойынша: @bs2906 @alim_the_magnus

Больше
Рекламные посты
15 354
Подписчики
-1024 часа
-757 дней
-34030 дней
Время активного постинга

Загрузка данных...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Анализ публикаций
ПостыПросмотры
Поделились
Динамика просмотров
01
Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz. Салтанатты шараға қала тұрғындары мен қонақтары, әкімдік өкілдері және құқық қорғау саласының қызметкерлері қатысты. Әнұран шырқалған соң, облыс әкімі Ермек Көшербаев жиналған қауымды атаулы мерекемен құттықтап, көктемгі тасқынның алдын алуға үлес қосқан азаматтарды алғыс хатпен марапаттады. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1010Loading...
02
Бишімбаевтың отбасын «қаралаған» журналистерді адвокаты сотқа бермек Бүгін ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты. Ал кулуарда Бишімбаевтың қорғаушысы Назкен Құсайынова БАҚ өкілдерін сотқа беруге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz. Адвокаттың айтуынша, сот барысын журналистер бір жақты етіп, өздеріне ыңғайлы етіп берген. «Мұның бәрін БАҚ-тың қалай жариялағанын көрдіңіздер ғой... Өздеріңізге қалай ыңғайлы болса, солай тараттыңыздар. Жарты жылдан бері тек Бишімбаевтар отбасын қаралау жүрді», - дейді Назкен Құсайынова. Оның артында кім тұрғанын және мұны кім істеп жатқанын білу үшін көп уақыт қажет деп отыр. «Менде жаламен айналысқан адамдар туралы ақпарат болғанда (осы ақпараттың барлығы Бишімбаевтар отбасына қарсы күрес) ол туралы айтамын. Материалдар жиналуда. Процедурадан кейін біз мұнымен айналысамыз. Біз міндетті түрде сотқа береміз», – деді адвокат. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4651Loading...
03
Қамыстан өнім алған Мұқағали Қарауыл ауылындағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 9-сынып оқушысы Мұқағали Нұрлыбекұлы су өсімдігі қамыстан құнды өнімдер алуға болатын қызықты тәсіл ұсынып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Қазіргі уақытта қамыс күнделікті өмірде көп қолданылмайды. Ал шын мәнінде қамысты ата – бабаларымыз шаруашылықта кеңінен пайдаланған. Қамыстан үй тұрғызу, малға азық ету, ши тоқу сияқты шаруашылық жұмыстарын атқарғанын білеміз», - дейді жас өнертапқыш. Мұқағали жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Айдос Сайлаубековпен бірге натрон әдісімен қамыс өсімдігінің сабағынан целлюлоза алуға қол жеткізіпті. Ол үшін алдымен, қамысты кесіп, жуып алған соң, оны қайнатқан. Одан түзілген қоспаны сүзгіден өткізіп, ұсақтап тураған екен. Сондай-ақ жас өнертапқыш қамыстан алынған целлюлоза өнімінің механикалық қасиеттері жағынан ағаштан өндірілетін қағаздан кем түспейтінін анықтаған. Толығырақ мақалада 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2700Loading...
04
«Мәдениетіміз туралы мәдениетсіздер дәріс оқитын заман болды»: Мәжіліс депутаты Баян Алагөзоваға қарсы шықты Жақында «Замандас» подкастында танымал продюсер Баян Алагөзова қазақтың балаларының мектепте, жоғары оқу орындарына ұстаздарына «ағай», «апай» деп айатынын сынға алған еді. Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Театр инстутында оқып жүргенде «Гүлнәр апай» деп сөйлейтін студенттерді көретінмін. Бұл институт. Қайдағы апай? Мектепте де сол. Сонда мәдениет, білім қайда? Бұл біздің менталитетке сіңіп кеткен. «Апай қойып беріңізші?» деп мұғаліммен келісу оңай. Сондықтан мұндай панибратствоны жою керек», - деген еді Баян Алагөзова «Замандас» подкастында. Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса мәдениетіміз туралы мәдениетсіздер дәріс оқитын заман болды ғой деп жазды. «Осыған осылай кім жауап береді екен деп жүр едім, өзімде уақыт болмағасын. Күшті қарымта қайтарыпсың қазақ мүддесі үшін! Бұл мәңгүрттер өздері білмейтін қазақ тілі, қазақтың ұлттық ұғымы, қазақ мәдениеті туралы сөз қозғап несі бар десейші? Мәдениетіміз туралы мәдениетсіздер дәріс оқитын заман болды ғой!», - дейді депутат. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 0441Loading...
05
Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды Мемлекет басшысының жарлығымен Жасұлан Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды Алдымен Мәжіліс Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кандидатурасына келісім берді. Сосын президент тиісті жарлыққа қол қойды. Жасұлан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында, ҚР Ұлттық банкінің құрылымында, «KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT» компаниясында, Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында» басшылық қызметтер атқарған. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 0690Loading...
06
Әзербайжан – Армения келіссөздері Қазақстанда қай күні өтетіні белгілі болды Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері Алматы қаласында 10 мамыр күні кездеседі. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес Әзербайжан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөздер Алматыда 2024 жылғы 10 мамырда өтеді», - делінген хабарламада. Айта кетері, Қазақстан тарапының ұсынысымен Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері бейбітшілік шарты бойынша келіссөздерді жалғастырады. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар екенін мәлімдеген еді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1851Loading...
07
«Бір адамның сөзі үшін жүз адам сандалып жүрміз»: Түркістан өңірінде дамбы салғандар Смағұловқа неге наразы Жемқорлармен бітіспей соғысам дейтін белгілі қоғамбелсендісі Дидар Смағұловтың жаңалықтар алаңында «жаға ұстатарлық» жазбалары аз емес. Өзі сауатты да. Мемлекеттен миллиардттап шыққан жобалардың бүгінгі жайын індете зерттеп әлемжеліге жар салғанда шүйліккен әкімдіктерін түйреп түсетіні бар. Сол зерттеулерінің бірін Смағұлов өткен айда фейсбукке қалдырған, сөзінше Түркістан өңірінде «2,2 млрд теңге бөлініп салынған дамбы жарамсыз болып қалған». Осы пост өңірде біршама дау туғызса керек. Іске Антикор да кіріскен деседі. Әйтсе де, Түркістан өңірі билігінің өз айтары бар екен. Олар бар дамбыны сөзбен жоқ қылғандарға өз аргументін келтіреді. Qaz365.kz тілшісі Түркістан өңіріне арнайы барып, Шошқакөлдегі бөгет жайымен танысып қайтты. Әңгіменің әлқиссасы Дидар Смағұловтың әлеуметтік желідегі жазбасынан басталды. Астанадағы белсендінің Түркістан облысы жөніндегі «бомба-жазбасы» әдеттегідей, жүздеген лайк, пікір жинап, қоғамды жалт қаратқан. Түркістан өңірін түртпектеп қалғысы келетіндерге бұл жазба – іздегенге сұраған болды. Толырақ мақалада 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1280Loading...
08
Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады Ағылшын футбол Лигасының келісімін алғаннан кейін Михаил Ломтадзе «Уиком Уондерерс» (Wycombe Wanderers) ағылшын футбол клубының директорлар кеңесінің мүшесі әрі серіктесі болды, оның негізінде 3 жылдың ішінде Қазақстан мен Англияда филиалдары бар әлемдік деңгейдегі футбол академиясы құрылады. Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады Кез келген футбол академиясы оқушыларының арманы – футбол клубының негізгі құрамында ойнау. Сондықтан футбол клубы жоқ академияның табысқа жетуге мүмкіндігі де жоқ. Қарапайым тілмен айтқанда, сіз академияда жаттығып, икем-дағдыларыңызды жетілдіресіз, ал клубтың негізгі құрамында ойнауға мүмкіндік жоқ. Мен оны өзгертуді жоспарлап отырмын, өйткені клуб түлектерімізге мүмкіндік беруді көздейді, олар үшін үлкен футболға жол ашатын орын болмақ 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 0631Loading...
09
Кеген ауылының тұрғындары жер сілкінісін сезді Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісінің эпиорталығы Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында жатыр. «Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай Қазақстан мен Қырғыстан шекарасынан 194 шақырым жерде орналасқан. Алматы облысының Кеген ауданының Кеген ауылындағы жер сілкінісінің күші 2 балл болды», - деп хабарлайды ТЖМ. Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1030Loading...
10
«Жазаға тартылуға дайынмын»: Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін екеуі соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Құрметті сот! Құрметті алқабилер алқасы! Жаңа айыптау актісінде менің айғақтарды жойып, қылмысты жасырып қалды деп жазылған. Мен әу бастан істің қалай болғанын айтып бердім. Ең маңызды сұрақ, мен Салтанаттың қасақана өлтірілгенін білдім ме? Мен ант етейін, бұл әрекеттің болғанынан хабарсыз едім. Білсем сол күнгі әрекеттің ешқайсысын істемес едім», - дейді Бақытжан Байжанов. Ол Алқабилерден шешім қабылдамас бұрын ойлануларын сұрады. Өйткені ол ауыр қылмысты саналы түрде жасыруға шешім қабылдасам, мен өзімді қорғамас едім, өз-өзімді кешірмес едім деп отыр. «Үкім шығармас бұрын «мен мұның бәрін алдын ала білдім бе?» деген сұраққа жауап іздеп көруді өтінемін. Өйткені тергеушілер де, прокурорлар да бұл сұраққа жауап бермеді. Үміт алқа билер тек сіздерде! Салтанаттың туған-туыстарынан тағы да кешірім сұраймын. Жатқан жері жайлы болсын», - дейді Бишімбаевтың інісі. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 0880Loading...
11
«Мен сынақтан өте алмадым»: Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде не айтты Бүгін Астананың ауданаралық сотында Бишімбаев соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Құрметті сот, құрметті алқабилер, қатысушылар, міне, менің соңғы сөзімді айтар уақытым жетті. Сіздерге адам өмірі мен тағдырын шешетін ауыр жауапкершілік жүктелді. Соттың алқабилермен өтуін мен өзім өтінген едім. Бұл мен үшін оңай таңдау болған жоқ. Елімізде бұл істі білмейтін адам қалған жоқ. Әлеуметтік желілерде пиар компаниялар, мені жеккөрінішті етіп көрсету, істі бұрмалау, мені және менің отбасымды қаралау науқаны жүргеніне қарап кез-келген алқабидің маған қарсы екенінен қауіптенемін. Соған қарамастан мен және менің қорғаушыларым ашық алқабилер сотына жүгіндік. Менде тек бір мақсат болды. Ең құрығанда 10 адамға сол қайғылы түн туралы шындықты дәлелдеу, Салтанат екеуміздің қарым-қатынасмыз қандай болғаны туралы айту», - деді Бишімбаев. Ол Құдайға сенетінін айтып, 9 қарашада «сын сағатынан» өте алмадым деді. «Мен кінәлімін бірақ, қасақана адам өлтірмедім. Ұсталған сәтімнен бастап тек шындықты айттым… Мен Салтанаттың өліміне кінәлімін. Оған жауап беруге дайынмын. Мен оның денсаулығына қасақана ауыр жарақат келтіріп, оны абайсызда өлтіріп алғаным үшін айыптымын. Бірақ қасақана өлтірген жоқпын», - деді ол. Бишімбаев алқабилерден әділ, объективті болуды сұрады. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1940Loading...
12
Алматы циркінің әртістері Britain's Got Talent шоуының екінші турына өтті Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері Батыр Жанұзақ, Марлен Маратов және Зарина Дигарбекова танымал британдық Britai 's Got Talent («Британия талант іздейді») телешоуында өнер көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz. Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады, онда қатысушылардың бірі баспалдақпен көтерілді, ал серіктес оның басына сүйеніп, бір қолымен тірек жасады. «Осы уақыт ішінде біздің жүрегіміз қатты соғумен болды. Акробаттар бір-бірінің үстінде тепе-теңдікті сақтай отырып, баспалдақпен көтерілу кезінде бізді керемет шеберліктерімен таң қалдырды. Мұны үйде қайталауға тырыспаңыз», - деп атап өтті жобаны ұйымдастырушылар. Жобаның көрермендері мен қазылар алқасы Саймон Коуэлл, Аманда Холден, Алиша Диксон және Бруно Тониоли әртістерге қошемет көрсетті. Қазақстаннан қатысушылар 17 мамырда өтетін жобаның екінші турына бірауыздан өтті. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1140Loading...
13
Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жанкешті және жемісті еңбегі үшін «Qarmet» акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Қосановты ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградтады, деп хабарлайды Qaz365.kz. Айта кетейік, 2 мамыр күні Қарағандыдағы Костенко шахтасының 4 конвейерлік штрегінде пайда болған түтінді Айбар Қосанов жойған еді. Ол конвейерлік трассалар учаскесінің электр слесарі болып жұмыс істейді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2870Loading...
14
«Сүндеттеуге әкеле жатыр ма?»: 50 жасқа толған адамды төрт жігіт қорапқа салып, көтеріп шықты Жетісу облысы, Панфилов ауданының орталығы Жаркенттегі Қанат есімді азаматтың 50 жасқа толуына орай мерейтойы желіні шулатты, деп хабарлайды Qaz365.kz. Әлеуметтік желіде туған күн иесін мейрамханаға қорап салып кіргізген. Оны төрт жігіт көтеріп ұстап шыққан. «Мына кісінің үрім бұтағында бір жанашыр адам болмаған ба?», «Биіктен көріну деп осыны айт», «Сүндеттеуге әкеле жатыр ма?», «50-ге толып жұртқа күлкі болғаны ұят», «Бала кезінде, жәшікке көп тығылып ойнаған ау», «Ой, дарақым-ай», «Ертедегі патшалар сияқты екен», «Көре алмайсыңдар ей қазақтар», «Кредит алған шығар», - деген пікірлер бар. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 6480Loading...
15
Желідегі шудан кейін Ақтауда кісі өлтіріп, жеңіл жаза алған экс-прокурордың үкімі қайта қаралды Жақында Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы прокурорының бұрынғы орынбасарына қатысты сот шешімі шыққан болатын. Ол «Абайсызда адам өлтірген» деген баппен 1,5 жылға ғана бас бостандығынан шектелген еді. Маңғыстау облыстық соты аппеляциялық сот жаза мерзімі өзгергенін мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz. Енді айыпталушы бостандықта емес, 8 жыл тар қапаста отыратын болды. Өйткені бұл іс қоғамда резонанс тудырып, қайтадан қаралған. «Апелляциялық сот алқасы істі зерттеу нәтижесі бойынша сотталушының ісі ҚР ҚК-нің 106-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа берілгені (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) анықталды. Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы-прокурор айыптауды онша ауыр емес жазаға, яғни ҚР ҚК-нің 104-бабы, 1-бөлігіне өзгерткен (Абайсызда адам өліміне әкеліп соғу). ҚПК-нің 337-бабы 7-бөлігіне сәйкес, егер прокурор айыпты өзгертсе, жәбірленуші бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот істі жаңа айыптау бойынша қарайды. Сот отырысының аудио-бейне жазбасынан соттың айыптауды өзгертуге қатысты жәбірленушінің ұстанымын түсіндірмегені байқалады. Сот жарыссөзі барысында жәбірленуші ұсынылып отырған жазаға қатысты прокурормен келіспеген», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық соты. Одан бөлек, прокурор заң талабына сай айыптың жаңа уәжді тұжырымын жазбаша түрде ұсынбаған. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 6260Loading...
16
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді Жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев Бишімбаевтың жағдайын "қызғаныш сандырағы" деп атады, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Бишімбаевтың сау болмағаны, есінен танғаны емес. Қарапайым мысал – Чикатило не үшін өлтірді? Оның ақылмен түсіндіруге болмайтын өзіндік себептері болды. Ол жай ғана өлтіргісі келді. Міне, осындай жағдай: Бишімбаевтың қызғанышы болды, ол ауыр жағдайды тудырды; оны қорлауға, тоздыруға мәжбүр еткен жеккөрушілік болды... Оның өзі видеоны Салтанатты қорлау үшін оны түсіргенін айтты», — деді адвокат. Вранчевтің айтуынша, Бишімбаев — ұзын бойлы және үлкен ер адам болғандықтан, оның соққыларынан әйел өліп немесе мүгедек болып қалуы мүмкін. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4360Loading...
17
Адамгершілік танытыңыздаршы – Бишімбаев жарыссөздегі сөзін аяқтады «Мен өз әйелімді өлтіргім келді ме? Жоқ. Мен бақылауды жоғалтып алдым. Сол видеолардың өзі жәбірленуші тарап аяғыммен басынан тепкенімді айтады. Ол соққы иықтан тиген. Менің аяқ киімімде ешқандай қанның ізі жоқ. Анықталмады. Мұрнынан аққан қан басынан тепсемаяқкиімімде қалар еді», - дейді ол. Ұялы телефонындағы видеолары үшін сотталушы ұялатынын айтты. Сөз соңында алқа билерге жүгінді. «БАҚ-та, әлеуметтік желіде жарияланған ақпараттың көбі жалған. Мен жасаған әрекеттерім үшін расында да жазаға лайықтымын. Сол себепті шешім қабылдау кезінде, дауыс беру кезінде адам бойындағы ең ізгі адамгершілік қасиетін, әділеттілікті танытыңыздаршы», - дейді ол. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4111Loading...
18
Жамбыл облысында алаяқтар субсидияға бөлінген 105 млн теңгені жымқырған Бұл жолы облыстың екі тұрғыны 105 миллион теңгені қалтаға басқан. Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырған. Сол аудандағы 100-ден аса шаруа қожалығына сапалы техника алып береміз деп сан соқтырғандар құрылғылардың бағасын бірнеше есе қымбат көрсетіп, мемлекеттік порталға 604 миллион теңгеге өтінім берген. Ал мемлекеттік бағдарлама бойынша сұратылған қаржының 25 пайызын министрлік төлеп береді. Сөйтіп қылмыскерлер қолға түскен 151 миллион теңгенің тек 45 миллионына құрал алып, қалғанын қолды қылған. «Мемлекетке 105 млн теңге шығын келтіріп отыр. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2- тармағына сәйкес екі тұлғаға қатысты 10 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деді облыс прокурорының аға көмекшісі Нариман Торабеков 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4120Loading...
19
Дәретханада оқушы қайтыс болған мектептің директоры қызметінен кетті Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің директоры Қанатбек Байтен қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz. Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысы жоғарғы сынып оқушысының қолынан қаза тапқан болатын. 14 жастағы бала кеуде тұсынан алған соққыдан кейін мектеп дәретханасында жан тапсырған. Ал әлімжеттік көрсетіп, жұдырық жұмсаған 9 сыныптың оқушысы қамауға алынды. Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген. Сот-медициналық сараптамадан кейін кеуде тұсынан алған соққыдан күретамыры жарылып кеткені белгілі болды. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 5391Loading...
20
Салтанаттың әке-шешесінен басымды иіп кешірім сұраймын — Бишімбаевтың анасы Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады. Жәбірленушілердің адвокаттары Бишімбаевты жазалауды талап етіп, оны 30 жыл бойы қиналған халықтың өкілі деп көрсеткен еді. Анасы мұнымен келіспейді. «Алқа билер мен сот қабылдайтын шешімге ұлым көнеді. Қуандық жазаға лайықты. Бірақ өз әрекетіне ғана сай жазаға лайықты», - дейді Әлмира Нұрлыбекова. Сотталушының анасы Салтанат Нүкенованың маскүнем болған деп меңзейді. Трагедияға ішімдік ішкендері себеп болды дегенге келтіреді. «Ал Салтанаттың мас болу мәселесіне жеткілікті көңіл бөлінбеді. Егер сол күні көп алкоголь ішпесе, ештеңе болмайтынына сенімдімін. Біз оның тұрақсыз әрі қисая жүргенін көрдік. Біз мұны бақылау камераларындағы жазбалардан көреміз. Мен өзім химикпін. Сараптамаға сәйкес зәрдегі 1,8 промилле алкоголь маңызды емес көрсеткіш ретінде көрсетілгенімен келіспеймін. Бұл сарапшылар елемеген өте маңызды көрсеткіш. Алкогольдің бұл деңгейі өлімнің сағат 19.00-де болғанын дәлелдейді. Демек, ешқандай өлтіру пиғылы болған жоқ, – деді Әлмира Нұрлыбекова. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4920Loading...
21
Алматыда мектеп оқушыларының әкелері мен ұстаздарының арасында волейбол турнирі өтті Алматыдағы Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай волейболдан дәстүрлі турнир жалғасын тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz. Жарысқа «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорына қатысты мектептерде білім алушылардың әкелері, мұғалімдері мен ардагерлер қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау. «Президент Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясында «Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз деп айтқан болатын. Біз осы ретте жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек деген қағидаларын жүзеге асыруды мақсат еттік», – дейді ұйымдастырушылар. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 3941Loading...
22
"Ендеше, күйеу атаулының бәрін соттайық" – Бишімбаев адвокатына судья тағы ескерту жасады Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында жарыссөзде сөйлеген адвокаты Ерлан Ғазымжанов үш рет ескерту алды – Бір жыл ішінде Бишімбаев оны үш рет қана ұрды. Бірақ олар демалып, қалаған жеріне барып, қалағанын жеп, қымбат киім киіп, зергерлік бұйымдарды тақты. Бұл жағдайда ұру жағдайы тек үш рет болды. Ендеше, әр отбасына кіріп, күйеуіне 4 жылдан 7 жылға дейін берейік, – деді адвокат сот талқылауында сөйлеген сөзінде. Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановтың бұл сөзіне ескерту жасады. – Егер сіз осындай мәлімдемелерді тағы айтсаңыз, сот тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болады, - деді Құлбаева. Ғазымжанов сөзін жалғастырғанда, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің ережелерін тағы бұзды. – Орныңызға барыңыз, қорғаушы. Сот сізге үш рет ескерту жасады. Соған қарамастан, алқабилердің қатысуымен қабылданбайтын дәлелдеріңізді қайталап жатырсыз. Сіз түсінбегендіктен, тағы да түсіндіремін. Этикадан тыс сөзге жол берілмеуі тиіс, – деді Құлбаева. Ол оған этикаға жат сөздер мінез-құлық пен мораль ережелеріне сәйкес келмейтінін түсіндірді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4501Loading...
23
«Директор төрт жылға сотталды»: Серікзат Дүйсенғазының ұлының қазасына қатысты сот шешімі шықты Белгілі ақын, филология ғылымдарының докторы Серікзат Дүйсенғазы ұлының қазасына қатысты сот шешімі шықты. Көпшілікке тау шаңғысы курортының қызметтерін ұсынатын «Elikti Park» ЖШС-ның директоры кінәлі деп танылып, төрт жылға сотталды «Сот тау шаңғысы курортының директорын төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар үш жылға дейін қызмет көрсете алмайды», - деп қорытындылады Ақмола облысының Зеренді аудандық соты. Шаңғы курортының директоры демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді, соның салдарынан жасөспірім қайтыс болып, екі қыздың денсаулығына зиян келтірді деп айыпталды. Қауіпсіздік шараларын түсіндірмей, баланы трассаға жіберген. Жасөспірім тік беткейден түсіп бара жатып, қоршалмаған ағашқа соқтығысып, жарақат алып, қайтыс болған. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4901Loading...
24
Алматы облысында топырақ көшкіні болды Ауа райының құбылуына байланысты Талғар ауданы Бесағаш ауылында тау баурайынан көлемі шамамен 30 текше метр болатын топырақ көшкіні жүрді, деп хабарлайды Qaz365.kz. Зардап шеккендер жоқ. «Көшкін жүрген «Бурабай» коттедж қалашығында 80-ге жуық адам тұрады. Жылына екі рет көшкін қаупі бар кезеңде «Қазселденқорғау» ММ мамандары қауіпті учаскелерде тұратын тұрғындарға көшкіннің болу қаупі туралы хабарлама жібереді. Қазіргі уақытта тірек қабырғасын ұзарту және тауды каскадты кесу арқылы тау массивін жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құлаған топырақты шығару уақытылы жүзеге асырылып жатыр», - деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 5811Loading...
25
Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды. Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ІІМ-ін 2019 жылдың ақпанынан бастап басқарып, 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай қызметінен босатылған еді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 7810Loading...
26
Қуандықтың басқа амалы қалмады – Бишімбаевтың адвокаты Сотталушы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова жарыссөз кезінде Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы сотта "жамандағысы келмеді, шындықты айтты" деп пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz. “Сот залында Бишімбаев Салтанатты жамандағаны айтылып жатыр. Бірақ Қуандықтың басқа амалы қалмады. Ол немесе қылмыстық кодекстің көзделген ең ауыр қылмыстардың бірін мойындайды немесе сотта шындықты, соның ішінде Салтанат туралы да шындықты айтады”, - дейді Рамазанова. Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектеліп, екінші сот сараптамасын есепке алмағанын атап өтті. “Салтанат отбасылық өмірді алдаудан бастауға шешім қабылдады, 2023 жылдың 9 қарашасында бұл жағдай созыла келе нағыз трагедияға айналды”, - деді Лейла Рамазанова. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4060Loading...
27
Бишімбаев жазадан құтылып кетсе не болады? Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгініп, оларды сотталушылар мен олардың қорғаушыларының сөзіне сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Құрметті, алқабилер! Мемлекеттік айыптаушылар, менің әріптестерім айтқан дәлел-дәйектің бәрін қабылдап, қорғау жағы, сотталушылар айтқан сөздерге сыни тұрғыдан қарауды өтінемін. Олардың айтқаны шындық емес! Олардың айтқанының бәрі де қылмыстық жауапкершіліктен жалтару амалы болады. Егер Бишімбаев осы іс бойынша қылмыстық қудалаудан құтылып кетсе, онда біздің елде қалудың бірдеңе істеудің өзінің мән-мағынасы қалмайды. Себебі мұндай жайттар қайталана береді», – деді Игорь Вранчев. Вранчев Бишімбаев пен Байжанов өзара келісіп, сотта жауап берді деп есептейді. Оның айтуынша, Бишімбаев сот процесі барысында өзін білімді әрі діндар ретінде көрсеткісі келген. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 3050Loading...
28
Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға бір сұрақты 175 рет қойған Сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтың Нүкенованы қорлап түсірген видеоларындағы сөздерді тағы бір рет еске салды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Адвокат Дамир Ишмаметов сотталушының телефонынан табылған видеоларға назар аударды. «Олардың әрқайсында ол Нүкенованы үйленген ер адаммен жыныстық қатынасқа түскенін мойындауға мәжбүрлейді. 8-9 қарашадағы оқиғаларға оралсақ, сотталушылардың қылмыс жасағанын әшкерлейтін бірқатар дәлелдер келтірілді. Осы видеоны тағы бір рет еске салғым келеді. Осылайша, Бишімбаев 20 минуттан астам уақыт ішінде монотонды дауыспен 175 рет келесі сөздерді айтады: «Айт, ... (басқа адамның есімі - еск.) жыныстық қатынасқа түскен сен бе?». Бір сөзді 175 рет қайталаған», – деді адвокат. Ол сотталушылардың қылмыс жасағанына бір түйір күмәні жоғын айтты. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4071Loading...
29
Сарапшы: Алматы экономикасының өсуі – қаланың даму бағдарламасын тиімді орындаудың нәтижесі 2023 жылы Алматы қаласының жалпы өңірлік өнімі нақты мәнде 10,1% ұлғайып, 24,8 трлн теңгеге жетті, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Экономист Диас Құмарбековтың пікірінше, Алматының жалпы өңірлік өнімінің 2023 жылы 10,1% өсуі бірнеше негізгі факторға байланысты «Бұл ең әуелі 2022 жылы қабылданған қалалық даму бағдарламасын тиімді орындаудың нәтижесі. Бағдарлама жаңа экономикалық секторларды құруға және тұрақты экономикалық өсуге бағытталған. Сонымен қатар, жергілікті өндіріс пен кәсіпкерлікті белсенді қолдау бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі және қаланың елдің ЖІӨ-ге қосқан үлесін арттыруға ықпал етеді», - деді Диас Құмарбеков. Экономиканы дамыту драйверлері өңдеу өнеркәсібі (+17,5%), сауда (+14,5%), қаржы және сақтандыру қызметі (+12,0%), ақпарат және байланыс (+11,3%), жылжымайтын мүлікпен операция (+6,9%), көлік және қоймалау (+5,7%) болды 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 5060Loading...
30
Бишімбаев пен Байжанов Нүкенованың денесін жасырмақ болған – прокурор Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова сотта Бишімбаевтың Нүкенованы 10 сағаттан астам уақыт бойы азаптап, аса қатігездікпен өлтіргенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Қатігездіктің шегі мынада, Салтанат өлім мен өмірдің ортасында жатқанда, ол жайбарақат Насырбековамен кездесіп, басқа әйелдермен хат жазысып, жұмысқа қатысты тапсырмалар беріп, Байжановпен тамақтанып жүрді. Бұл Бишімбаевтың санасы сау болғанын көрсетеді, ол не істегенін жақсы білді. Оған 3 адам кемі 15 рет «жедел-жәрдем шақыр» деп айтқан. Бірақ тек Салтанат өлген соң ғана, жедел-жәрдем шақырылды», - деді прокурор. Мемлекеттік айыптаушы Бишімбаев пен Байжановтың өлім айғақтарының бәрін жойып, Нүкенованың денесін жасырғысы келгенін айтты. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 5850Loading...
31
«Директор қылмысты жасыруға тырысты»: Дәретханада көз жұмған оқушының туыстары тергеудің әділ өтуін сұрайды Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте 8-сынып оқушысы әлімжеттік құрбаны болғаны туралы ақпарат құралдары мен желіге тарап кетті. Мән-жайды толық білу үшін Qaz365.kz тілшісі марқұмның туыс ағасы Олжас Сейітқадырға хабарласты. Қайғылы оқиға 30 сәуірде болған. Ауылдағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы, 2010 жылы туған Мирас Мәлік белгісіз себептерге байланысты көз жұмған. Алғашында полиция, мектеп қызметкерлері бала өздігінен дәретханада құлап көз жұмды деген. Алайда кейін сот-медициналық сараптамасы соққыдан көз жұмғанын көрсеткен. Осыған қатысты марқұмның туыстары тергеу әділ өтуін сұрап, ҚР Президентінің әкімшілігінің басшысы Айдос Дәдебаевқа, Бас прокурор Берік Асыловқа Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке хат жазды. Марқұмның туыстары бұған сенбей, екінші күні қайтадан сот-медициналық сараптамасын жасатқан. «Сараптама қорытындысын көрсетіп және ауылдағы куәгерлердің барын айтқан кезде ғана полиция қимылдай бастады. Мектеп директоры да бірінші күні бәрін жасырып қалғысы келді. Балалардың айтуынша, сол жерде оқиғаны көрген оқушыларды алып кетіп, тіс жармауын сұраған. Мектеп әкімшілігі оқиғаны жасырып қалғысы келген. Тергеушілердің орнына өзіміз жүгірдік. Кімнің ұрғанын да анықтап, ұстап бердік. Енді тергеу әділ жүріп, кінәлі жазасын алғанын қалаймыз. Мектеп директоры да аса ауыр қылмысты жасырып қалғысы келгені үшін өз жазасын алуы керек», - дейді ағасы. Туыстары бұл іс БАҚ өкілдерінің қадағалауында болғанын қалап отыр. Толығырақ мақалада 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 3181Loading...
32
“Бұл масқара”: Есірткі сатушылар Астанадағы Оқушылар сарайында QR-код қалдырған Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Серікбол Хасан жазды. Кейін оны зерттегендер сол QR-код арқылы есірткі сатылатынына көз жеткізіп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz. “Бүгін Астанадағы Оқушылар сарайына барғанбыз. Мына QR кодты ерлер әжетханасынан түсіріп алдым. Есіктің ішкі жағына жабыстырып кетіпті. QR кодты сканерлеп көріп едім, мына хабарландыру шықты. Meow дегеніне қарағанда закладчиктердің “қолтаңбасы” секілді. Синтетика ашық сатылып жатқан сияқты ма, қалай?” – деп жазады ол. Журналистің бұл жазбасы оқырман арасында қызу талқыға түсті. Сілтемені басқан Qaz365.kz тілшісінің зерттеуі расында да, кодтың артында есірткі сатушылар тұрған болуы мүмкін деген күмәнді растай түседі. Ондағы пікірлерде “кладты таптық” деп, белгісіз біреулерге алғыс жазба қалдырылған. Кейбір адам “таппадық” деп те жазады. Мұндай кері реакцияны көп адам қалдырған. “Масқара! Ужас просто! Ссылкамен өттім. Наркотикалық заттар сатылып жатыр. 2 грамм 32 мың теңге!! Ужас куда смотрит наша полиция?!” – деп жазады Нұржан Сәдірбекұлы. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4001Loading...
33
Бишімбаев соты: Байжановтан бір айып алынып тасталды Сот отырысында жарыссөз басталды. Қазір прокурор Айжан Аймағанова сөз сөйлеп, дәлелдер негізінде Салтанаттың қалай қысымға түскенін айтып жатыр. «Салтанат – Күн сәулесі секілді жарқын қыз еді. Бишімбаев оны экономикалық, психологиялық тұрғыдан өзіне тәуелді етті. Тіпті өлгеннен кейін өзін ақтау үшін марқұмды қаралап, бар кінәні оған жауып жатыр», – деді Аймағанова. Судья Айжан Құлбаева Байжановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау» деген айыпты алып тастады. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4340Loading...
34
Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай? Көп жылдардан бері Қазақстанда қызық бір сұрақ қойылып келеді: өте тартымды болса да неліктен экономика субъектілері қор нарығына лайықты түрде назар аудармай жүр? Жауабын тауып көрейік Расымен де, Қазақстан қор нарығында келесідей дүниелердіжүзеге асыруға болады: • Түрі мен түсіне қарамай кез келген акцияны алуға болады! • Қаржы министрлігі мен Қазақстан Ұлттық банкінің мемлекеттік облигацияларына инвестициялау, репо операцияларына ақша салу. • Керісінше, өз облигацияларын шығару арқылы ақша тарту. • Тіпті, ол аз десеңіз, IPO өткізіп, бизнес мәртебесін көтеруге мүмкіндік бар. Бірақ бұл проблеманың ауқымы кеңірек сияқты. Мұндай жағдай Қазақстан экономикасының барлық сегменті болмаса да, басым бөлігінде байқалады. Журналистика, кино, музыка және туризм де бұдан кенде емес. Жергілікті сатып алушы ішкі тауар әлде қызметтің импорттық баламалары призмасымен бағаламайтын бір саланы болса да атап өтіңізші. Толығырақ мақалада 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
6 4632Loading...
35
«Дәретханадағы әлімжеттік»: Жамбыл облысында 8 сынып оқушысы төбелестен кейін қайтыс болды Оқиға Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте болған. «Сегізінші сыныптың оқушысы соққыдан сұлап түскен. Тоғызыншы сыныптың баласы ұрған екен. Ауылдағылардың айтуынша, тыныс алу мүшесіне дөп тиген соққы бір баланың өмірін қиды. Сегізінші сынып оқушыларын өздерінен бір жас үлкендер тысқа тартып, әжетхана жақта әлімжеттік жасаған деген нұсқа бар. «Греб» (түрмеге деп тиын сау) жинаған ба, бұ жағы бұлыңғыр. Бірақ осыған ұқсас. Байзақта сыртқа салынған әжетхана әлі бар екен. Оның үстіне «ақ үйдің» айналасында камерасы жоқ», – дейді журналист Данияр Әлімқұл. Ол облыстық білім басқармасының басшысы сұхбат бергісі жоқтығын айтты. «Оқиға орнында орынбасарым жүр» деп соған сілтеген көрінеді. Ал Жамбыл облыстық полиция департементі оқушының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4361Loading...
36
Алматы әкімі су тасқынына қарсы күрескендерді марапаттады Мерекелік бағдарлама еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және су тасқынына қарсы күрестің басқа да қатысушыларын марапаттау рәсімінен басталды. Алматы әкімі Ерболат Досаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтар үшін гуманитарлық көмекті жинауға және жеткізуге белсенді атсалысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының меценаттарына, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысу үшін БҚО-ға іссапармен жіберілген еріктілерге, коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне алғыс білдірді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 5430Loading...
Фото недоступноПоказать в Telegram
Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz. Салтанатты шараға қала тұрғындары мен қонақтары, әкімдік өкілдері және құқық қорғау саласының қызметкерлері қатысты. Әнұран шырқалған соң, облыс әкімі Ермек Көшербаев жиналған қауымды атаулы мерекемен құттықтап, көктемгі тасқынның алдын алуға үлес қосқан азаматтарды алғыс хатпен марапаттады. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Показать все...
👍 4 1🔥 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Бишімбаевтың отбасын «қаралаған» журналистерді адвокаты сотқа бермек Бүгін ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты. Ал кулуарда Бишімбаевтың қорғаушысы Назкен Құсайынова БАҚ өкілдерін сотқа беруге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz. Адвокаттың айтуынша, сот барысын журналистер бір жақты етіп, өздеріне ыңғайлы етіп берген.
«Мұның бәрін БАҚ-тың қалай жариялағанын көрдіңіздер ғой... Өздеріңізге қалай ыңғайлы болса, солай тараттыңыздар. Жарты жылдан бері тек Бишімбаевтар отбасын қаралау жүрді», - дейді Назкен Құсайынова.
Оның артында кім тұрғанын және мұны кім істеп жатқанын білу үшін көп уақыт қажет деп отыр.
«Менде жаламен айналысқан адамдар туралы ақпарат болғанда (осы ақпараттың барлығы Бишімбаевтар отбасына қарсы күрес) ол туралы айтамын. Материалдар жиналуда. Процедурадан кейін біз мұнымен айналысамыз. Біз міндетті түрде сотқа береміз», – деді адвокат.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Показать все...
👍 3
Қамыстан өнім алған Мұқағали Қарауыл ауылындағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 9-сынып оқушысы Мұқағали Нұрлыбекұлы су өсімдігі қамыстан құнды өнімдер алуға болатын қызықты тәсіл ұсынып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қазіргі уақытта қамыс күнделікті өмірде көп қолданылмайды. Ал шын мәнінде қамысты ата – бабаларымыз шаруашылықта кеңінен пайдаланған. Қамыстан үй тұрғызу, малға азық ету, ши тоқу сияқты шаруашылық жұмыстарын атқарғанын білеміз», - дейді жас өнертапқыш.
Мұқағали жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Айдос Сайлаубековпен бірге натрон әдісімен қамыс өсімдігінің сабағынан целлюлоза алуға қол жеткізіпті. Ол үшін алдымен, қамысты кесіп, жуып алған соң, оны қайнатқан. Одан түзілген қоспаны сүзгіден өткізіп, ұсақтап тураған екен. Сондай-ақ жас өнертапқыш қамыстан алынған целлюлоза өнімінің механикалық қасиеттері жағынан ағаштан өндірілетін қағаздан кем түспейтінін анықтаған. Толығырақ мақалада 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Показать все...
👍 6
Фото недоступноПоказать в Telegram
«Мәдениетіміз туралы мәдениетсіздер дәріс оқитын заман болды»: Мәжіліс депутаты Баян Алагөзоваға қарсы шықты Жақында «Замандас» подкастында танымал продюсер Баян Алагөзова қазақтың балаларының мектепте, жоғары оқу орындарына ұстаздарына «ағай», «апай» деп айатынын сынға алған еді. Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Театр инстутында оқып жүргенде «Гүлнәр апай» деп сөйлейтін студенттерді көретінмін. Бұл институт. Қайдағы апай? Мектепте де сол. Сонда мәдениет, білім қайда? Бұл біздің менталитетке сіңіп кеткен. «Апай қойып беріңізші?» деп мұғаліммен келісу оңай. Сондықтан мұндай панибратствоны жою керек», - деген еді Баян Алагөзова «Замандас» подкастында.
Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса мәдениетіміз туралы мәдениетсіздер дәріс оқитын заман болды ғой деп жазды.
«Осыған осылай кім жауап береді екен деп жүр едім, өзімде уақыт болмағасын. Күшті қарымта қайтарыпсың қазақ мүддесі үшін! Бұл мәңгүрттер өздері білмейтін қазақ тілі, қазақтың ұлттық ұғымы, қазақ мәдениеті туралы сөз қозғап несі бар десейші? Мәдениетіміз туралы мәдениетсіздер дәріс оқитын заман болды ғой!», - дейді депутат.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Показать все...
👍 23
Фото недоступноПоказать в Telegram
Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды Мемлекет басшысының жарлығымен Жасұлан Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды Алдымен Мәжіліс Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кандидатурасына келісім берді. Сосын президент тиісті жарлыққа қол қойды. Жасұлан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында, ҚР Ұлттық банкінің құрылымында, «KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT» компаниясында, Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында» басшылық қызметтер атқарған. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Показать все...
👍 3
Фото недоступноПоказать в Telegram
Әзербайжан – Армения келіссөздері Қазақстанда қай күні өтетіні белгілі болды Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері Алматы қаласында 10 мамыр күні кездеседі. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес Әзербайжан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөздер Алматыда 2024 жылғы 10 мамырда өтеді», - делінген хабарламада.
Айта кетері, Қазақстан тарапының ұсынысымен Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері бейбітшілік шарты бойынша келіссөздерді жалғастырады. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар екенін мәлімдеген еді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Показать все...
👍 4
Фото недоступноПоказать в Telegram
«Бір адамның сөзі үшін жүз адам сандалып жүрміз»: Түркістан өңірінде дамбы салғандар Смағұловқа неге наразы Жемқорлармен бітіспей соғысам дейтін белгілі қоғамбелсендісі Дидар Смағұловтың жаңалықтар алаңында «жаға ұстатарлық» жазбалары аз емес. Өзі сауатты да. Мемлекеттен миллиардттап шыққан жобалардың бүгінгі жайын індете зерттеп әлемжеліге жар салғанда шүйліккен әкімдіктерін түйреп түсетіні бар. Сол зерттеулерінің бірін Смағұлов өткен айда фейсбукке қалдырған, сөзінше Түркістан өңірінде «2,2 млрд теңге бөлініп салынған дамбы жарамсыз болып қалған». Осы пост өңірде біршама дау туғызса керек. Іске Антикор да кіріскен деседі. Әйтсе де, Түркістан өңірі билігінің өз айтары бар екен. Олар бар дамбыны сөзбен жоқ қылғандарға өз аргументін келтіреді. Qaz365.kz тілшісі Түркістан өңіріне арнайы барып, Шошқакөлдегі бөгет жайымен танысып қайтты. Әңгіменің әлқиссасы Дидар Смағұловтың әлеуметтік желідегі жазбасынан басталды. Астанадағы белсендінің Түркістан облысы жөніндегі «бомба-жазбасы» әдеттегідей, жүздеген лайк, пікір жинап, қоғамды жалт қаратқан. Түркістан өңірін түртпектеп қалғысы келетіндерге бұл жазба – іздегенге сұраған болды. Толырақ мақалада 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Показать все...
4👍 1😁 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады Ағылшын футбол Лигасының келісімін алғаннан кейін Михаил Ломтадзе «Уиком Уондерерс» (Wycombe Wanderers) ағылшын футбол клубының директорлар кеңесінің мүшесі әрі серіктесі болды, оның негізінде 3 жылдың ішінде Қазақстан мен Англияда филиалдары бар әлемдік деңгейдегі футбол академиясы құрылады. Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Кез келген футбол академиясы оқушыларының арманы – футбол клубының негізгі құрамында ойнау. Сондықтан футбол клубы жоқ академияның табысқа жетуге мүмкіндігі де жоқ. Қарапайым тілмен айтқанда, сіз академияда жаттығып, икем-дағдыларыңызды жетілдіресіз, ал клубтың негізгі құрамында ойнауға мүмкіндік жоқ. Мен оны өзгертуді жоспарлап отырмын, өйткені клуб түлектерімізге мүмкіндік беруді көздейді, олар үшін үлкен футболға жол ашатын орын болмақ
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Показать все...
Фото недоступноПоказать в Telegram
Кеген ауылының тұрғындары жер сілкінісін сезді Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісінің эпиорталығы Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында жатыр.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай Қазақстан мен Қырғыстан шекарасынан 194 шақырым жерде орналасқан. Алматы облысының Кеген ауданының Кеген ауылындағы жер сілкінісінің күші 2 балл болды», - деп хабарлайды ТЖМ.
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Показать все...
👍 2 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
«Жазаға тартылуға дайынмын»: Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін екеуі соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Құрметті сот! Құрметті алқабилер алқасы! Жаңа айыптау актісінде менің айғақтарды жойып, қылмысты жасырып қалды деп жазылған. Мен әу бастан істің қалай болғанын айтып бердім. Ең маңызды сұрақ, мен Салтанаттың қасақана өлтірілгенін білдім ме? Мен ант етейін, бұл әрекеттің болғанынан хабарсыз едім. Білсем сол күнгі әрекеттің ешқайсысын істемес едім», - дейді Бақытжан Байжанов.
Ол Алқабилерден шешім қабылдамас бұрын ойлануларын сұрады. Өйткені ол ауыр қылмысты саналы түрде жасыруға шешім қабылдасам, мен өзімді қорғамас едім, өз-өзімді кешірмес едім деп отыр.
«Үкім шығармас бұрын «мен мұның бәрін алдын ала білдім бе?» деген сұраққа жауап іздеп көруді өтінемін. Өйткені тергеушілер де, прокурорлар да бұл сұраққа жауап бермеді. Үміт алқа билер тек сіздерде! Салтанаттың туған-туыстарынан тағы да кешірім сұраймын. Жатқан жері жайлы болсын», - дейді Бишімбаевтың інісі.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Показать все...
👍 3