cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

Zakon.qaz

Еліміздегі ең соңғы әрі сенімді жаңалықтарды бізден оқыңыз!

Больше
Рекламные посты
1 484
Подписчики
-424 часа
-77 дней
+1330 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

😱 Өзбекстанда аю мектеп ауласына кіріп кеткен Ол кезде аулада оқушылар ойнап жүрген. Оқиға Сұрхандария облысында орын алыпты. Аюды аулаққа шығаруға тырысқан полиция қызметкері жарақат алған. Артынша аю атылды. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Показать все...
😱 2
❗️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді 🇰🇿🇸🇰 Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Показать все...
👏 2
🤦🏻‍♂️ Астанада дүкенге түсіп, күзетші әйелді ұрған ұры ұсталды Ол энергетикалық сусын ұрлаған. Сарыарқа аудандық Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері дереу күдіктінің ізіне түсіп, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 27 жастағы жігітті құрықтады. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Показать все...
😡 2😁 1
😳 Алаяқтар WhatsApp желісімен қоңырау шалып, Egov-тан келген кодты айтуын сұраған Алғашында сенім артқан азамат кодты алаяққа берген. Сосын коңырау жалған банк қызметкерлерінен түскенін ұққан, бірден полицияға жүгінген. Киберполицейлер барлық PIN-кодты өзгертуге, ЭЦҚ кілтін жаңартуға және несиеден бас тарту қызметін іске қосып үлгеріпті. Әйтсе де, алаяқтардан қоңырау түсе берген. Сол сәтте олармен тәртіп сақшылары сөйлесті. Ал алаяқтар жәбірленушінің қармаққа түспегенін түсінген соң әңгімені тоқтатып тастаған. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Показать все...
😱 2
😍 Биыл 11-сыныпты 186 мыңнан астам түлек бітіреді Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева айтты. «22 мыңнан астам мектепке дейінгі, орта білім, техникалық және кәсіптік білім ошақтары биылғы оқу жылын аяқтауға әзірлік үстінде. Бұл ұйымдарда биылғы оқу жылында 5 миллионнан астам бала білім мен тәрбие алды. Осы жылы 341 мыңнан астам түлек 9-сыныпты аяқтайды, олар алдағы уақытта 10-сыныпты жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайтын болады. 11-сыныпты 186 мыңнан астам түлек бітіруде. Олар енді болашақ мамандықтарын таңдайды», – деді ол. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Показать все...
🥰 2
☝️Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды ма? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратқа қатысты жауап берді. «Бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс өндірісте жоқ», – делінген хабарламада. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Показать все...
1
❗️Жайықта су деңгейі көтеріліп, Атырау-Орал тас жолында қозғалысқа шектеу қойылды 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Показать все...
👍 2
😍 Майқайың алтын кен орнындағы екі құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданды 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Показать все...
1
⚜️Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жастарды қолжетімді баспанамен қамту мәселесін көтерді 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Показать все...
🔥 2👏 1
⚜️Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы және CLASS Group компаниясы байқаушылар кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Мемлекет басшысының айтуынша, Германия Қазақстанның Еуропа Одағындағы стратегиялық серіктесі саналады. Сауда-экономикалық қатынастар қарқынды дамып келеді. Неміс бизнесі Қазақстандағы үлесін кеңейтуге қызығушылық танытып отыр. Президент былтыр Қазақстанға Германиядан тартылған тікелей инвестиция көлемі 64 пайызға өсіп, 770 миллион долларға жеткенін атап өтті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Показать все...
1