🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Открыть в Telegram
«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!
БольшеСтрана не указанаКатегория не указана
1 746
Подписчики
-324 часа
+57 дней
+530 дней
Архив постов
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Дұға
“Дүниедегі, Ахиреттегі, күллі ісімдегі Жалғыз Қамқоршым🤍маған қайда қарасам да тек Сенің Ісіңді, Сенің Ісіңнен Мейіріміңді көріп, ол іс бітіп, даналығын Сенің үйретуіңмен түсінбестен бұрын да Сенің Мейіріміңді көріп, соған сеніп, Саған шынайы тәуекел етуді, Сенің Мейіріміңді ғана көргеннен барлық нәрседен-Саған махаббатым арта түсуін нәсіп етуіңе мұқтажбын, өзім де, өзгелер де көрінбей, Тек Сен Көрінетін йақин, жүрек нәсіп етші, сыйлашы Раббым”
#дұға
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
🌱Бұл мысалдан өзімізге алатын әдеп күнделікті өмірде амал етуге:
🌱Аллаһтың Уәделеріне күмәнсіз сену және сол сенімді сөзбен дұғада, мінәжатта, Аллаһпен сырласуда білдіру 🤍
Ғашық адам сүйіктісіне махаббатын дәлелдейтін сөздер айтуды жақсы көргені тәрізді, біз де Аллаһқа махаббатымызды дәлелдейтін сөздерді айтуымыз керек😊
Мысалы, дұға еткенде-“Йа Раббым, Сен дұға етіңдер, жауап беремін дедің ғой. Мен Сенің бұйрығыңды орындап әрі уәдеңе сеніп дұға етудемін, Сен жауап берушісің🤍” деу. Сіз күткен жауап дереу келмей жатса да, “Сен Уәдеңді бұзбайсың ғой” деп сабырмен күте білу, себебі Ұстазымыз, Аллаһ Елшісі 🌱 айтты ғой:
🤩 «Егер (дұғама жауап қатылмай жатыр деп) асығыстық танытпасаңдар, дұғаларың қабыл болады». (Бұхари)Немесе сіз біреудің жамандығына жақсылықпен жауап бересіз де, бірден “Йа Раббым, Сен Көрушісің ғой, Бәрінен Хабардарсың. Сен айттың ғой кім өзіне жасаған жамандықты кешіріп, жақсылықпен қайтарса, оған Жеткілікті боламын, сыйын Өзім беремін деп” Сенің Осы Уәдеңе сенгенім үшін жақсылықпен жауап бердім, бірақ оны да өзім жасамадым, Сен жасаттырдың, Тауфиқ, Жәрдем бердің, себебі, Сен айттың ғой “Күллі жақсылық-Аллаһтан деп” Ал бұл көркем мінез түрі-жақсылық, ол Сенен, сол үшін Саған шүкір етемін, арттырып беретініңе де Сенемін… #Әдеп1 🤎 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
🌱🌱🌱🌱
🤎 Аллаһқа қатысты ӘДЕП 🤎
Нұх пайғамбардан алейхиссалям үлгі алу🌿
Нұх пайғамбар (алейһиссалам) Аллаһтың бұйрығымен кемені жасап, мүміндерді оған мінуге шақырды. Бірақ оның ұлдарының бірі кәпірлердің қатарында болды. Ол кемеге мінуден бас тартып: «Таудың басына шығып, топаннан құтыламын», – деді. Нұх пайғамбар оған Аллаһтың мейірімі болмаса, ештеңе құтқара алмайтынын ескертті. Алайда ұлы оны тыңдамай, толқындар арасында батып кетті.
Әрбір ата-ананың табиғи сезімі – өз баласына деген сүйіспеншілік. Сондықтан Нұх пайғамбар (алейһиссалам) әкелік мейірімге толып былай деді:
«Уа, Раббым! Расында, менің ұлым – отбасымнан. Сенің уәдең ақиқат. Сен – үкім шығарушылардың ең Данасысың». («Худ» сүресі, 45-аят)Бұл дұғаның әрбір сөзі Нұх пайғамбардың Аллаһқа деген зор құрметі мен әдебін көрсетеді. Ол: «Уа, Аллаһ! Менің ұлым батып барады, сондықтан Сенің уәдең орындалмай жатыр», – деп айтқан жоқ. Сонда Аллаһ Тағала оған былай деп жауап берді:
«Уа, Нұх! Ол сенің отбасыңнан емес. Оның ісі – ізгі емес. Білмейтін нәрсең туралы Менен сұрама. Сені надандардан болудан сақтандырамын».
(«Худ» сүресі, 46-аят)Осы ескертуден кейін Нұх пайғамбар (алейһиссалам) қорқып, былай дұға етті:
«Уа, Раббым! Мен өзімде білімі жоқ нәрсені Сенен сұраудан Саған сиынамын. Егер Сен мені кешірмесең және рақым етпесең, мен зиянға ұшыраушылардан боламын».
(«Худ» сүресі, 47-аят)🌱Имам Шаббир Ахмад Усмани бұл аятты былай түсіндірген: «Нұх пайғамбар (алейһиссалам) Аллаһтың ескертуінен қорқып дірілдеді де, дереу кешірім сұрай бастады. Ол енді мұндай қателікке қайта бармаймын деп айтпады, өйткені ондай сөздер адамның өз күшіне сенетінін білдіруі мүмкін. Шын мәнінде, егер Аллаһ қаламаса, адам өздігінен ештеңе істей алмайды. Сондықтан адам адасудан сақтауын сұрап, Аллаһтан пана тілеуі тиіс. Сонымен бірге жүрегінде күнәға қайта оралмауға деген берік ниет болуы қажет». #әдеп1 🌱 Әдептің берекесі кітабынан, Шейх Ахмад Накшбанди 🤎 🤎 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек
+3
وَإِن تُطِعْ أَكْثَرَ مَن فِى ٱلْأَرْضِ يُضِلُّوكَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ ۚ إِن يَتَّبِعُونَ إِلَّا ٱلظَّنَّ وَإِنْ هُمْ إِلَّا يَخْرُصُونَ
Егер жер бетіндегілердің көпшілігінің сөзіне еріп, ырқына көнетін болсаң, сені Аллаһтың ақ жолынан адастырып жібереді. Өйткені олар (ілімнің емес) құр болжалдың жетегінде жүреді, әрі тек қу нәпсінің өлшемдеріне, әуейіліктері мен бас пайдаларына қарай үкім айтады.
(«Әнғам» сүресі 6:116)
أَفَرَءَيْتَ مَنِ ٱتَّخَذَ إِلَٰهَهُۥ هَوَىٰهُ وَأَضَلَّهُ
ٱللَّهُ عَلَىٰ عِلْمٍ وَخَتَمَ عَلَىٰ سَمْعِهِۦ وَقَلْبِهِۦ وَجَعَلَ عَلَىٰ بَصَرِهِۦ غِشَٰوَةً فَمَن يَهْدِيهِ مِنۢ بَعْدِ ٱللَّهِ ۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
Өз әуейілігін (құмарлығын) тәңір тұтып, көңілі соққан нәрсенің құлы болған, сондай-ақ (ақ пен қараның, ақиқат пен жалғанның парқын) білсе де Аллаһтың Өзі адастырып, құлағы мен жүрегін мөрлеп, көзін перделеп тастаған бейбақты көрдің бе?! Оны Аллаһтың Өзі адастырғаннан кейін тура жолға кім түсіре алады дейсің?! Міне, осының өзін ойлап, ғибрат алмайсыңдар ма?!
(«Жәсия» сүресі 45:23)
وَٱللَّهُ يُرِيدُ أَن يَتُوبَ عَلَيْكُمْ وَيُرِيدُ ٱلَّذِينَ يَتَّبِعُونَ ٱلشَّهَوَٰتِ أَن تَمِيلُوا۟ مَيْلًا عَظِيمًا
Аллаһ (адал мен арамды, жақсы мен жаманды ашық көрсетіп, сендерді күнә атаулыдан арылту арқылы) тәубелеріңді қабыл алуды қалайды. Ал нәпсіге еріп (әйел, шен-шекпен, атақ-абырой, мал-дүние сынды) нәпсі құмарлықтарының соңына түскендер болса, сендердің тура жолдан мүлдем тайып, құрдымға құлағандарыңды қалайды.
(«Ниса» сүресі 4:27)
فَإِن لَّمْ يَسْتَجِيبُوا۟ لَكَ فَٱعْلَمْ أَنَّمَا يَتَّبِعُونَ أَهْوَآءَهُمْ ۚ وَمَنْ أَضَلُّ مِمَّنِ ٱتَّبَعَ هَوَىٰهُ بِغَيْرِ هُدًى مِّنَ ٱللَّهِ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهْدِى ٱلْقَوْمَ ٱلظَّٰلِمِينَ
Егер олар саған жауап бере алмаса, біліп қой, олар тек қу нәпсінің жетегінде кетіп, өз әуейіліктеріне ерігендер. Аллаһтың нұсқауын басшылыққа алмай, тек қу нәпсіге ергеннен өткен адасқан бар ма? Шүбәсіз, Аллаһ залым қауымды әсте тура жолға салмайды, олардың ісін әсте оңғармайды.
(«Қасас» сүресі 28:50)
+1
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَلْتَنظُرْ نَفْسٌ مَّا قَدَّمَتْ لِغَدٍ ۖ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ خَبِيرٌۢ بِمَا تَعْمَلُونَ
Уа, иман келтіргендер! Аллаһқа шын көңілден тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар! Әркім ертеңі үшін (не істеп, о дүниеге) не жолдағанына көңіл аударсын. Аллаһқа шын көңілден тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар! Шүбәсіз, Аллаһ не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар.
(«Хашр» сүресі 59:18)
وَأَنَّ سَعْيَهُۥ سَوْفَ يُرَىٰ
Оның еңбегінің жемісі алдағы уақытта міндетті түрде көрінетін (әрі лайықты түрде бағаланатын) болады.
(«Нәжм» сүресі 53:40)
ثُمَّ يُجْزَىٰهُ ٱلْجَزَآءَ ٱلْأَوْفَىٰ
Содан кейін оған (еңбегінің) қарымы толық беріледі.
(«Нәжм» сүресі 53:41)
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
فَلَمَّآ أَن جَآءَ ٱلْبَشِيرُ أَلْقَىٰهُ عَلَىٰ وَجْهِهِۦ فَٱرْتَدَّ بَصِيرًا ۖ قَالَ أَلَمْ أَقُل لَّكُمْ إِنِّىٓ أَعْلَمُ مِنَ ٱللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Хабаршы сүйінші сұрай келіп, жейдені Яқубтың жүзіне жапқанда, көзі бірден ашылды. (Оның артынан ұлдары да келіп жетті) сонда Яқуб ұлдарына: «Мен сендерге Аллаһтың маған үйреткен ілімінің арқасында сендер білмегенді білемін деп айтпадым ба?» – деді.
(«Юсуф» сүресі 12:96)Repost from N/a
Өлім періштесі келеді Йақуб пайғамбармен жолығуға Аллаһтан рұқсат сұрап. Йақуб пайғамбар алейхиссалям одан сұрайды, Юсуф тірі ме әлде оның жанын алды ма? Өлім періштесі оның жанын әлі алмағанын хабарлайды. Кейін өлім періштесі пайғамбарға айтады:
«Йақуб, саған бір сөздерді үйретейін бе?»
«Былай деп айт!
يَا ذَا الْمَعْرُوفِ الَّذِي لَا يَنْقَطِعُ أَبَدًا وَلَا يُحْصِيهِ غَيْرُكَ
«Уа, Сенен басқа ешкім есептеп тауыса алмайтын, ешқашан үзілмейтін әрі таусылмайтын шексіз жақсылықтың (игіліктің) Иесі!»
Осы сөздермен Йақуб пайғамбар алейхиссалям сол түні дұға етіп, таң атпай тұрып, өздеріңіз білетін оқиға бойынша Юсуф баласының жейдесі жүзіне тиіп, көзі қайта көріп бастайды, Юсуф баласымен жолығу күні болады🤍🌸
жақында бірнеше жаңа оқырмандар қосылыпты каналға, сол себепті мендегі бар сабақтармен таныстырып, сабақтарға бүгін ин шаа Аллаһ сатылым жасау ойда бар🧡
бұрынғы ескі посттар ғой, шүкір ол кезде білмеген әдептерді қазір білуді нәсіп еткен Аллаһқа шүкірлер🧡🧡
Бұл жақта 1) Алла емес, Аллаһ болу керек негізі 2) Пайғамбарымыз емес, Аллаһ Елшісі 🌱 3)р.а емес радыйаллаху анху
+1
«Мағрифатпен болған аз іс, мағрифатсыз болған көп істен жақсырақ»
📖 Ибн Атоилла ас Сакандари, рахимахуллах
💗Яғни, сіз не істесеңіз де, сол амалды Аллаһ үшін ықыласпен, әдеппен, ихсанмен және Оған беріліп, сол істе нәпсіңізді танып, солай іліміңіздің артуы, нәтижесінде Аллаһты, Оның сізге, сізден қалауын, даналығын түсінуіңіз мың есе артығырақ, сіздің өте көп амалдарды ықылассыз, нәпсімен, муроқабасыз жасаудан.
Аллаһ Елшісі 🌱:
🧡✨Аллаһ Тағала Көркем, көркемдікті жақсы көреді»
(Сахих Муслим)
🧡✨Шын мәнінде, Аллаһ қайсыбір істі істесеңіздер де, оны ихсанмен орындағандарыңызды жақсы көреді» (Бәйқаһи)
#даналық
#насихат
Аллаһпен разы болу үшін үнемі, Ол жайлы тек жақсы ойда болу керек, Оның Көркем Есімдерін жиі зікір ету керек, Ол құлдарына ешқашан зұлымдық жасамайтынын, керісінше біз өзімізге зұлымдық жасайтынымызды ұмытпау керек. Сол кезде разы болу, Аллаһқа толық тәуекел ету оңай болады.
#тәуекел
+1
Жаңа аптаға жаңа трекер жасап отырып, SQ бойынша фокусқа “разылық” ойыма келеді. Солай құранды ашып, тоқтаған аятқа келсем, жоғарыдағы аят екен🧡✨Раббым алдымен мақсат беріп, сосын мақсатқа жолды, амалды аятпен түсіндіргендей.🧡
فَعَسَىٰٓ أَن تَكْرَهُوا۟ شَيْـًٔا وَيَجْعَلَ ٱللَّهُ فِيهِ خَيْرًا كَثِيرًا
қайдан білесіңдер, бәлкім, Аллаһ сендер ұнатпаған нәрсенің артын қайырлы қылып, көптеген жақсылыққа ұластыруды қалайтын шығар.
(«Ниса» сүресі 4:19)
