ru
Feedback

Не попадитесь на канал ботавода! Telemetrio находит и помечает такие каналы 👉 Хотите видеть метку — оформите подписку

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

Открыть в Telegram

«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!

Больше
Страна не указанаКатегория не указана
1 744
Подписчики
-224 часа
+17 дней
+430 дней
Архив постов
Аллаһ Елшісіне 🌱 махаббат арттыру жолы – оның мінезіне еліктеу. Еліктеп жатқанда оны 🌱 ойлау. Ол 🌱 бұдан да артық ықыласпен, шынайылықпен жасағанын ойлау. Оның 🌱 жасағанын жасау арқылы, Оның 🌱 нұрын өз бойыңыздан сезуді Аллаһ нәсіп етеді. Солай оған 🌱 махаббат артады. #АллаһЕлшісі #махаббат

Ассалямуалейкум уа рохматуллахи уа барокятух!🤍 🤎 🕯️ Бүгінге 2 сүннет сіздерге: ✔️ Аллаһ үшін адамдармен сөйлескенде сұрақ арқылы ойландыру сүннетіне амал ету
Аллаһ Елшісінің 💛 ең көрнекті тәрбие беру әдістерінің бірі — сұрақ қою мен диалог арқылы үйрету. Бұл әдіс тыңдаушының назарын аударып, ойлануға, өз бетімен қорытынды жасауға итермелейді. Мақсат – адам өзі ойланып, жауапқа келсе, ол білім жүрекке терең орнығып, ұмытылмайды. 🪶(Шейх Абдуль Фаттах Абу Гудда рахимахуллах)
Мысалы, мына хадистен осы сүннетті көре аламыз💯
«Сен­дер­дің ара­ла­рынан бір адам­ның есі­гі­нің ал­дында өзен ағып, ол сол өзен­ге кү­ні­не бес рет шо­мыл­са,
ол адам­да кір қа­ла­ ма?»
– деп сұ­ра­ған­да, са­ха­ба­лар: «Жоқ қал­майды», – деп жауап қайыра­ды. Сон­да Аллаһ Ел­ші­сі
💛
: «Судың кір­ді та­за­лайты­ны секілді бес уа­қыт на­маз да кү­нә­лар­ды та­за­лайды» деген.
🪶
(Сахих Муслим)
✔️ Аллаһ үшін жақсы сөз айту сауабын үміт ететін немесе Одан ұялып, қорқып үндемеуді таңдау
«Кімде-кім Алла Тағалаға және ақырет күніне
иман келтірсе,
жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін»
🪶
(Сахих Бухари)
Адам сөйлеуіне, аузынан шыққан әр сөз, сұрақ не жауапқа қарай жүрегін бақылай алады, жүрегінде қандай дерт бар, қандай сенім, сезім бар көре алады. Сол үшін жаман сөз шықса, соның шығуына себеп болған жүректегі дертті іздеп, Аллаһтан жәрдем сұрап, тәубе етіп, тазалап отырсаңыз, жүрегіңіз нұрланып, кеңейіп, тынышталып, тіліңізден де соның көріністері шыға бастайды.🤍 #сүннет #тіл #қарымқатынас 🪶Әл-Ләтыфтың құлы

«Аллаһ Елшісіне (солляллаху алейхи уа саллям) салауат айту сияқты жүректі ашатын (кеңейтетін) басқа ешбір амалды көрмедім» 🤍
+1
«Аллаһ Елшісіне (солляллаху алейхи уа саллям) салауат айту сияқты жүректі ашатын (кеңейтетін) басқа ешбір амалды көрмедім» 🤍 Имам ас Сахауи рахимахуллах

Сынақтар – алдағы нығметтердің сүйіншісі.✨

۞ وَإِذِ ٱبْتَلَىٰٓ إِبْرَٰهِۦمَ رَبُّهُۥ بِكَلِمَٰتٍ فَأَتَمَّهُنَّ ۖ قَالَ إِنِّى جَاعِلُكَ لِلنَّاسِ إِمَامًا ۖ قَالَ وَمِن ذُرِّيَّتِى ۖ قَالَ لَا يَنَالُ عَهْدِى ٱلظَّٰلِمِينَ (Әй, кітап иелері, сендер «ақырғы пайғамбар бізден шықпады» деп, Мұхаммедті мойындамасаңдар да, Ибраһимді мойындайсыңдар. Ендеше) естеріңде болса, бір кездері Ибраһимді Раббысы (қауымы тарапынан отқа тасталуы, жақын туысы Лут пайғамбардың (а.с.) қауымын жермен-жексен етуі және бауыр еті баласы Исмайылды құрбандыққа шалуын бұйыруы секілді) бірқатар ауыр пәрмендермен сынаған еді. Сөйтіп ол осынау сынақтардың бәрінен сүрінбей өтті. Ақырында, Раббысы оған: «Бұдан былай Мен сені адамдарға имам (жолбасшы, өнегелі көсем) қыламын», – деді. Сонда Ибраһим: «Ұрпағымнан да (адамдарды тура жолға бастайтын пайғамбарлар мен игі көсемдер) шығарғайсың», – деп дұға етті. Аллаһ тағала: «Өзіңе уәде еткен осынау нығметіме (ұрпағыңның ішіндегі) залым-кәпірлер әсте қол жеткізе алмайды», – деді. («Бақара» сүресі 2:124)

#менторлық #керібайланыс “Саналы, көркем қарым-қатынас” топтық 1 айлық менторлығы 💗✨☁️
#менторлық #керібайланыс “Саналы, көркем қарым-қатынас” топтық 1 айлық менторлығы 💗✨☁️

Repost from beknazarturuly
Что возвышает степень верующего? Ученый Бишр аль-Хафи (да помилует его Аллах) сказал: ⠀ — «Я увидел во сне Посланника Аллаха ﷺ и он мне сказал: «О, Бишр, знаешь ли ты, за что Аллах возвысил тебя над своими сверстниками?» Я сказал: "Нет, о, Посланник Аллаха ﷺ". Он сказал: «За следование моей сунне, за твое уважение и службу праведникам, за твои наставления своим братьям, за твою любовь к моим сподвижникам и ахлуль-байт. Это то, что возвысило тебя на степень праведников». ⠀ ⠀ 📖 «аль-И'тисам» имама аш-Шатыби

Repost from N/a
🍃Біздің өміріміз – біз мән беретін нәрселерден құралады. Қаншалықты сіз пайдалы, жайлы дүниелерге көбірек мән бересіз, соншалықты өміріңіз пайдалы, жайлы болып сезіледі. Қаншалықты сіз зиян, еш пайдасы жоқ әрі жаныңызға жайсыз дүниелерге көбірек мән бересіз, соншалықты өміріңіз қараңғы, қызықсыз, сұр түсті болып сезіледі. Жәй ғана қазір отырғанда жан-жағыңыздағы кішкентай дүниелерге ерекше мән, назармен қарасаңыз, соның өзінен бақытты сезіне алатыныңызды байқайсыз. Ішіп отқан суыңыздың дәміне ерекше мән беріңіз, жұтқандағы сезімдерге мән беріңіз, оны ұстап тұрған қолыңыздың барына мән беріңіз, ішіп болған соң пайда болатын жағымды, шөлдің қану сезімдеріне мән беріңіз, су ішкен кесеңіздің формасына, түсіне мән беріңіз. Осының өзі терапия, осының өзі сізге ерекше әсер қалдырады Аллаһтың қалауымен. #фокус

«Уирдтар жүректі тазалайды, нұрды тартады және уаридтарға себеп болады. Уаридтар-сыйлар. Мысалы, ерекші ілім, йақин, тыныштық, басқа да нығметтер, жүрекке түсетін ерекше хальдер, ол хальдер жүректі кеңейтеді, нұрландырады.» 👐 Ибн Атоилла ас Сакандари #даналық

оқып шықсаңыздар ✨🌿
+2
оқып шықсаңыздар ✨🌿

🌿✨🤍
🌿✨🤍

Аллаһ Елшісінің 🌱 көзі тірісінде Мәуліт арнайы мереке ретінде аталып өтпегенімен, Аллаһ Елшісі 🌱 өзінің туған күнін ерекше құрметтеп, әр аптаның дүйсенбі күні ораза ұстаған. Сахабалар «Неге дүйсенбіде ораза ұстайсыз?» деп сұрағанда: «Бұл – менің дүниеге келген күнiм әрi маған уахи түсе бастаған күн», – деп солай шүкіршілігін білдіретінін айтып, жауап берген.✨🌿🤍 (Муслим)

Бүгін – Мәуліт түні ✨🤍

Ханымдар, кімде тредс бар, осындағы сүннет, насихаттарды салып отыра аласыздар ма екен, қиын болмаса?🤍 Немесе қалай тредс приложениесін қолданбай, ол жаққа кірмей-ақ, осы жақтан бірден салынып отыратындай жасауға болады, кім біледі, жекеме жазып, бөлісе аласыздар ма?🤍🫶🏻

Адамның йақины мықты болса, оның рухани кемелденуі де мықты болады Аллаһтың Мейірімімен.🌿 Егер адам йақинмен сенсе, оның бір күнәсі үшін, бір жақсы амалы үшін де міндетті түрде жауап, есеп болатынын. Ол күнәдан қашады не жасап қойса да, тәубеге асығады. Жақсылық жасауда да асығады, қайтарым барына сенеді. Бір күнәнің өзі ғапылдыққа себеп болады, келесі күнәға есік ашады. Сол үшін йақины мықты адам егер өзінен ғапылдықты, құлшылықта әлсіздікті, жүрегінен қаттылықты байқаса, ол түсінеді…Раббысы Әділ, Раббысы бәрін Бақылаушы, Раббысы Жылдам Есепке Алушы. Сол үшін ол тек өз нәпсәсін кінәлайды, күнәсін іздейді, мухәсәба жасайды, отырып шынайы ықыласпен кешірім сұрайды, ғапылдық, күнәларына себеп болған оған дейінгі күнәлары үшін тәубе етеді. Сөйтіп, көп уақыт та өтпей Раббысының Қандай Жомарт, Кеңшілік Иесі екеніне тағы да йақины арта түседі. Мана ғана ғапылдықта еді, тәубе етіп, жүрегі тірілді Аллаһтың Мейірімімен. Мана ғана әлсіреп жатыр еді, тәубе етіп, сондай бір керемет белсенділік, рухтың оянуы нәсіп болды Аллаһтың Мейірімімен. Мана ғана басы қатып, істері шашырап отыр еді, тәубе етіп, сондай бір сананың айқындылығы, істерінің жұмсақ түрде реттелуі сый болды Аллаһтың Мейірімімен. Жақсы ісі үшін де, жаман ісі үшін де, ниетінің таза болмауы үшін де, таза болуы үшін де жауап барына сенентін адам үнемі Аллаһтың Жақындығын сезініп, Оны көріп тұрғандай өмір сүреді🤍 #насихат

Аятқа амал 🤍⬇️ 🌿 Барлығы Аллаһқа Тиесілі. Ешнәрсе, ешкім менікі емес, сол үшін мен қалағандай болуын күтпеуім керек. Барлық нәрседен Аллаһтың Қалауын көріп, Ол Қалағанын жасайтынын, Ол барлық заттың, менің де Ием екенін есте ұстап, жүрекпен қабылдау халінде болуға тырысуым қажет. Және Ол нені бұйырса, неден тыйса, сол нәрсені орындауда бар күшімді салуым керек. 🌿Барлығы Аллаһқа Тиесілі, Ол қалағанындай Үкім, Шешім шығаратынын және Оның баааарлық Шешімдерінде шексіз хикметтер барын есте ұстасам, маған тәуекел ету, өз қалауыма, жоспарыма, санамдағы сызып қойған әдемі суреттерге байланбау, Аллаһтан жақсылықты күтіп, жүрегімді жеңіл ұстау да оңай болады. 🌿 Аллаһ Елшісі 🌱 үйреткендей, басыма түскен әр жағдайға “осылай болу керек болды, болуы керек нәрсе менен өтіп кетпейтін еді” деп және “осылай болу керек болды, өтіп кету керек болған нәрсе бәрібір болмайтын еді” деп тағдырға деген мықты йақинмен өмір сүру. 🌿 Барлық нәрсенің Иесі тек Аллаһ болғасын, Аллаһтан басқа ешнәрсе, ешкімнен қорықпау🤍Оның рұқсатынсыз ешкім, ешнәрсе маған пайда беріп, зиян тигізе алмайтынын түсініп, үнемі Аллаһтан Пана сұрау халінде болу. Және бәрі Аллаһтың Шешімімен болатынын есте ұстағасын, үнемі үміт халінде жүру. Қиындыққа тап болсам, бұл қиындықтың Иесі, Шешімді де жаратып беретініне сеніп, үмітпен, амалмен күту. Бір арман-мақсатым болса, барлық мүліктің Иесі маған оны нәсіп, сый ететініне сеніп, сондай бір әдемі табандылықпен дұға ету, амал жасау. 🌿 Аллаһтан басқа менің Қамқоршым, Жәрдемшім жоқ екеніне шын көңілден иман етсем, онда махаббатымды Раббыма арнау. Өйткені мендегі бар нығмет - тек Одан. Адамдардың да маған жасаған жақсылықтары, көмектері, жылы сөздері тек Оның сол құлдарының жүректеріне салып, шабыттандыруынан, маған Қамқорлығынан. Сол үшін нағыз махаббатымды, байлануымды, тәуелділігімді тек Оған бағыттау. Онымен кездесуге асығу, Онымен сөйлесуді сағыну, Оны көріп барлық нәрседен қуану, Оған жақсы көретінімді сөзбен де, іспен де көрсету, дәлелдеу. Ол жақсы көретінді Ол үшін жақсы көру, Ол жек көретінді Ол үшін жек көру. Тек Оны сырлас тұту. Оған адал болу.