🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Открыть в Telegram
«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!
БольшеСтрана не указанаКатегория не указана
1 742
Подписчики
-224 часа
+17 дней
+430 дней
Архив постов
тек өзім отыратын жабық каналымнан, қарбалас күндері, құран, намаз оқуға болмайтын күндері, осылай жабық каналыма кіріп, бұрын салған аяттарды, оған жазған, түйген ойларды, тәпсірді қайталап тұрған ұнайды әрі пайдалы Аллаһтың қалауымен🤍
Repost from N/a
وَمَا لَنَآ أَلَّا نَتَوَكَّلَ عَلَى ٱللَّهِ وَقَدْ هَدَىٰنَا سُبُلَنَا ۚ وَلَنَصْبِرَنَّ عَلَىٰ مَآ ءَاذَيْتُمُونَا ۚ وَعَلَى ٱللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ ٱلْمُتَوَكِّلُونَ
«Алла бізді жүруіміз керек болған осынау жолдарға салғанда, біз Оған қалай ғана тәуекел етпейміз?! Сондықтан біз сендерден көрген бейнеттің қайсыбіріне де сөзсіз сабырлылық танытамыз. Ендеше, шын тәуекелшіл жандар бір Аллаға тәуекел етсін!» – деп жауап қатты.
(«Ибраһим» сүресі 14:12)
Repost from N/a
🤎Аяттан үйренетініміз
Кішіпейіл болу, мен құлмын, жақсылық тек Аллаһтан, Оның рұқсатынсыз ештеңе болмайды, сол үшін Оған тәуекел етіп, Одан жақсылық күтуім керек, нәтижені өзіме байламай, тәуелді қылмай.
Repost from N/a
🤎Адамдармен сөйлескенде көбіне “ия, сіз айтқандай осылай, ия бұл солай” дегендей оларға ия сөзімен және айтқан сөздерін өздеріне қайталаумен арадағы коммуникацияны жеңілдете аламыз, әрі қарай адамға тыңдауға, қабылдауға жол ашамыз. Адам психологиясы сондай, бізге біреу бірден қарсы шықса, ойымызды бірден кері қайтарса, біз ашуланамыз, қорғанамыз, әрі қарай ол адамды тыңдауға мән көрмейміз. Ал егер бізге біреу ия деп, түсінумен, ойымызбен келіспесе де, жәй ғана қабылдаумен жауап берсе, біз әрі қарай оның ойына да қызығушылық танытамыз.
Repost from N/a
Сонда пайғамбарлары оларға: «Иә, біз бар болғаны сендер сияқты кәдуілгі адам баласымыз. Алайда Алла құлдарының арасынан қалағанын ерекше бір жақсылығына бөлейді. Сондай-ақ біздің Алланың рұқсатынсыз сендерге қандай да бір мұғжиза көрсетіп, дәлел келтіруіміз мүмкін емес. Шын мүміндер қашанда бір Аллаға ғана тәуекел етуі керек».
(«Ибраһим» сүресі 14:11)
Repost from N/a
мен әр сәт санап бітіре алмайтын нығметтердің арасындамын, нығметтер соншама көп болса, онда менде бақытты болуым үшін шүкір етуім үшін бәрі бар деген сөз ғой, нығметтерді байқап бастауым керек.
Repost from N/a
وَءَاتَىٰكُم مِّن كُلِّ مَا سَأَلْتُمُوهُ ۚ وَإِن تَعُدُّوا۟ نِعْمَتَ ٱللَّهِ لَا تُحْصُوهَآ ۗ إِنَّ ٱلْإِنسَٰنَ لَظَلُومٌ كَفَّارٌ
Ол сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрін берді. Бергені соншалық – егер Алланың нығметін санайтын болсаңдар, санына әсте жете алмайсыңдар. Шынында, адам баласы мүлдем рақметі жоқ, өте залым келеді.
(«Ибраһим» сүресі 14:34)
Дәл солай, біз кейде байқамаймыз, бірақ жанымыздағы адамдарға қарап бейсаналы түрде не онлайн түрде болсын, соларға ұқсай бастаймыз. Ойланбай, қалай болса, солай сөйлейтін адамдармен жүріп, кішкене уақыт өткізіп олармен, сіз де сондай бола бастайсыз. Бәріне шағымданып, бәрін қиын көретін негативті адамдармен жүріп, сіз де бәрінен негатив көріп бастайсыз.
Кімге қарап, кіммен жүргеніңізге мән беру керек🤍
Ұстазымыз, Аллаһ Елшісі 🌱 айтқандай: «Адам - досының дінінде»
#насихат
Мысалы, әдебіңізді арттырғыңыз келсе, әдепті адамдарға көбірек қарау, олармен бірге болуға тырысу. Белсенді, үнемі бәріне уақыт тауып жүретін еті тірі адам болғыңыз келсе, сондай жандарға қарау. Үй, аналық міндеттерді жақсырақ атқарғыңыз келсе, сондай жандарды көру.✨Бірге болу
Белгілі бір мақсатқа жетудің оңай жолы – соған жеткен адамдарға жиі қарау, олармен бірге болу✨
Repost from beknazarturuly
Красота этого мира ослепляет, однако, если посмотреть внимательно, то можно увидеть, что он является местом испытаний.
+1
📖 🤍 🌧️ ✨
Салиқалы жандардың сөздері, насихаттары, даналықтары – жүректі Аллаһтың қалауымен тірілтеді.
وَكُلًّا نَّقُصُّ عَلَيْكَ مِنْ أَنۢبَآءِ ٱلرُّسُلِ مَا نُثَبِّتُ بِهِۦ فُؤَادَكَ ۚ وَجَآءَكَ فِى هَٰذِهِ ٱلْحَقُّ وَمَوْعِظَةٌ وَذِكْرَىٰ لِلْمُؤْمِنِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Өзіңе айтылғандардың барлығы – пайғамбарлардың өмірінен алынған, сенің жүрегіңді орнықтыратын ғибратқа толы үзінділер. Осы деректерде саған ақиқаттың нақ өзі, ал мүміндерге насихат пен ескерту келді. («Һуд» сүресі 11:120) 🤍✨✨Аллаһқа жақын құлдармен болуда үлкен береке бар. Аллаһ бір ізгі құлын жақсы көрсе, сол құлдың отбасы, көршісі, достары, тіпті ит-мысығы да сол ізгі жанның берекесінен үлес алады Аллаһтың Жомарттығымен.
✨дұғасы тез қабыл болатын жандар бар, бірақ олар көбіне жасырын болады, ондай адамды Аллаһтың байқатуымен байқап қалсаңыз, одан дұға етуін сұрап алған жақсы.
✨Аллаһ Өзінің махаббатына бөлену жолдарын түрлендіріп, жеңілдетіп қойды құлдарына деген Үлкен, Шексіз Қамқорлықтан. Аллаһ ешбір амалды құнсыздандырмайды, біз көбіне аз көріп, құнсыздандырамыз, жасамай қоямыз. Азсынбаңыз🤍
✨Аллаһқа махаббат - басқа адамдардан қашуды, бөлек, өзімен-өзі, мешіттен шықпай өмір сүруді талап етпейді. Қайта адамдармен болып, оларға пайдалы болуды, оларды жақсы көріп, сізді де жақсы көрулеріне әдемі себептер жасауыңызды талап етеді. Адамдармен әдемі мәміле жасай алу - ең әдемі құлшылық түрлерінен.
✨Адамды қуантатын жылы сөздер айту, сезім білдіру, ілтипат көрсету - құлшылық.
✨Ашық болу - сүннет.
✨ Ең Жақсы Қорған, Ең Қауіпсіз жер - Аллаһқа құлшылық ету арқылы Оның Панасында болу құрметі.
✨Бәрі оңай. Аллаһтың Махаббатын көздеңіз, Аллаһ сізді жақсы көрсе, сізді жақсы көргізеді.
✨Аллаһқа махаббатыңызды білдіріңіз. Аллаһ та білдіреді…
+9
✨Аллаһқа жақын құлдармен болуда үлкен береке бар. Аллаһ бір ізгі құлын жақсы көрсе, сол құлдың отбасы, көршісі, достары, тіпті ит-мысығы да сол ізгі жанның берекесінен үлес алады Аллаһтың Жомарттығымен.
Repost from N/a
Тебе нужен Аллах в каждом движении, в каждом вдохе, в каждом ударе сердца.
Тебе нужен Аллах во всём, ничто не происходит благодаря твоей собственной силе.
| Шейх Мухаммад Абу’ль-Худа аль-Якуби
Repost from beknazarturuly
Сахаба Әнастан (радыйаллаху анху) риуаят етіледі:
— «Алла елшісі ﷺ маған: «Уа балақайым! Жүрегіңде ешбір адамға жек көрініш болмай таң атырып, кеш батыруға шамаң келсе, солай істе», - деді. Сосын Алла елшісі ﷺ:
— «Уа, балақай! Бұл менің сүннетім. Кім менің сүннетімді тірілтсе, сөзсіз, мені жақсы көргені. Ал мені кім жақсы көрсе, менімен бірге Жәннатта болады», - деді».
📖 имам ат-Тирмизи, 2678
Жүрек амалдары деген сондай бағалы, ерекше, салмағы үлкен амалдар ғой. Соған қатысты кей заттармен бөліскім келеді, бірақ бөлісу қажет адамдар өздері келеді екен Аллаһтың бағдарымен.
Қысқасы, жүрек амалдарына көбірек мән берейік🤍
#насихат
