Казахский научный центр дерматологии и инфекционных заболеваний МЗ РК
رفتن به کانال در Telegram
Официальный канал Казахского научного центра дерматологии и инфекционных заболеваний МЗ РК
نمایش بیشتر352
مشترکین
-324 ساعت
-37 روز
-830 روز
آرشیو پست ها
25-27 маусым күндері Ақтөбе қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы (ҚДИАҒО) Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетімен және «Дерматовенеролог, дерматокосметолог және лепрологтар қоғамы» қоғамдық бірлестігімен серіктесе отырып, «Дерматовенеролог, дерматокосметолог және лепрологтардың 20 өңірі» атты ХІХ Республикалық білім беру ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Іс-шара Дүниежүзілік витилиго күніне орайластырылған әрі үздіксіз медициналық білім беру бағдарламасы аясында өтеді. Жиынға еліміздің білікті мамандары мен ғалымдары, сондай-ақ жас дәрігерлер қатысады.
Оған Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан 280-нен астам делегат келеді деп күтілуде.
Бұл конференция 2015 жылдан бері ғылыми-тәжірибелік білім мен тәжірибе алмасатын беделді алаңға айналып үлгерді. Форумның басты мақсаты – пәнаралық ынтымақтастықты нығайтып, озық тәжірибемен алмасу және мамандандырылған медициналық көмек жүйесіне жаңашылдықтарды енгізу. Бағдарлама аясында тері ауруларын емдеудің заманауи тәсілдеріне арналған дәрістер оқылып, тұсаукесерлер мен шеберлік сабақтары өтеді. Әсіресе, биологиялық терапия, дерматохирургия, фототерапия сияқты тиімді емдеу әдістеріне ерекше назар аударылады.
Қатысушылар Қазақстан мен шетелде дерматология саласында жасалған соңғы ғылыми зерттеулермен танысады. Сонымен қатар, конференция аясында ҚДИАҒО резиденттерінің қатысуымен «Жас маман мектебі» өз жұмысын атқарады. Мектептің сессияларында нақты клиникалық жағдайлар мен түрлі аурулардың ерекшеліктері егжей-тегжейлі талданады. Бұдан бөлек, витилиго және ауыр созылмалы дерматозбен ауыратын пациенттерге кеңес беру жоспарланған. Ал жергілікті мамандарға ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетіледі.
Кәсіби пікірталас барысында мамандар витилиго, лейшманиоз, супергонорея, псориаз, дерматоздар мен Ганзен ауруын диагностикалау және емдеу мәселелерін ортаға салады.
Витилиго – адамның беті мен денесінде ақ дақтардың пайда болуымен сипатталатын созылмалы аутоиммундық тері ауруы. Әлем халқының шамамен 1 пайызы осы дертке шалдыққан. Бұл ауру адам өміріне қауіп төндірмейді және физикалық тұрғыда ешқандай зиян келтірмейді. Дегенмен, ол пациенттің психоэмоционалдық жағдайына айтарлықтай кері әсерін тигізуі мүмкін. Ауру кез келген жаста пайда болуы мүмкін, бірақ көп жағдайда 20 жасқа дейін басталады.
Жыл сайын еліміздегі дерматологиялық мекемелерге дәл осы диагнозбен 15 мыңнан астам пациент жүгінеді.
С 25 по 27 июня в Актобе Казахский научный центр дерматологии и инфекционных заболеваний (КНЦДИЗ) Министерства здравоохранения РК в партнерстве с Западно-Казахстанским государственным медицинским университетом имени Марата Оспанова, ОО «Общество дерматовенерологов, дерматокосметологов и лепрологов» проводит XIX Республиканскую образовательную научно-практическую конференцию «20 регионов дерматовенерологов, дерматокосметологов и лепрологов».
Мероприятие приурочено ко Всемирному дню витилиго и проходит в рамках программы непрерывного медицинского образования. В конференции примут участие ведущие отечественные специалисты и учёные, а также молодые врачи.
Ожидается более 280 делегатов из всех регионов Казахстана, а также Кыргызстана, России, Узбекистана.
С 2015 года конференция зарекомендовала себя как авторитетная платформа для научно-практического обмена знаниями и опытом.
Цель форума - укрепление междисциплинарного сотрудничества, обмен передовыми практиками и внедрение инноваций в системе специализированной медицинской помощи. В программе - лекции, презентации, мастер-классы, посвящённые современным подходам к лечению кожных заболеваний. Особое внимание будет уделено биологической терапии, дерматохирургии, фототерапии и другим эффективным методам лечения.
Участники ознакомятся с последними научными исследованиями в области дерматологии, проведёнными в Казахстане и за рубежом. В рамках конференции будет работать «Школа молодого специалиста» с участием резидентов КНЦДИЗ. На сессиях школы будут разбираться клинические случаи и особенности различных заболеваний. Также запланированы консультации пациентов с витилиго и тяжёлыми хроническими дерматозами, а местные специалисты получат организационно-методическую поддержку.
Темами профессиональных дискуссий станут диагностика и лечение витилиго, лейшманиоза, супергонореи, псориаза, дерматозов и болезни Ганзена.
Витилиго — хроническое аутоиммунное кожное заболевание, проявляющееся обесцвеченными пятнами на лице и теле. Им страдает около 1% населения мира. Болезнь не представляет угрозы для жизни и не наносит физического вреда, но часто серьёзно влияет на психоэмоциональное состояние пациентов. Заболевание может развиться в любом возрасте, но чаще всего — до 20 лет.
Ежегодно в дерматологические учреждения страны обращается более 15 тысяч пациентов с этим диагнозом.
#ДеньВитилиго
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ЖЖБИ таралуы туралы алғашқы жаһандық деректер базасын ашты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) таралуы туралы жаңа жаһандық деректер базасын таныстырды. Бұл – табысы төмен және орташа табысты елдердегі 2010 жылдан бергі ЖЖБИ көрсеткіштері бойынша стандартталған мәліметтерді біріктіретін алғашқы ашық платформа.
Жаңа ресурс қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы басты түйткілдердің бірі – халықтың әртүрлі топтары арасындағы ЖЖБИ таралуы туралы қолжетімді әрі салыстырмалы деректердің тапшылығын жою үшін әзірленді. База әртүрлі дереккөздерден алынған, бірыңғай форматта жинақталған және сапа тексерісінен өткен жарияланған да, бұрын жарияланбаған да деректерді біріктіреді.
Алғашқы кезеңде платформа ең көп таралған бес инфекция туралы ақпаратты қамтиды: хламидиоз, гонорея, мерез, 2-типті қарапайым герпес вирусы (ҚПВ-2) және трихомониаз. 2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша базада 766 зерттеу мен инфекцияның таралуын көрсететін 2453 жеке көрсеткіш бар.
ДДСҰ бұл жаңа ресурстың сарапшыларға, ұлттық денсаулық сақтау бағдарламаларына, қоғамдық ұйымдарға және халықаралық серіктестерге ЖЖБИ таралу ауқымын толық түсініп, оның алдын алу мен емдеу шараларын тиімді жоспарлауға көмектесетінін атап өтті.
#ИППП
Всемирная организация здравоохранения (ВОЗ) представила новую глобальную базу данных о распространённости инфекций, передающихся половым путём (ИППП). Это первая открытая платформа, которая объединяет стандартизированные данные о распространённости ИППП в странах с низким и средним уровнем дохода за период с 2010 года.
Новый ресурс создан для решения одной из ключевых проблем в области общественного здравоохранения — нехватки доступных и сопоставимых данных о распространении ИППП среди различных групп населения. База объединяет как опубликованные, так и ранее не опубликованные данные из разных источников, собранные в едином формате и прошедшие проверку качества.
На первом этапе платформа включает информацию по пяти наиболее распространённым инфекциям: хламидиозу, гонорее, сифилису, вирусу простого герпеса 2 типа (ВПГ-2) и трихомониазу. По состоянию на июнь 2026 года в базе содержатся данные из 766 исследований и 2453 отдельных показателей распространённости.
В ВОЗ отмечают, что новый ресурс поможет экспертам, национальным программам здравоохранения, общественным организациям и международным партнёрам лучше понимать масштабы распространения ИППП и планировать меры профилактики и лечения.
#МеніңСүйіктіДәрігерім
#РақметДәрігер #СпасибоВрачам #МедицинаКЗ
русский
казахский
Высокая награда в честь Дня медицинского работника
Заведующая референс-лабораторией КНЦДИЗ Галия Хаджимуратовна Тажибаева удостоена высокой государственной награды — медали «Шапағат».
Торжественное вручение награды состоялось в канун Дня медицинского работника. Медаль Галие Хаджимуратовне вручил аким города Алматы Дархан Сатыбалды на встрече с ветеранами отрасли и представителями медицинского сообщества.
Галия Хаджимуратовна — высококвалифицированный специалист в области лабораторной диагностики с 37-летним стажем работы в службе ВИЧ. За годы профессиональной деятельности она зарекомендовала себя как компетентный эксперт, талантливый организатор здравоохранения республиканского уровня и наставник для многих специалистов.
Ее многолетний труд, высокий профессионализм и преданность делу внесли значительный вклад в развитие лабораторной службы, совершенствование диагностики ВИЧ-инфекции. Галия Хаджимуратовна является соавтором научных публикаций в области лабораторной диагностики ВИЧ и активно участвует в развитии научно-практического потенциала отрасли.
Коллектив КНЦДИЗ искренне поздравляет Галию Хаджимуратовну с заслуженной наградой! Желаем крепкого здоровья, благополучия, неиссякаемой энергии, вдохновения и новых профессиональных достижений на благо отечественного здравоохранения!
Медицина қызметкері күніне орай табысталған жоғары марапат
ҚДИАҒО референс-зертханасының меңгерушісі Ғалия Қажымұратқызы Тәжібаева жоғары мемлекеттік марапат — «Шапағат» медаліне ие болды.
Марапатты салтанатты түрде табыстау рәсімі Медицина қызметкері күні қарсаңында өтті. Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды сала ардагерлері мен медицина қауымдастығы өкілдерімен өткен кездесуде медалді Ғалия Қажымұратқызына өз қолымен табыс етті.
Ғалия Қажымұратқызы – АИТВ қызметінде 37 жылдық еңбек өтілі бар, зертханалық диагностика саласының жоғары білікті маманы. Кәсіби қызметі барысында ол өзін білікті сарапшы, республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау ісінің дарынды ұйымдастырушысы әрі көптеген мамандардың тәлімгері ретінде көрсете білді.
Оның көпжылдық еңбегі, жоғары кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығы зертхана қызметін дамытуға және АИТВ-инфекциясының диагностикасын жетілдіруге сүбелі үлес қосты. Ғалия Қажымұратқызы АИТВ-ны зертханалық диагностикалау саласындағы ғылыми жарияланымдардың бірлескен авторы және саланың ғылыми-тәжірибелік әлеуетін дамытуға белсене атсалысып келеді.
ҚДИАҒО ұжымы Ғалия Қажымұратқызын осы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды! Оған мықты денсаулық, береке, сарқылмас қуат пен шабыт, сондай-ақ отандық денсаулық сақтау саласының игілігі жолында жаңа кәсіби белестерді бағындыра беруін тілейміз!
Высокая награда в честь Дня медицинского работника
Заведующая референс-лабораторией КНЦДИЗ Галия Хаджимуратовна Тажибаева удостоена высокой государственной награды — медали «Шапағат».
Торжественное вручение награды состоялось в канун Дня медицинского работника. Медаль Галие Хаджимуратовне вручил аким города Алматы Дархан Сатыбалды на встрече с ветеранами отрасли и представителями медицинского сообщества.
Галия Хаджимуратовна — высококвалифицированный специалист в области лабораторной диагностики с 37-летним стажем работы в службе ВИЧ. За годы профессиональной деятельности она зарекомендовала себя как компетентный эксперт, талантливый организатор здравоохранения республиканского уровня и наставник для многих специалистов.
Ее многолетний труд, высокий профессионализм и преданность делу внесли значительный вклад в развитие лабораторной службы, совершенствование диагностики ВИЧ-инфекции. Галия Хаджимуратовна является соавтором научных публикаций в области лабораторной диагностики ВИЧ и активно участвует в развитии научно-практического потенциала отрасли.
Коллектив КНЦДИЗ искренне поздравляет Галию Хаджимуратовну с заслуженной наградой! Желаем крепкого здоровья, благополучия, неиссякаемой энергии, вдохновения и новых профессиональных достижений на благо отечественного здравоохранения!
🏆 Наши специалисты получили заслуженное признание на республиканском уровне!
20 июня в Астане состоялся республиканский форум «Адал адам – адал еңбек – адал табыс», приуроченный к 35-летию Независимости Республики Казахстан.
По итогам конкурса «Үздік медицина қызметкері» наградами были отмечены сотрудники Казахского научного центра дерматологии и инфекционных заболеваний:
✨ Суханбердиева Зарина Маратовна
✨ Джуманова Алия Еркиновна
Высокая оценка профессиональной деятельности наших коллег является подтверждением их преданности профессии, ответственности и ежедневного труда во благо здоровья населения.
Поздравляем с заслуженной наградой и желаем дальнейших профессиональных успехов, новых достижений и вдохновения для реализации самых смелых целей!
🏆 Біздің мамандар республикалық деңгейде лайықты құрметке бөленді!
20 маусым күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты республикалық форум өтті.
«Үздік медицина қызметкері» байқауының қорытындысы бойынша Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының (ҚДИАҒО) қызметкерлері марапатқа ие болды:
✨ Суханбердиева Зарина Маратқызы
✨ Жұманова Әлия Еркінқызы
Әріптестеріміздің кәсіби қызметіне берілген жоғары баға — олардың өз мамандығына деген беріктігінің, үлкен жауапкершілігінің және халық денсаулығын сақтау жолындағы күнделікті қажырлы еңбегінің айқын дәлелі.
❤️Әріптестерімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да кәсіби толағай табыстар, жаңа белестер және ең батыл мақсаттарды жүзеге асыруда сарқылмас шабыт тілейміз!🌷
❤️Медицина қызметкері күні құтты болсын!
Құрметті әріптестер, төл мерекеміз құтты болсын! Шипалы алақандарыңыз бен мейірімді жүректеріңіз үшін сіздерге мың алғыс. Біз күн сайын адам өміріне араша түсіп, оларға демеу болу арқылы шын мәнінде ұлы іс атқарып келеміз.
Шаңырақтарыңызда әрдайым тыныштық пен береке орнасын, денсаулықтарыңыз ешқашан сыр бермесін және кез келген сынаққа төтеп берер күш-қайраттарыңыз сарқылмасын! 🌹
❤️С днем медицинского работника!
Дорогие коллеги, с нашим профессиональным праздником! Спасибо вам за ваши умелые руки и отзывчивые сердца. Мы каждый день делаем по-настоящему великое дело — спасаем и поддерживаем людей.
Пусть в ваших семьях всегда будет мир и уют, здоровье никогда не подводит, а сил хватает на любые вызовы!🌹
🔊 Неліктен мен медицинаны таңдадым?
Резиденттеріміз бен жас дәрігерлеріміз өз таңдауы жайлы ой бөліседі.
Бүгінгі кейіпкеріміз: ❤️ 6 жылдық жұмыс өтілі бар дәрігер-аллерголог-иммунолог Айжан Абдырашидқызы
#МедицинаҚызметкерлеріКүні
#МеніңТаңдауымМедицина
🔊Почему я выбрал медицину?
Говорят наши резиденты и молодые врачи.
Слово: ❤️ Айжан Абдырашидкызы , врачу -аллергологу- иммунологу, со стажем 6 лет.
#ДеньМедицинскогоРаботника
#МойВыборМедицина
#МедицинаКЗ
Награды в честь Дня медицинского работника
В преддверии Дня медицинского работника лучшие медицинские сотрудники КНЦДИЗ удостоились наград.
На торжественном собрании в честь праздника Р. Т. Куанышбекова - директор КНЦДИЗ вручила награды от Министерства здравоохранения. РК. Среди награжденных :
- Кикбаева Гульсум Ильясовна - врач, Денсаулық сақтау ісінің үздігі,
-
Анапияева Карлыгаш Турсынгазиевна - медсестра, Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін,
-
Сураншыева Гулфия Курманжановна - санитарка, Құрмет грамотасы,
-
Нагашбекова Гулмира Чурахановна - специалист лаборатории, Алғыс хат.
Грамоты от Медеуского акимата г. Алматы получили:
- Куанышбекова Р.Т. - директор,
-
Магай А.В. - менеджер по качеству диагностической лаборатории,
-
Серғазықызы Г. - помощник эпидемиолога,
-
Турдалиева Б.С. - заместитель директора,
-
Джуманова А.Е. - врач- дерматовенеролог.
Грамот от директора КНЦДИЗ удостоены:
-
Кикбаева Гульсум Ильясовна - врач,
-
Абденбеков Меирбек Халелулы -
комплаенс офицер,
-
Тонконогова Наталья Владимировна - врач,
-
Юсупова Захидям Нурмухаметовна - санитарка,
-
Абижанов Толеген Тилеуалдиевич - специалист диагностической лаборатории.
Медики заслуженно награждены за добросовестный труд и преданность профессии.
Награждение стало не только приятным сюрпризом для сотрудников, но и ярким подтверждением высокой оценки их вклада в общее дело. Особо были отмечены их профессионализм, внимательное отношение к пациентам и многолетняя преданная работа в системе здравоохранения.
На церемонии прозвучали слова благодарности от руководства и коллег, многие из которых подчеркнули, что именно такие специалисты формируют лицо медицины и заслуживают самого искреннего уважения.
Сердечно поздравляем коллег! Желаем крепкого здоровья, успехов в труде, благополучия в семьях!
Медицина қызметкері күніне орай марапаттар
Медицина қызметкері күні қарсаңында ҚДИАҒО-ның үздік медицина қызметкерлері марапаттарға ие болды.
Мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты жиында ҚДИАҒО директоры Р. Т. Куанышбекова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттарын табыстады. Марапатталғандар қатарында:
Кикбаева Гульсум Ильясовна – дәрігер, Денсаулық сақтау ісінің үздігі,
Анапияева Карлыгаш Турсынгазиевна – мейіргер, Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін,
Сураншыева Гулфия Курманжановна – санитар, Құрмет грамотасы,
Нагашбекова Гулмира Чурахановна – зертхана маманы, Алғыс хат.
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігінің грамоталарын алғандар:
Куанышбекова Р.Т. – директор,
Магай А.В. – диагностикалық зертхананың сапа жөніндегі менеджері,
Серғазықызы Г. – эпидемиолог көмекшісі,
Турдалиева Б.С. – директордың орынбасары,
Джуманова А.Е. – дәрігер-дерматовенеролог.
ҚДИАҒО директорының грамоталарымен марапатталғандар:
Кикбаева Гульсум Ильясовна – дәрігер,
Абденбеков Меирбек Халелулы – комплаенс-офицер,
Тонконогова Наталья Владимировна – дәрігер,
Юсупова Захидям Нурмухаметовна – санитар,
Абижанов Толеген Тилеуалдиевич – диагностикалық зертхана маманы.
Бұл марапаттар – мамандарымыздың науқастарға деген жанашырлығы, өз ісіне деген адалдығы мен күнделікті қажырлы еңбегіне берілген әділ әрі лайықты баға. Марапаттау рәсімі әріптестерімізге ерекше қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың ортақ ісімізге қосып жатқан зор үлесін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жиын барысында басшылық пен әріптестер тарапынан көптеген жылы лебіздер айтылды. Расында да, дәл осындай өз ісінің шеберлері медицинаның шынайы келбетін қалыптастырып, халықтың шынайы құрметіне бөленіп жүр.
Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық және жұмыстарында тек толағай табыстар тілейміз!
+1
🇰🇿МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАДЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТ
Бүгін Ақордада медицина қызметкерлерін салтанатты түрде ұлықтау рәсімі өтті. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау саласының үздік өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.
Барша медицина қауымдастығы үшін Президенттің ұлт денсаулығы мемлекеттің ең жоғары құндылығы, ал денсаулық сақтау жүйесін дамыту елдің стратегиялық міндеттерінің бірі екендігі туралы айтқан сөзі ерекше маңызға ие.
«Халық даналығында: «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтылмаған. Ұлт саулығы – мемлекетіміз үшін ең қымбат құндылық. Сондықтан медицина саласын дамыту – мемлекеттің стратегиялық міндеті», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.Президент барлық медицина қызметкерлеріне қажырлы еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі және өз мамандығына адалдығы үшін шынайы алғысын білдірді. 🏛🏛Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерінің конституциялық мәртебеге ие болып, еліміздің Ата заңында бекітілуі де ерекше маңызды. Бұл адам өмірі мен денсаулығын сақтау мемлекеттің сөзсіз басымдығы әрі мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін көрсетеді.
«Бұл адам өмірін сақтау тек медицина қызметкерлерінің ғана емес, бүкіл қоғамның жауапкершілігі екенін көрсететін маңызды қадам болды», – деді Президент еліміздің медицина қызметкерлерін ұлықтау рәсімінде.#МедицинаҚызметкеріКүні #ҚРДенсаулықсақтауы #ҰлтСаулығы #ҰлтСаулығыЕлБолашағы #Президент
#МеніңСүйіктіДәрігерім
#РақметДәрігер #СпасибоВрачам #МедицинаКЗ
اکنون در دسترس! پژوهش تلگرام ۲۰۲۵ — مهمترین بینشهای سال 
