cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

жетпеген хабарлама

Жүректегі, санадағы саған айтылмаған сөздерім💔

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
290
مشترکین
+124 ساعت
اطلاعاتی وجود ندارد7 روز
-1630 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

💌:
"Жаздың соңы, Жапырақтар жаңбырлы..." Қайраттың осы әнін тыңдап жатқан сәтімде, есіме сенімен алғаш сөйлескен сәт келді. Әлі есімде, Telegram арнамдағы пікірлерің, лүпілдерің. Есімде... Жарығым-ау, сол сәттерге қайта орала алсақ, таныстығымыздың соңы осылай аяқталатынын біле тұра, менімен жеке сөйлесуді бастар ма едің? Мен мысалы, бастар едім. Сенімен араласқан уақыттағы барлық қателіктерді түзер едім. Сол күні, сен менің қалама келген сәтте, ашуланбай, сабыр сақтап, соңына дейін далада отырар едім. Сол сәтте, сағат тілі 00:00 болған сәтте, саған жәй хат жазбай, бірден хабарласар едім. Сол сәтте, ұшақтан түсе салысымен, өзіңе хабарласып, қалаңның бұрыш-бұрышынан өзіңді іздер едім. Едім... Өткен жаз айлары менің өмірімдегі ең нашар кезеңдердің бірі, әрі, бірегейі болды десем, артық айтпағаным шығар. Сондай, тауым шағылған сәтте өміріме кіп-кішкентай жарық болып кірген едің... Арамызда жүздеген шақырымдар жатса да, дәл өзіңді аңсап, өзіңе ғана тәуелді болып қалған да жайым бар. Ұйқыдан тұрсам, ұйқыға жатсам, өзіңді ойлайтын халге дейін жетіппін, жарығым. Қазір ше? Ал, қазір, өзіңді сырттай ғана бақылап, өр-көкіректігімді, сасық намысымды жеңе алмай, үнсіз келе жатырмын. Тағы басымды иіп, бәрін басынан бастайыншы десем, көңілімде күдік, қорқыныш, ұят... Күдігім менің сол, саған басқа біреу көңіл бөліп, соның алдамшы сөздеріне алданып қалды ма екен деймін... Қорқынышымның ең үлкені... 8 айлық ара-қатынасымызда тек мен ғана сенімен болашақты елестеткендеймін. Ал, бәрін қайта бастауға ендігі ұят. Өте үлкен ұят. Арада айтылмаған сөз қалмады. Сүйген жандар бір-біріне айтуға болмайтын сөздерді айттық... Раббымызды араластырдық... Қателестік... ой, Қателестім. Ең қызығын айтайын ба? Сені ойлауды әлі тоқтата алмай келе жатқаныма өзім де таңмын. Айналам толған қыз. Түр-түрі бар. Олардың жүзіне қараған сайын, жанарымды төмен түсіретінім тағы бар. Білмеймін, әйтеуір, ертегі кейіпкеріне ғашық болып, дәл сол кейіпкерді күтіп жүрген секілдімін. Жүрегім күткенімен, миым оның тек ертегі екенін түсіндіре алмай әлек... Мен өз әлемімдегі shynaıy ertegi keıiрkeri болсам да, сен жәй ертегі кейіпкері болыпсың. Ойдан құрастырылған. Ендігі, мен үшін бір мәселе. Басқа жанға қалай ғашық боламын? Қалай?... "Адам адамды көрмей сүйе алады екен..."
نمایش همه...
💔 1🎄 1
💌:
Бүгін өзіңді түсімде көрдім. Ұйқыдан тұрған сәтте, денемнен салқын тер шығып жатыр екен... "Көмектесші... Көмектесші... Көмектесші..." - тек осы сөздерді айтып жатыр екенсің...
نمایش همه...
😢 1🎄 1
💌:
Қалай жеткізсем екен.. Саған деген сезімдерімді тұншырықтыру қиынға соғуда. Сен мені "подруга" ретінде ғана көресің. Ал мен саған ғашық болдым. Өзіңе баурап алдың. Сенің жауабың қандай болары анық. "Түсін, біз бірге бола алмаймыз" Иә, түсінемін. Бұл сезімдерім де бір күні өшер. Сен өз бақытыңды, мен өз бақытымды табамыз. Достығымыз ұзаққа созылар деген үміттемін🫶🏻
نمایش همه...
💌:
Неге сен мені жақсы көре алмадың екен?
نمایش همه...
💌:
Әттең өзіңе айта алсам, ә?
نمایش همه...
2
💌:
Толқып отырмын, как будто ол жазып қалардай🦦
نمایش همه...
💌:
Привет,қалың қалай?мені тастап сол саған измена жасап кеткен қызыңды таңдап мені жалғыз қалдырғаныңды әлі де түсіне алар емеспін.Сен маған сол қызды қаншма рет жамандадың,енді сол қыздың жанындасын.Маған үміт беріп жарты жолды тастап кеткенің жаныма батады💔 Білем бәрібір сен осы жазғандарымды оқымайсын,сондада саған айтқым келеді сенің әрбір маған айтқан өлеңдеріңді сағындым,күліп жүрші күлген жарасады деген сөзің әлііі есімнен кетер емес.
نمایش همه...
2
💌:
осыншама хаттардың арасынан дәл менікін тауып, оқып отыр ма екенсің ? ...
نمایش همه...
💔 2🎄 1
💌:
Алғашқы және соңғы мені шын ғашық етіп еді күні түні соны жұмысқа кеткенін күтіп келсе таңға дейін әңгіме айтатын едік. Араласпай кетіп ішімдегі сағынышты басайын деп сені нешеее жыл, ай іздеп бір сәттік қуанышымды басайын деп сені тауып енді жазғанымда әйелің бар екенін білу қандай қиын сезім еді. Саған жетпеген хабарламаларым әлі ішімде💔. Түсімдеде көріп өңімде көргенім үшін жылаған күнім ай түсім құдды бір бәрін баяндап тұрғандай есімімді айтып шақырдың, жақындасам елемейсің сөйлесем естімейсің.... 💔
نمایش همه...
3💔 3
💌:
бақыт, сен тоңазыған соң, педжагімді шешіп, иығыңа жаптым. сен маған тақалып, қойныма тығыла түстің, мен де. біріміздің ішімізге біріміз кіріп кетердей халде отырмыз. бозталда түнеуге бел байлады. біз отырған жерге ай жарығы толық түспейді, жапырақ-жапырақтың ара-арасын сығалап алашабырланып тұр. мен сені алғаш рет сүйдім. қарсылық білдірмесең де, жүрегің өрекпіп, дірілдеп отырдың. ендігі сәтте екеуміз де жиі-жиі дем алып, ыстықтап кеттік. қолым балтырыңа тиіп кеткен мезетте, селк етіп шошынып қаламыз. бірақ бізге осы таза ынтықты сүйістен өзгенің қажеті де жоқ еді. бағана аздап қызыл арақ ішкенбіз, соның буы ма, жердің сызын, өзеннен ескен салқынды елеп-ескермей отыра бердік қой. есіңде болар, бақыт, таңға жуық ұйқымыз келе бастады. сонда да көзіміз ілінген жоқ. сонда да біз бір-бірімізге «сен мені сүйесің бе?» деп сұрағанымыз жоқ. балтырынды ұстадым - сұп-суық екен. сипап жылытқансымақ болдым - үндеген жоқсың. саныңды ұстадым, жатқанда көйлегің түріліп ашық қалған екен, сұп-суық - үндеген жоқсың. бетіңді бетіме бастым сұп-суық - үндеген жоксың. тек демің ғана ып-ыстық. сенің көзің жұмулы, көңілің мас. бұл күй маған да ортақ. біз талып жатқандай едік. біз ұлы бір шайқастан кейін тыныс алғандай, ұлы бір шайқасқа аттанар алдындағы дайындыққа әзірленгендей едік. сенің бетіне ар жағынан айдың нұры құйылған қайынның жапырақтары көрініс беріп, осы сырмақтың оюындай суреттер өн бойыңды шұбарлап, шыпырлап тұр; көзіңдегі теңгедей жарық қамасқан кірпігіңді көтеріп қалған сайын, саулап жанарыңа құйылатындай; көзіңді ашқанда ай нұрымен шағылысқан қарашығыңнан от көретінмін, осы оттың сөнбеуін іштей тіледім де; міне, енді сен шалқаңнан жатырсың: үстіңде ақ көйлек, үстіңдегі ақ көйлек салқын ауамен дымқылданып тәніңе жабысса, сол ақ көйлектің етегі томпайған етті тізеңнен жоғары түріліп, тек бірыңғай жұп-жұмыр саныңды, өр серпіген кеудеңді ғана далдалаған; қолыңда бір сабақ бидайық, аузыңа салып ерніңмен талмап, сосын бетіңе үнілген бетімді қытықтайсың, мен сенің кеудеңе басымды қойып, талайға дейін қимылсыз, жүрегінің дүрс-дүрс соққанын тыңдадым емес пе; сосын сен басыңды көтеріп, екі аяғыңды созып жіберіп отырдың; енді менің басым сенің тізенде жатты; мен шалқамнан, анау қара көк аспан, жарқыраған жұлдызға қарадым; шашың сусып түсіп, мойныма оралған; сен менің шық-шық шашымды сұп-суық, сүп-сүйір саусағың- мен салалап, жоғарыдан төмен қарап отырдың; енді мен тек сенің жанарыңды, ақ-құба тартқан дидарыңды ғана көрдім; оң жақ қолымды беліңе орап барып, өзіме қарай қатты қыстым; оң жақ қолымды ту сыртыңнан өрлетіп апарып мойныңа салдым, сосын басынды өзіме еңкейттім; «мені сен бір сүйші» дедім; ұялдың, шалқайып кеттің; мен әлгі қылықты тағы қайталадым; сен айттың: «ұяламын көзіңді жұм» дедің; көзімді жұмып көп тостым - келмедің… келмедің; шыдай алмай көзімді ашып жібердім; еңкейіп келіп, бірақ жүрегің дауаламай, дел- сал отыр екенсің; көзімді қайта жұмдым, ерніме әрі суық, әрі ыстық ерінің тиді; бетіме бір тамшы ып-ыстық жас ағып түсті; бұдан соң сұлық құладың.
نمایش همه...
💔 3 1