fa
Feedback

فریب کلاهبرداران را نخورید! تل‌متریو این کانال‌ها را شناسایی و برچسب‌گذاری می‌کند 👉 برای مشاهده برچسب، اشتراک تهیه کنید

faeramin | student 🔭

faeramin | student 🔭

رفتن به کانال در Telegram

Астана 🧘🏻‍♀️🪷🍵 Жастарға қазақша контент🇰🇿 Beauty & brain girl goal 🧠🕊️ Ұсыныстар - direct

نمایش بیشتر
3 661
مشترکین
-324 ساعت
-67 روز
+8430 روز
آرشیو پست ها
Ағылшын тілін қайдан тегін оқыса болады?👆🏻 Сондай-ақ, бастапқы деңгейлерді меңгеру үшін ютубтағы “англ по плейлистам” бар🧙
+6
Ағылшын тілін қайдан тегін оқыса болады?👆🏻 Сондай-ақ, бастапқы деңгейлерді меңгеру үшін ютубтағы “англ по плейлистам” бар🧙🏻✨🪄 Қалайсыздар? Мен универдің сабақтарына бастырылып жатырмын😔📍

sticker.webp0.45 KB

Бүгін Гарри Поттерді үлкен экранда көріп, көп жыладым да, көп күлдім де. Фильм бірінші кезекті сиқыр емес, өмір туралы. Гарри
+4
Бүгін Гарри Поттерді үлкен экранда көріп, көп жыладым да, көп күлдім де. Фильм бірінші кезекті сиқыр емес, өмір туралы. Гарридің ата-анасы жоқ болды, бірақ оның жанында оны өз адамындай көрген достары, ұстаздары болды. Өмірде бәрі теңдей берілмейді: бір нәрседен айырылсақ, басқа бір нәрсе бізге күтпеген жерден берілуі мүмкін. Мені көбірек жылатқан мынау болды. Кинотеатрда ДЦП-сы бар төрт адам алғашқы қатарда коляскаларында отырды. Алғашында олар үшін кино көрудің өзі қиын шығар деп аядым. Бірақ фильмнің күлкілі жерлерінде олардың да күліп отырғанын көріп таң болдым. Қиындықтарымыз бар болса да, олардың арасында қуана алатын сәттер де болады. Мен де өзімде жоқ нәрселерге көп қараймын. Бірақ бүгін өз өмірімдегі бар нәрселерді де байқадым. Мүмкін, өмірдің балансы бәріне бірдей нәрсе берілуінде емес шығар. Мүмкін, ол өзіңде жоқ заттарға ғана емес, бар заттарға да бір назар аударып қоюда болар. Әркімнің өз жоғалтқаны да, өзіне күтпеген жерден келген сыйы да бар. Оны байқау өз қолымызда. 🦉✨

sticker.webp0.16 KB

13 причин почему жить: 1)Хош иісті шай, әсіресе кешке, жылы кесені екі қолмен ұстап отырып ішу. 2)Таңертеңгі күннің бөлмеге ә
+5
13 причин почему жить: 1)Хош иісті шай, әсіресе кешке, жылы кесені екі қолмен ұстап отырып ішу. 2)Таңертеңгі күннің бөлмеге әдемі түсіп тұруы. 3)Жаңа кітаптың алғашқы бетін ашу және оның иісі. 4)Құлаққап тағып алып, сүйікті әніңмен көшеде жалғыз жүру. 5)Жаңбыр жауып тұрғанда терезе жанында отыру. 6)Ұзақ душтан кейін таза пижама киіп, таза төсекке жату. 7)Күтпеген жерден картаңа ақша түсуі 😂 8)Өзіңе ұнайтын киімді киіп, айнаға қарап «бүгін әдемімін» деп ойлау. 9)Көптен күткен фильмді немесе сериалды алғаш рет көру. 10)Дәмді тамақ жеп отырып, «осы үшін де өмір сүруге болады екен» деп ойлау. 11)Кешкі салқын ауа, құлақтағы музыка және үйге қайтып келе жатқан сәт. 12)Бір күні күтпеген жерден өте бақытты болып кететініңді білмеу, өйткені ең жақсы күндер әлі болмаған болуы мүмкін. 13)Хикаяңның әлі алда екенін түсіну

پیام ویدیو00:14

Университеттің бірінші аптасы сәтті аяқталды. Және менің алған инсайттарым🪷: 1)Оқытушылардан қорқудың қажеті жоқ. Бұрын мен
+5
Университеттің бірінші аптасы сәтті аяқталды. Және менің алған инсайттарым🪷: 1)Оқытушылардан қорқудың қажеті жоқ. Бұрын мен оқытушыларды тым қатты идеализировать етіп, олардан қатты қорқатынмын. Қазір олардың да қарапайым адам екенін, оларды да жоғарыдан тексеретінін, кейде білімдері жеткіліксіз болып жататынын көрдім. Олардың бағасы үнемі объективный болмағасын баға үшін сағыңды сындырып қажет жоқ. 2)Өзгелермен тіл табысу өте маңызды. Өзің бірінші қадам жасамай, ешкіммен сөйлеспей отыра берсең кейін жаңалықтардан құр қалуың мүмкін. Адамдармен араласу бірінші кезекте өзіңе жағдайды бақылауда ұстау үшін маңызды болады. Тым жақын дос боп, беріліп кету міндетті емес. 3)Бәрін уақытылы жасаған дұрыс. Тапсырманы соңына дейін созып жүру өзіңе жаман болады. 4)Сұрақ қоюдан ұялмау керек. Бүгін ұялып сұрамаған сұрақ ертең бүкіл өміріңді артқа тартуы мүмкін. Сәті туса өзіңді тупой сезінсең де бәрін сұрап біліп алу керек. Кстати, мен дневник самопрограммирование жасағым келіп жүр. Алда сол туралы пост саламын🙂‍↔️

Есею - бұл түсіну… 1)Мақсаттарың 100% орындалуы үшін жоспарыңды ешкіммен бөлісуге болмайды. Себебі, көре алмайтын адам райыңд
+4
Есею - бұл түсіну… 1)Мақсаттарың 100% орындалуы үшін жоспарыңды ешкіммен бөлісуге болмайды. Себебі, көре алмайтын адам райыңды қайтарып салуы мүмкін. Үндемей әрекет етіп, нәтижеңді сөйлету ең күшті мотивация✨ 2)Меньше значит больше. Аз бірақ сапалы зат - көбірек бос уақыт, көбірек ақша, көбірек сенімділік пен кеңістік. Не алсаң да аз бірақ сапалы алған дұрыс✨ 3)Конкуренттер сен ойлағаннан да аз. Қазір көбі жетістікке жетудің сиқырлы жолдарын іздейді. Бірақ, ешқандай дисциплина мен табандылыққа ие емес. Бар болғаны ісіңді жоспарласаң, өзіңе есеп берсең, тұрақты болсаң қалағаныңа жетуге болады. ✨ 4)Фокус - ең мықты құрал. Қазір сәтпен өмір сүре алу, назарыңды маңызды тапсырмаға ғана қойып, қалаған нәтижеңді алу сені алысқа апара алады. ✨ 5)Әрекет ету үшін біреудің мақұлдауы қажет емес. Біреуге барып жоспарыңды түсіндіру, реакциясын күту, өзіңдікін растауға тырысу, спор, жаман пікір есту бәріі шаршатады. Өзіңнің өмірің өз қолыңда, ешкіммен ақылдасып уақыт жоғалтауға міндетті емессің.✨

Gap Year кезінде біреуден моральная поддержка алу өте қиын🙂‍↔️ Ал мына кеңестер кішкене болсын демеу болады деп сенемін🤍✨
+6
Gap Year кезінде біреуден моральная поддержка алу өте қиын🙂‍↔️ Ал мына кеңестер кішкене болсын демеу болады деп сенемін🤍✨

Университетте сені 100% құтқаратын қосымшалар👇🏻 1)Финанс: CoinKeeper 2)Дисциплина: YPT 3)Жоспар: Google Keep 4)Ағылшын тілі
+6
Университетте сені 100% құтқаратын қосымшалар👇🏻 1)Финанс: CoinKeeper 2)Дисциплина: YPT 3)Жоспар: Google Keep 4)Ағылшын тілі: Grammarly 5)Фокус: LifeAt(ноутбукқа) 6)Уишлист: Ohmywishes 7)Кітаптар: Google Books Барлығы тегін, өзім қолданып көргенмін🙂‍↔️🍓

Мысалы, шартты түрде бакалавр бағдарламасы 240 кредит болады. Егер сен 1-семестрде 30, 2-семестрде 30 кредит жинасаң: 1 жыл = 60 кредит. 4 жыл бойы: 60 × 4 = 240 кредит. Сонда барлық қажетті пәндерден өтіп, 240 кредитті жинасаң, диплом алуға қажетті оқу көлемін орындадың деген сөз. Ал бір пәннен құлап қалсаң ше? Мысалы, сенде 5 кредиттік математика бар. Сен одан өте алмадың. Онда сол 5 кредитті әлі жинаған жоқсың. Кейін пәнді қайта оқып немесе университетіңнің ережесіне сәйкес қайта тапсырып, өткен кезде сол кредит саған есептеледі. Сен әр пәнді сәтті аяқтаған сайын кредит жинайсың, ал диплом алу үшін қажетті мөлшерге жетуің керек.

Университеттегі кредит дегеніміз не? Ол пәннің оқу көлемін көрсететін арнайы өлшем. Оны мектептегі «сағатпен» салыстыруға бол
+1
Университеттегі кредит дегеніміз не? Ол пәннің оқу көлемін көрсететін арнайы өлшем. Оны мектептегі «сағатпен» салыстыруға болады. Мысалы, сенің университетіңде бір семестрде мынадай пәндер бар делік: Математика - 5 кредит Ағылшын тілі - 5 кредит Программалау - 5 кредит Тарих - 3 кредит Дене шынықтыру - 2 кредит Барлығы: 20 кредит. Сен осы пәндерді оқып, барлық талаптарын орындап, пәннен өтсең, сол пәндердің кредиттерін жинадың деп есептеледі. Бірақ кредит баға емес! Мысалы, программалау 5 кредит болуы мүмкін, ал сен одан 90 балл алдың. Мұнда: 5 кредит → пәннің оқу көлемі 90 балл → сенің сол пәнді қаншалықты жақсы меңгергенің Яғни кредит пен баға екі бөлек нәрсе. Кредит не үшін керек? Өйткені университетте дипломды жай ғана «4 жыл оқыдым» деп бере салмайды. Сен оқу бағдарламасында көрсетілген барлық қажетті кредиттерді жинауың керек✅

Мен айлтсты 6.5-ке тапсырғанмын және… Мені 7.0+ алудан айырған нәрсе: пробелдерімнің тым көп болуы! Грамматикада, сөздікте пр
+2
Мен айлтсты 6.5-ке тапсырғанмын және… Мені 7.0+ алудан айырған нәрсе: пробелдерімнің тым көп болуы! Грамматикада, сөздікте пробелдер көп болды. Себебі, мен англды курссыз өзім оқыдым және түсінбей қалып кеткен тақырыптарым да көп болды. Олар мені жазылымда да, айтылымда да баллдан айырды. Осы себепті пробел жауып, өзімді сенімдірек сезіну үшін мен One Bilim-ді таңдадым. Мисс Дананың сериал сияқты қызықты сабақтарын қарап бұрын түсінбеген тақырыптарымды жетілдірудемін. Сіз де англ оқып, айлтс тапсыруға ниеттенсеңіз, жаңалығым бар. Onebilim-де айлтс бойынша күзгі лагерь болмақ👇🏻 Осы айдың 4,5,6-сы болатын күзгі лагерьде не өтеді: 3 күн ішінде: — Мисс Данамен мотивациялық кеш және Reading & Writing талдайсыз; — IELTS деңгейіңізді анықтайсыз; — куратормен жеке Speaking тапсырасыз; — Speaking & Listening секциясы бойынша IELTS 9.0 алған мұғалімдердің сабақтарына қатысасыз; — IELTS арқылы шетелде оқу және халықаралық бағдарламалар мүмкіндіктерімен танысасыз. Тіркелу үшін сілтеме: https://twi.kz/tTJNY

Жәмән жаңалық: Негізі уникта корейский оқуға жай зачет қоятын, оған бармаса да бола беретін екен. Бірақ, маған келгенде жаңа заң шығып, оларды да міндетті етіпті. Енді корейский дұрыс оқымасам летоға кетуім мүмкін. Мен еркін оқимын деп рассчитывала, енді серьезно оқуға тура келіп тұр🙂‍↔️🤛🏻 Жақсыы, нағыз академик камбэк жасайық онда🙂‍↔️🙏🏻

IELTS тапсырудың беретін тағы бір мүмкіндігі🙂‍↔️👇🏻 Универде IELTS болса, ағылшын пәнін бірден 90-ға жауып береді. Мен ағыл
+2
IELTS тапсырудың беретін тағы бір мүмкіндігі🙂‍↔️👇🏻 Универде IELTS болса, ағылшын пәнін бірден 90-ға жауып береді. Мен ағылшынның орнына корей тілін оқуды таңдадым 🇰🇷 Сондықтан IELTS тапсыратын болсаңдар, жылдың басында алдын ала тапсырып қойған дұрыс. Кейін сессия кезінде ағылшынға бас қатырмайсыңдар. Былай, англдың өзін оқысаң өте қиын деп естідім(1000+ сөзге эссе жаздыртады). Профессорлар студенттердің көбі англға забить етіп стипендиядан құлайтынын жақсы біледі…😁 Англға қатысты сұрақтар болса чатқа еркін қоямыз🙂‍↔️🍓 Мен алдағы уақытта өзімді Еду инфлюенсер ретінде ашып, англ, кәріс, түрік тілдерін оқимын және сіздерге мазмұнды контент жасаймын. Көмектесуге қуанамын🙂‍↔️🤛🏻

Өзіңді іздеудің қажеті жоқ. Өзіңді жасаудың да қажеті жоқ. Саған тек өзіңді еске түсіру керек. Бір кездері сен өзіңді жақсы б
+1
Өзіңді іздеудің қажеті жоқ. Өзіңді жасаудың да қажеті жоқ. Саған тек өзіңді еске түсіру керек. Бір кездері сен өзіңді жақсы білетін едің. Қандай нәрсе ұнайтынын, неден қуаныш табатыныңды, кім екеніңді. Кейін қоғам саған кім болу керегін айтты. Адамдар сенің мінезіңді түзетті. Сын сенің дауысыңды өшірді. Сен біртіндеп өзің емес, өзгелер күткен адамға айнала бастадың. Өзіңді табу - жаңа адамға айналу емес. Өзгелер жапсырған қабаттарды біртіндеп шешіп, бұрыннан бар шынайы болмысыңа қайта оралу. Өйткені сен жоғалып кеткен жоқсың. Сен тек өз дауысыңды ұмытып қалдың🌊

پیام ویدیو00:51

پیام ویدیو00:59

پیام ویدیو01:00

پیام ویدیو00:59