cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

TengeLife | Бизнес, Экономика

TengeLife – ел экономикасы, тарифтер, қаржы, бизнес, және тағы басқа салалар бойынша жедел әрі нақты ақпарат тарататын арна. TengeLife – назарыңызда болсын! Тіркеліңіз! Ұсыныс және жарнама: @tengelife_bot

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
1 915
مشترکین
-324 ساعت
-247 روز
-6230 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

Photo unavailableShow in Telegram
ҚАЗАҚСТАНДА 44 МЫҢНАН АСТАМ ДОЛЛАРЛЫҚ МИЛЛИОНЕРЛЕР ТҰРАДЫ 🗣Global Wealth Report 2024 халықаралық шолуында Қазақстанда 44,3 мың долларлық миллионер бар екені айтылған, бұл ел халқының 0,22%-ын құрайды. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2028 жылға қарай олардың саны 37%-ға өсіп, 60 мың адамға жетуі мүмкін. @Tengelifekz
نمایش همه...
👍 12😱 4
00:41
Video unavailableShow in Telegram
🗣Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өсуі туралы берген комментарийі.
"Дәл осы теңгеде біз тауарларды төлейміз, теңгеде жинақтарымызды сақтаймыз, несиелер аламыз, депозиттерге салымдар жасаймыз. Сондықтан біз үшін теңге әлдеқайда маңызды. Шетелге шыққанда ғана долларларға назар аударуымыз керек. Қалған жағдайларда әрдайым өзіміздің ұлттық валютамызға қарауымыз қажет".
@Tengelifekz
نمایش همه...
IMG_5958.MP43.48 MB
👎 10😁 8👍 1🤮 1🤡 1
Photo unavailableShow in Telegram
OZON ҚАЗАҚСТАНДА КУРЬЕРЛІК ЖЕТКІЗУ ГЕОГРАФИЯСЫН КЕҢЕЙТТІ 🗣Ozon - электронды маркетплейс, Қазақстанның тағы төрт қаласында курьерлік жеткізу қызметін іске қосқанын хабарлады. Енді Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкент қалаларының тұрғындары өз тапсырыстарын Ozon курьерлерімен үйге жеткізу арқылы ала алады. Бұл қызмет бұған дейін тек Астана мен Алматы қалаларының тұрғындарына ғана қолжетімді болатын. Компанияның кеңеюімен, Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкент тұрғындары сайтта немесе қосымшада тапсырысты рәсімдеу кезінде Ozon курьерлік жеткізуді таңдай алады. Алғашқы кезеңде Ozon курьерлік жеткізуі бұл қалаларда аптасына үш рет, 9:00-ден 22:00-ге дейін жүзеге асырылады. Компания алдағы уақытта бұл жиілікті аптасына 7 күнге дейін арттыруға ниетті. Ozon курьерлік жеткізуді рәсімдеу үшін тапсырыстың ең төменгі құны 5 250 теңгені құрайды. Тапсырыс сомасы 5 250-ден 18 500 теңгеге дейін болса, жеткізу құны 1 500 теңге болады. Ал егер тапсырыс сомасы 18 500 теңгеден асса, жеткізу тегін. @Tengelifekz
نمایش همه...
👍 7🖕 3
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 14,5%-дан 14,25% - ға дейін төмендетті. Бұл өзгерісті Ұлттық банктің баспасөз қызметі мамыр және маусым айларындағы жылдық инфляция біртіндеп төмендеуін жалғастырып, болжамдар шегінде қалыптасып, олардың орталық мәнінен төмен орналасқанын, ал халықтың инфляциялық күтулері сәуірмен салыстырғанда төмендегенімен түсіндірді.
نمایش همه...
👍 5
Photo unavailableShow in Telegram
🗣Жаз – жөндеу жұмыстарының уақыты. Еліміздің өңірлеріндегі кейбір құрылыс материалдарының бағасына шолу жасайық. ⏺Сонымен, ең қолжетімді цемент Тараз қаласынан табылды (50 кг үшін 1 611 тг), ең қымбаты Петропавлда (2 548 тг). Айырмашылық – 1,6 есе. ⏺Құрылыс қоспаларының ең тартымды бағасы Атырауда (25 кг үшін 3 215 тг). Павлодарда баға тартымдылығы мүлде керісінше (5 009 тг). Айырмашылық бірдей, 1,6 есе. ⏺Суэмульсиялық бояуларды Көкшетауда сатып алған тиімді (1 кг үшін 738 тг). Ал Астанада оны сатып алу мүлде тиімсіз (1 342 теңге). Айырмашылық – 1,8 есе. ⏺Дәл осылай ең жоғары және ең төмен бағалы кафель де ерекшеленеді – шаршы метріне 3 762тг (Тараз) және 6 898 тг (Ақтау). ⏺Сонымен қатар, тұсқағаздарды Атыраудан (10 метр үшін 14 630 тг) емес, Ақтөбеден (10 041 тг) сатып алу 40% үнемдеуге мүмкіндік береді. Дереккөз: DataHub_KZ @Tengelifekz
نمایش همه...
👍 8
Photo unavailableShow in Telegram
РЕСЕЙЛІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ИЕЛЕРІНЕН ОЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАННАН ШЫҒАРУДЫ СҰРАДЫ 🗣Қазақстандағы бағалы қағаздардың орталық депозитарийі ресейлік бағалы қағаздардың иелерінен оларды Қазақстаннан 1 тамызға дейін шығаруды сұрады, деп хабарлайды РБК. Басылым дереккөзінің ақпараты бойынша, ұсыныстар барлық жергілікті брокерлерге жіберілді және бұл ұлттық есеп айырысу депозитарийіне (NRD) қатысты санкцияларға байланысты болуы мүмкін. Қазақстанда сақталуы мүмкін ресейлік қағаздардың нақты көлемі белгісіз, деп жазады РБК. @Tengelifekz
نمایش همه...
👍 18
Photo unavailableShow in Telegram
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕМЕКІ ҚЫМБАТТАЙДЫ 🗣Қазақстанда 15 шілдеден бастап темекі қымбаттайды, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті. 15 шілдеден бастап ең төменгі баға 820 теңгеге дейін өседі, ал 2025 жылға қарай баға 870 теңгеге дейін көтеріледі. Қазір темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы 770 теңгені құрайды. Қаржы министрлігі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдеріне акциздің мөлшерлемесі өткен жылмен салыстырғанда 12,8% - ға өскенін айтады. @TengeLifekz
نمایش همه...
👍 8
Photo unavailableShow in Telegram
ЖҰБАЙЫНЫҢ КЕЛІСІМІ - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕСИЕ АЛУ ҮШІН МІНДЕТТІ ШАРТ 🗣1 қыркүйектен бастап Қазақстанда жұбайының рұқсатынсыз 3 692 000 теңгеден жоғары сомаға несие алуға болмайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Ашық НҚА" порталында ерлі-зайыптылардың несие алуға келісімін алу қағидаларын бекіту туралы жобаны жариялады. Енді несие беруші жұбайының бар-жоғын АХАЖ ақпараттық жүйесі арқылы тексереді немесе несиелік бюролардан ақпарат алады. Келісімді жазбаша немесе электрондық түрде, екінші жағдайда – кредитордың қашықтықтан сервистері немесе электрондық үкімет порталы арқылы берілуі мүмкін. Жұбайының келісімі әрбір несиеге қажет болады. @TengeLifekz
نمایش همه...
👍 5
Photo unavailableShow in Telegram
🪨 Қазақстанның тау-кен саласындағы әлеуеті өте зор. Білікті маман Қанат Құдайбергеннің айтуынша, еліміздің әлі 35% аумағы ғана қазір зерттелген. 🐚Мысалы, Батыс өңірлерінде бұрынғы теңіздің орны болған жердегі шөгінді жыныстарды (осадочная порода) зерттеуге болады. Австралия, Канада және Африка елдерінде бұл практика кеңінен қолданылып келеді. Жаңа кен орындарының ашылуы, өз кезегінде, жаңа жұмыс орны, инфрақұрылымның дамуына алып келеді. Дерекөз: https://t.me/EnergyAnalytics
نمایش همه...
8👍 4
Photo unavailableShow in Telegram
👨🏼‍🎓👩🏼‍🎓1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП СТУДЕНТТЕРДІҢ СТИПЕНДИЯСЫ ӨСЕДІ ✍️ ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттеріне арналған стипендияларды арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойды. ✔️ Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50%-ға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайтын болады. ✔️ Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20%-ға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғаяды. ✔️ Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленетін болады. ✔️ Магистранттар мен докторанттарға стипендия 15%-ға ұлғайтылады, оның мөлшері тиісінше 107 061 теңгені және 240 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қыркүйекте шәкіртақы бакалавриат студенттеріне 20%-ға, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға көбейетін болады. @TengeLifekz
نمایش همه...
👍 10 1
یک طرح متفاوت انتخاب کنید

طرح فعلی شما تنها برای 5 کانال تجزیه و تحلیل را مجاز می کند. برای بیشتر، لطفا یک طرح دیگر انتخاب کنید.