cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Ystyqnews

Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
8 689
مشترکین
-14824 ساعت
-1 2917 روز
-99230 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

📣📣📣Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан бірлесіп, Каспий түбімен кабель тартады
Күні кеше Ташкент қаласында Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжанның энергетика министрлері Каспий теңізінің астымен электр кабелін тарту жобасын іске асыру меморандумына қол қойды.
‼️Құжатқа сай, аталған үш мемлекет күн, жел және су электр станциясы сияқты экологиялық таза көздерден өндірілген электр энергиясын өзге елдерге экспорттайды. Ол үшін алдымен Каспий теңізінің астымен жоғары вольтты кабель тарту жоспарланып отыр. ✔️Бұл ретте ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұған дейін Каспий түбімен кабель өткізу жобасын іске асыру мақсатында техникалық тапсырма әзірленгенін атап өтті. «Техникалық тапсырма шеңберінде халықаралық трансмиссиялық дәліздерді дамыту және Еуроодақ елдеріне жасыл энергияны сату үшін жобалық бизнес-модель әзірленетін болады», - деді А. Сәтқалиев. Ведомство басшысының ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта аталған жобаны іске асыру бойынша базалық механизмдер талқыланып, барлық тараптармен келісілді.
نمایش همه...
Repost from ADYRNA.KZ
Мына балақайдың өнерін бағалай кетіңіз!😍👍🏻
نمایش همه...
📣📣📣Тасқын беті қайтып келеді: Су қайту үшін қандай жұмыстар атқарылды?
Кеше 10 телеарна бір мезетте бес сағаттық телемарафон ұйымдастырды. Ол су тасқынына арналды. Су тасқынында зардап шеккендерге көмек, эвакуациялау жұмыстары, қазіргі ахуал, шығын көлемі, қарапайым адамдармен сұхбат, құтқарушылардан пікір, мамандардың ойы және басқа дегендей.
✊🏻Қиындықтар мен қуаныштар халықты біріктіре түсетін қасиетке ие. Барша халық қолынан келген көмегін аяған жоқ, аянып қалмады. Қауіпсіз жерге көшірілгендерге үйлерін ұсынып, гуманитарлық көмек жіберді, әлі де жіберіп жатыр. Такси тегін қызметін көрсетті. Апатпен күресуге елу мыңға жуық ерікті атсалысып жатыр. Мұндай азаматтарды халық білуі керек, жастар үлгі алуы тиіс. Бұл қарапайым азаматтардың әр бірі елге шын жаны ашитын жандар. Сөзбен емес, іспен дәлелдеп жатыр. 🔹Кәсіпкерлер де, ірі корпорациялар да тасқыннан зардап шеккендерге көмек ретінде қаржы бөліп жатыр. Forbes тізіміндегі дәулетті тұлғалар 100 миллиард теңгедей қаражат жинап беріпті. Белгілі әнші Димаш Құдайберген 15 миллион теңге аударды. Кейбір жандар 1 млн доллар беріпті дегенді айтып жүр, өзім ресми жаңалықтан 15 млн деп оқыдым. Қанша берсе де Димашжан қашанда халқының қуанышы мен қиындығын қатар бөлісіп жүрген азамат екенін бір емес бірнеше мәрте дәлелдеп жүр ғой. 😊Ешкім апатқа бей-жай қараған жоқ. Шетелдегі отандастарымыз да гуманитарлық көмек жинауға кірісіп кетті, ал өзге елге тарихтың тезімен кеткен қандастарымыз қолында барып беруге әзір. Моңғолиядағы бүлдіршіндердің шынайы ниеті бәріміздің жүрегімізді елжіретіп жібергені бар. ✔️Мемлекет бүкіл күшті тасқынмен күреске бөлді. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға жауапты мекемелердің 19 мыңнан астам адамы, 2694 техникасы, 327 су сору құралы және 231 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырыпты. Бұл осы эфир алдында жарияланған статистика. 🔻120 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді, соның ішінде 45 мыңнан астамы балалар. Бүгінде 38 мыңнан астам адам өз үйлеріне қайта оралған. 6726 адам эвакуациялық пунктерде орналасқан. 🔈Республикалық штаб құрылды. Оны премьер басқарады. Президент тікелей бақылайды. Ол аймақтарға барып, халықпен кездесіп, өтемақы толық берілетінін бір емес, бірнеше мәрте айтты. Енді су ақырындап қайта бастайды, кей өңірде қайтып жатыр. Комиссиялар құрылып, шығындар есептеліп, өтемақылар беріле бастайды. Ырың-жырыңсыз өтемақы мәселесін шешу керек, бұл жергілікті әкімдіктердің жұмысына берілетін баға болмақ. Қаншалықты эффективті жұмыс істейді, осы жолы көрінеді. 🚖🏫💰Ақырындап шығын өтеу басталып кетіпті. 12 мыңнан астам адамға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік жәрдемақы беріліпті. Алда мал-мүлік, қираған үй, техника шығынын есептеу дейтін қыруар жұмыстар бар. ✔️Су қайтқан жерлерге дезинфекция жұмыстары жасалу үстінде. Қанша мал өлді, далада жабайы жануарлар өлді, кей елді-мекен маңында қорымдарды су шайып кетті дегендей. 🔹Қысқасы, Мемлекет басшысының және Үкімет басының ерен еңбегінің, жанашыр жандардың көмегінің арқасында ұлттық апатқа айналған су мәселесі де оңынан шешілуде. Асхат ҚАСЕНҒАЛИ, саясаттанушы
نمایش همه...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан мен Армения арасындағы Алматыда өтетін келіссөздер процесіне қатысты мәлімдемесі ▪️Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бейбіт келісімге дайындық жүргізу мақсатында екі елдің сыртқы істер министрлерінің келіссөзін өткізу туралы өзара келісімге келгенін құптаймын. ▪️Бұл маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар. Өйткені 1991 жылы желтоқсан айында ТМД елдерінің тәуелсіз дамуына негіз қалаған және мемлекетаралық шекараны анықтау қағидаларын бекіткен тарихи құжатқа – Алматы декларациясына қол қойылған еді. ▪️Алдағы кездесу әзербайжан-армян уағдаластығының нақты жүзеге асуына жол ашып, жуық арада Оңтүстік Кавказда тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді.
نمایش همه...
📣Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы 🇰🇿Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке. Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы. Ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналады. Биыл біз бұрын-соңды болмаған «алапат тасқынмен» бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді. Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!
نمایش همه...
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды.
نمایش همه...
Repost from Aqorda 🇰🇿
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады ▪️Мемлекет басшысына елімізде әділ сот төрелігін қамтамасыз ету мәселелері туралы баяндалды. Сондай-ақ сот жүйесін реформалауға қатысты бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы жайында айтылды. ▪️Асламбек Мерғалиев сот ісіне жасанды интеллект пен роботизация элементтері бар IT-cервистердің енгізілуі жөнінде мәлімет берді. Бұл шара соттар қызметіндегі ашықтық пен әділ сот төрелігіне ықпал етеді. ▪️Мемлекет басшысы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың сапасына және істерді қарау кезінде соттың барлық сатысында заңдылықты сақтау мәселесіне айрықша назар аударды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев сот қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті. t.me/aqorda_resmi
نمایش همه...
📣📣📣Олжас Бектенов Тәжікстан Үкіметінің басшысымен сауда-экономикалық ынтымақтастық келешегін талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Душанбеге ресми сапармен барды. Күн тәртібінде сауда және инвестициялар, өнеркәсіп кооперациясы, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік байланысы, сондай-ақ су-энергетикалық ынтымақтастық саласындағы қазақ-тәжік өзара іс-қимылы мәселелері тұр. 🔹Олжас Бектеновті Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдады. Қазақстан – Тәжікстанның төртінші ірі сауда серіктесі. Бүгінгі таңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон арасындағы қарқынды саяси диалог пен қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты дамып келеді. Қолда бар зор әлеуетті ескере отырып, үкіметтер алдына тауар айналымын 2 есеге – $2 млрд-қа дейін арттыру міндеті қойылды. ➤ Үкіметаралық келіссөздер кеңейтілген құрамда өтті және ынтымақтастықты нығайту әрі сауда ағындарын әртараптандыру шараларына арналды. Сондай-ақ Қазақстанның шамамен құны $190 млн болатын 85 тауар позициясы бойынша экспортты арттыруға дайындығы атап өтілді. ➤ Үкіметтік делегациялар өнеркәсіп кооперациясын дамытудың маңыздылығына тоқталып, экспортқа бағдарланған жаңа бірлескен өндірістер құрудың өзектілігін атап өтті. 🔹 Қазақстанның мол тәжірибесін ескере отырып, Тәжікстан аумағында кен орындарын бірлесіп игеру және жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстанда тәжік темір жолдары үшін темір жол техникасын шығаратын ірі өндірістік әлеует бар. Ақтөбе зауыты рельс арқалық өнімдерін жеткізуде ынтымақтастық орнатуға дайын. Сондай-ақ Қазақстанда шығарылатын локомотивтердің, тепловоздардың, бағыттамалық бұрмалардың, трансформаторлардың, ауыл шаруашылығы техникаларының, аккумуляторлардың, автокөлік құралдарының экспорт көлемін арттыру мүмкіндігі зор. ➤ Екіжақты күн тәртібіндегі маңызды мәселе – жыл сайын нығайып келе жатқан әрі өзара түсіністіктің жоғары деңгейімен сипатталатын су саласындағы ынтымақтастық. Екі ел қабылдап жатқан бірлескен іс-шаралар вегетациялық кезеңде «Бахри Точик» су қоймасының қажетті жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұнда төрағалық ету жыл басынан бері Тәжікстаннан Қазақстанға ауысқан Халықаралық Аралды құтқару қорын ұйымдастыру жұмыстары сөз болды. ➤ Ауыл шаруашылығы саласында өткен жылғы сауда көлемінің төмендеуінен кейін оң өсім серпіні байқалады. Осы жылдың екі айында АӨК өнімінің тауар айналымы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ға артып, $84,9 млн-ды құрады. Бұған қоса Тәжікстанға ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты құрылымын әртараптандыру байқалады. Саладағы қазіргі міндеттердің қатарында ұн жеткізу көлемін арттыру мәселесі бар. Ұн тарту өндірісі, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және басқа да бағыттарда бірлескен жобалар құрудың келешегі зор. ➤ Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қатарында цифрландыру саласы бар. Жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Тәжікстанға Smart Bridge, ИРБП (интернет-ресурстардың бірыңғай платформасы), Smart Data Ukimet секілді «eGOV» электрондық үкіметінің меншікті ұлттық жүйелерін өрістетуге көмек көрсету бойынша жұмыстарын бастады. IT саласындағы нәтижелі ынтымақтастық екі ел экономикасын дамытуға және азаматтарының тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашады. ➤ Сонымен қатар тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Биыл Тәжікстандағы Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу маңызды оқиға болмақ. Олжас Бектенов алдағы уақытта Душанбеде қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаев ескерткішінің ашылуының маңыздылығын атап өтті. ✔ Келіссөздер қорытындысы бойынша үкіметтер басшылары барлық бағыт бойынша екіжақты стратегиялық әріптестіктің жоғары серпінін сақтауға дайын екендіктерін растады.
نمایش همه...
Repost from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇸🇬 Мемлекет басшысы Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пенді қабылдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пен бастаған делегацияны қабылдады. Қазақстан мен Сингапур арасындағы тығыз қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуді көздейтін кездесу достық рәуіште әрі нәтижелі өтті.
– Біз – уақыт сынынан өткен сенімді серіктеспіз. Өзара байланыстарды нығайту үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Дегенмен алдымызға екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған биік мақсат қойып отырмыз, – деді Президент.
▪️Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, халықаралық ынтымақтастықты арттыруда және мемлекеттер арасындағы диалогқа ықпал етуде парламенттік дипломатия аса маңызды рөл атқарады. ▪️Президент бүгінде Қазақстанда 140 сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін, олардың ел экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асқанын атап өтті. t.me/aqorda_resmi
نمایش همه...
Repost from Aqorda 🇰🇿
✉️ Президент Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇸🇦 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.
– Тарихи тұрғыдан осындай қысқа мерзім ішінде дәстүрлі достыққа негізделген ықпалдастығымыз қарқынды дамып, берік әрі сенімді әріптестікке айналғанын ерекше атап өтемін. Бүгінде Сауд Арабиясы – Қазақстанның Таяу Шығыс өңірінде ғана емес, араб әлеміндегі басты саяси серіктестерінің бірі. Бұған қоса, елдеріміз халықаралық және өңірлік формат алаңдарында бірлесе белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Осы ретте болашақта қазақ-сауд ынтымақтастығы өркендей беретініне сенімдімін. Өз тарапымнан, халықтарымыздың игілігі жолында еліңізбен жан-жақты қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетуде Сізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға әрдайым дайынмын, – деп жазылған жеделхатта.
Президент Сауд Арабиясының Короліне мол бақыт және ұзақ ғұмыр, ал бауырлас сауд халқына құт-береке тіледі. t.me/aqorda_resmi
نمایش همه...