fa
Feedback
Қаржылық сауаттылық

Қаржылық сауаттылық

رفتن به کانال در Telegram

Қаржылық сауатты үйрететін арна. Арнаның бас жағында тегін 12 сабақ бар. Көріңіз. 👫Арнаға осы сілтеме арқылы адам қоса аласыз: https://t.me/qarjysayaty Арна иесі: Исламбек Әділбек Менімен байланысу үшін: @Islaminvest | Жарнама [реклама] қабылдамаймын!

نمایش بیشتر

📈 تحلیل کانال تلگرام Қаржылық сауаттылық

کانال Қаржылық сауаттылық (@qarjysayaty) در بخش زبانی قزاقی بازیگری فعال است. در حال حاضر جامعه شامل 23 976 مشترک است و جایگاه 5 110 را در دسته اقتصاد و امور مالی و رتبه 317 را در منطقه كازاخستان دارد.

📊 شاخص‌های مخاطب و پویایی

از زمان ایجاد در невідомо، پروژه رشد سریعی داشته و 23 976 مشترک جذب کرده است.

بر اساس آخرین داده‌ها در تاریخ 05 سپتامبر, 2026، کانال فعالیت پایداری دارد. در ۳۰ روز گذشته تغییر اعضا برابر -327 و در ۲۴ ساعت گذشته برابر -10 بوده و همچنان دسترسی گسترده‌ای حفظ شده است.

  • وضعیت تأیید: تأیید نشده
  • نرخ تعامل (ER): میانگین تعامل مخاطب 22.59% است و در ۲۴ ساعت نخست پس از انتشار، محتوا معمولاً 8.02% واکنش نسبت به کل مشترکان کسب می‌کند.
  • دسترسی پست‌ها: هر پست به طور میانگین 5 419 بازدید دریافت می‌کند. در اولین روز معمولاً 1 924 بازدید جمع‌آوری می‌شود.
  • واکنش‌ها و تعامل: مخاطبان به‌طور فعال حمایت می‌کنند؛ میانگین واکنش به هر پست 108 است.

📝 توضیح و سیاست محتوایی

نویسنده این فضا را محل بیان دیدگاه‌های شخصی توصیف می‌کند:
Қаржылық сауатты үйрететін арна. Арнаның бас жағында тегін 12 сабақ бар. Көріңіз. 👫Арнаға осы сілтеме арқылы адам қоса аласыз: https://t.me/qarjysayaty Арна иесі: Исламбек Әділбек Менімен байланысу үшін: @Islaminvest | Жарнама [реклама] қабылдамайм...

به لطف به‌روزرسانی‌های پرتکرار (آخرین داده در تاریخ 06 سپتامبر, 2026)، کانال همواره به‌روز و دارای دسترسی بالاست. تحلیل‌ها نشان می‌دهد مخاطبان به‌طور فعال با محتوا تعامل دارند و آن را به نقطه اثرگذاری مهم در دسته اقتصاد و امور مالی تبدیل کرده‌اند.

23 976
مشترکین
-1024 ساعت
-967 روز
-32730 روز

در حال بارگیری داده...

ابر برچسب‌ها
هیچ داده‌ای
مشکلی وجود دارد؟ لطفاً صفحه را تازه کنید یا با مدیر پشتیبانی ما تماس بگیرید.
اشارات ورودی و خروجی
---
---
---
---
---
---
جذب مشترکین
سپتامبر '26
سپتامبر '26
+14
در 0 کانال‌ها
اوت '26
+91
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژوئیه '26
+56
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژوئن '26
+427
در 0 کانال‌ها
Get PRO
مه '26
+82
در 0 کانال‌ها
Get PRO
آوریل '26
+128
در 0 کانال‌ها
Get PRO
مارس '26
+273
در 1 کانال‌ها
Get PRO
فوریه '26
+152
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژانویه '26
+222
در 1 کانال‌ها
Get PRO
دسامبر '25
+57
در 1 کانال‌ها
Get PRO
نوامبر '25
+39
در 1 کانال‌ها
Get PRO
اکتبر '25
+91
در 2 کانال‌ها
Get PRO
سپتامبر '25
+256
در 0 کانال‌ها
Get PRO
اوت '25
+158
در 1 کانال‌ها
Get PRO
ژوئیه '25
+449
در 1 کانال‌ها
Get PRO
ژوئن '25
+24
در 0 کانال‌ها
Get PRO
مه '25
+79
در 0 کانال‌ها
Get PRO
آوریل '25
+50
در 1 کانال‌ها
Get PRO
مارس '25
+56
در 0 کانال‌ها
Get PRO
فوریه '25
+235
در 1 کانال‌ها
Get PRO
ژانویه '25
+1 881
در 2 کانال‌ها
Get PRO
دسامبر '24
+1 900
در 4 کانال‌ها
Get PRO
نوامبر '24
+5 293
در 1 کانال‌ها
Get PRO
اکتبر '24
+1 537
در 0 کانال‌ها
Get PRO
سپتامبر '24
+395
در 0 کانال‌ها
Get PRO
اوت '24
+1 173
در 1 کانال‌ها
Get PRO
ژوئیه '24
+4 196
در 1 کانال‌ها
Get PRO
ژوئن '24
+3 427
در 3 کانال‌ها
Get PRO
مه '24
+3 409
در 2 کانال‌ها
Get PRO
آوریل '24
+352
در 0 کانال‌ها
Get PRO
مارس '24
+387
در 0 کانال‌ها
Get PRO
فوریه '24
+11 731
در 0 کانال‌ها
تاریخ
رشد مشترکین
اشارات
کانال‌ها
06 سپتامبر+4
05 سپتامبر+1
04 سپتامبر+2
03 سپتامبر+4
02 سپتامبر+3
01 سپتامبر0
پست‌های کانال
🚨Декларация | 2 бөлім Декларация жайлы жазған алғашқы постымнан кейін көп оқырман жекеме шығып, сұрақтарын жаудырды. Сол сұрақтарға берген жауапты сіздерге де ұсынамын: 1. Мен 2025 жылы қазақстандық және шетелдік акцияларды тек қана сатып алып отырдым. Мүлде сатпадым. Олардан азын-аулақ дивиденд түсті. Мен декларация тапсырамын ба? Жауап: Иә, тапсырасыз. 2025 жылдың 31 желоқсан күні сіздің портфеліңізде шетелдік акция болса және одан азын-аулақ дивиденд түссе де сіз оны декларациялау қажетсіз. 2. 2024 жылы брокерлік шот аштым. Алайда ештеңе сатып алмадым. Декларация тапсырамын ба? Жауап: Жоқ, тапсырмайсыз. Себебі сіз ештеңе сатып алмадыңыз және табыс таппадыңыз. 3. Мен ауылдағы салық органына бардым. Олар бұл 270 декларация жайлы мүлде білмейді. Менде тек қазақстандық акциялар мен облигациялар. Сатпадым. Тек сатып алдым. Оларға да декларация тапсырамын ба? Жауап: Көп салық органы дәл осы декларацияға келгенде шатасады. Себебі бұл декларацияны түсіну үшін ол адамның өзі де инвестиция, биржа, акция, облигация, дивиденд т.б ұғымдарды түсінуі керек. Ал сіздің жағдайда былай: сіз егер қазақстандық акцияны сатып, табыс тапсаңыз оны декларациялайсыз. Алайда салық төлемейсіз. Облигацияларды декларациялап қажет емес. Салық та төлемейсіз. 4. Мен 2022 жылдан бастап инвестиция жасап келемін. Шетелдік акцияларды да, қазақстандық акцияларды да сатып алдым және саттым. Алайда осы күнге дейін мүлде декларация тапсырып, салық төлемедім. Мен не істеуім керек? Жауап: Сіз ең әуелі 250 нысандағы декларацияны тапсырасыз. Өзіңізде бар шетелдік активтерді (акция, etf) 250 нысан арқылы декларациялайсыз. Содан кейін 2022, 2023, 2024, 2025 жылға 270 нысандағы декларацияны тапсырасыз. Өзіңіз тапсырғаныңыз дұрыс. Себебі түбі салық органы сізден оның есебін сұрайды. 5. Декларацияны қай жерде тапсырамыз және салығын қалай төлейміз? Жауап: Декларацияны knp.kgd.gov.kz сайты арқылы тапсырасыз. Салықты кез келген банк қосымшасы арқылы төлейсіз. ❗Маңызды: Жаңа декларация бойынша кәсіби салық кеңесшісінен кеңес алдым. Қалай декларацияны дұрыс толтыру керегін де үйрендім. Толық декларация бойынша бірнеше сабақтан тұратын арнайы сабақ жазып, оны сіздерге ұсынамын. Қыргүйектің 9-10-ы күні сабақ толық дайын болады. Мүмкін одан ерте де дайын болуы мүмкін. Хабарлаймын.

2
🚨Декларация Бұл тақырып қазір көп инвестордың қорқынышты түсіне айналды. Не үшін қорқады? Себебі түсінбейді. Ал адам өзі түсінбеген дүниесіне ЖАУ болады. Алдағы 3-4 күн бойы сіздерге осы декларация жайлы толық ашып айтып беремін. 🔹Қазақстандағы инвесторлар 270 нысандағы(жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы) декларацияны тапсырады. 📅Декларацияны тапсыру мерзімі: - 270.00 нысандағы декларацияны 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсыру керек (11 күн уақыт бар). - Егер салық төлеу қажет болса - 25 қыркүйекке дейін төлеп тастау керек. Нақтырақ: "Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы" декларацияның 2 нысаны бар. ОЛ: 250.00 \ 270.00 нысан. Cіз қайсысын тапсырасыз? 🗒️ 250.00 НЫСАН (алғашқы немесе бастапқы декларация). 250 нысан - "менде қазір не бар?" деген сұраққа жауап беретін декларация. Яғни үй, машина, ақша, қарыз - барлық мүлкіңіздің тізімі.  ✅ Егер сіз бұрын ешқашан декларация тапсырмаған болсаңыз және 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін сатып алған шетелдік активтеріңіз болса, осы декларацияны тапсырасыз. Яғни, шетелдік компаниялардың акциялары немесе ETF-тері бар болса, декларациялау қажет. ✅ Бұл декларацияда салық төленбейді. Сіз тек өзіңізде не бар, қандай активтер бар - соны көрсетесіз. 🗒️ 270.00 НЫСАН (жыл сайын тапсыру керек декларация) 270 нысан - "мен биыл қанша ақша таптым, қайдан таптым?" деген сұраққа жауап беретін декларациясы. ✅ Бұл нысанда шетелдік активтерден де, қазақстандық активтерден де (KASE/AIX) алынған табыстар көрсетілуі қажет. ✅ Тіпті қазақстандық бағалы қағаздардан алған табысыңыз салықтан босатылған болса да, оларды декларацияда көрсету қажет. ✅ Егер сіз ешқандай акция сатпаған болсаңыз да, бірақ 31 желтоқсанда портфеліңізде шетелдік бағалы қағаздар болса немесе дивидендтер алған болсаңыз, 270-нысанын тапсыру міндетті. 🪙 САЛЫҚ қалай салынады? 1️⃣. Қазақстандық бағалы қағаздар (KASE / AIX). 1.1 Баға өсімінен түскен табыс `Егер сіз қазақстандық бағалы қағазды арзанға сатып алып, кейін қымбатқа сатсаңыз, тапқан табысыңызға салық салынбайды. Бірақ 270-нысанын тапсыру қажет, себебі алынған табысты декларациялайсыз. Салық төлемесеңіз де көрсетесіз. 1.2 Қазақстандық компаниялардың дивидендтері `Қазақстандық компанияның акциясынан дивиденд алсаң → бұл жерде компанияның өзі барлығын жасайды: қажет болса салықты өзі ұстап қалады және мемлекетке өзі есеп береді. Яғни салық та тапсырмайсың және декларацияда да көрсетпейсің. 2️⃣. Шетелдік биржалар (NASDAQ, NYSE және т.б.) 2.1 Баға өсімінен түскен табыс `Шетелік биржадан акция алып, оны пайдамен сатсаң, тапқан пайдаңа 10% салық төлейсің. Тапқан пайдаңды 270-нысанында көрсету міндетті. Себебі бұл шетелден сізге кірген табыс. `Мысал: Сіз NYSE биржасында акцияны 120 долларға сатып алдыңыз, кейін 150 долларға саттыңыз. Сіздің табысыңыз - 30 доллар. Акцияны шетелдік биржадан сатып алғандықтан осы 30 доллар табыстың 10%-ын, яғни 3 доллар салық төлейсіз. Әрі осы табысты міндетті түрде 270-нысанында көрсетесіз. 2.2 Шетелдік компаниялардың дивидендтері `Шетелдік акциялардан дивиденд алсаңыз, оларды да 270.00 нысанына декларациялау қажет. `Салығы былай есептеледі: жыл бойы шетелдік компаниядан түскен дивидендтің 900 млн теңгеге дейін болса - 5% салық төлейсің. Ал 1 жылда 900 млн теңгеден көөпп дивиденд алсаң - 15% салық төлеуің керек болады 1\3 пост. Ертең жалғасы шығады
2 520
3
☘️ЕҢ-ЕҢ-ЕҢ! ⭐2026 жылдың ҚЫРКҮЙЕК айындағы ЕҢ ҮЗДІК 3 депозит 1. Ақшаны толықтыруға да, шешіп алуға да болатын депозит Бұл де
☘️ЕҢ-ЕҢ-ЕҢ!  ⭐2026 жылдың ҚЫРКҮЙЕК айындағы ЕҢ ҮЗДІК 3 депозит 1. Ақшаны толықтыруға да, шешіп алуға да болатын депозит Бұл депозитке кез келген уақытта ақша сала аласыз және қажет болған жағдайда кез келген уақытта ақшаңызды шешіп ала аласыз. 🥇 Үздік: Freedom Bank - «Копилка» депозиті. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 16,54% 2. Тек толықтыруға болатын депозит Бұл депозитке кез келген уақытта ақша қоса аласыз. Бірақ қаражатты өзіңіз таңдаған мерзім (3, 6 немесе 12 ай) аяқталғанға дейін шешіп ала алмайсыз. 🥇 Үздік: Bereke bank - «СӘЛЕМ» депозиті. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 20,00% 3. Ақшаны толықтыруға да, шешіп алуға да болмайтын депозит Бұл депозитке ақшаны бір рет саласыз. Депозит мерзімі аяқталғанша оған қосымша ақша сала алмайсыз және қаражатты мерзімінен бұрын шеше алмайсыз. 🥇 Үздік: KZI bank - «Жинақ» депозиті. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 19,20% ⭐ Ақпарат пайдалы болды ма? ❤️ басыңыз! Ай сайын ең тиімді депозиттерді осы жерден таба аласыз.
3 151
4
₸ЕЗ | қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтар 🟢 Аптадағы ең маңызды қаржы жаңалықтары 1. Доллар 1 аптада 7 теңгеге арзандады. Қазір: 1$ = 456 ₸. 2. Банктер депозит пайызын төмендетіп жатыр. 3. Қазақстанда үш айдан бері төленбеген несиелер көлемі 1,8 трлн теңгеге жетті. 4. Halyk Bank бір акцияға 28,09 теңге дивиденд төлейді. Төлем 7 қыркүйекте басталады. Дивиденд алатын акционерлер тізімі 26 тамызда бекітіледі. 5.  Paidax брокерінде шариғат қағидаттарына сай жаңа жинақ құралы іске қосылды. Енді брокерлік шоттағы бос теңгеге жылдық 11,5%-ға дейін табыс алуға болады. 6. «Қазатомөнеркәсіп» 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық нәтижесін жариялады. Компанияның табысы артқанымен, таза пайдасы азайып кетті. 7. S&P Global Ratings Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB»-ге көтерді. Болжам - тұрақты. Бұл елдің төлем қабілеттілігіне берілген халықаралық оң баға. 👋 Осы аптаға - осы. Келесі ₸ЕЗ-де қайта кездескенше!
5 509
5
Әзіл-шыны аралас
Әзіл-шыны аралас
6 128
6
🎁 Қорапты ашсаңыз… ішінде NVIDIA акциясы тұр. соңына дейін оқыңыз Есіңізде болар: 2 ай бұрын осы арнадағы оқырмандарға арнай+1
🎁 Қорапты ашсаңыз… ішінде NVIDIA акциясы тұр. соңына дейін оқыңыз Есіңізде болар: 2 ай бұрын осы арнадағы оқырмандарға арнайы ұсыныс жасадым. Қандай ұсыныс екенін осы жерден оқыңыз → ұсынысты оқимын. ~ Ұсынысты пайдаланған адамға NVIDIA компаниясының акциясын сыйға беремін деп УӘДЕ бердім. Кеше сол уәдені орындап, акцияларды өз иесіне табыстадым. Иә, кәдімгі акция сыйладым. Гүл солады, ақша азаяды, ал NVIDIA акциясы өседі... Неге NVIDIA компаниясын таңдадым❓ 1. Жасанды интеллект саласындағы ең ірі компаниялардың бірі. Қазір ЖИ технологияларына сұраныс артқан сайын, NVIDIA өнімдеріне деген сұраныс та өсіп келеді. 2. NVIDIA тек чип шығарып қана қоймай, дата-орталықтар мен басқа да жаңа технологияларға белсенді инвестиция жасап жатыр. 3. Қаржылық көрсеткіші мықты. Компанияның түсімі мен пайдасын өте жылдам өсіріп келеді. Сондықтан бұл сыйлықты кездейсоқ таңдаған жоқпын. 💡Менің мақсатым - оқырманға жай ғана сыйлық беру емес, инвестицияның не екенін іс жүзінде сезіндіру. Инвестициялық мәдениет қалыптастыру
6 014
7
💵Қаржы жайлы қысқа дәріс #32 Кіріс - шығыс есебін жүргізу мен қаржылық сауаттың арасында жіпсіз байланыс бар. ©️https://t.me/qarjysayaty
4 623
8
📈 Егер ұзақ мерзімге инвестиция жасасаңыз… → Онда портфеліңізге нарықта арзан бағаланып тұрған құнды компанияларды көөөп қос+1
📈 Егер ұзақ мерзімге инвестиция жасасаңыз… → Онда портфеліңізге нарықта арзан бағаланып тұрған құнды компанияларды көөөп қосу керек. Яғни жақсы, сенімді компанияны арзан бағаға алып қою қажет. Ол үшін не істеу керек?🤔 Ол үшін СІЗГЕ SCHV etf-мен танысу керек ← 👀 SCHV ETF-інің негізгі идеясы - салыстырмалы түрде төмен бағаланған ірі компанияларды бір қордың ішіне жинау. Қазір бұл қордың құрамында 562 компания бар. ТОП-10 компанияны 2-ші суреттен көре аласыз. SCHV ETF-нің 1 данасы 35$ тұрады. Яғни, шамамен 16 000 теңге. Ойланып көріңізші: 16 000 теңгеге 500-ден астам компанияға бірден инвестиция жасайсыз. Таңғажайып па?! Сиқыр ма? 😄 🛡️SCHV ETF-інің діттегені: нарықта салыстырмалы түрде төмен бағаланған мықты компанияларға инвестиция жасау. Қор ашылғаннан бері оның орташа жылдық кірістілігі - 11,84%. Сонымен қатар, бұл ETF жылына 4 рет дивиденд төлейді. 🔑 Түйін: Ұзақ мерзімге инвестиция жасайтын болсаңыз, SCHV-ді портфельге қосуға болатын ETF-тердің бірі ретінде қарастырып көруге болады.
5 332
9
🌱ЕҢ-ЕҢ-ЕҢ! 📅2026 жылдың ТАМЫЗ айындағы ЕҢ ҮЗДІК 3 депозит 1. Толықтыруға да, ақша шешіп алуға да болатын депозит Бұл депози
🌱ЕҢ-ЕҢ-ЕҢ! 📅2026 жылдың ТАМЫЗ айындағы ЕҢ ҮЗДІК 3 депозит 1. Толықтыруға да, ақша шешіп алуға да болатын депозит Бұл депозитке кез келген уақытта ақша сала аласыз және қажет болған жағдайда кез келген уақытта ақшаңызды шешіп ала аласыз. 🥇 Үздік: Freedom Bank - «Копилка» депозиті. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 16,73% 2. Тек толықтыруға болатын депозит Бұл депозитке кез келген уақытта ақша қоса аласыз. Бірақ қаражатты өзіңіз таңдаған мерзім (3, 6 немесе 12 ай) аяқталғанға дейін шешіп ала алмайсыз. 🥇 Үздік: Bereke bank - «СӘЛЕМ» депозиті. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 20,00% 3. Толықтыруға да, ақша шешіп алуға да болмайтын депозит Бұл депозитке ақшаны бір рет саласыз. Депозит мерзімі аяқталғанша оған қосымша ақша сала алмайсыз және қаражатты мерзімінен бұрын шеше алмайсыз. 🥇 Үздік: KZI bank - «Жинақ» депозиті. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 20% ⭐ Пайдалы болса,❤️ басыңыз. Ең тиімді депозиттерді әр ай сайын осы жерден таба аласыз.
5 689
10
₸ЕЗ | қаржы әлемінде не болып жатыр? 🟢 Аптадағы ең маңызды қаржы жаңалықтары 1. Қазір: 1$ = 466₸. 2. Kaspi компаниясы бір акцияға 1.000 теңге дивиденд төлеуді жоспарлап отыр. 3. Отбасы банк әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасын тамыз айының соңында қайта іске қосады. 4. ҚазАтомПром 28.07.2026 күні әр акцияға ₸1,292 теңге дивиденд төледі. 5. Finkelisim.kz сайты іске қосылды. Енді осы сайт арқылы бірнеше несиені бір ғана төлеммен өтеуге болады. 6. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-дан 16,75%-ға дейін төмендетті. 7. Базалық мөлшерлеме төмендегесін, елдегі депозит пайызы да қоса төмендеп жатыр. 👋Келесі аптадағы «₸ЕЗ»-де кездескенше
6 033
11
🗣Уоррен Баффет бірде студенттермен кездескенде, оларға мынадай сұрақ қояды: - Егер сізге өмір бойы тек бір ғана көлік берілсе және оны ешқашан ауыстыра алмасаңыз, оған қалай күтім жасар едіңіз? Студенттер: - Оны ерекше күтетін едік. Майын уақытында ауыстырып, таза ұстап, кез келген ақауын бірден жөндер едік, - деп жауап береді. ✅Сонда Баффет былай дейді: - Сіздің тәніңіз бен ақылыңыз да дәл сондай. Өмірде сізге бір ғана тән мен бір ғана ақыл беріледі. Оларды ауыстыра алмайсыз. Егер оларға 50 жасқа келгенде ғана күтім жасай бастасаңыз, кеш болады. Сондықтан денсаулығыңызға да, біліміңізге де дәл бүгіннен бастап инвестиция салыңыз деген екен
8 294
12
💵Қаржы жайлы қысқа дәріс #31 Үнемшілдік дегеніміз - ұқыптылық ©️https://t.me/qarjysayaty
7 973
13
₸ЕЗ | Осы аптада не болды? 🟢 Аптадағы ең маңызды қаржы жаңалықтары 1. Доллар 8 теңгеге арзандады. Қазір: 1$ = 464₸. 2. Зейнетақы жинағын енді 100% өзіңіз басқара аласыз. Бұған дейін бұл мүмкіндік зейнетақы жинағының тек 50%-ын ғана беруге болатын. 3. Енді Paidax брокері арқылы АҚШ-тың акцияларын тікелей сатып алуға болады. Алғашқы айда брокерлік комиссия - 0%. 4. Freedom Bank 10,5%-дық ипотеканы іске қосты. 5. Halyk Bank 5%-дық «Shanyraq» ипотекасын іске қосты. Оған қатысу үшін кемінде 3 жыл ақша жинап, баспана құнының 50%-ын депозитте жинақтау қажет. 6. Енді QR арқылы криптовалютамен де төлем жасауға болады. Сіз төлеген криптовалюта сол сәтте автоматты түрде теңгеге ауыстырылып, сатушы ақшаны теңгемен алады. 👋Келесі аптадағы «₸ЕЗ»-де кездескенше
7 203
14
🏆ЕҢ-ЕҢ-ЕҢ! Cу жаңа айдар - «ЕҢ-ЕҢ-ЕҢ!» Енді айына бір рет Қазақстандағы депозиттерді салыстырып, сол айдың ең үздік 3 депозитін жариялап отырамын. Бағалау кезінде депозиттің түрі, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі ескеріледі. 📅 2026 жылдың ШІЛДЕ айындағы ең үздік 3 депозит 1. Толықтыруға да, ақша шешіп алуға да болатын депозит Бұл депозитке кез келген уақытта ақша сала аласыз және қажет болған жағдайда кез келген уақытта ақшаңызды шешіп ала аласыз. 🥇 Үздік: Freedom Bank - «Копилка» депозиті Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 16,77% 2. Тек толықтыруға болатын депозит Бұл депозитке кез келген уақытта ақша қоса аласыз. Бірақ қаражатты өзіңіз таңдаған мерзім (3, 6 немесе 12 ай) аяқталғанға дейін шешіп ала алмайсыз. 🥇 Үздік: Home Credit Bank - «Жинақ Хоум+» депозиті Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 20,5% 3. Толықтыруға да, ақша шешіп алуға да болмайтын депозит Бұл депозитке ақшаны бір рет саласыз. Депозит мерзімі аяқталғанша оған қосымша ақша сала алмайсыз және қаражатты мерзімінен бұрын шеше алмайсыз. 🥇 Үздік: Freedom Bank - «Капитал» депозиті Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 20% 💬 Егер осы формат ұнаса, ❤️ басыңыз. Ең тиімді депозитті іздесеңіз, әр айдың шығарылымын қарап тұрыңыз.
5 383
15
Өзі арзан, өзі маржан💎 өтеееее пайдалы пост Инвестиция жасайтын әр адам → жоғары дивиденд төлейтін әрі өсу әлеуеті жоғары ид+1
Өзі арзан, өзі маржан💎 өтеееее пайдалы пост Инвестиция жасайтын әр адам → жоғары дивиденд төлейтін әрі өсу әлеуеті жоғары идеальный құралды іздейді. Бірақ мұндай құралды табу оңай емес. Бүгін сізге осы талаптарға толық сай келетін ETF-пен таныстырамын. Ол ETF-тің тикері: SCHD. Бұл etf-тің құны: 14.900 теңге. Бұл etf-тің құрамында АҚШ-тың ең жоғары дивиденд төлейтін 100 компаниясы бар. Яғни, небәрі 14 900 теңгеге 1 дана SCHD сатып алсаңыз, осы 100 компанияның барлығына бірден инвестиция жасаған боласыз💥 🚀Бұл etf-ті идеальный етіп тұрған оның өсімі. Ресми түрде etf ашылғалы бері жылдық орташа кірісі (доллармен) ~13%. Бұл өте жоғары көрсеткіш.. | Әрі SCHD etf-і крезиске де төзімді. Мысалы: 2022 жылы бүкіл нарық -18%-ға құлдырағанда, SCHD бар болғаны -3%-ға ғана төмендеді. ~ SCHD - тыныш инвестицияны қалайтын, қысқа мерзімді хайптың соңынан қумайтын және ұзақ мерзімге капитал жинауды көздейтін инвесторларға арналған ETF. Paidax/Freedom брокері арқылы сатып алуға болады. ⚠️ Бұл инвестициялық ұсыныс емес
4 722
16
🤷‍♂️ Кез келген түсініксіз жағдайды ақшаға айналдыр (Көпшілік дәл осындай пайдалы посттарды өткізіп алады) Адам табиғатынан белгісіз әрі түсініксіз жағдайдан қорқады. Мысалы, қараңғы бөлмеге бірінші болып кіргенде бойыңда аз да болса үрей пайда болады. Бұл - қалыпты. Біздің миымыз кез келген белгісіз дүниенің бәрін «қауіп» деп қабылдайды😶 Өмірде де дәл солай. Жаңа кәсіп бастайын десең - ертеңі белгісіз, инвестиция жасайын десең - нарық құбылып тұр. Заң өзгереді, салық өзгереді, бағалар өзгереді. Осындай сәтте ми бірден: «Тоқта, Күте тұр. Одан да ештеңе істемеген қауіпсіз» деп бізді тоқтатуға тырысады❌ 🌱Ал мен басқа қағиданы ұстанамын: кез келген осындай непонятная ситуацияны ақшаға айналдыруға тырыс. Ол қалай? Мысалы: қазір көп инвесторды салық мәселесі мазалайды. Себебі олар салықтың қалай есептелетінін және декларацияны қалай тапсыру керегін білмейді. Яғни бұл – көпшілік үшін түсініксіз мәселе. `Ал сіз сол мәселені терең зерттеп, декларация толтыруды, салықты есептеуді толық меңгерсеңіз, кейін сол біліміңізді қызмет ретінде өзгеге ұсына аласыз. Кеше бәріне қиын болып көрінген мәселе, ертең сіздің табыс көзіңізге айналуы мүмкін. ❕Есіңізде болсын: Проблема бар жерде – ақша бар. Егер айналаңызда үлкен өзгеріс болып, жұрттың басы қатып жатса, оны қауіп деп емес, мүмкіндік деп қабылдаңыз. Сол тақырыпты бірінші болып зерттеңіз, түсініңіз, кейін өзгелерге қарапайым тілмен түсіндіріңіз. 💡 Түйін: Бүгінгі нарықта ең қымбат өнімдердің бірі – адамдар түсінбейтін дүниені түсінікті етіп бере алу.
4 908
17
🤷‍♂️ Кез келген түсініксіз жағдайды ақшаға айналдыр Адам табиғатынан белгісіз әрі түсініксіз жағдайлардан қорқады. Тіпті қараңғы бөлмеге бірінші болып кірсе бойыңда кішкене болса да үйрей пайда болады. Бұл - қалыпты жағдай. Біздің миымыз белгісіздікті қауіп деп қабылдайды. Өмірде де дәл солай. Жаңа кәсіп бастайын десең - ертең не болары белгісіз, инвестиция жасайын десең - нарық құбылып тұр, баға өсіп, заңдар өзгеріп жатыр. Осындай сәтте ми бірден: «Тоқта, уайымдама, ештеңе істемей-ақ қой» деп бізді тоқтатуға тырысады. Осындай сәтте мен басқа позиция ұсынамын. Менің ережем: Кез келген непонятная ситуацияны ақшаға айналдыруға тырыс. Проблема бар жерде – ақша бар. Егер айналаңызда үлкен өзгеріс болып, жұрттың басы қатып жатса – бұл мүмкіндік. Ол жағдайды бірінші болып зерттеңіз де, өзгелерге шешімін ұсыныңыз. Түсініксіз дүниені қарапайым тілмен түсіндіру (консультация, қызмет, талдау) – ең қымбат өнім.
1
18
💵Қаржы жайлы қысқа дәріс #30 Ақшаны есептемесең, оны басқара алмайсың; басқара алмасаң, көбейте де алмайсың. ©️https://t.me/qarjysayaty
4 990
19
💥 Су жаңа айдар - ₸ЕЗ Қаржы әлемінде бір аптаның ішінде мыңдаған маңызды жаңалық жарияланады. Бірақ олардың бәрін оқып отыру
💥 Су жаңа айдар - ₸ЕЗ Қаржы әлемінде бір аптаның ішінде мыңдаған маңызды жаңалық жарияланады. Бірақ олардың бәрін оқып отыруға уақыт бола бермейді. 💙Сондықтан бүгіннен бастап әр апта сайын «₸ЕЗ» айдарын шығарып тұрамын. Бұл айдарда: • Аптаның ең маңызды 5–7 қаржы жаңалығы; • Әр жаңалық қысқа әрі түсінікті тілде; • Артық ақпаратсыз, тек ең маңыздысы. ~ Бар болғаны 2–3 минутта бір апта ішінде қаржы әлемінде не өзгергенін біліп шығасыз. 👇🏻₸ЕЗ-дің алғашқы дайджестін пікір бөліміне жазып қойдым. Танысып шығыңыз
5 720
20
😍СҮЙІНШІ! соңына дейін оқыңыз постты 2019 жылы «қаржы сауаттылығы» деңгейін анықтайтын халықаралық тест тапсырып көрдім. Дең
😍СҮЙІНШІ! соңына дейін оқыңыз постты 2019 жылы «қаржы сауаттылығы» деңгейін анықтайтын халықаралық тест тапсырып көрдім. Деңгейім сол сәтте орташадан жоғары болды. Осыдан 2 апта бұрын дәл сол тестті қайта тапсырып, 💯% дұрыс жауап бердім. Деңгейім өсіпті. Мың шүкір! 🌱Қаржы сауаттылығы деңгейін анықтайтын бірнеше халықаралық тесттер бар. Сол тесттерді жасаған ұйымдармен байланысып, тест базасын сатып алдым. Сол базаны (тесттерді) пайдаланып, қазақ тілінде «қаржы сауаттылығы деңгейін анықтайтын» алғашқы тестті жасадым. Қаржы сауаттылығы деңгейін анықтайтын тест: ~ 14 сұрақтан тұратын тест сіздің нақты қаржылық сауаттылық деңгейіңізді пайызбен көрсетіп береді. ~ Әлемдік стандарттарға (OECD/INFE, S&P Global FinLit) негізделген. ~ Нәтижеңізді әлемдік және Қазақстандағы орташа көрсеткішпен автоматты салыстырылады. 🧠Шынайы қаржы сауаттылығы бойынша деңгейіңізді анықтағыңыз келсе, тестті міндетті түрде тапсырып көріңіз. ТЕСТКЕ СІЛТЕМЕ: peaceful-snickerdoodle-b726e6.netlify.app 🙂Нәтижеңізді бөлісіңіз!
6 135