cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Рыбакинаның ракеткасы🎾

Отандық теннис туралы қазақ тіліндегі №1 телеграм-арна 💳Қолдау көрсету Kaspi Gold карта нөмірі 4400 4302 7583 0856

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
507
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-57 روز
-230 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

🇫🇷Франция ашық чемпионты негізгі кезеңінің басталуына санаулы күндер қалды! Өте көп таныстарым, достарым жарыстың басты фавориттері кім деп сұраулары көбейіп кетті, осы жерде айта салайыншы деген шешімге келдім🧱🧡 Қыздар арасында French Open-ді биыл Ига Швентек немесе Елена Рыбакина жеңу керек (егер жарақат алып қалмаса*). Елена биыл грунтта 9 кездесу өткізіп 8 жеңген. Штутгарт турнирінде топ жарды, Мадридте финалға дейін жетті. Ига 2024 жылы грунтта 14 кездесу өткізіп біреуінде жеңілген (Ленаға Штутгарт турнирінің жартылай финалында) сосын Мадрид пен Рммдегі мыңдық турнирлерінде чемпион атанды! Арина махаббатпен басы қатып жүр🤣 не до тенниса сияқтв ғой Ерлер арасында айқын фаворит жоқ деп ойлаймын. Неге Новак емес? Жылдың басынан бері бір титул жеңбеді, көзде бұрынғыдай от жоқ, кортта былыңғыр, агрессия жоқ🫠 Неге Янник емес? Жарақаты бар, толық емделмеді, грунттағы ойыны ешқашан мықты болмаған. Үлкен дулыға жарыстары 5 сеттік форматта өтетінін ескерсек, мұнда физика керек. Толық бабына келуге үлгермейді аууу🥺 Неге Карлос емес? Зверевтен кейін менің ееінші фаворитім. Дегенмен биыл екі рет жарыстардан бас тартуы оны №1 фаворит қылуға жол бермейді.🫣 Неге Циципас емес? Ең шешуші сәттерде психологиядық тұрғыда сынып қалады, өз басым Степа биыл Ролан Гароста топ жарады дегенге сеніңкіремеймін🤓 Неге Рафа емес? Түріне қарасаң өз өзіне сенбейтін адам сияқты, физикалық тұрғыда 5 сеттік форматқа денсаулығы жарамайды🥲 Жеңісті биыл неміс теннисшісі Александр Зверев алады деп сенемін. Өте жақсы формада, сенімділік пайда болды, соңғы ойындары көңілден шықты. Бой десе бой, ой десе ойы бар. Ойындағы соққылар арсеналы жетерлік, тамаша қорғана алады, психологиялық тұрғыда салқын қанды.👏
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады Франция ашық чемпионатында көптен бері өнер көрсетіп келе жатқан 36 жастағы қазақстандық теннисшінің іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 151-ракеткасы, швейцариялық Леандро Ридимен жолы түйісті.  Тәжірибесі мол Кукушкин сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта көп қинала қойған жоқ — 6:4, 6:3. Михаил Кукушкин іріктеу турнирінің финалына шығу үшін әлемнің 215-ракеткасы, Аустралия өкілі Ли Тумен таласады. Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 229-орындағы Дмитрий Попко әлемнің 200-ракеткасы, франциялық Валентин Ройеге жол берді — 6:7 (2:7), 5:7.
نمایش همه...
🔥 2
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Дэвис кубогі Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің ширек финалына жолдама алды Қазақстан құрамасы А тобында кеше Өзбекстан құрамасын 3:0 есебімен ұтса, бүгін Малайзияны ойсырата ұтты — 3:0. Алдымен Даниэль Тазабеков 46 минутқа созылған матчта Абибке бірде-бір гейм берген жоқ — 6:0, 6:0. Заңғар Нұрланұлы Девашты тас-талқан етіп жеңді — 6:1, 6:0.  Жұптық сында Д. Тазабеков — Дамир Жалғасбай қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырған жоқ — 6:0, 6:2.  Сәрсенбі күні Сергей Квактың шәкірттері Қытай құрамасымен ойнайды. Қытайлықтар да ширек финалға мерзімінен бұрын жолдама алды. Аталмыш матчта А тобынан қай команданың бірінші орынмен шығатыны шешіледі. 
نمایش همه...
1
Photo unavailableShow in Telegram
Новак қаражорға биін жаттығып жатыр👍
نمایش همه...
👍 4😁 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстандықтар Соня Жиенбаева мен Асылжан Арыстанбекова жұптық сында Италияның Санта-Кроче қаласында өткен ITF Juniors J300 турнирінде жеңімпаз атанды. Қазақстандық қыздар финалда италиялықтар Базилетти – Мадуззиді 6:1, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Бұл – Соня мен Асылжанның бірге жеңіп алған екінші титулы. Ақпанда қазақстандық дуэт Каирда бірінші санаттағы жарыста үздік шыққан еді. Жекелей сында Соня Жиенбаева финалға дейін жетіп, онда украиналық Елизавета Котлярға жол берді – 3:6, 2:6. Италияда сәтті өнер көрсетуі нәтижесінде Соня жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде рекордтық 22-орынға көтеріледі.
نمایش همه...
👍 2
«Үлкен дулыға» додасы – Франция ашық  чемпионатының іріктеу турнирінде ерлер арасында 4 қазақстандық теннисші бақ сынайды Дүйсенбі күні басталатын іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев дүниежүзілік рейтингіде 167-орында тұрған аргентиналық Хуан Мануэль Серундоломен шеберлік байқасады. Рейтингіде 177-орындағы Денис Евсеев әлемнің 237-ракеткасы, болгариялық Адриан Андреевпен кездеседі.  Әлемнің 223-ракеткасы Дмитрий Попко бастапқы бәсекесінде рейтингіде өзінен жеті саты төмен тұрған франциялық Валентин Ройеден өтуге тырысып көреді. Тағы бір қазақстандық, әлемнің 134-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингіде 148-орындағы швейцариялық Леандро Ридимен кортқа шығады. Іріктеу сайыстары 24 мамырда аяқталады. Жылдың басты жарыстарының бірі саналатын Ролан Гаррос турнирі 26 мамыр – 9 маусым аралығында өтеді.  
نمایش همه...
1👏 1
Photo unavailableShow in Telegram
Юлия Путинцева Страсбург WTA 500 турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 66-ракеткасы, америкалық Эшлин Крюгердің мысын басты. Бірінші партияда Путинцева бет қаратпады - 6:1. Екіншісінде Крюгер артығымен есе қайырды - 6:0. Үшінші, шешуші сетте Юлия жеңісті жұлып алды - 6:3. Юлия Путинцева Франциядағы жарыстың негізгі кезеңіне жолдама алды.
نمایش همه...
👍 4
Photo unavailableShow in Telegram
Анна Данилина Парма (Италия) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген отандасымыз ресейлік Ирина Хромачёвамен бірге финалда бразилиялық Ингрид Гамарра Мартинс – франциялық Эликсан Лечемиямен чемпиондық атақты сарапқа салды.  Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:1, 6:2 есебімен ойсырата жеңді.
نمایش همه...
👍 5
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿🐠Елена Рыбакинаның Ролан Гарроста ойнайтын жейдесі 🧡🎾
نمایش همه...
4
Photo unavailableShow in Telegram
Шымкент қаласында теннистен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Билли Джин Кинг кубогі Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің топтық бәсекелері мәресіне жетті. Қазақстан А тобында үшінші кездесуінде Азиядағы мықты командалардың бірі - Жапонияға жол берді - 0:3. Осылайша, қазақстандықтар өз тобынан екінші орынмен ширек финалға шықты. Жеребе қорытындысы бойынша Ярослава Шведованың шәкірттері 16 мамыр күні Аустралия командасымен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
نمایش همه...