cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Darhan Qydyrali

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

نمایش بیشتر
كازاخستان6 452زبان مشخص نشده استسیاست23 883
Advertising posts
869مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
اطلاعاتی وجود ندارد7 روز
-730 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

В нашей стране немало сакральных мест, которые стали духовным ориентиром нации, оплотом своего народа. К примеру, первая столица Казахского ханства Сузак является местом захоронения прадеда Ходжи Ахмета Ясави Ыскак баба и Тамгаш Хасан Богра хана, правившего государством Карахан. Также предполагается, что здесь покоится некрополь первых казахских ханов - Керей-Жанибек, Хакназар, а также Баба Түкті Шашты Әзіз (Баба Туклес), который был духовным наставником ханов Золотой Орды. Несмотря на столь богатое историко-археологическое наследие, на данной территории не проводились комплексные исследования. Многие подобные комплексы были разрушены, либо сильно видоизменили свой первоначальный облик. В Сайраме, в обители некогда бесчисленного количества наших знаменитых прадедов, сегодня стоят заброшенные святые места. На одном конце древнего некрополя, датируемого 8-9 веками, и вовсе расположился рынок. Необходимо сохранить сакральные объекты, такие как некрополи Ибрагим ата, Карашаш ана, Кызыр хазрет, сохранившиеся из древнего города Исфиджаб. Также предлагаем передать право по сохранению духовных памятников так называемого «города пророков» - древнего Сайрама и Сузака в музей-заповедник «Әзірет Сұлтан» в Туркестане. Аналогичная ситуация сложилась и в других регионах. В Мангистауской области, где находится почти половина из 25 тыс. памятников Казахстана, большинство из которых включены в список историко-культурных памятников, не хватает специалистов для их изучения и сохранения. Культурные слои повреждаются «черными археологами», а также подвергаются актам вандализма. На огороженной территории кладбищ были построены незаконные постройки и могилы. Против них бессилен действующий закон «Об охране и использовании исторического культурного наследия». Штраф - всего 30 тысяч тенге! Такая же ситуация и в Улытау, где рядом с мавзолеем Жошы хана есть незаконная постройка, из-за чего данный исторический объект уже невозможно включить в список ЮНЕСКО. Святые места превратились в пристанища для неких лиц. Некоторые из них, якобы, решили таким образом сохранить историческое место, не имея специальных знаний, умений, не придерживаясь правил и стандартов. Даже национальное достояние исторический комплекс Бекет ата передано в частные руки! Пір Бекет – это достояние не одной династии, а знаковая фигура для всего казахского народа! Сооружения, названные в честь таких великих личностей, которые формировали духовные нравы и обычаи народа, должны находиться на попечении государства! Особое внимание необходимо уделить охране духовных памятников в нашей стране. Потому что, во-первых, они - наше вечное наследие, наше бесценное богатство! Во-вторых, духовные памятники - это наша история. Мы должны знать ее не через легенды, а через комплексные исследования. Кроме того, для их сохранения необходимо готовить таких специалистов, как реставраторы, консерваторы. Известно, что мавзолею Х.А. Ясави грозило разрушение из-за нехватки специалистов.   В-третьих, духовные места, формирующие иммунитет нации к бездуховности, должны быть школой назидания. Только наши вековые духовные традиции помогут искоренить деструктивные негативные течения. В-четвертых, необходимо систематизировать и ускорить процесс внесения исторических комплексов, как национальный бренд, в Список всемирного наследия ЮНЕСКО. К примеру, в Узбекистане города Бухара, Самарканд, Хива, Шахрисабз, в Азербайджане город Шеки вошли в список всемирного наследия. При этом Узбекистан, чьи историко-духовные места привлекли в прошлом году около 7 млн туристов, заработал 2 млрд. долларов. В-пятых, духовные места - очаги духовного туризма. Глава государства в 2019 году в Улытау отметил, что: «Мы являемся последователями великих исторических личностей. Мы должны прославлять дух наших предков через передовые модели туризма». Президент поручил сделать нашу страну центром духовно-этнографического туризма.
نمایش همه...
9👍 2
Поэтому мы считаем, что необходимо вернуть сакральные места на баланс государства, ужесточить законодательство, построить дороги, развивать инфраструктуру, вести системную работу с ЮНЕСКО, открыть гостиницы, визит-центры, урегулировать вопросы экологии, наладить информационную работу, обеспечить эти места интернетом.
نمایش همه...
11👍 2
Елімізде ұлтына ұран, халқына қорған болған тұғырлы тұлғалардың ізі аз емес. Мәселен, қазақ хандығының алғашқы астанасы Созақ – Қожа Ахмет Иасауидің арғы бабасы Ысқақ бабтың, Қарахан мемлекетін билеген Тамғаш Хасан Боғра (Қарабура) ханның мәңгілік мекені. Сондай-ақ мұнда Алтын Орда хандарына рухани ұстаз болған Баба Түкті Шашты Әзіздің, Керей-Жәнібек, Хақназар сынды алғашқы қазақ хандарының қорымы жатыр деп болжанады. Бірақ оларға тарихи-археологиялық зерттеулер жасалмаған. Өзге кешендердің көбі жойылған, енді бірі бастапқы келбетінен қатты ауытқыған, тарихи орындарды қалауынша өзгерткен. Төңіректеріне бай-бағландардың бейіттері орналасқан. Сол сияқты сансыз бабтар мекені Сайрамда қастерлі орындар қараусыз жатыр. 8-9 ғасырдан қалған көне қорымның бір шетін базар басып барады. Бағзы Исфиджабтан жеткен Ибраһим ата, Қарашаш ана, Қызыр хазірет сияқты тарихи-рухани нысандарды сақтау қажет. Сондықтан көне Сайрам мен Созақтағы рухани ескерткіштерді сақтау ісін Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайына тапсыруды ұсынамыз. Әулие-ата мен Жетісу, Арқа мен Сыр бойы және өзге де өңірлерде жағдай осыған ұқсас. Мәселен, Қазақстандағы 25 мың ескерткіштің жартысына жуығы орналасқан Маңғыстау өңірінде мұралардың көбі тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілгенімен, оларды қарауға маман жетіспейді. Мәдени қабаттарды «қара археологтар» мен бұзақылар түрлі вандализм арқылы бүлдіріп жатыр. Жеті жұрт көшкен маңғаз мекендегі қорымдардың қоршау аумағына заңсыз құрылыстар, бейіттер салынып кеткен. Оларға қарсы қолданыстағы «Тарихи мәдени мұраны қорғау және пайдалану» заңы қауқарсыз. Айыппұлы небәрі 30 мың теңге ғана! Ұлытауда Жошы кесенесінің жанына әлдебір қалталы жақынын жерлеп кеткен, енді нысанды ЮНЕСКО тізіміне енгізу мүмкін болмай тұр. Киелі жерлер шырақшылардың күн көріс көзіне, бақсы-балгерлердің ордасына айналған. Олардың кейбірі тарихи орынды сақтап отырғанымен, арнайы білім, ереже-қағидаттары мен стандарты жоқ. Тіпті ұлтқа ұран болған Бекет ата – жекенің меншігінде! Пір Бекет – бір қазақтың айбары емес, ол – бар қазақтың байрағы! Халықтың рухани қалпын қалыптастырған мұндай тұлғалар мекені құндылық ретінде мемлекет қарауында болуы тиіс! Сондықтан елімізде рухани ескерткіштерді қорғауға айрықша көңіл бөлу қажет. Біріншіден, олар біздің мәңгілік мұра – баға жетпес байлығымыз! Екіншіден, рухани ескерткіштер – біздің таным-тарихымыз. Оны аңыз- арқылы емес, кешенді зерттеу арқылы білуге тиіспіз. Сонымен қатар оларды сақтау үшін реставратор, консерватор сияқты мамандарды даярлау керек. Маман тапшы болғандықтан, Қ.А. Иасауи кесенесі бүліне жаздағаны белгілі. Үшіншіден, ұлттың иммунитетін қалыптастыратын рухани орындар тағылым мектебі болуы керек. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қалқанымыз – діңгекті дәстүр мен рухани бұлақ көздері зерделене бастаса, деструктивті теріс ағымдардың жолын жабуға септеседі. Төртіншіден, тарихи кешендерді ұлттық бренд ретінде ЮНЕСКО-ға ұсыну ісін жүйелеп, жеделдету қажет. Мәселен, көрші Өзбекстанда Бұхара, Самарқанд, Хиуа, Шахрисабз, Әзербайжанда Шеки сияқты тұтас қалалар Әлемдік мұра тізіміне енген. Сол арқылы тарихи-рухани орындарына былтыр 7 млн-ға жуық турист тартқан Өзбекстан осы саладан $ 2 млрд табыс тапқан. Бесіншіден, киелі жерлер – рухани туризм ошағы. Мемлекет басшысы 2019 жылы Ұлытауда «Біз ұлы тарихи тұлғалардың ізбасар ұрпағы екенімізді ұмытпауымыз қажет. Ата-бабаларымыздың рухын туризмнің озық үлгілері арқылы дәріптеуіміз керек» деп, елімізді рухани-этнографиялық туризмнің орталығына айналдыруды тапсырғаны белгілі. Сондықтан киелі мекендерді мемлекет қарауына алу, заңды қатайту, инфрақұрылымды дамыту, жол салу, қонақүйлер, визит орталықтарын ашу, экологияны реттеу, ақпарат-насихат жұмыстарын арттыру, интернетпен қамтамасыз ету сияқты іргелі жобаларды жүйелі жүзеге асырған жөн деп ойлаймыз.
نمایش همه...
10👍 4
Мы приравниваем деревню к золотой колыбели, образу нашей культуры, ядру духовности нации. Но разве культурная жизнь села захватывает дух? Чтобы не ошибиться в волатильности, нужно не отрываться от ценностей. Мы часто задаемся вопросами: «Участились случаи вандализма, люди ломают автобусные остановки и избивают водителей скорой помощи, почему наш культурный уровень упал?». Однако, как будет развиваться культура без Домов культуры? При этом не секрет, что состояние, техническая база домов культуры и клубов в населенных пунктах, особенно в отдаленных селах, не выдерживают критики. Подавляющее большинство из них было приватизировано в девяностые годы. 770 из 2 035 действующих домов культуры и 608 из 2 006 сельских клубов нуждаются в капитальном ремонте. Некоторые из них изношены, а другие находятся в аварийном состоянии. Так, в Туркестанской области, где мы недавно встречались с общественностью, в 625 населенных пунктах нет домов культуры. Такая же ситуация во многих регионах. «Человека человеком сделала библиотека», - сказал когда-то Абиш Кекилбаев. В стране 3 891 библиотека, из них 79% - в сельской местности. Однако большинство сельских библиотек (более 60%) устарели. Центральная библиотека Сайрамского района, которую мы посетили, была построена в 1968 году. Материально-техническая база библиотек не соответствует нормативным требованиям. Из-за низкой заработной платы специалисты здесь долго не задерживаются. Известно, что многие библиотеки когда-то были присоединены в школы. То есть жители не могут ими пользоваться. Незначительные средства, выделяемые местными исполнительными органами, которые часто смотрят на культуру по «остаточному принципу», недостаточно для пополнения книжного фонда. Книга, выпущенная тысячами экземпляров, не доходят до всех библиотек. Особенно не хватает художественной литературы. Когда мы говорим, что красивые намерения – это ядро цивилизации, то должны понимать, что оно формируется путем чтения художественной литературы. Еще сложнее ситуация в сельском спорте. В 2 270 населенных пунктах (47%) нет спортивных объектов. Жители села не могут пользоваться школьными спортивными залами. Мало культурных очагов, где школьная молодежь и в целом жители с пользой проводят свободное время, развивают себя, не хватает простых кружков по игре на домбре, ремеслу, чтобы заниматься творчеством. Без наличия инфраструктуры в селе сложно развивать креативную индустрию. По мере увеличения культурного разрыва увеличивается количество молодежи, стекающейся из села в город. Понятно, что они приезжают в город в поисках хорошей работой, комфортной жизни, культурной среды. Нерегулярная урбанизация увеличивает ряды маргинализированной молодежи с низким культурным иммунитетом. Чем должна занимается молодежь и жители сел, где изношена библиотека, устаревшие Дома культуры, нет условий для занятий спортом, просмотра кино или концертов? Согласно исследованием учреждения «Молодежь Казахстана», большинство молодых людей в стране проводят свободное время в социальных сетях (74,3%) и в интернете, просматривая фильмы онлайн (63,6%). Конечно, это проблемы, которые накапливались годами. Первый Указ Президента на новом сроке касался всестороннего развития села. Немало делается в рамках проекта «Ауыл – ел бесігі». С 2021 года заработная плата сотрудников библиотек растет. Выделяются средства на трудоустройство молодежи. Но когда приоритет будут отдавать улучшению качества культурной жизни на селе? Пока улучшается социально-экономическая ситуация и строятся новые школы, необходимо модернизировать и очаги культуры, чтобы сельчане чувствовали себя комфортно. Сельская молодежь и жители не должны подвергаться культурной дискриминации! На заседании Национального курултая Глава государства отмечал, что мечтает о том, чтобы в стране появились круглосуточные библиотеки. Соответственно строятся ли библиотеки в селах? Есть ли специальная программа для развития культурной жизни сел в целом?
نمایش همه...
10👍 2
Бүгінгі депутаттық сауалымыз: Біз ауылды алтын бесікке, мәдениетіміздің мәйегіне, ұлт руханиятының өзегіне теңейміз. Ал ауылдың мәдени өмірі жұтаң тартып бара жатқан жоқ па? Құбылған заманда құбыладан жаңылмас үшін құндылықтар қажет екені белгілі. Біз «вандализм көбейді, қатігездік артты, аялдаманы қирататын, жедел жәрдем жүргізушісін ұратын жүгенсіздік қайдан шықты, мәдениетіміз неге төмендеді?» деген сұрақты жиі қоямыз. Мәдениет үйі жоқ жерде мәдениет қайдан болсын?! Бұл ретте елді мекендердегі, әсіресе шалғай ауылдардағы мәдениет үйлері мен клубтардың жай-күйі, техникалық базасы сын көтермейтіні жасырын емес. Олардың басым көпшілігі 90-шы жылдары жекешеленіп кетті. Қазір жұмыс істеп тұрған 2035 мәдениет үйінің 770-і және 2006 ауыл клубының 608-і күрделі жөндеуді қажет етеді. Кейбірі тозығы жетсе, енді бірі апаттық жағдайда тұр. Мәселен, біз жұртшылықпен кездескен Түркістан облысында 625 елді мекенде мәдениет үйі жоқ. Мұндай мысалды әр өңірден келтіруге болады. «Адамды адамзат еткен – кітапхана» деген Әбіш Кекілбаев. Елімізде 3 891 кітапхана болса, оның 79% ауылдық жерлерде екен. Алайда ауыл кітапханаларының көпшілігі (60%-тен астамы) ескірген. Айталық біз барған Сайрам ауданының орталық кітапханасы 1968 жылы салынған. Кітапханалардың материалдық-техникалық базасы нормативтік талаптарға сай емес. Жалақасы төмен болғандықтан, маман тұрақтамайды. Көптеген кітапханаларды кезінде мектептерге қосып жібергені белгілі. Қарапайым тұрғындар оны пайдалана алмайды. Мәдениетке көбіне «қалдық принципімен» қарайтын жергілікті атқарушы органдар бөлетін мардымсыз қаржы кітап қорын толықтыруға жетпейді. Мың данамен шыққан кітап кітапханаларға қайдан жетсін? Әсіресе көркем әдебиет жетіспейді. Көркем ниет – өркениет өзегі десек, ол көркем әдебиет оқу арқылы қалыптасады. Ауыл спорты туралы айту тіпті қиын. 2 270 елді мекенде (47%) спорттық нысан жоқ. Ауыл тұрғындары мектеп спорт залдарын пайдалана алмайды. Мектеп бітірген ауыл жастары мен тұрғындары демалыстарын тиімді өткізетін, өздерін дамытатын мәдени ошақтар аз, шығармашалықпен айналысуға домбыра, қолөнер сияқты қарапайым үйірмелер жетіспейді. Ауылда мәдени инфрақұрылым болмай, креативті индустриянының дамуы қиын. Арадағы мәдени алшақтық ұлғайғандықтан, ауылдан қалаға ағылған жастар қатары артып келеді. Олардың қалаға жақсы жұмыспен бірге, жайлы тұрмыс, мәдени орта іздеп келетіні анық. Жүйесіз урбанизация мәдени иммунитеті төмен маргинал жастардың қатарын көбейтеді. Кітапханасы тозған, бас қосатын мәдениет үйі ескірген, кино көруге, концерт тамашалауға, спортпен айналысуға жағдайы жоқ ауыл жастары мен тұрғындар сонда немен айналысады? «Қазақстан жастары» мекемесінің зерттеуіне сүйенсек, елімізде жастардың көпшілігі бос уақытын әлеуметтік желіде (74,3%) және интернетте онлайн фильмдер қараумен (63,6%) өткізеді. Әрине, бұл – жылдар бойы қордаланған мәселе. Президенттің жаңа мерзімдегі алғашқы Жарлығы ауылды дамыту жөнінде болды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында атқарылып жатқан істер аз емес. 2021 жылдан бері кітапхана қызметкерлерінің жалақасы артып келеді. Жастарды жұмыспен қамту үшін қаржы бөлінуде. Ал ауылдағы мәдени өмірдің сапасын жақсартуға қашан басымдық беріледі? Әлеуметтік-экономикалық ахуал жақсарып, жаңа мектептер салынып жатқанда, ауыл тұрғындары өздерін жайлы сезінуі үшін мәдениет ошақтарын да жаңалау шарт. Ауыл жастары мен тұрғындары мәдени дискриминацияға ұшырамауы тиіс! Мемлекет басшысы Құрылтайда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана ашуды армандайтынын айтқан еді. Соған сәйкес ауыл кітапханалары салына ма? Жалпы ауылдың мәдени өмірін дамытуға арнайы бағдарлама бола ма?
نمایش همه...
👍 10 3
Наш сегодняшний депутатский запрос будет посвящен судьбе детей-сирот, усыновленных за рубеж. Эта тема уже неоднократно поднималась. Генеральная прокуратура в 2014 году выразила обеспокоенность судьбой детей, которые сейчас находятся за рубежом, провела специальную проверку и предложила создать единую систему данных для детей-сирот и граждан, желающих их усыновить. Результат этой проверки и ход выполнения принятых решений нам неизвестны. К примеру, 120 детей, усыновленные в такие страны, как Южная Африка, Кения, Филиппины, Мексика, Мальта, Аргентина, взяты ли под контроль? Создана ли единая система данных? Есть много вопросов, которые ожидают ответов. Вывезенные двадцать лет назад дети-сироты уже подросли, и эта тема снова обсуждается. Например, проект «Казахские дети за рубежом» («Шетелдегі қазақ балалары») на канале «Жибек жолы», который ведет журналист Жанар Байсемизова, не оставит любого равнодушным. Среди детей-сирот немало тех, кто хочет найти своих биологических родителей. Таковыми являются и Жанибек или Эддижан Савельев. Как пишет журналист Беркинбаев, он родился 17 января 2002 года в Аркалыке и был усыновлен в 2004 году бельгийкой Ириной Савельевой из детского дома. Жанибек, живущий на испанском острове Мальорка, в декабре 2023 года вернулся на родину в поисках своей биологической матери. Он утверждает, что ему «от кровных родителей ничего не нужно, только увидеться вживую с мамой и успокоить свое сердце». Он вернулся обратно, так и не нашел свою мать. Это вызвало резонанс в обществе, широко обсуждалось в социальных сетях. Журналист Кымбат Досжан проводит расследование. А сколько таких судеб, когда дети сначала теряют своих родителей, потом их увозят за границу, они теряют себя и свое происхождение, а затем находятся в поисках уже в зрелом возрасте. В целях защиты прав детей, усыновленных иностранными гражданами, Казахстан в 2010 году ратифицировал Конвенцию о защите детей и сотрудничестве в отношении иностранных усыновителей ребенка. По данным Министерства просвещения, которое является уполномоченным органом в области защиты прав ребенка, с момента подписания Конвенции иностранные граждане усыновили 158 казахстанских детей. В том числе в 2013-2019 годах иностранцы усыновили 157 детей, за последние 4 года - 1 ребенок. Радует резкое снижение показателя. До подписания Конвенции между 1999 и 2011 годами иностранцы усыновили 8 805 детей. Из них 5 217 списаны в связи с наступлением совершеннолетия. О 3 588 несовершеннолетних детях отчеты еще поступают. К сожалению, есть немало усыновителей , которые не отправляют отчеты. Так, о 30 детях, усыновленных в Южную Африку, ничего не известно. Точно так же нет данных о судьбе 104 детей в США, 113 детей в Бельгии. Хуже того, нет абсолютно никаких данных о том, сколько детей-сирот из нашей страны было вывезено за границу до 1999 года. В девяностых годах были разбиты многие судьбы, сколько детей были усыновлены и о них теперь ничего неизвестно. В этой связи, консультируясь с уполномоченным по правам ребенка в РК Динарой Закиевой, рекомендуем: 1. Провести исследование по детям, вывезенным за границу до 1999 года; 2. Обновить сведения о детях, чьи данные направляются нерегулярно либо отсутсвуют; 3. Оказывать поддержку детям, создавая различные кружки, при необходимости помогать им находить родителей; 4. Заключать межведомственные соглашения, поддерживать их через посольства, чтобы они могли видеться со своими родителями; 5. Детям, достигшим совершеннолетия, оказывать помощь в получении гражданства Казахстана при желании.
نمایش همه...
👍 15
Бүгін Парламентте шетелдіктер асырап алған жетім балалар тағдыры туралы сауал жолдадық. Рас, бұл тақырып бұған дейін бірнеше рет көтерілген. Еліміздің Бас прокуратурасы 2014 жылы шетел асқан балалардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, арнайы тексеріс жүргізді, жетім балалар мен оларды асырап алуға ниет білдірген азаматтардың бірыңғай мәліметтер жүйесін құруды ұсынды. Бұл тексерістің нәтижесі және қабылданған шешімдердің орындалу барысы бізге беймәлім. Айталық, Оңтүстік Африка, Кения, Филиппин, Мексика, Мальта, Аргентина сияқты елдерге кеткен 120 бала бақылауға алынды ма? Бірыңғай мәліметтер жүйесі құрылды ма? Жауап күтетін сауалдар көп. Жиырма жыл бұрын жаттың жетегінде кеткен жетім балалар есейді. Сондықтан бұл тақырып тағы да көтеріліп келеді. Мәселен, журналист Жанар Байсемізова жүргізетін «Жібек жолы» арнасындағы «Шетелдегі қазақ балалары» жобасын тебіренбей көру мүмкін емес. Ата-анасын тапқысы, тегін танығысы келетіндер аз емес. Солардың бірі – Жәнібек немесе Эддижан Савельев. Журналист Беркінбаевтың жазуынша Арқалықта 2002 жылы 17 қаңтарда туған оны 2004 жылы сондағы балалар үйінен Бельгиялық Ирина Савельева асырап алған. Испанияның Мальорка аралында тұратын Жәнібек 2023 жылы желтоқсанда өзінің биологиялық анасын іздеп келіп, әлеуметтік желіде үндеу жарялады. Ол «Туған әке-шешемнен түк керек емес, тек анамның жүзін көріп, бір рет мауқымды бассам болды, жүрегім тынышталар еді» дейді. Ол анасын таппаған күйі еліне қайтып кетті. Бұл жайт қоғамында үлкен резонанс тудырды, әлеуметтік желіде кең талқыланды. Журналист Қымбат Досжан зерттеу жүргізді. «Екі күймек бір жанға әділет пе?» деп Абай айтқандай, ата-анасынан айырылып бір күйген, еркінен тыс шетел асып екі күйген, есейгенде тегін таппай қиналып, үш күйген мұндай тағдырлар қаншама? Қазақстан шетел азаматтары асырап алған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында 2010 жылы «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты Конвенцияны» ратификациялады. Бала құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган болып саналатын Оқу-ағарту министрлігі берген мәліметке сүйенсек, Конвенцияға қол қойғалы бері шетелдік азаматтар 158 қазақстандық баланы асырап алған. Соның ішінде 2013-2019 жылдары 157 бала шетел асса, соңғы 4 жылда 1 бала сыртқа шыққан. Көрсеткіштің күрт төмендегені әрине қуантады. Конвенцияға қол қойғанға дейін, 1999-2011 жылдар арасында шетелдіктер 8805 баланы асырап алған. Олардың 5217 қазір кәмелеттік жасқа толуына байланысты есептен шығарылған. Кәмелетке толмаған 3588 бала туралы есеп алынып тұрады. Өкінішке қарай есеп бермейтіндеп де аз емес. Мәселен Оңтүстік Африка еліне кеткен 30 баладан хабар-ошар жоқ. Сол сияқты АҚШ-тағы 104, Бельгиядағы 113, тсс баланың тағдырын білмейміз. Ең сорақысы, 1999 жылға дейін елімізден қанша жетім баланың шетелге сатылғаны туралы мүлдем мәлімет жоқ. Дүниенің ту-талақайын шығарған, талай тағдырлар талқандалған тоқсаныншы жылдарда безбүйректер сатқан даланың жарасы жазылар, сатылған баланың наласы мен обалы кімге? Осыған орай Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевамен кеңесе отырып, төмендегідей ұсыныстар береміз: 1. 1999 жылға дейін шетелге кеткен балалар туралы зерттеу жүргізу; 2. Санда бар, санатта жоқ балалар туралы мәлімет-деректерді жаңалау; 3. Шетел асқан балаларға тегінен ажырамас үшін түрлі үйірмелер арқылы қолдау көрсету, қажет болса, ата-аналарын табуға көмектесу; 4. Олардың ата-аналарын көріп тұрулары үшін ведомствоаралық келісімдер жасау, елшіліктер арқылы қолдау; 5. Кәмелет жасына толған балалар қалаған жағдайда Қазақстанның азаматтығын ала білулері үшін олардың таңдауына көмектесу. Өйткені олар біздің қанымыздың бір түйірі, жанымыздың бір бөлшегі.
نمایش همه...
👍 15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында биыл Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толатынан еске салып, мемлекеттілігіміздің тамыры тереңде жатқанын әйгілейтін осы датаға орай ауқымды зерттеулер қолға алынатынын атап өтті. Бұған дейін Президент тапсырмасына сәйкес Жошы кесенесі жаңартылды, Ұлытау облысы құрылды, ұлттық Құрылтай өтті. Қазақ хандығы Алтын Орданың мұрагері екенін ескерсек, биыл да игілікті істер жалғасын тауып, Ұлыс тарихы жаңаша зерделенеді деп ойлаймыз. Ұлық ұлыс – бұл жай ғана мемлекеттік құрылым емес, біз Еуразия деп атайтын ұланғайыр кеңістіктегі халықтардың тарихына арқау болған өркениеттік матрица. Оны өркениет-мемлекет деп те атайтындар бар. Құрамындағы жұрттардың тілі мен дініне, дәстүріне қысым жасамаған Ұлық ұлыс олардың мәдениетінің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты. Сондықтан ол «мәдениеттер мозаикасын» түзген тиімді мемлекет тетігі арқылы қалыптасқан тұтас жүйе. Еліміздегі толеранттылық тамыры осы дәстүрмен үндес жатыр. Қазір қайта жаңғырған Жібек жолына иелік еткен, шығыс пен батысты жалғаған Ұлық ұлыстың экономикалық аспектілерін зерделеу де маңызды. Бұл ретте, мемлекеттілік тарихын Алтын Ордадан тарататын елдердің ғалымдарымен ортақ мұраны бірлесе зерттеген жөн. Әсіресе «Жошы ұлысын зерттеу» институтына үлкен жауапкершілік жүктелері анық. Бұған дейін Түркі академиясы Жошы ұлысына қатысты зерттеулер жүргізді, экспедициялар ұйымдастырды, ЮНЕСКО-да жиын өткізді. Әрине, ұлт тарихын білмеу – қасірет! Алайда одан өткен қасірет бар, ол – тарихты жаңылыс білу. Ұлттық санаға тарихи сана негіз болады десек, бұрмаланған түсініктен қате таным қалыптасады. Сондықтан тарихты дұрыс жазу және оқыту – тарихты жасаумен бірдей өзекті. Биыл аяқталатын Қазақстан тарихының көп томдығы Жошы ұлысына қатысты тың деректерді ұсынады деп үміттенеміз. Мектеп оқулықтары осы көптомдық негізінде қайта жазылғаны абзал. Онда Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс. Сонымен қатар оқулықтарға қазақ мемлекеттілігінің бастаулары туралы да соны деректер енгізу керек. Мәселен тарихи Талас құрылтайы өткен, Жетісу мен Сыр арасында құрылған Моғолстан мемлекетіне 6-7 сыныпқа арналған оқулықта 1 параграф, ал 10-сыныпқа арналған оқулықта 4-5 жол ғана арналған. Ал осы Моғолстан жерінде, Шу бойында Қазақ хандығының негізі қаланғаны белгілі. Бір айта кетерлігі, ЖОО-дағы мамандықтарға қазақ тарихы пәнінің енгізілгені құптарлық. Осы пәнді методологиялық бірізділікке келтіріп, мемлекеттілігіміздің бастауларына басымдық берілгені жөн. Биыл ұлттық Құрылтайдың Ұлық ұлыстың астанасы болған Сарайшық маңында, Атырауда өтетіні кездейсоқтық емес. Жошы ұлысына арналған іргелі зерттеулер жүргізу, арнайы музей жасақтау, нысандарға Жошының атын беру, әдеби жәдігерлерді жаңғырту мақсатында Едіге байқауын өткізу, Ұлытаудағы ескерткіш кешендерді ЮНЕСКО материалдық мұралар тізіміне енгізу де өзекті. Елімізде өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Жошыны насихаттау үшін үлкен мүмкіндік. Оларға ақпараттық қолдау көрсету, танымдық деректі және көркем фильмдер мен балаларға арналған мультфильмдер ұсыну да маңызды. Той – тойлау үшін емес, ой ойлау үшін қажет десек, Жошы ұлысының 800 жылдығы ұлы дала өркениеті мен мемлекеттілігіміздің түп-тамырын жаңаша пайымдау және насихаттау арқылы тарихи сананың орнығуына оң ықпал етері анық.
نمایش همه...
👍 23
Жылды baq.kz порталы арқылы қорытындыладық. Сұхбатта харассмент, құмар ойындары, дін мәселесі, ақпараттық қауіпсіздік, тіл төңірегіндегі түйіткілдер, бірегейлік және қаңтар оқиғасы сияқты өзекті тақырыптар туралы сұрақтарға жауап беріп, өз пікірімізді білдірдік. https://baq.kz/darhan-qydyralimen-suhbat-harassment-qantar-oqigasy-zhane-din-maselesi-320404/
نمایش همه...
Дархан Қыдырәлімен сұхбат: Харассмент, Қаңтар оқиғасы және дін мәселесі

Сенат депутаты Дархан Қырыдәлі осы жылды қортындылап, Сенат пен үкіметте атқарылған жұмыстар туралы сұхбат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілш...

👍 16
Ташкентте жәдитшілдік мұрасы және бірегейлік тақырыбында халықаралық жиын өтті. Құбылған заманда құбыладан жаңылмас үшін қашанда байыпты бағдар қажет. Сол бағдарды жиырмасыншы ғасырдың басында жәдиттер түзіп бергені белгілі. Ақаң - Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Мұхамеджан Сералин, Мұстафа Шоқай сынды алаш арыстары да жәдит мектептерінде оқып, жаңашыл болған. Осы жәдитшілдерді қазір өзбек елі жоғары дәрежеде ұлықтап келеді. Бұл ретте 1000 кітаптың өзбек тіліне аударылуы, Осман Ходжаоғлының үйінің музейге айналуы, жәдит кітаптарының қайта шығуы соның дәлелі. Әлемнің геосаяси келбеті тектоникалық өзгерістерге түсіп жатқан күрделі кезеңде жалпыұлттық бірегейлік мәселесі де маңызды. Сондықтан Ташкентте ұйымдастырылған алқалы жиын тақырыбына жәдитшілдікпен бірге, ұлттық бірегейлік тақырыбының таңдап алынуы өзекті. Жалпы, жұрт болып жұмылу, ұлт болып ұйысу – ұдайы жүретін процесс. Бұл ретте, ұлттық болмысыңа үңілу, түп тамырыңа қайта оралу сияқты қазіргі заманның өзекті мәселелері сөз болғанда, тағы да алдыңнан жәдиттер шығады. 1918 жылы Махмудқожа Бехбудидің «Қазақ қандастарыма ашық хатында» айтылғандай, жәдиттер ұлттық тұттастық пен тәуелсіздікті бірге қарастырған. Бірлік жоқ жерде тірілік жоқ деп есептеген. Расында бауырлас елдердің ьекем бірлігі біздің тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына қызмет етеді. Мәселен, Central Asia Barometer зерттеуінің 2021 жылғы «Біріккен Орталық Азия: кедергілер, мүмкіндіктері мен келешегі» атты социологиялық сауалнамасына қатысқан қазақ және өзбек азаматтарының көпшілігі Орталық Азия елдерінің дамуы үшін өзара бірігіп, саяси және экономикалық ынтымақтастықты арттыруды қолдаған. Қазір бауырластығымыз нығайып келеді. Біріншіден, елдеріміз арасындағы екі жақты ынтымақтастық артты. Екіншіден, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кеңесімен қазір әлемнің алпауыт елдері санасады. Үшіншіден, Түркітілдес мемлекеттер ұйымы аясында тамырлас туыстығымыз жаңа деңгейге көтерілді. Таяуда Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 10 саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «TURKTIME – ТҮРКІ ДӘУІРІ» басталғанын жария етті. Саммитте қабылданған құжаттағы дәстүр (Traditions), реформалар (Reforms), ғылым (Knowledge), сенім (Trust) сияқты тақырыптар жәдиттер мұрасымен сәйкес келеді. Мемлекет басшылары тапсырған ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыру мәселесі де кезінде газет-журналдар шығаруға ерекше мән берген жәдит рухымен ұштастып жатыр. 2001 жылы Ыстамбұл университетінде «Түркістанда жәдитшілдік қозғалысы» атты докторлық диссертация қорғағанымда бұған көзім жетті. Жалпы бірегейлік туралы әртүрлі түсінік бар. Соның ішінде азаматтық және ұлттық бірегейлік кеңінен қолданылатын ұғымдар. Осы мәселердің шешімін табуда бізге тағы да жәдитшілдер жол көрсетеді. Мәселен, Түркістан автономиясының басшысы болған Мұстафа Шоқай 1938 жылы Цюрихте кездескен жапон елшінің «Түркістанды қандай құндылықтар біріктіреді?» деген сұрағына былай жауап берген екен: «Бізді бірінші түркістандық ұғымы, екінші тіліміз біріктіреді». Жалпы жәдиттер радикализмге қарсы болған. Бұл жерде жәдит мектебінен шыққан Шоқай тарихи сана мен тілдік жақындықты алға шығарып отыр. Осы орайда, ортақ әліпби мәселесі де өзекті. Бостандық жолында бастарын бәйгеге тіккен, халықты оқу-білімге және бірлікке шақырған жәдиттер мұрасы бізді жақындастырып, жиырма бірінші ғасырда да алға бастай береді деп сенеміз. Ташкентте өтіп халықаралық жиын бізді осындай ойға жетеледі.
نمایش همه...
👍 20