cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Тиімді Қазақстан

Күнделікті шығындар мен бюджетті үнемдеуге сауатты көзқарас қалыптастыратын арна. Ең қажетті ақпараттар бекітілген жазбада.

نمایش بیشتر
Advertising posts
1 958مشترکین
+124 ساعت
+1777 روز
+23530 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

Сіз білмеген пайдалы қызмет iOS-та Shadowmap тегін қосымшасы бар. Оның көмегімен күндізгі уақытта күннің белгілі бір үйге қалай түсетінін анықтауға болады. Жалға алуға немесе сатып алуға тұрғын үй іздеп жүрген жандар үшін пайдалы болмақ, әсіресе күн / көлеңке болуы маңызды болса. Бұны білу не үшін маңызды? Күн түсетін жаққа адамдар әдетте артық жарық кедергі келтірмеуі үшін ролл-перделер немесе blackout-перделер орнатып жатады. Сондай-ақ мұндай бөлмелерге жазда ауа салқындатқыш аса қажет. Ал көлеңке жақта орналасқан бөлмелерде тез қараңғы бататындықтан, оны жылытуға көбірек энергия жұмсалады. Жалпы айтқанда, қалай алып қарасақ та, қосымша шығынға алып келеді. Картада ыңғайлы болу үшін көрші үйлер де көрсетілген. Қосымшада ағаштар есепке алынбайды, сондықтан егер төменгі қабаттан пәтер алуды жоспарласаңыз, міндетті түрде жеке барып, қарау керек. PRO жазылымы арқылы картадан жылдың басқа мезгілін көру үшін кез келген күнді таңдауға болады (7 күн тегін, осы уақыт ішінде жазылымды өшіруді ұмытпаңыз). P.s: Android жүйесінде аталмыш қосымша жоқ. Оған ұқсас Sun Locator бар. Бірақ онда үйлер көрсетілмейді, әрі жиі жарнама шыға береді (бағасы — 4,7, 1 миллион жүктеу). Бұл бағдарламалардан тиімдірегін білсеңіз, бөлісе отырыңыздар. https://t.me/tiimdiqazaqstan
نمایش همه...
👍 9
Жаңа форматтағы ЭЦҚ қолданыста Кеше ЭЦҚ ауыстырғанбыз, сол кезде жеке тұлғаларға әдеттегідей AUTH... / RSA... орнына тек бір — GOST кілтінің берілетінін байқадық. Бұл бұрынғыға қарағанда қолайлырақ болады деп ойлаймыз, себебі бұрын "кіру" үшін және "қол қою" үшін екі түрлі ЭЦҚ пайдаланылатын, енді екеуі бірге болмақ. Қолданыстағы ЭЦҚ (AUTH / RSA бар) әлі жұмыс істеп тұрғанын айта кетейік. Тек жаңасын алған кезде ғана соңғы формат бойынша беріледі. Керек болып қалар деген оймен ЭЦҚ-ны онлайн қалай алуға болатыны жайлы 👉 нұсқаулық жарияладық. Қолданыстағы кілттеріңіз бен олардың құпиясөзі керек. Егер олар болмаса, ХҚКО-на бару керек. P.s: ҚР ҰКО-дағы өзгерістер жайлы ресми жаңалық мына сілтемеде https://t.me/tiimdiqazaqstan
نمایش همه...
👍 26❤‍🔥 4🔥 2
Көрші хақысы — Тәңір ақысы. Десе де ережеге сай өмір сүру керек. Көп пәтерлі үйлерде не істеуге болмайды? • Жеке заттарды кіреберіс пен алаңдарда сақтау — ескерту немесе 5 АЕК (18 460₸) мөлшеріндегі айыппұл. ҚР ӘҚБтК-нің 410 б. • Қоқыс тастау немесе қалдыру — 5 АЕК мөлшеріндегі айыппұл. ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 б. • Алкогольді ішімдіктерін ішу — 5 АЕК мөлшеріндегі айыппұл. ҚР ӘҚБтК-нің 440 б. • Темекі шегу — 15 АЕК немесе 55 380₸ айыппұл (ҚР ӘҚБтК 441-бабы). Оның үстіне, егер балкон көпқабатты үйде, әрі әйнектелген және ашық болса, балкон да, кіреберіс те қоғамдық орын саналады. Сондықтан темекі шегуге болмайды. • Жануарлар бағу (кіреберістерде) — 10 АЕК айыппұл. ҚР ӘҚБтК-нің 407-2 б. • Түнде тыныштық режимін бұзу — 5 АЕК көлемінде айыппұл. ҚР ӘҚБтК-нің 437 б. Жұмыс күндері сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері — 23.00-ден 10.00-ге дейін. Мұндай заң бұзушылықтар туралы арыздарды үйіңізге бекітілген учаскелік полиция қызметкері қабылдайды. Сондай-ақ қойма бөлмелері ретінде баспалдақ /дәліздердің бір бөлігін рұқсатсыз қолдануға да тыйым салынады. Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, мына сілтемені оқып шығыңыз. https://t.me/tiimdiqazaqstan
نمایش همه...
15👍 12🔥 2
Freedom Mobile-да тиімді науқан👇 Samsung Galaxy S24 Ultra смартфонын сатып алғанда, сыйлыққа Beeline, Altel немесе Tele2-дан минуттар мен гигабайттардың жылдық қоры мен Galaxy Buds FE құлаққабы беріледі. 30 сәуірге дейін 0-0-24 бөліп төлеу қолжетімді, ай сайынғы төлем 27 495 теңгеден басталады. Мысалы: 659 890 теңгеге Samsung Galaxy S24 Ultra 256 ГБ + тегін құлаққап, Beeline 25 GB пакеті мен айына 120 минут қоңыраулар (бір жылға) беріледі. 0-0-24 бөліп төлеу арқылы төлем 27 495 теңгені құрайды. Сыйлыққа құлаққап, минуттар мен гигабайттар Samsung Galaxy S24 және S24+ үлгілері үшін де қолжетімді. Науқанға сілтеме 👉 осында. https://t.me/tiimdiqazaqstan
نمایش همه...
👍 11
👆Аталмыш сұраққа жауап беру үшін 8 жылдан бері су сүзгілерімен айналысатын маманға жүгіндік. Сүзгі таңдау шарттары: а) бюджет б) орнату түрі: қорап немесе бөлек бак + сүзгілер (раковинаның астында қанша орын бар екеніне байланысты) в) сорғымен немесе сорғысыз. Біріншісі су ағыны төмен жандарға қажет. г) қызмет көрсету құны (материалдарын әдетте жарты жыл сайын ауыстыру қажет). д) тазарту кезеңдерінің саны (неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Бірақ ішуге арналған қолайлы кезеңдер саны — 5-6). д) минерализаторы бар немесе жоқ (суды пайдалы микроэлементтермен қанықтырады). Өз баға санатындағы сапалы сүзгілер: • 80 000₸-95 000₸: Аквафор, Hidrotek • 115 000₸-130 000₸: Aquabir Vera, Ecosoft Standart • 180 000₸: қораптағы Aquabir, Pure Pro • 200 000₸-400 000₸: Fitaqua Аталмыш сүзгілердің әрқайсысы туралы толық ақпарат пікірлер бөлімінде. Жеке тәжірибе: бізде үш жылдан астам Ecosoft Standard сүзгісі болды. Шәйнектегі, үтіктегі, ылғалдандырғыштағы қақ жайлы мүлде ұмыттық, сапалы материалдардан жасалған жақсы сүзгі болды; Бірақ біздің тұрғын үй кешеніндегі су құбыры ескі болғандықтан, уақыт өте келе ондағы суды ішуге мүлде пайдаланбайтын болдық. Сондықтан біз баға/сапа қатынасы бойынша сүзгі жинап беруді сұрадық: қорабы Aquabir компаниясынан, ал сүзгілердің өзі Fitaqua, тазалаудың 8 кезеңі бар. Құны 220 000₸-ге шықты, судың дәмі 10/10👏 Шығын материалдары: біріншісінде жарты жылда бір рет 10 000₸, екіншісінде 15 000₸. Біз бұған дейін ішуге арналған суды бөтелкелермен тапсырыс беріп жүргенімізді ескерсек, шыққан шығын тұрарлық болды. Пікір бөлімінде сүзгі бойынша жеке тәжірибеңізбен бөліссеңіз, пайдалы ақпарат болар еді. Мүмкін арзан бағаға сапалы нұсқалары бар шығар, мен судың дәміне тым сезімталмын🫠 Айтпақшы, сүзгілердің көп байқала бермейтін артықшылығы — егер үйіңізде суды жиі өшіретін болса, сүзгі көмекке келеді. Қол жууға, шәйнекті толтыруға немесе тамақ дайындауға пайдалануға болады.
نمایش همه...
👍 16🔥 1
Көрші хақысы — Тәңір ақысы. Десе де ережеге сай өмір сүру керек. Көп пәтерлі үйлерде не істеуге болмайды? • Жеке заттарды кіреберіс пен алаңдарда сақтау — ескерту немесе 5 АЕК (18 460₸) мөлшеріндегі айыппұл. ҚР ӘҚБтК-нің 410 б. • Қоқыс тастау немесе қалдыру — 5 АЕК мөлшеріндегі айыппұл. ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 б. • Алкогольді ішімдіктерін ішу — 5 АЕК мөлшеріндегі айыппұл. ҚР ӘҚБтК-нің 440 б. • Темекі шегу — 15 АЕК немесе 55 380₸ айыппұл (ҚР ӘҚБтК 441-бабы). Оның үстіне, егер балкон көпқабатты үйде, әрі әйнектелген және ашық болса, балкон да, кіреберіс те қоғамдық орын саналады. Сондықтан темекі шегуге болмайды. • Жануарлар бағу (кіреберістерде) — 10 АЕК айыппұл. ҚР ӘҚБтК-нің 407-2 б. • Түнде тыныштық режимін бұзу — 5 АЕК көлемінде айыппұл. ҚР ӘҚБтК-нің 437 б. Жұмыс күндері сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері — 23.00-ден 10.00-ге дейін. Мұндай заң бұзушылықтар туралы арыздарды үйіңізге бекітілген учаскелік полиция қызметкері қабылдайды. Сондай-ақ қойма бөлмелері ретінде баспалдақ /дәліздердің бір бөлігін рұқсатсыз қолдануға да тыйым салынады. Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, мына сілтемені оқып шығыңыз. https://t.me/tiimdiqazaqstan
نمایش همه...
Технодомда барлық Bosch тауарларына 15% жеңілдік беретін WOW32 промокоды бар Барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді, тек сәуір айының соңына дейін және сайт немесе қосымша арқылы картамен төлеген кезде. Тауарды себетке салып, промокодтың қолжетімділігін тексеруге болады. Немесе тауарлар тізімін қарауға болады.
نمایش همه...
👍 12 3👌 1
Әлем бойынша әуежайлардағы business lounge аймақтарына қалай тегін кіруге болады? (бонус: жаңартылған нұсқаулық). VISA немесе Mastercard ұсынатын премиум карталар иелері әлем бойынша 1300-ден астам бизнес-залдардың кез келгеніне, соның ішінде Алматы мен Астанағы аймақтарға да тегін кіре алады. Олардың көбінде тегін тамақ, Wi-Fi, балалар бөлмесі, душ, демалыс бөлмесі мен алкогольсіз/алкогольді сусындар қолжетімді. Оның үстіне билетіңіздің класы маңызды емес, эконом-класс билеттерімен де бизнес аймақтарына кіруге болады; Жалпы шарттары: • Тек халықаралық рейстер кезінде қолжетімді (Астанада ішкі рейстерге арналған Sapar Lounge бар, бірақ Visa Platinum карталарымен кіруге болмайды). • Аталмыш аймақтарда 2-3 сағаттан артық болмау керек. • Кіру тек карта иесі үшін қолжетімді. Яғни, екі ересек адам ұшатын болса, екеуінде де премиум карта болуы керек. Қонақтар үшін кіру ақысы — $35. • Екі жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін. Егер олардың жасы үлкен болса, оларға да кіру құны $35 төлеу керек (бірақ кейде жасын тексермеуі мүмкін). Біздің толық нұсқаулық 👉 сілтемеде (қандай карта ашу керек, қандай айырмашылықтары бар, қалай кіру керек, оқырман кеңестері және т.б.). Видеода Мадрид әуежайының бизнес-залы | https://t.me/tiimdiqazaqstan
نمایش همه...
👍 10 4 2🔥 1😱 1
Компаниялар мен дүкендерде туған күн иелеріне арналған қандай науқандар бар? Сауда: Kaspi.kz — кейде жеке науқан жібереді: Каспи дүкеннен кез келген әдіспен сауда жасағанда 10 000₸ басталатын саудаға 3000 бонус есептейді. Туған күннен кейін 6 күн бойы қолжетімді. • Евразиялық банк: туған күндегі саудаға +5% бонус. • ForteMarket: 100 000₸ басталатын саудаға 10 000₸ беретін BDAY10 промокоды қолжетімді, бір жыл ішінде 1 рет жарамды. • Sulpak — адалдық бағдарламасы бойынша 3000 бонус есептеледі. • Меломан — олардың қосымшасы арқылы жасаған саудаңыз болса, 1000₸-лік промокод береді, электронды поштаға келеді (спам папкасын тексеріңіздер). • Детский мир — 12 жасқа дейінгі балалардың туған күніне 1 апта қалғанда адалдық жүйесінде 3000 бонус ұсынады. 15 күн ішінде түбіртектегі соманың 20%-ын төлеуге болады (кейде 1000 бонус береді). • Junior Bank (БЦК ұсынатын балалар картасы) — таңдаған бір санатқа 10% бонус береді. • Flip.kz — туған күнде 10% жеке жеңілдік береді. • Intertop — туған күнге дейін және кейін 3 күн ішінде адалдық картасы бойынша екі еселенген бонустар (3%+3%). • Спортмастер — клуб картасының иелеріне туған күндегі саудаға 2500-мен 10 000 аралығындағы бонус береді. • Технодом — туған күнге дейін және кейін 2 күнде екі еселенген бонустар. • Белый ветер — туған күнде есептік жазбаға 1000 бонус (шопик) есептеледі (бір жылдан артық уақыт тіркелген болсаңыз). • Evrika — сауданың 50%-на дейін төлеуге болатын 5 000Б есептейді, есептелгеннен кейін 7 күн ішінде қолжетімді. • Kari — 17 мың бонус. Туған күннен кейін 7 күн ішінде жұмсауға болады. • Pandora — туған күнге дейін және кейін 3 күнде 10% бонус немесе поштаға 3000₸ жеңілдік беретін промокод жібереді. • Code de Vie — адалдық бағдарламасының қатысушыларына 3000-5000 аралығындағы бонус есептейді. • Lady Collection — түбіртектегі әр екінші және төртінші тауарға 50% (туған күнге дейін және кейін 5 күн) • Invitro — бонустық бағдарлама бойынша 2000 бонус. • Kiehl’s — кез келген саудаға екі миниатюрадан тұратын мини-жиынтық сыйлыққа беріледі (туған күнге дейін және кейін 7 күн). • Ostin — туған күнде 2 500 бонус. • Золотое яблоко — бонустық картаға 10% бонус (туған күнге дейін және кейін 3 күн). • Gloria Jeans: карта иесі мен оның балаларына 25% жеңілдік (туған күнге дейін және кейін 3 күн). Тамақтану: • Dodopizza — 20% жеңілдік (қосымшада жеке науқан сияқты келеді, “кабинет” бөлімінде). • Happy Cake — туған күнге дейін және кейін 2 күнде сайттағы кез келген тапсырысқа 10% жеңілдік. • Lanzhou — мантыдан жасалған торт сыйлыққа беріледі. • Starbucks — Алтын дәреже картасының иелеріне сыйлыққа сусын беріледі. • ДАРЕДЖАНИ — 2 күн бұрын бронь жасап, 80 мың ₸-ден жоғары сомаға тапсырыс берсеңіздер, туған күн иесіне Вашлис атты грузин торты сыйлыққа беріледі. • Чечил Паб — қанша жасқа толсаңыз — сонша саптыаяқ сыра сыйлыққа беріледі (барлық қалаларда қолжетімді, алдын ала броньдап, ескерту керек). • Burger King — қосымшада Воппер мини сыйлыққа беріледі. • Тәп Тәтті — туған күнде 10% бонус беріледі, 1 күн дейін және кейін. • Emenu — туған күнде 10% жеңілдік. • Bao — тек ресторанда туған күнде кез келген бірінші тағам сыйлыққа беріледі. • Чибо сано — туған күнде немесе одан кейін 3 күн ішінде тапсырыс беру кезінде тегін пицца сыйлыққа беріледі. Сондай-ақ 👉 Астана мен 👉 Алматыға арналған жеке науқандар тізімі бар. *жеке куәліктің болуы міндетті. Көптеген компанияларда қосымшалар мен есептік жазбаларда сауалнама толтыру керек болады. Жазба үнемі жаңарып отырады. Егер жазбадағы қандай да бір ақпарат ескірген болса, бізге жеке хабарлама ретінде жазуларыңызды сұраймыз. Басқа да науқандарды білсеңіздер, пікір ретінде қалдырыңыздар | https://t.me/tiimdiqazaqstan
نمایش همه...
👍 20 1
Жанармай құю бекеттеріндегі лайфхак: қалай екі есе пайда табуға болады? 1) Қазақстанда Яндекс Заправки қосымшасы іске қосылды. Егер сізде Яндекс Плюс жазылымы болса, қосымша арқылы 4000₸-ге жанармай құйсаңыз, 10% бонус ретінде қайтарылады (егер жазылым жоқ болса, ZMSEPEPLMX промокоды қолданыстағы жазылымы жоқ жандардың бәріне 90 күндік жазылым береді). Іске қосу. Серіктес жанармай құю бекеттері бар барлық қалаларда қолжетімді: Helios, Sinooil, Аурика, Gazoil, PetrolAsia, V-Oil, LT-Gas бен т.б. Толық тізімді Яндекс Заправки қосышасындағы картадан көруге болады. Астана мен Алматыда жұмыс істейтіні анық, басқа қалалар бойынша оқырмандарымыздан әлі жауап алмадық. Нұсқаулық: қосымшаға кіріп, жақын жердегі жанармай құю бекеті мен жанармай бағасын қараңыз → сонда барыңыз. Қосымша арқылы баған нөмірін, отын түрі мен соманы таңдаңыз. Сосын пистолетті қойып, жанармай құюды бастаңыз. Жанармай құю бекетінде кезекші болса, көліктен түсудің қажеті жоқ. Жанармай құю процесін де смартфон арқылы бақылауға болады. 10% бонус науқаны 15 шілдеге дейін жалғасады. 2) Қосымша ішінде төлем жасау үшін Home Card Lite картасын тіркеп, картаға тағы 5-10% кешбэк алуға болады. Кешбэк лимиті — бір транзакция үшін 1000₸ және айына 7000₸. Картаға толық шолу 👉 мына жазбада. Bereke All In картасы да 10% кешбэк, ал автокарта 5% беруі мүмкін, бірақ әлі ешкім тексеріп көрген жоқ. Қолданып көргендер бар ма? | https://t.me/tiimdiqazaqstan
نمایش همه...
👍 23🆒 2👎 1🔥 1😱 1