cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

ZTB - Қазақша жаңалықтар

Қазақ тіліндегі жаңалықтар

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
13 670
مشترکین
-524 ساعت
-707 روز
-40930 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

01:22
Video unavailableShow in Telegram
‼️Оқиға куәгерлері ZTB.kz редакциясына Алматыдағы жол апатының бейнекадрларын жолдады. Алматы полиция департаменті адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы сағат 14:20-да Алмалы ауданында болғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, Kia жүргізушісі Мақатаев көшесінен өтіп бара жатып, 18-бағыттағы автобуспен соқтығысқан, кейін ол «күзет будкасына соқтығысқан». Апат салдарынан бір адам сол жерде қаза тауып, 16 зардап шеккен адам медициналық көмекке жүгінген. Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. @ztb_qazaq
نمایش همه...
3398874286276083984.mp425.54 MB
😱 14👍 4😢 3 2
00:10
Video unavailableShow in Telegram
😊❤️Әженің еңбегі бағаланды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысқан отандастарымызды марапаттау рәсімі кезінде Атырау облысының тұрғындарына алғысын білдірді. Мемлекет басшысы Кентау қаласында тұратын Гауһар Шаймерден есімді оқушы қыздың ата-анасына отаншыл ұрпақ өсіріп жатқаны үшін алғыс айтты. Ол өзі жинап жүрген қаржысын Құлсары қаласының тұрғындарына аударған. Сондай-ақ Қазақстан президенті, желіде әженің қапқа топырақ толтыруға көмектесіп жұртшылықты сүйсіндірген тоқсаннан асқан Орынша Тоқтыбаққызы мен Әлия Досмұханованың ерен еңбегін ерекше атап өтті. @ztb_qazaq
نمایش همه...
3393867064791116083.mp43.10 MB
21👍 16
00:37
Video unavailableShow in Telegram
🕌🤲Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай «Әзірет Сұлтан» мешітіне барды. Мешітте Құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды. @ztb_qazaq
نمایش همه...
Қасым_Жомарт_Тоқаев_Құрбан_айт_мерекесіне_орай_«Әзірет_Сұлтан»_мешітіне.mov22.32 MB
👏 14 3👍 2👎 1
00:53
Video unavailableShow in Telegram
🇰🇿Сүйінші! Отандасымыз Асу Алмабаев UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді👏 16 маусымда аралас жекпе-жектің жауынгері Асу Алмабаев АҚШ-тағы UFC on ESPN 58 турнирінің басты кардында америкалық файтер Хосе Джонсонды тізе бүктірді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Асу төрешілердің шешімімен Хоседен басым түсті. Осылайша жерлесіміз MMA-дағы жиырмасыншы, ал UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Жарайсың, Асу!
«Мен үздік 15 немесе 10-ның қатарындағы файтер емеспін. Мен үздік бестікке жатамын!», - деп Жаңа Зеландиялық Кай Кара-Франсты жекпе-жекке шақырды.
@ztb_qazaq
نمایش همه...
3391485774531362135.mp423.62 MB
👏 21 5👍 2😁 1🏆 1
00:22
Video unavailableShow in Telegram
🌙Баршаңызды мұсылман қауымы үшін қасиетті болған Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Құрбан айт - иманды күшейтетін, кеңпейіл, бауырмал, қонақжай болуға насихаттайтын асыл мереке. Осы мерекедегі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болып, шаңырақтарыңыз құт-береке мен ырыс-ынтымаққа толсын. Бұл мереке елімізде рухани құндылықтарды берік орнықтырып, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында айрықша рөл атқарады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! @ztb_qazaq
نمایش همه...
IMG_7877.MOV17.36 MB
👍 10 9
03:14
Video unavailableShow in Telegram
⚡️Өлімге жеткізді деп 6 баланың анасын кінәлап отырған Сайрам Ауданының Прокуратурасы әділ шешім шығармады. Сондықтан адвокат Ардақ Батиева істің ақ қарасын ажырату үшін соттқа қайта шағымданбақ. Оның сөзінше, істе бірде-бір дұрыс дәлел жоқ. Салдарынан жазықсыз ана жапа шекпек.
«Көп жағдайда прокуратураның тексермегені, қылмыстық іске объективті баға бермегені, іске бей-жай қарап сотқа өткізіп жібергені нақты дәлелдерге жатпайды. Егер біз Жаңа Қазақстанды құрғымыз келсе, халық сенім артсын десек, онда соттар әрқашан әділ болу керек. Әйтпегенде жазықсыздар жазаланып, ал нағыз қылмыскерлер тайраңдап жүре беруін тоқтатпайды», - деп жазды адвокат Батиева.
نمایش همه...
3390795529439666644.mp445.99 MB
👍 2
Белгілі қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов қайтыс болды. Қаралы хабарды әдебиет зерттеуші ғалым, филология ғылымының кандидаты Мамай Ахетов естіртті.
«Алтынның сынығы да - алтын... Ұлының тұяғы, асылдың сынығы, қазақ мәдениетінің шырақшысы Мұрат Мұхтарұлы да бетін келмеске қарай бұрыпты. Қош, абзал аға, ақылды ұстаз! Алдыңнан жарылқасын!», - деп жазды ол.
Мұрат Әуезов 1943 жылы 1 қаңтар күні Жамбыл облысында Мерке кентінде қазақтың жазушысы Мұхтар Әуезов пен Фатима Ғабитованың отбасында дүниеге келді. @ztb_qazaq
نمایش همه...
😭 24🕊 5👍 4 1
Photo unavailableShow in Telegram
❌Қазақстан парламентінде қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы депутат Ермұрат Бапи мәлімдеді.
«Қазір біз үшін ең маңызды мәселе - еліміздің ұлттық мүддесін, ұлттық дәстүрін, ұлттық мәдениетін сақтау. Ал қазіргі жағдайға қарасақ, қоғамда қара киінген қазақтар көбейді. Бұл жағдай болашақ ұлттық мүддемізге елеулі зиян тигізеді», - деді мәжілісмен.
Депутаттың айтуынша, тиісті заң жобасы алдағы сессияда Парламентке енгізіледі.
«Сондықтан біз, бір топ депутаттар, Парламенттің күзгі сессиясында осындай заң жобасын дайындадық, ол қабылданғаннан кейін қоғамдағы хиджаб, никаб және басқа да діни киімдер мәселесі шешіледі деп ойлаймын. Сонда біз діни киім (кию - шамамен) мәселесін қалай да реттейтін шығармыз», деп түйіндеді ол.
@ztb_qazaq
نمایش همه...
👍 56👎 42👏 3 1😁 1🤬 1
🇰🇿Елімізде бір шақырым асфальт төсеу қанша тұрады🤔 Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, 1 шақырым жолдың құны жөндеу түріне, ауа райы жағдайына және қолданылатын материалдарға байланысты.
«1 шақырым жолды орташа жөндеумен 120-150 миллион теңгеге дейін кетеді. Бұл екі қабатты асфальт, 15 см асфальт қарастырылған», - деді вице-министр Сәтжан Әблалиев.
Қарабаев орташа жөндеудің әдеттегі жөндеуден айырмашылығын түсіндірді.
«Жалпы, 1 км 100 млн тұрады. Орташа жөндеу күшейтілген конструкциясы бар жөндеу, сондықтан ол шамамен 20-50% қымбат. Яғни, жол құрылымы қайта өңделеді, тұрақтандырғыш қосылады. Бір сөзбен айтқанда, жолдың іргетасы нығаяды», - деді министр.
Министрдің айтуынша, орташа жөндеуден өткен жолдардың жарамдылық мерзімі бес жыл. @ztb_qazaq
نمایش همه...
👎 23 2👍 1
01:18
Video unavailableShow in Telegram
Азаматтық белсенді Дінмұхаммед Қаматай спорттағы жемқорлық жойылмай, «Ескі Қазақстан» спорт басшылығынан шектетілмей - жастардың жолы ашылмайды, деп мәлімдеді.
«Спорттағы сыбайлас жемқорлық мәселесі шешілмейінше, болашағы бар жастардың тағдыры бұзыла береді, ал қазақстандық спорт өз чемпиондарын өсірудің орнына дайын шетелдік легионерлерді «импорттайтын» болады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының арасында спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру, спортшылардан оларды дайындау мен өнер көрсетуге бөлінген ақшаны қорқытып алу қылмыстары да бар», - дейді ол.
@ztb_qazaq
نمایش همه...
3390133077751947509.mp48.39 MB
👍 30🤡 4 2
یک طرح متفاوت انتخاب کنید

طرح فعلی شما تنها برای 5 کانال تجزیه و تحلیل را مجاز می کند. برای بیشتر، لطفا یک طرح دیگر انتخاب کنید.