cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

AQBAYAN YERDES

🥀Ислам арқылы өмірдің философиясын зерттеу және өзіңді тану✨ Алланы жүрегіңде тапсаң-өмір әдемі, өлім әдемі 🧕🏻❤

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
316
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-37 روز
-530 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

Нәтижесін өзіңіз шешесіз☺️ Курс, марафон,коучтар мен тренингтер жайлы ойыңыз өзгере ме жоқ па? Курс алып тағы да бақ сынайсыз ба өзіңіз білесіз. Мен алдағы уақытта курс аламын, бірақ инфобизнес емес. Шәкірт болып ұстаздың алдында айлап ілім алуға. Білмегенімді білім иелерінен сұрау үшін. Ал табыс, мышление, тұлға болу, дұрыс мінез керек болса- дұға арқылы Алладан қайта-қайта туралық, пайдалы ілім, адал-ризық несібе арқылы қол жеткіземін Иншаллах
نمایش همه...
6
Жеке өзім-5-20(🍋) ақша құртқан болармын ілім алуға. Бәрі Алладан, нәтиже бергені бар, бермегені бар. Ішім ашыған кездерде болды, қазір бәрі окей. Кейбір адамдар осындайда, сол адамға садақа дей салады го. Садақа қолыңдағы затты беру. Беріп қойылған нәрсені садақа ете алмайсыз, себебі қолыңызда емес. Сіз оны бұрын беріп, кейін садақа деп жатсыз. Ризық Алладан, қателік-өзіңнен.
نمایش همه...
2
Ал жеке өз басым, біреудің айыбын ашуды құп көрмеймін. Өзімнен аулақ ұстайтын амалым- өзгенің айыбын ашпау. Сіздерге де кеңесім, өзгелердің өмірі де, өзі де қызықтырмасын. Адамдар өміріңізді арнамаңыз, нағыз адамдарға болашағыңызды арнаңыз.
نمایش همه...
🔥 3
Алғандар береді, бергендер алады. Бұл заң.
نمایش همه...
2
Мен үшін халықтың болашағы үшін жасалатын нәрсе-кітап жазу, адамдар ақысын жемеу, халыққа жасырын үнемі жәрдем беру, аурухана, балабақшаларда ақша үшін емес-адам өмірі үшін күресетін жанкештілер еңбегі, адалдықта өмір сүретін еңбекқор адам.
نمایش همه...
3
Маркетинг тоқтамайды. Оны тоқтата алмаймыз. Бірақ, маркетинг құрбаны болған адамдар-өсуін біраз тоқтатып қояды. Бұл сұрақты қойған себебім де осы. Сіз сенген эксперт, курс сіз ойлағандай болмады, айтылған ақпараттарының 10_20% орындап курс жабылып, ешқандай нәтиже алмасаңыз- сіз сол жолдан өтуіңіз керек болды және өттіңіз. Енді асығыс шешіммен өзіңізді әр тасқа ұрмаңыз
نمایش همه...
2
Өткенді сөге алмаймыз, пайдалы курс алдыңыз ба/пайдасы жоқ курс алдыңыз ба оның мәні жоқ. Қателіктеріңіз-сізге ешкім айта алмайтын ақыл үйретті. Енді дұрыс бағытқа қайта ізденіңіз, өсіңіз, дамыңыз. Курс алсаңызда, алмасаңызда маған келіп кетері жоқ-тек білетін ақпараттарды бөлісу мақсатында осылай ақпарат бергім келді.
نمایش همه...
3
Товар бизнесі жайлы айтарым жоқ, себебі товар сатып көрмегенмін. Ал ақша жайлы айтатындармен келіспеймін. Ешкім эксперт емес ақшадан. Қолындағы ақшаның иесі адам шығар, бірақ байлықтың иесі Алла, ризықтың иесі Алла. Сізді миллионға жеткізіп, сізді табысқа шығаратын эксперт, адам деген ол тек бетперде. Дүниеге қол жеткізетін адам, ақырет жайлы ілімі көп адам. Діни пост болып кетпесін, бірақ оны сахабалар дәлелдеп кеткен. Ақша жайлы мышление жайлы-Абдурахман ибн Ауф дәлелдеген. Ақшаны ілім алушыға садақа етуді-Абу Ханифа дәлелдеген. Ақшаны басқаруды жылжымайтын мүлікте ұстаған -Зубәйр ибн Аууам. Бұрын ақша жайлы, дүние жайлы көп пост жазатынмын діни форматта. Оны халық дұрыс қабылдай алмағанын көріп, бірден бұл контентті тоқтаттым. Бәрі біледі менің ақша, мышление, байлық жайлы айтсам-8 сағаттық аудио жаза алатынымды. Сіздерге ақша мен дүние жайлы ітаптың атын айтайын сол пайдалы болар. Абылай Кенжалының •Ізгілердің дүниемен қарым қатынасы •Дүние •Тәуекел •Ниет •Ризық кілттері 1,2 •Кедейлік кілттері атты онлайн кітаптарын алуды ұсынамын. Бұл кітаптардан бір миллионға сатып алуға тұрарлық ілім жатыр. Нағыз потолок мышление жайлы, ақша жайлы ақпараттары
نمایش همه...
5
Ал мақсат қою жайлы: Басқалар ұйықтап жатқанда сен ояу бол. Олар демалғанда, сен еңбектен дейтін мотивациялық сөздер жаттап тұлға қыламын деп жүргендерге кітаптан бір үзінді келтірейін. Мария Хайнцк осы секілді ақпаратты қолдамай мынадай сөздер айтады: «Қазіргі тайм-менеджмент адамдарға «Өзіңе мақсат қой! Қайтсең де, өліп-тіріліп сол мақсатыңа жет!» дейді. Осы жердегі қайтсе де мақсатқа жету болған ой адамды жегідей жейтіні рас. Тіпті ауруға да апарады. Адамды осы секілді негативті тәсілмен дамытудың қажеті жоқ. Заманауи психология адамдарға басқа нәрсені үйретуде. Соңғы зерттеулерге сүйенсек, адам көңілді, жаны жайбарақатта, қуанышта болса, оның тұлғалық дамуы да жылдам арта түседі. Қызығушылық, бақыт, үміт, қуаныш болған жерде адамның даму шыңы биіктейді. Сол үшін, өзіңізді дамыту жолында өзіңізді өзіңіз зорықтырып алмай, қуанышты эмоциямен әрекет етіңіз.» дейді.
نمایش همه...
5
Өлімнен ұят күшті- бұл мені дұрыс адам болуыма әсер еткен оқиға. Сіздердіңде өзгерулеріңізге, ешқандай инфобизнестік курс көмектеспейді-Сізге тек сіздің саналы таза ақылыңыз, жұдырықтай жүрек, кеудеңіздегі ар-намысыңыз көмек береді. Ал коучтар, марафон өткізгішьер, курстарында айтып жүрген бұл ақылы ақпарат сатып алу керек дүние деп ойлайсыз ба? Жай өзіңізді тыңдамағаныңыз үшін, өзге арқылы тыңдауға ақша төлеп жүрсіз. Діни тұрғыдан түсіндірер болсам бұл әрекет, бұл пост-өзіңізді есепке тартыңыз деп жатыр. Өз-өзін есепке тарту дегеніміз – мухасаба. Хадисте келгендей : «Қиямет күнгі есеп алуға дейін, өздеріңді өздерің есепке алыңдар».
نمایش همه...
5