938
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-47 روز
-3430 روز
آرشیو پست ها
Достар, біз оралар алдында бір өтінішіміз бар.
Арнаның кемшілігін, жақсарту керек деген дүниесін, кеңестеріңді айта кетсеңдер🥰
Айтқан әр сөзге мән беріп, өзгеруге тырысамыз😘
Әрбір реакция мен әрбір пікір біз үшін өте маңызды. Алдағы уақытта да сіздерді жаңа жобалармен қуантып, қазақша контенттің дамуына өз үлесімізді қоса береміз деп сенемін. Бізбен бірге болғандарыңыз үшін көп рақмет! 😍 Махаббатпен, JARQANAT.➖➖➖➖➖➖➖➖
Акося: бәріне сәлеем!
🫶
🍇
бүгін арнамызға 4 жыл толыпты. осыған байланысты ең алдымен барлық оқырмандарымызды және біздің керемет ұжымды құттықтағым келеді! шынымды айтсам, мен бұл топта бар болғаны бір жылдай ғана жүрмін. бірақ осы уақыттың өзінде көптеген жаңа нәрсе үйреніп, тәжірибе жинап, ең бастысы — тамаша адамдармен таныса алдым. әкімшілік құрамдағы әр адамнан бір нәрсе үйренуге болады. әрдайым қолдау көрсетіп, көмектесіп, жылы атмосфера қалыптастырып жүргендеріңе рақмет! жаңа отбасыма айналдыңдар
🤍
әрине, оқырмандарымызға да үлкен алғыс айтқым келеді. сіздердің реакцияларыңыз, пікірлеріңіз және қолдауларыңыз бізге әрдайым күш береді. кейде бір ғана жылы сөздің өзі бүкіл күннің шаршауын ұмыттырып жібереді. қазақша контентті таңдап, біздің аудармаларымызды күтіп, оқып жүргендеріңіз үшін көп рақмет! осы төрт жыл ішінде арнаға өз үлесін қосқан барлық жандарға алғыс. алдағы уақытта да бірге дамып, жаңа жобалармен қуанта береміз деп сенемін.
✨
4 жыл құтты болсын! бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет!
махаббатпен, Акося^^➖➖➖➖➖➖➖➖
Dahlia: Сәлем бердік! Көзді ашып жұмғанша 4 жылды өте шығыпты. Алғаш келген күндерім әлі есімде, ең бірінші аударған тарауларым, жасаған жұмыстарым. Аудармаға, әсіресе қазақ тіліндегі аудармаға махаббатым “Магист дьявольского культа”, қазақша “Ібіліс жолын қалаушы” шығармасынан басталып еді. Осы топта, осы құрамда жұмыс істегеніме, сіздерге жұмыстарым көрсете білгеніме қуаныштымын! Тобымызбен бірге болып, бізді қолдап, бізбен бірге 4 жылымызда болғандарыңызға алғысымыз шексіз. Сіздерді жақсы көреміз
🤍Махаббатпен, Жүзім тобы🍇
+2
➡️🤩🤩🤩🤩🤩⬅️
Бүгін арнамызға 4 жыл толды! Барлықтарыңызды құттықтай отыра, осы уақытқа дейін бізді қолдап келген оқырмандарымызға үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында біз біраз тайтлдарды аударып, еңбек етуге шабыт алдық. Біздің белсенділігіміздің азайып кеткеніне қарамастан, анда-санда арнаға кіріп, тіпті осындай маңызды күнді естеріңізге сақтап жүргендеріңіз жүрекке жылу сыйлайды. Біз қайта оралу туралы ойлаған кезде, сіздер сияқты қиын сәтте қолдауға дайын адал жанкүйерлеріміздің барын еске алып, барынша күшімізді жинауға тырысамыз. Сіздер сияқты оқырмандарымыз бар біздей топ өте бақытты. Әрбір реакция мен пікір барлық шаршауымызды бірден жоққа шығаратынын ұмытпаңыздар. Шаттыққа әрі белсенділікке толы күндерде кездескенше, сіздерді жақсы көреміз! (Рю)
⭐⭐⭐⭐
⭐⭐⭐⭐
⭐⭐⭐⭐
⭐⭐
Тағы біздің топ мүшелерінен:🪻
Топ қалаушысы, Гузя, жүзім: Құрметті, достар, оқырмандар! Әне-міне дегенше 4 жылда өте шықты. Бізбен келе жатқандарыңызға алғыс айтамыз. Сіздер біз үшін қараңғы айсыз түнде жарқ ете жанған жұлдызға теңсіздер! Қиын сәтте қолдау білдіріп, жүрегімізді елжіретіп жібересіздер. Бәлкім, осы жылы біраз оқырманның үмітін ақтай алмаған шығармыз. Дегенмен, аз қалды. Бұйырса, жақын арада ораламыз 🫶➖➖➖➖➖➖➖➖
Жанси(бешбармақ): сәлеем! ең алдымен, әкімшілік құрамға алғыс айтқым келеді. бұл керемет жандармен жүргеніме ТӨРТ жыл болып қалыпты ғой. төрт жылдан бері бізбен бірге иық тіресе еңбек етіп келеді. оқу, емтихан, түрлі эмоционалдық күйзеліс кезеңдерінде олар әрдайым жанымнан табылады. біреуі конспектілердің астында қалып талып жатса, екіншісі өз шаруаларынан шаршап жүрсе де оны алмастырып, тайтлдардың жағдайын бақылап отырды. осыншама уақыт өтсе де топтағы үйлесімділікті сақтап қалғандарыңыз үшін үлкен рақмет! 🫶🏻 әрине, біздің қадірлі оқырмандарымызға да алғыс айтқым келеді!! достар, қатысушылар санының осындай көрсеткішке жеткенін көрудің қаншалықты қуаныш сыйлайтынын елестете де алмайсыздар! ұзақ уақыттық үзілісімізге қарамастан бізден кетпей, лайк басып, пікір қалдырып жүргендеріңіз үшін көп рақмет. пікірлеріңізді оқу бізге үлкен мотивация береді
😊
сондай-ақ, барлық қызметкер жандарға де ерекше алғыс білдіремін!! тегін негізде болса да, әрқайсыңыз өз жұмыстарыңызды сапалы, жылдам әрі жауапкершілікпен атқарып келесіздер. топтағы әрбір мүше өте маңызды, және сіздерсіз мұның бәрі мүмкін болмас еді. бір-бірімен үйлесіп жұмыс істейтін “механизм” болып қазақша контентті шығаруға тырыстық ^-^ ата-анама да үлкен рақмет айтқым келеді… ой болды жетер. алғыс айтуды осы жерден тоқтатайық. қысқасы, бәріне рақмеет!
❤️
болашақта топпен түрлі жазбаларды жиірек жариялап, сіздерді жаңа контентпен қуантуға тырысамыз деген үміттемін. әлі де бізді оқып жүргендеріңізге рақмет баршаңызға тек жақсылық тілейміз!
🫶➖➖➖➖➖➖➖➖
Ронни: Мен де сіздерге алғыс айтқым келеді, сіздердің әрбір еңбектеріңіз қазақша контенттің дамуы үшін өте бағалы әрі маңызды. Осындай жайлы әрі ашық-жарқын адамдармен араласып, бірге жұмыс істеу, бірге осындай керемет аударма жасап шығару бір ғанибет. Өмірде болып жатқан әртүрлі жағдайларға қарамастан, жұмысқа уақыт бөліп, оқырмандарың көңілі үшін жұмыс істейтіндеріңізді көріп, шабыттанамын, риза боламын. Осы арнаға қосылмас бұрын, өзім де оқырман едім, қазақша контент болғанына қатты қуанатынмын және сіздердің топтың мүшесі болғаны үшін де өте қуаныштымын. Бар болғандарыңыз үшін үлкен рахмет!!! Оқырмандарға да үлкен алғысымды білдіргім келеді, сіздердің қолдауларыңыз, тарау қашан шығады деген сұрақтарыңыз және бір реакцияларыңыздың өзі жұмысты жалғастыруғв үлкен мотивация. Біздің аударманы таңдағандарыңыз үшін ризамын
😍➖➖➖➖➖➖➖➖
Жарқанат:
Баршаңызды арнамыздың 4 жылдығымен құттықтаймын!
🫶
🍇
Осы уақыт ішінде бірге еңбек етіп, бір-бірімізді қолдап келе жатқан әкімшілікке(Гузя), аудармашыларға және барлық қызметкерлерге үлкен рақмет айтқым келеді. Сіздермен бірге жұмыс істеу мен үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш.
Ал оқырмандарымызға ерекше алғыс! Ұзақ үзілістер болса да бізді ұмытпай, қолдап, жылы пікірлеріңізді жазып жүргендеріңіз бізге әрдайым күш береді.
Қайрлы күн, құрметті оқырмандат!
Біз қазір ештеңе шығарып жүрмесекте, арнадан шықпай, бізді күтіп отырғандарыңа көп көп рақмет! Біз үшін бұл өте маңызды❤️
Және де сілтемесі керек оқырмандар үшін, міне:
https://t.me/+-6xqd6PvkgMwOTEy
Құрметті оқырмандар!
Жалпы биылдыққа Жинксті шығара алмайтын сияқтымыз. Оған бірнеше себеп бар.
Біріншіден, басты админ (яғни мен) ҰБТ-ға дайындалып жүрмін. Ал мен Жинксте тайп, кейде клин мен аударма жасаймын. Екіншіден, топта менің орныма тайп жасайтын адам жоқ. Үшіншіден, екінші админнің адам жинайтын уақыты жоқ.
Жалпы топта біраз адам үнсіз жатыр. Бәлкім жазда қайта белсенді жұмыс істеуге әрекет жасармыз. Ал әзір не қыларымыз белгісіз. Топтан шықсаңыздар – ренжімейміз. Дегенмен, топтан шығып кетсеңіздер кіре алмай қалуларыңыз мүмкін, себебі, сілтеме бұрынғыдай жарияда тұрған жоқ. Оған қоса жаңа заңмен арнаны ары қарай қалай дамытарымызды білмеймін.
Бірақ, бұның бәрі топ жабылады деген сөз емес🫶
Достар, жаңа жыл құтты болсын!🎄
Осы жыл біртүрлі заңмен басталса да, әрмен қарай сендерді аудармамызбен қуанта аламыз деген ойдамын! Егер ісіміз оңға басып жатса, биыл 4-ке толғанымызды атамақпыз😍
Ізгі ниетпен, жүзімнен бір үзім❤️
Достар, мейірімді жолдастар.
Өте маңызды жиналыс.
https://share.google/51zVLa7nuVj1wzE2r
Тоқаев қол қойды дейді. Бұндай жағдайда не істейміз? Түсінсем бұйырмасын.
Repost from N/a
Екінші жоба ❄️
Кейде жолдың соңы емес, сол жолдағы қадамдардың маңызы зор. oqiq арнасының екінші тайтлы — жүректі тербейтін қысқы хикая.
📖 «Көзден кетпес іздер»
“Дүниені көк мұз құрсап, айналаны ақ түтек қар басты. Жасанды аяғына сүйенген өрімдей жас Со СонУ бақилық болған Чхве ИСоны соңғы сапарына — үйіне жеткізу үшін ұзақ жолға шықты. Жылуы суыған дүниеде оның жүрісі тым баяу. Қалың қарды кешіп, ақсаңдай басқан қадамдар... Бұл іздер оны қайда жетелейді? Кімді жолықтырып, не көреді, ақыры қайда тұрақтайды? Көп ұзамай қар астында қалатын сол қадамдар неге көзден кетпей қойды?”🏔️ Жанр: Драма, Тірі қалу (Survival), Психология. Мұң мен ерік-жігер тоғысқан хикаяны төменде оқи аласыздар: 👇 #Көзден_кетпес_іздер@aloqiq | #oqiq_manhwa 1-тарау 6-тарау 11-тарау 2-тарау 7-тарау 12-тарау 3-тарау 8-тарау 13-тарау 4-тарау 9-тарау 14-тарау 5-тарау 10-тарау соңғы тарау
⚡️ ECLAIR STUDIO — найзағайдай жарқ етіп, 🇰🇿 Қазақстанда алғаш рет қазақ тіліндегі BL әлемінің есігін айқара ашты
🎙️ ECLAIR studio – BL жанрын ана тілімізде жеткізетін топ!✨🌈
Егер саған BL жанрындағы дорамалар ұнайтын болса
және оларды қазақша көргің келсе —
Біздің арна дәл саған арналған!
👇🏻 СІЛТЕМЕНІ БАС ТА — ҚОСЫЛЫП КЕТ!👇🏻
https://t.me/+qQ3Nfx0tBfM4MjRi
Маңызды ақпарат:
1. Жинкс қаңтар айына дейін шықпайды. Себебі онымен айналысатын тайпер ұбт-ға дайындалып жүр, яғни мен.
2. Жаңадан шығайын деп жатқан «Лгбт-ға қарсы заң» әзір түсініксіз болып тұр. Жағдай реттелмейінше арна мен тикток аккаунт жабық болсын деген шешімге келдік. (20 АЕК төлеп жүрер жай жоқ)
3. Арна жабық болғандықтан біреу @zhuzim_toby юзерін алып алыпты (айуан екен). Адамдар сол юзді танып кіріп оқырман жиналатын шығар деп ойлаған-ау шамасы. Мүмкіндік болса жалоба (қазақшасын білмеймін бұл сөздің) қалдырыңдар.
Құрметті оқырмандар, бізден кетпеңіздерші 😭💔
Қазіргі уақытта жылдың соңы болған соң, бүкіліміздің уақытымыз жеке өмір және оқуымызға кетіп жатыр.
Соның кесірінен тарау саны азайып, сирек шыға бастады, бірақ бос уақыт табылған сәтте бірден тарау жасап, арнаға саламыз. 😭
🤩🤩🤩
#. 356-тарау // 葡萄
🐰❤️「@zhuzim_toby」
🔎𐌏ᥴы ᥊ᥱɯᴛᥱᴦ ᥲρқы᧘ы ᥲ᧘дынғы ᴛᥲρᥲу᧘ᥲρын κөρᥱ ᥲ᧘ᥲᥴың: #19_күн_Бір_сәт 🌟
💬Қᴏᴧдᴀу ᴩᴇᴛіндᴇ ᴨіᴋіᴩ ʍᴇн ᴩᴇᴀᴋция қᴀᴧдыᴩуды ұʍыᴛᴨᴀ!
「Жүзімнен бір үзім」
😃± 𝗗𝗼𝗻𝗮𝘁𝗲' Kaspi: +7 747 730 7572 (Диана С.)
Егер тарихқа, әдебиетке немесе қазіргі заманға байланысты фанфик оқығыңыз келсе осы арнада күтемін.
https://t.me/+y1N5vVYZbIY0N2Ey
Сәлем!
Егер сенің «Деңгейді жалғыз көтеру» және «Әлі таңсәрі ғана» манхвасын және тағы да басқаларын оқығың келсе ZHARQYL арнасына тіркеліп қой!
Барлығы сіздер үшін❤️
https://t.me/Zharqyl
🤩🤩🤩
#. 355-тарау // 葡萄
🐰❤️「@zhuzim_toby」
🔎𐌏ᥴы ᥊ᥱɯᴛᥱᴦ ᥲρқы᧘ы ᥲ᧘дынғы ᴛᥲρᥲу᧘ᥲρын κөρᥱ ᥲ᧘ᥲᥴың: #19_күн_Бір_сәт 😰
💬Қᴏᴧдᴀу ᴩᴇᴛіндᴇ ᴨіᴋіᴩ ʍᴇн ᴩᴇᴀᴋция қᴀᴧдыᴩуды ұʍыᴛᴨᴀ!
「Жүзімнен бір үзім」
😃± 𝗗𝗼𝗻𝗮𝘁𝗲' Kaspi: +7 747 730 7572 (Диана С.)
Сәлем!
Қазақша манхва оқығың келе ме?
Біздің арнада — сапалы аударма, қызық сюжетті танымал манхвалар және күнделікті жаңа бөлімдер!
➡️ Арнаға қосыл: https://t.me/kazakshamanhva
🤩🤩🤩
#. 354-тарау // 葡萄
🐰❤️「@zhuzim_toby」
🔎𐌏ᥴы ᥊ᥱɯᴛᥱᴦ ᥲρқы᧘ы ᥲ᧘дынғы ᴛᥲρᥲу᧘ᥲρын κөρᥱ ᥲ᧘ᥲᥴың: #19_күн_Бір_сәт 🦋
💬Қᴏᴧдᴀу ᴩᴇᴛіндᴇ ᴨіᴋіᴩ ʍᴇн ᴩᴇᴀᴋция қᴀᴧдыᴩуды ұʍыᴛᴨᴀ!
「Жүзімнен бір үзім」
😃± 𝗗𝗼𝗻𝗮𝘁𝗲' Kaspi: +7 747 730 7572 (Диана С.)
