Кітапханашы күнделігі
کانال بسته
638
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-147 روز
-2230 روز
آرشیو پست ها
Сөккенім болсын сүйгенім
Достығым болсын күйгенім
Ащы тілмен тигені
Жоғалсын деп мәндері
Шәкәрім
Біздің айтып, жасап жүрген көп дүниенің түкке қажеті жоқ, соны қысқартсақ ойымыз азат, өзіміз аз шамданатын боламыз.
Аврелий
***
Күн мен Түнім ауысып, ай алдайтын,
Сенің жолдар xатыңсыз оянбайтын,
Ғажабына Жалғанның тоя алмайтын,
Қоштасып ап, тұтқаны қоя алмайтын,
Тұнық сәттер арада болмағандай,
Маған арнап, жүрек ән салмағандай,
Маxаббатқа бас иіп қалған ардай,
Мөлдір шық кеп, көйлекке тамбағандай,
Қарсылыққа кездескен дес берердей,
Қағидаға бағынбай, көшке де ермей,
Сыйға тартқан әдемі кестелердей,
Ең әдемі сезімді кешпегендей,
Қалай жүрсің?
Үндемей, шыдап бағып,
Жалған кетті жанымнан жұмақты алып!
Жырға... Сосын жаңбырға сыр ақтарып,
Күйіп-жандым! Ал сенде - бір-ақ қалып!
Себеп тауып оған да сана небір,
Ақтап ала қояды бала-көңіл!
Жақын салған кетпес деп жара жеңіл,
Миығынан жымиып барады Өмір...
Жадыра Байбұланова
Қазір цундоку боп жүрмін. Себебі бар. Кітап туралы кітаптарым көбейді. Алдымнан шыққанын алып жатырмын. Ақырын оқи беремін ғой. Барлығын бір жерге жинадым, кеше. Аз сияқты. Бәрібір.
Күндізгі қапырық жүрек көтеріп еді, таң салқын. Бойым тоңазып қалыпты. Құстардың шиқылы әдемі әннің қайырмасындай. Жаңылмайды. Құдірет, ә?
Табиғаттың жаратылысы жалпы қасиеттерінен танбайды ғой. Бұнда ең саналы деген адам баласының ақылы таяз боп кетеді. Шынайы сезім сезсең жанарың тұманданады. Әйтеуір жан ауыртудан жан салмайды...
Ағылшын жазушысы. 1882-1941 өмір сүрген жылдары. Батыс Еуропаның жиырмасыншы ғасырдағы мойындалған классигі, психологиялық прозалардың мастері. Бұл кітабына да әдеби шеберлік пен оқырман қызығушылығы туралы еңбектері енген.
Токионың солтүстігіне қарай бір жұмбақ кітап дүкені орналасқан. Бұл жерден іздеген кітабыңды табасың дейді. Кинъедо. Жай бір жер емес. Қағаздың, кофенің, жауынның жұпар иісі аңқып тұратын мекен. Жылы жүзді сатушы Макино тек кітаптардың каталогын ғана емес өзге жүректерді де сезеді. Басқа қызметкерлер де иіліп тұрады.
Сырқат әкесінің сүйікті романын іздеп келген Фумияға бұл ғажап жер достар табуына көмектеседі.
#жаңакітап
Аннотациядағы соңғы сөйлем ойландырып қойды.
Бұл жұмбақ жер оны жіпсіз байлайды және оны оңайлықпен үзе алмайды...
Сәл әріде ақ шашты ер адамның тұр екен. Кітап қарап тұрған жоқ. Ишара білдіріп ем, шаруаңызды істей беріңіз, күтемін деді. Ұзақ күтті. Сосын жайын айтты. Аты жаман аурумен пансионатта жатқан екен. Күн санап. Сосын кітаптар келе бастапты. Арнайы осы кісіге. Кітаптың мазмұнынан бөлек оны кім жіберіп жатқаны ауруын ұмыттырып, күллі Францияны айналып іздеп келген беті екен...
#хозяйкакнижного
Айғайламай-ақ іс тындыруға болады, негізі. Қолыңда тұрғанда титтей дүние жасамаған соң "жау кеткен соңның" кері ғой...
"Синдром Дон Кихота" деген диагноз бар екен. Ол кейіпкерге еліктеу. Филология факультетінің студенті бір классиктің шығармаларын оқып, басты кейіпкерге ұқсағысы кеп, әскери журналист боламын деп, тіпті, солай киіне бастайды. Әскерге барады, түрлі операцияларға қатысады, соңында бір қақтығыста көз жұмады. Шет елде кітап оқитындардың синдромдарын зерттеуге,емдеуге психолог мамандар мән береді, негізі.
Ағылшындардың бір кітапханасындағы 1863 жылы жазылған жарлығында ер адамдар мен әйелдердің жазған шығармалары бөлек қойылсын деп жазылған дейді.
#читательнакушетке
Сомерсет Моэмнің "Сумка с книгами" деген ғажап әңгімесі бар екен.
Кітаптан культ жасау үшін кітап барлық өнер туындыларында жүрсе артық етпейді. Тұнып тұрған сезім туралы бірқатар кино көрдім. Иә, негізі сезім туралы. Бірақ кейіпкерлер кітап дүкені, кітапханада жұмыс істейді. Оқиға қатар өріледі. Жалықтырмайды. Кітап екінші "дауыста", екінші "кадрда" болса да салмағы басым. Режиссердің ұтымды шешімі.
Он тоғызыншы ғасырда Томас деген ағылшын сол уақытта шыққан барлық кітапты сатып алып отырыпты. Үш данадан. Өмірден өтерде кітапханама ешкім тиіспесін деп өсиет қалдырыпты. Кейін Томастың кітаптарын сақтау үшін сегіз үй сатып алынған екен...
+1
Ең қуантатын сәттердің ірі. Ол жаңа кітаптар. Бір уақытта бірнеше кітап оқитындарды полиамор оқырман дейді екен. Ал бір кітапты бітпейтін екіншісін бастамайтындарды моногам оқырман дейді.
اکنون در دسترس! پژوهش تلگرام ۲۰۲۵ — مهمترین بینشهای سال 
