dapterone
رفتن به کانال در Telegram
2 492
مشترکین
+124 ساعت
-17 روز
-3130 روز
آرشیو پست ها
2 492
«Если вы считаете, что образование – это дорого, попробуйте невежество».
©️ Энн Ландерс
2 492
— Алыс сапарға көлігіңізбен шығайын деп жатырсыз. Жаныңызға әңгімесі қызық қандай 4 тұлғаны бірге алып кетер едіңіз?
— Абылай Кенжалы, Данияр Жігітбек, Дастан Құрманбаев және Ескендір Бестай.
©️Әбілқайыр Мәдиұлы
«Тура жол» / Жақында
2 492
Кринж — дағуатты мысқылдап жүргізу.
Қарсы тараптың көзқарасына күліп, оны бейшара санау — мұсылманға тән дүние емес. Ондай әдепсіздіктің кесірінен дағуат бағытталған топ та еш пайда алмайды, өйткені қасарысып, кек сақтап кетеді. Сенен бұрын-соңды қолдаушың болған, бірақ сана сәулесі сөнбеген адамдар да жиіркенеді. Тек артыңнан соқыр ерген тобыр ғана бәрекелді дер. Асылында, сенің мақсатың — сол екінші тараптың бетін бері қаратуға әрекет ету еді ғой. Ал сен тек өзіңнің және өз аудиторияңның эгосын көтерудесің.
2 492
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕНДІ ТҮРКИЯҒА БАРА АЛМАЙДЫ...
Иә, иә, кейбір Қазақстан азаматтарына Түркияға бару мүмкіндігі азаюда. Нақтырақ айтсақ, жақында елімізде робототехника бойынша жарыс өткен болатын. Дүбірлі додада Өскемендік жас оқушылар бас жүлдені иеленсе де, сәуір айында Түркияда өтетін әлемдік жарысқа бара алмайын деп тұр. Жолдама бар болғанымен, спонсор табылмауда дейді ата-аналар. Осындай технологиялық даму кезеңінде кішкентайларымызды әлемдік деңгейге шығару үшін қолдау көрсететін мекемелердің болмай тұрғаны қынжылтады...
Егер осы мәселе бойынша көмек көрсете алсаңыз, осында жазыңыз: сілтеме
2 492
«Кіріспеде авторлар бүкіл өнерін көрсетеді ғой негізі. Бірақ атына заты сай, кей кезде кітапты оқуға кірістірмей қоятын кіріспелер болады».
©️Әбілқайыр Мәдиұлы
«Тура жол» / Жақында
2 492
Әйел адам еріне бағынып, разылығын іздеуге әмір етілсе, ер адам да өзінің жұбайына ізгі мәміле қылып, оның бойынан әбес көрінетін кей қылықтарына көз жұмып, сабыр сақтауға бұйырылды. Сондай-ақ, әйеліне нәпақа, киім, жақсы қарым-қатынас тұрғысынан ақысын өтеуге әмір етілді.
📚 Китаб әл-кабаир
2 492
«Долина отчаяния» – фаза в обучении, когда признаешь, что ты совершенно некомпетентен.
2 492
«Өз аузым – өзім білем» деп қай-қайдағыны айта берме. Өйткені сол аузыңнан шығатын сөздерді қабылдайтын – сенің емес, өзгенің жүрегі.
2 492
Араб тілін намаздағы аят-дұғалар, терминдер негізінде үйрететін «Намаз тілі» дәрістері жалғасын табуда. Әр сабақ жекеңізге, аптасына 2 рет жіберіліп отырады. Білмегеніңізді сол чатқа жазып сұрай аласыз.
Ораза айтқа байланысты тағы да бір күндік жеңілдік ұсынамыз: 9500 тг (17480 тг).
Сұрағыңыз болса: сілтеме
2 492
Өткенде жаңа подкаст бастадық. Елімізге белгілі діни мамандардың шәкірт шақтағы, қызметтегі жолын қамтып өттік. Сөйтіп, ойлана келе, жобаға «Тура жол» деген атау қойдық. Сонда келесі жолы: «Тура жолға келесіз ғой иә?» - деп ұстаздарды шақырғанымызда олар: «Жоқ», - десе, қате болайын деп тұр) Сол үшін құрметті дін жолындағы ағалар, сіздерді осы подкастымызда күтеміз:)
2 492
Күні бойы бос нәрсемен әуре болған адам түн жарымда құлшылық етуге оянв алмайды.
📚 Тәжул-арус
2 492
Алладан мынаны сұра:
1) Мені барлық қырымнан түзет;
2) Мені бүкіл ісіңе разы қыл.
📚 Тәжул-арус
2 492
«Намаз тілі» курсына қатысушы жандардан лебіз. Біз бұл дәрістерімізде араб тілінің бастапқы деңгейін үйретеміз. Ерекшелігі: намаздағы сөздерге акцент қоямыз. Аптасына 2 дәрістен жекеңізге жіберіліп отырады. Бір видеоның ұзақтығы – 10 минут. Бүгін Қадір түніне орай курсты 9500 теңгеге ала аласыз. Толық ақпарат үшін: сілтеме
2 492
Түнгі қисса жобасының 3-шығарылымы. Қонақта - танымал географ Асфендиярқасым Ибаділда. Бұл бөлімде біз Нұх пайғамбардың (Алланың сәлемі болсын) есімі, дағуаты, алып кемесі, алпауыт қауымы, суға батып кеткен ұлы, тоқтаған тауы (Жуди / Арарат / Қазығұрт) туралы сөз сөйледік. Егер қызық болса, мына сілтеме арқылы тамашалай аласыз: YouTube
2 492
Айтпақшы, біздің араб тілімен танысу дәрістерімізге тіркелсеңіз болады. Оны «Намаз тілі» деп атаған едік. Өйткені ережелерді түсіндіру барысында, мысал берер кезде намаздағы сөздерді, тіркестерді қолдануға көбірек акцент қойып жатырмыз. Нәтижесінде араб тілі әлеміне де қадам басасыз, намазыңызды да түсініп оқуға мүмкіндік аласыз.
Дәріске байланысты сұрақтар бойынша: жеке чат
2 492
Кеше екі қаламгердің әңгімесіне куә болдым. Сонда бірі: «Сіздегі Рамазан қалай өтіп жатыр?», – деп сұрады. Бұл сауал өзіме өте қызық, көркем құралғандай көрінді. Шынында, бәріміз де бір Рамазан айында жүрміз ғой, бірақ әрқайсымыздағы Рамазан әртүрлі өтуде…
2 492
Эхх, осыдан бірнеше жыл бұрын ғана исламтану саласында жүрген замандастарым, аға буын өкілдері тек пост жазумен шектелетін еді. Кейін ақырындап чеклистер, сосын pdf кітапшалар ұсынып бастады. Көзді ашып-жұмғанша типографиядан мың тиражбен кітап басып шығаратын дәрежеге жетті. Бұл – әрине, діни ілімді насихаттаушы ағаларымыздың да, сол контентті тұтынатын аудиторияның да өскенінің белгісі.
اکنون در دسترس! پژوهش تلگرام ۲۰۲۵ — مهمترین بینشهای سال 
