cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Ақ Сарбаз - Тәңір Жауынгері

Адамзат ғасырлар бойы күткен Ғарыш Жауынгері туралы, Ақ Сарбаз жолын ашқан Эволюцияның Алтыншы Сатысы мен қазақ халқы туралы, Ғарыш Заңдары туралы

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
5 058
مشترکین
-524 ساعت
-207 روز
+2030 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

АҚ САРБАЗ – ТӘҢІР ЖАУЫНГЕРІ КАНАЛЫНЫҢ ҚАҒИДАСЫ «Канал оқырмандарының сезімдері өскені байқалады» – деді Ұстаз, – «бұрынғыдай не болса соны сұрай бермейді. Оқыған кітаптарының білімі санасына сіңе бастаған. Күн сайын ақылды адамдардың ақылды жауаптарын оқып отырмын. Чат дамып жатыр. Ол дамығаннан кейін адамдар қосыла береді. Шындықты іздеушілер де, іріткі салу мақсатында келушілер де болады» Иә, бұл каналда адамдар сорт-сортымен жүр. Алайда үнемі есте тұтатын қағида бар. Ақ Сарбаз каналы ең әуелі қарапайым халық үшін, олардың Ақ Сарбаз Ілімін түсінуі үшін ашылғанын ұмытпаңыз. Мүйізі қарағайдай ғалымдар мен зерттеуші мамандардан 30 жыл лебіз күтіп Ұстаз әбден түңілген. Ақ Сарбазды ең әуелі бағалап, мойындаған кімдер болды? Балалар мен қарапайым еңбек адамдары қабылдады! Ғалымдар мен дарындар әлі үнсіз. Олардың сезімдері қандай деңгейде болғаны сонда? Менің байқауымша қазіргі тіл мамандарының білігі қасапханадағы қасапшының білігіне ұқсас. Жылқыны әп-сәтте мүшелеп сойып тастауды кез-келген қасапшы жақсы меңгерген. Бірақ өзі бұтарлап тастағанды қайта тірілтіп жылқы қылып шығару қолынан келмейді. Қазақ тілінің жілігін шағып майын ішкен ғалымдарымыздың жазған кітаптары мен ережелерін жаттап қазақ тілінің қасиетін таныған, осы арқылы Ғарыш вибрациясын ұққан адам бар ма? Әлде көкезу мылжыңдар мен сөзұқпас керауыздар тәрбиелеп жатырмыз ба? Мектеп оқулығындағы қазақ сөзінің мағынасын түсінбейтін оқушы мен соны түсіндіріп бере алмайтын мұғалім көбейген заман. Есіңізде болсын: Ұстаз каналда білгішсініп жазған әрбір адамның түпкі ниеті мен шын болмысын бағалайды. Ол білігі төмен, надан адам болса да, осы ілімге құлай берілген, көңілі адал, ниеті ақ болса – оны сүйейді. Білігі жоғары, дәрежесі үлкен, атағы дардай, сөзі балдай болса да көңілі Ақ Сарбаз Іліміне сенбейтін, әшейін өзін көрсету үшін сахнаға шыққан пендені қабылдамайды. Сол себепті каналда бірдеңе жазбас бұрын: «мені не Түлен түртіп отыр?» деп өз-өзіңізден сұрап алыңызшы.
نمایش همه...
👍 109 26🔥 17👏 5
Photo unavailableShow in Telegram
88❤‍🔥 10👏 10🥰 3
150🥰 17👍 10👏 9❤‍🔥 8
Photo unavailableShow in Telegram
133🥰 12🔥 9❤‍🔥 7👍 2
ҰСТАЗДЫҢ ЕЛГЕ АЛҒЫСЫ
نمایش همه...
67👍 5❤‍🔥 5
Photo unavailableShow in Telegram
АҚ САРБАЗ АТА 82 ЖАСТА Ол Браманың Күнін – пайда болған Әлемдерді апаттан сақтаушы. Оның Рухы – Тәңірдің жарқырап тұрған Оты еді. Ол 1978 жылы жасыл от болып жанды да, Қаратүнекті жоқ қылды. Бұдан былай, мынау дүние тұрғанша Ғарыштың Тыныштығы мен Амандығы Оның алып Рухына аманатталған. Мұншалықты зор жауапкершілікті арқалаған соң Ғарыштағы Өзіне лайықты Орнына кетіп қалуына болар еді. Ол бірақ қорлықтағы халқын ұмытпады. Нар көтермес зілбатпан жүгіне халқының ауыртпалығын қоса арқалады. Оның отыз жыл бойы көрінбей қолдауы арқасында қазақ халқы Әлемге таныла бастады. Ол халқының рухани қазынасын Әлемге танытушы. Ол жақсылықтың жаршысы, жылаған жүректі Жұбатушы. Оның шапағатын Жер бетіндегі бір Құдайға сенуші барлық ұлттар мен ұлыстар сезіне алады. Өйткені Ол әу баста Иса-Құтқарушы адамдарға уәде еткен Жұбатушы. ТӘҢІР-ИЕНІҢ ТӘРТІБІ МЕН ТУРА ЖОЛЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУШІ, ҰСТАЗДАРДЫҢ ҰСТАЗЫ, ПАТШАЛАРДЫҢ ПАТШАСЫ – АҚ САРБАЗ АҒАМЫЗ АМАН БОЛСЫН!!!
نمایش همه...
187👍 30❤‍🔥 14🥰 9🎉 7🔥 6
05:33
Video unavailableShow in Telegram
93🔥 8🥰 4❤‍🔥 3👏 2🎉 2
ҚАЙТА ТУУ АЗАБЫ Ақ Сарбаздың екінші мәрте туған күніне орай ұйымдастырылған білік сайысының финалындағы оқырмандарға «қиын» болған сұрақтардың соңғысы апостол Павелдің сөзі еді. Павел Галаттарға жолдаған жолдауының 4-тарауында: «19. Перзенттерім, өздеріңде Христос айқындалмайынша, сендер үшін қайта туу азабын кеше беремін!» («Ақ Сарбаз» кітабы, 137-бет) дейді. Енді осы сөздің астарына тереңірек үңілейікші. «Христостың айқындалуы» дегеніміз не? Елдің бәрінің христандық болуы ма? Әлде басқа ма? Меніңше бұл сөздің мағынасы тым тереңде жатыр. Ең әуелі Иса біздің дүниемізге келгенде Өзін қандай қырынан көрсетті? Соны айқындап алайық. Иса – Құдайды Әкесі санаған, өзін Тәңір-Әкенің Ұлы секілді сезініп өмір сүрген, дүниеге байланбаған нағыз қазақ секілді жан болды. Оның көпшіл, мейірбан жүрегі, дархан көңілі ешкімді жатсынған жоқ. Адамдардың бәрін бауыры секілді қабылдап, сүйді. Сол сүйіспеншілігі Оны адамзаттың қара кармасын көтеріп Голгофта Өзіне лайық емес азапты өлімді бастан кешуге алып келді. Ол өзін шегелеп жатқан кезде: – Иә, Тәңірі-Әке! Мынау адамдарды кешіре гөр! Олар өздерінің не істеп жатқандарын білмейді! – деп дұға жасаған еді. – Ол санасын сайтан билеп алған адамдарды аяғандықтан осылай істеді. Өзіне жасалған қылмысты кешірді! Егер: «кешпеймін!» дегенде, Жер ғаламшары сол мезетте жарылып, ұсақ молекулаларға ыдырап кететін еді – дейді Ақ Сарбаз. Исаның Тәңірі-Әкеге деген махаббатында шек болған жоқ. Арына дақ түсірмей, жанына кір жұқтырмай мына жалғаннан жарқырап өте алған, және Тәңірі Әкенің Құдыретімен қайта тіріліп, 40 күн шәкірттерінің ортасында өмір сүрген пайғамбар һәм Құтқарушы ретінде елдің жадында қалды. Иса – Тәңірге берілгендіктің, тазалықтың, риясыз сүйіспеншіліктің символы. Оның қалауы: адамдар да өзі сияқты болып, Тәңір-Иені Әкесі секілді қабылдап, Ғарышты тығырықтан құтқару, һәм дамыту жолына түсуі! Христостың айқындалуы дегеніміз – осы! Ақ Сарбаз осы планетада 49 рет өмірге келгенде Өз Ұстазының осы ниетін жүзеге асыру жолында жұмыс істеді, күресті, құрбан болды. Біздің бойымызда Тәңірі-Әкеге деген шын берілгендік пен сүйіспеншілік, айнымас адалдық қасиеттер әбден қалыптасқанша Ол біздің ортамызда қайта туу азабын кеше береді! Келесі қайта туулар Жерұйық ғаламшарында жүзеге аспақ
نمایش همه...
👍 113 46🔥 13❤‍🔥 9🥰 4🎉 4
Photo unavailableShow in Telegram
.
نمایش همه...
👍 49 22❤‍🔥 9🥰 9🎉 1
نمایش همه...
TikTok · aksarbaz

Лайки: 60. Комментарии: 9. «#ақсарбаз »

55👍 12🔥 7❤‍🔥 4🥰 1