cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Әшкере

Ең маңызды жаңалық, фактчек, журналистік тексеру. Байланыс: @aqultay Instagram: https://www.instagram.com/ardaq.qultay/ Жарнама: +7 707 289 05 05

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
8 162
مشترکین
-1924 ساعت
-557 روز
-55130 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

⚡️ Тасқыннан зардап шеккендерге тағы да 31,4 миллиард теңге бөлінді Баспанасынан, мүлкінен және күнкөріс құралдарынан айырылғандарға нақты көмек ретінде "Халық" қайырымдылық қоры 31.4 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Тимур Құлыбаев бастаған қор облыс әкімдіктерінің жедел штабтарына жан-жақты қаржылай және материалдық қолдау көрсетіп жатыр. 🗣Қор Halyk Bank-пен бірлесіп, Атырау облысы Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға атаулы қаржылай көмекті төлей бастады. 🗣Алайда, нақтылай кетейік, қордағылар зардап шеккендердің тізімін жасауға қатыспаймыз деп отыр. Залалды бағалауды тәуелсіз сарапшылар жүргізеді, тізімдерді зардап шеккендерден алынған өтініштер негізінде әкімдіктердің жедел штабы жасайды екен. Демек, бұл көмекті алу үшін тұрғындар әкімдікке хабарласуы керек. Бөлінген қаражат қаржылық қолдауға, сондай-ақ қалпына келтіру үшін жүргізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстарына немесе жаңа үй сатып алуға жұмсалады. 📍 Атырау облысының әкімдігі Құлсары қаласында су тасқыны салдарынан бүлінген тұрғын үйді бағалау осы аптада аяқталады деп уәде берді.
نمایش همه...
👍 20 5🔥 4💘 2🤝 1
⚡️ Астанада 5 жасар баланы аман алып қалған оқушыға әкім 1 миллион теңге мен планшет сыйлады Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Ақан Әкімжановпен және оның ата-анасымен кездестім. Ақан өзінің жылдамдығымен және батылдығымен ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды. 7-сынып оқушысы 4-қабатта ілініп тұрған кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалды", - деп жазды әкім.
Ақанға планшет пен бір миллион теңге сыйға берілді. Сондай-ақ болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетеміз, дейді әкім.
نمایش همه...
27👍 16🔥 4👏 4😱 4🤔 2
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️ Құлсарыда митинг аяқталды КазТАГ мәліметінше, митинг сындарлы консенсусқа қол жеткізуге байланысты аяқталған. Бұл туралы ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев мәлімдеген. "Құлсары бойынша, бүгін алаңнан адамдар тарады. Сындарлы консенсусқа қол жеткізілді. Құлсары қаласында да, Орал қаласында да қандай да бір қамауға алу оқиғалары болған жоқ. Өтемақы туралы талап қойған адамдарды ұстау болған жоқ", - деді сәрсенбіде мәжіліс құлуарында Қожаев. "Ақ Жайық" басылымының хабарлауынша, митингіге шыққандар шатырларын өз еркімен тазалап, алаңнан тараған. Әкімшілік тұрғын үйді бағалау әділ жүргізілетініне сендірген. Атырау облысының әкімдігі Құлсары қаласында су тасқыны салдарынан бүлінген тұрғын үйді бағалау осы аптада аяқталады деп уәде берді. Еске салайық, Құлсары қаласының тұрғындары 15 мамырда әкімдік ғимаратының алдындағы митингіге қайта шыққан еді. Қатысушылар апатты үйдің әр шаршы метріне 400 мың теңгеден төлем талап еткен.
نمایش همه...
👍 12😱 7 5🤝 4
Photo unavailableShow in Telegram
🇳🇴🇵🇸Норвегия Палестина мемлекетін мойындады Бұл мойындау 28 мамырда күшіне енеді, деп хабарлады елдің премьер-министрі Джонас гар Стере. Оның айтуынша, Палестина мемлекеті Таяу Шығыста бейбітшілік орнауы үшін өте қажет. Politico деректері бойынша, бүгін Палестинаны мойындайтынын Ирландия мен Испания да жариялаған. Норвегия Палестинаның БҰҰ-ға мүшелігіне дауыс бергенін де айта кетейік. Палестина консулдығы бұл елде 2011 жылдан бері бар.
نمایش همه...
37👍 15🤯 4😱 3👀 1
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️ Ресей арнайы қызметі Еуропа елдерінде диверсия жасағысы келген бе? 🇵🇱 Польша билігі Еуропа елдерінде ресейлік арнайы қызметтердің тапсырмасымен түрлі диверсия жасағысы келген деп айыпталған тоғыз адам қамалғанын мәлімдеді. Бұл туралы TVN 24 телеарнасының эфирінде елдің премьер-министрі Доналд Туск мәлім етті, деп хабарлады. Ұсталғандар арасында Украина, Беларусь және Польша азаматтары да бар. Кейбірі бұрын сотталған. Тусктың мәлімдеуінше, олар Польшада ғана емес, Литвада, Латвияда, Швецияда диверсия жасауды жоспарлаған.
"Вроцлавта бір елеулі оқиға болды, онда бояу өндірісімен айналысатын фабриканы өртегісі келген, ал оның маңында химиялық кәсіпорын бар. Бұл ресейлік арнайы қызметтердің тапсырысымен жасалғаны күмәнсіз. Литвада да диверсия болған, онда IKEA қоймасы өртелген. Бұл қылмысты жасағандар Польшадағы диверсиямен де байланысты болуы мүмкін", - деді Туск.
Оның сөзінше, ұсталғандар негізінен өрт қоюмен айналысқан. Ресей билігі поляк премьерінің талаптарына түсінік берген жоқ. Кейінгі айларда Польша және Еуропаның тағы басқа мемлекеттерінің биліктері күдікті ресейлік диверсанттар қамауға алынғаны туралы бірнеше рет хабарлаған.
نمایش همه...
🤯 8😱 4 2🗿 2
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿🇨🇳 Қытайдан Қазақстанға келіп жатқан су шекті деңгейден асып кетті "Қазгидромет" бүгін жариялаған ескертуінде Шығыс Қазақстан облысы "Трансшекаралық өзендердегі су тасқыны мен мұз құбылыстары кезінде табиғи апаттар жағдайында Қазақстандық және Қытайлық тараптарды ақпаратпен шұғыл хабардар ету тәртібіне" сәйкес 2024 жылғы 14 мамырдан бастап ҚХР-дан Қара Ертіс өзені бойынша ақпарат келіп түскені айтылады.
"Нанвань гидробекет аймағында 21 мамырда сағат 08:00-де су шығыны 1960 м3/с болды. Боран ауылы - Қара Ертіс өзені гидрологиялық бекетінде су шығыны 21 мамырда сағат 08:00-де 1640 м3/с, су деңгейі 534 см, шекті деңгей 525 см, шекті деңгейден асуы 9 см-ге жетті", - делінген ескертуде.
Сондай-ақ Боран ауылы - Қара Ертіс өзені гидрологиялық бекетінде су деңгейінің арықарай көтерілуі күтіледі.
نمایش همه...
😱 20🗿 6👍 4🤯 3🥴 1
00:32
Video unavailableShow in Telegram
👀 Үндістанда болған оқиға: пиротехника сақталған қоймадан өрт шыққан Көрініс әдемі болғаны соншалық, жұрт апатты үйлердің төбесіне шығып, тамашалаған.
نمایش همه...
😍 33🤯 7👍 6🥰 2😱 2
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️ Айка мен оның тізімі есіңізде шығар? Істе үкім шығыпты Сот атышулы блогерді 6,5 жылға соттады. Ол "элиталық эскорт" қызметін көрсететін жезөкшелердің қызметін ұйымдастырған. Ал оның сыбайласы 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. 📱 t.me/askerenews
نمایش همه...
😁 23👍 13🏆 4 2😱 1💔 1
Photo unavailableShow in Telegram
👩‍🚀 БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ресейдің қаруды ғарышқа орналастырмау туралы резолюциясын қабылдамады Қарар жобасына Қауіпсіздік кеңесінің 15 қатысушы елінің жетеуі, Ресей мен Қытайды қоса алғанда, жеті ел дауыс беріп, құжатты қолдады, ал Швейцария дауыс беруден бас тартты. ТАСС келтірген деректер бойынша, Ресей дайындаған жоба 10 пункттен тұрады. Онда барлық елге, әсіресе ғарышты игеру мүмкіндіктеріне ие "ғарышта қару-жарақ орналасуын және ғарышта күш қолдану қаупін болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылдауға" келісу ұсынылған. Құжатта "ғарышта қару-жарақ жарысының алдын алу, оның ішінде қару-жарақтың ғарышта орналасуын болдырмау" туралы міндетті көпжақты келісімдер жасау ұсынысы болған. Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Василий Небензя "қарар жобасы бойынша дауыс беру АҚШ-тың ғарышты милитаризациялау ниетін растады және Ресейдің жауап қайтаруын талап етеді" деп мәлімдеді. Сонымен бірге, ол Ресейдің халықаралық құқыққа сәйкес ғарыш кеңістігіндегі міндеттемелеріне адал болып қалатынын атап өтті. Сәуірде Ресей АҚШ пен Жапонияның ядролық қаруды ғарышқа орналастырмау туралы қарарының жобасына вето қойған еді – содан кейін Ресей мен Қытайдан басқа барлық ел қарарға дауыс берді. СІМ өкілі Мария Захарова бұл шешімді құжатта Мәскеу ұсынған түзетулер ескерілмеген деп түсіндірген. Сонымен қатар, Ресейдің пікірінше, америкалық-жапониялық қарар жобасы қолданыстағы шарттар мен келісімдерден тыс ғарыш қауіпсіздігі саласында жаңа халықаралық-құқықтық міндеттемелер қояды.
نمایش همه...
👍 18🔥 3🕊 3😱 2💯 2 1
⚡️ Израильдің екі басшысын және ХАМАС-тың үш басшысын қамауға ордер сұралды Халықаралық қылмыстық сотының бас прокуроры Кәрім Хан Израиль премьері Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Йоаф Галантты қамауға ордер беруді сұрады. Ханның мәлімдемесінде премьер Нетаньяху мен қорғаныс министрі Галант аштықты соғыс әдісі ретінде пайдаланғаны, бейбіт тұрғындарды өлтіргені және басқа да әскери қылмыстары үшін кінәлі деп аталған. Кәрім Хан ХАМАС басшыларын да ұстауға ордер сұрап отыр. ХҚС сайтында жарияланған ресми хабарламада Хан Газадағы ХАМАС жетекшісі Яхья Санвар, топтың саяси қанатының басшысы Исмаил Хания, сондай-ақ оның әскери бөлімдерінің жетекшісі Мұхаммед Диаб әл-Масри адамзатқа қарсы қылмыстарға, сондай-ақ әскери қылмыстарға кінәлі делінген. Енді ХҚС судьялары қамауға алу туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін дәлелдер бар-жоғын шешуі керек. Соттың істі қарауы үшін қанша уақыт кететіні әлі белгісіз. Әдетте прокурорлық сұрау пайда болғаннан бастап қамауға алу туралы шешім қабылдағанға дейін бірнеше апта немесе тіпті айлар өтуі мүмкін. Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ Халықаралық сотында Оңтүстік Африка Республикасының талабымен Палестинада геноцид болған-болмағанын тексеру ісі қаралған.
نمایش همه...
🔥 13🤷‍♂ 10👍 6😱 4 3😁 2🤯 1