cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

CASPIAN LIFE

Біздің портал Каспий маңы өңірлерінен (Атырау және Маңғыстау) шұғыл әрі шынайы ақпарат таратады

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
370
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-27 روز
-1730 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

Photo unavailableShow in Telegram
Мұнайшы стадионындағы бассейнге 10 жасар оқушы батып кетті. Оқиға бүгін 16:30 шамасында болған. Атырау облысы полиция департаменті қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
نمایش همه...
👍 1
00:14
Video unavailableShow in Telegram
13.07.24 Түнде қанға боялған әйелді ұрып, соғып жатқан видеолар таралды. Ресми емес ақпарат бойынша, ер адам әйелін пышақтап кетті. Оқиға Маңғышлақта, «Рахат» супермаркеті жанында болған. Маңғыстау облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Әйелін пышақтап кеткен ер адам ұсталып, абақтыға қамалды. «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат жарияланбайды. Дәрігерлердің мәліметінше, ауыр пышақ жарақатын алған әйел жүкті болған. Қазір науқастың жағдайы ауыр. Белгілі болғандай келіншек 2000 жылы туған. Оны кезекші хирургтар, травматолог және реаниматолог қарады. Науқас шұғыл операция бөліміне ауыстырылды.
نمایش همه...
IMG_1832.MP44.97 MB
Photo unavailableShow in Telegram
Роман Скляр Алексей Миллермен кездесті Қазақстанның бірінші Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр "Газпром" басшысы Алексей Миллермен кездесу өткізді. Кездесуде газ саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды, соның ішінде газ жеткізу, тасымалдау және өңдеу мәселелері қозғалды. 2024 жылдың маусым айында "Газпром" және "QazaqGaz" ұлттық компаниясы Қазақстан аумағы арқылы Ресей газын Өзбекстан мен Қырғызстанға тасымалдау туралы 2025-2040 жылдарға арналған келісімшарттарға қол қойды. Сондай-ақ, "Газпром" мен Қазақстан Үкіметі Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау көлемін арттыру үшін "Орталық Азия – Орталық – IV" магистральдық газ құбыры нысандарын дайындау бойынша іс-шаралар жоспарына қол қойды. Бұл жоспар газ құбырының инфрақұрылымын жаңартуға және жетілдіруге бағытталған, сенімді және тиімді газ жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында. Бұл келісімдер Қазақстан мен Ресей арасындағы энергетика саласындағы тығыз байланыстар мен ынтымақтастықтың жалғасып жатқанын көрсетеді.
نمایش همه...
👍 2
❗️❗️ ЖАЙЫҚТЫҢ ҚАЛА АУМАҒЫНДАҒЫ БҮЛІНГЕН ЖАҒАЛАУЫН ЖӨНДЕУ ҮШІН ЖОБА ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР Атырау билігі жағалаудың бүлінген аумақтарын қалыпқа келтіру үшін жобалық-сметалық құжат дайындап жатыр. Мұны әкімдіктің баспасөз қызметі айтты. Әзірге қанша аумақты жөндеу керектігі белгісіз. Белгілісі - барлық жұмыс қалалық әкімдіктің қаржысына жасалады. Осыдан 2 жыл бұрын қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі Темірханов көшесінен, яғни орталық спорт кешенінен бастап Тұрғындар қалашығы мен Авангард ықшам ауданын байланыстыратын көпірге дейінгі аралықты және Жайықтың оң жақ бетін, нақтырақ айтқанда Бейбарыс сұлтан даңғылы бойындағы көпір тұсынан теміржол көпіріне дейінгі жағалау бойын жаңғыртуды жоспарлаған еді. Жергілікті әкімдік бұл жерлердің де қисайған, құлаған-сынғанын реттемек. Ал толыққанды жөндеумен облыстық құрылыс басқармасы айналысады.
نمایش همه...
💸💸ЖЫЛЫОЙДА ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕН 2603 ҮЙДІҢ ИЕСІ ӨТЕМАҚЫ АЛДЫ Жылыой ауданындағы тасқын салдарынан баспанасынан айырылған тұрғындарға өтемақы әлі төленіп жатыр. Жалпы зардап шеккен үй иелерінен 2650 өтініш түсіп, 2632 адам жергілікті билікпен келісім-шарт жасаған. 18 адам техникалық зерделеу және бағалау қорытындысына келіспейтіндігін айтыпты. Осы уақытқа дейін 2603 тұрғынға өтемақы төленген. Оның ішінде 1429 тұрғын жаңа үй сатып алатындығын айтса, 1174-і баспанасына күрделі жөндеу жасамақ.
Сондай-ақ, өр суынан зардап шеккен 89 кәсіпкерлік нысанның қожайындарына өтемақы төленді
, - дейді Жылыой әкімдігі.
نمایش همه...
🛣❗️ ТАСҚЫН КЕЗІНДЕ БҮЛІНГЕН ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АЯҚТАЛАДЫ 📍 Жылыой ауданында су тасқыны кезінде бүлінген жол атаулы қалпына келтіріліп жатыр. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекет Бозжігітовтің айтуынша, бүгінде жөндлеуді қажет ететін жалпы ұзындығы 12,1 шақырым жолдың 4,2 шақырымы төселген. Сондай-ақ су тасқыны кезінде жырылған республикалық маңызы бар «Атырау-Доссор-Құлсары-Бейнеу» тас жолының 3-63 км аралығында жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Мердігер мекеме - «Бірлік жол» ЖШС. Ал 66-119 км аралығын қалыпқа келтіру - «Казсервис» ЖШС мойнында. Олар да іске кірісіп кеткен. Ал Құлсарыға кіреберістегі 171- 210 км аралығын тақтайдай тегіс қылатын мердігерді анықтау үшін конкурс жарияланды. Жұмыстың бәрі жыл соңында аяқталады, - дейді Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылығы.
نمایش همه...
Непалда көшкін екі автобусты өзенге ағызып әкетті Автобустар қатты жаңбыр кезінде Мадан-Ашрит бағытындағы тас жолда келе жатқан. Бастапқы рейс деректеріне сәйкес, автобустардың бірінде 24 адам, екіншісінде 42 адам болған, бірақ жүргізушілер жолшыбай тағы да жолаушы мінгізген болуы мүмкін. Қазір апат орнында ауқымды құтқару операциясы жүріп жатыр. Әзірге 3 адам табылды: оларды жергілікті тұрғындар өзеннен алып шыққан. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
نمایش همه...
bKMz7V-iatXEkX0b.mp42.42 MB
Photo unavailableShow in Telegram
Атырау облысында 20 адамды қарақұрт шағып алды Атырауда аптап ыстық басталғалы қарақұрт шағып алған адам саны күрт көбейіп кетті. Осы уақытқа дейін улы жәндіктен облыс бойынша 20 адам зардап шеккен. Үшеуі бала. 6 адам жансақтау бөлімінде жатып шығыпты. «Қазір бәрінің жағдайы жақсы. Қарақұрт уына қарсы препарат қабылдаған соң үйлеріне жіберілді, - дейді дәрігерлер. Эпидемиолог дәрігер Руслан Қайыржанов зиянкес шаққан белгілер байқалса, көп созбай дәрігердің көмегіне жүгіну керек дейді.
"Жер үйде тұратын адамдар бар.Оларға шарбақтарын тазалағанада дене терісін толықтай жабатындай етіп кинініп, қолғап киіп тазалауы қажет. Және сыртта аяқ-киімі болса, сырттан үйге кіргенде киімін мән беріп қарауды ұсынамыз. Жалпы көбінесе ересек адамдарда осы белгілер лоқсу, жүрек айну, қан қысымының жоғары болуы және шаққан жерде өткір ауырсыну болады. Белгілер байқалса, уақыт созбай дәрігерге көріну керек" -деді ол.
ТОЛЫҒЫРАҚ
نمایش همه...
Атырауда Telegram арқылы есірткі сатқан ер адам ұсталды Полицейлердің мәліметінше, есірткі таратушыны екі апта бұрын, 28 маусымда есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кинологиялық орталық қызметкерлерімен бірге ұстаған. Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, синтетикалық есірткіні таратқан деген күдікпен 1987 жылы туған азамат Азаттық даңғылындағы үйлердің бірінде ұсталған. «Тінту кезінде құны 8 млн теңгеге жуық «Альфа-PVP» синтетикалық есірткінің 1 мыңға жуық дозасы анықталды. Оның Telegram әлеуметтік желісінде жарнама жасау арқылы аса ірі көлемде психотроптық заттарды сату, сатып алу және сақтау арқылы оңай пайда тапқысы келгені анықталды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Қазіргі уақытта күдікті азамат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес қамауға алынды. Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Атырау облысында арнайы қызмет өкілдері діни радикалды ұстады Сонымен қатар, күдіктілер Астана мен Шымкент қалаларында, Жамбыл облысында да экстремистік әрекеттері үшін ұсталған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, діни радикалдар әрекетінің жолын кесу шаралары прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен жүргізілді. Жедел қызметкерлер лаңкестік әрекеттерге қатысты, терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетті ұйымдастырды және осы мақсаттарға адамдарды тартты деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы мен бір шетелдікті қамауға алды. Олардың тұрғылықты жерінен ірі көлемдегі діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді. «Айта кетейік, күдіктілердің бірі бұрын шет мемлекеттің аумағында соғыс әрекеттеріне қатысқан, ол үшін Қазақстанда сотталған. ТОЛЫҒЫРАҚ
نمایش همه...
یک طرح متفاوت انتخاب کنید

طرح فعلی شما تنها برای 5 کانال تجزیه و تحلیل را مجاز می کند. برای بیشتر، لطفا یک طرح دیگر انتخاب کنید.