cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

🇰🇿 FINANCE.kz ҚАЗАҚША

Қаржы талдаушысы Андрей Чеботаревтің авторлық каналы. Қазақстандық, әлемдік қаржы, экономика жаңалықтары, пікірлер. Біз Қазақстанның жарқын экономикалық болашағына сенеміз! Қаржыға деген сүйіспеншілікпен жасалған! Кері байланыс және жарнама @FKAZanswerbot

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
462
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
اطلاعاتی وجود ندارد7 روز
اطلاعاتی وجود ندارد30 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

Repost from Economy KZ
​​⬛🏙️💰 АМТ, урбанизация және салықтық әкімшілік 📢 @ERI_Monitor Еліміздің алдында тұрған ең маңызды мәселелерді көрсетуде ⬛ АМТ. ▪️ Костенко атындағы шахтада қаза тапқандар саны 46-ке жетті. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының меншік иесінің ауысуы оның жұмысшылар алдындағы міндеттемелеріне әсер етпейді. Яғни, төлем шарттары мен әлеуметтік кепілдіктер сақталады. ▪️ Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттыруға назар аударылады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары және компанияның болашақ басшысы хабарлады. Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттыруға және негізгі қорларды жаңартуға назар аударылады. 🔺АМТ сияқты кәсіпорындарды жаңғырту және қолдау — Қазақстан алдында тұрған маңызды сын-қатерлердің бірі екені сөзсіз. 🏙️ Қалаларға қоныс аудару. ▪️ Қазақстандағы ауыл халқының үлесі 38,8%-ке дейін төмендеді, ал соңғы 12 жылда қала халқының ең көп өсімі елдің алты аймағында тіркелді. Республикалық маңызы бар қалалар бойынша, санақ кезінде Астанада 1,23 млн азамат тіркелді, сонда елорда халқы 12 жылда екі есеге өсті. Алматыда халық саны 2,03 млн адамды құрады, мегаполис тұрғындары 580,6 мың адамға артты. Шымкент қаласының халқы 1,1 млн тұрғынды құрап, 381,6 мың адамға өсті. 🔺Урбанизацияның жалғасуы тұрғын үй құрылысы мен қала құрылысын дамытудағы қиындықтардың бірі. Себебі, дамушы елдердегі қала халқының үлесі 70% құрайды. 💰 Салықтар. ▪️ Ведомствоның хабарлауы бойынша, Бас прокуратура бизнеске қосымша салықтарды есептеу тәжірибесін сотсыз қайтаруды ұсынып отыр – бұл соттарды олар үшін әдеттен тыс фискалдық функциялардан босатады. 📑 Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2021 жылғы қаңтардан бастап ағымдағы жылғы қазанға дейін соттар мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 6 506 талап арызды қарады (қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша 101,5 млрд теңге сомасына), оның ішінде 5 982 (88%; ҚҚС сомасына 89,3 млрд теңге) арыз қанағаттандырылды. Осы бастаманы іске асыру үшін қаржы министрлігі пилоттық жобаны (ағымдағы жылдың төртінші тоқсаны) өткізу туралы шешім қабылдады. 🔺Ашық және әділ салықтық әкімшілендіру бұл Президенттің Жолдауында айтылған сын-қатерлердің бірі. #ВызовыНедели #АптаМәселелері  #ChallengesToday
نمایش همه...

Photo unavailableShow in Telegram
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бірден 50 базистік пунктке 16% - ға дейін төмендетті. # БазалықМөлшерлеме @FINANCEkaz
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
💸 #САУАТСЫЗДЫҚТЫЖОЮ @ FINANCEkaz Қаржы мәдениетін бірге көтерейік! 👉 Опцион дегеніміз не? Опциондар – бұл сатып алушыға алдын-ала белгіленген бағамен және белгілі бір уақытта кез-келген негізгі активті сатып алуға немесе сатуға құқық (міндеттеме емес) беретін қаржылық келісімшарт. Опциондарды инвесторлар мен трейдерлер тәуекелдерді басқару, баға қозғалысы кезіндегі алыпсатарлық және кіріс алу үшін пайдаланады. Дегенмен, бұл күрделі қаржылық құрал және оған инвестиция салмас бұрын оның тәуекелі мен пайдасын түсіну маңызды. Мәселен, қазір Сіз бір акция құны $100 тұратын компанияның акцияларын сатып алуға мүдделісіз делік. Бірақ Сіз алдағы бірнеше айда акция бағасының көтерілетінін немесе төмендейтінін білмейсіз. Сондықтан, Сіз компанияның 100 акциясын сатып алу опционын сатып алуды ұйғарасыз, оның бағасы $110 және жарамдылық мерзімі 3 айдан кейін аяқталады. Опцион үшін акцияға $5 көлемінде сыйақы төлейсіз. Табыс $1000 құрайды. Егер 3 айдан кейін акциялардың бағасы бір акция үшін $120 дейін көтерілсе, сіз өз опционыңызды орындай аласыз және акцияларды әрқайсысын $110 сатып алып, кейін оларды нарықта бір акция үшін $10 пайдамен сата аласыз. Ал егер акциялардың бағасы өзгеріссіз қалса немесе төмендесе, сізге опционды орындаудың қажеті жоқ және Сіз тек опцион үшін төленген сыйлықақыны жоғалтасыз. Бұл жағдайда Сіздің максималды шығыныңыз $500 аспайды. @FINANCEqz
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
👉 Bereke Bank сегіз пайыздық несие таратып жатыр екен, бұл не деген батпан құйрық? Банк клиенттерді нарықтық мөлшерлемемен қаржыландыратынын былайша түсіндірген: «барлық жеке тұлғалар үшін несие мөлшерлемесі қарыз мерзіміне байланысты, ең төменгі мөлшерлеме 8% - дан басталады дейді? Өмірді/денсаулықты ерікті сақтандыруды 7 ай мерзімге дейін ресімдеген жағдайда жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме (ГЭСВ) 8,38%-дан басталады. Клиент несие түрін өзі таңдайды, яғни сақтандыруды қоса алады немесе немесе сақтандырусыз несие ала алады». Банктің сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, сақтандырусыз несие 30% - дан жоғары мөлшерлемемен беріледі. Демек, бұл шынымен нарықтық несие, тек әдемі маркетингтік тәсілмен ұсынылып отыр. #банктер #Bereke @FINANCEkaz
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстандағы жаңа iPhone-ның бағаларын көріп үлгердіңіз бе? Бұған не дейсіз? Біздегі баға тіпті санкцияға ұшыраған Мәскеудің бағаларынан асып кеткен. Ондағы Iphone бағасы 200 мың рубльді немесе миллион теңгені құрап отыр. АҚШ-та 📱бағасы $1 599 немесе 750 мың теңгеден сәл асады! @FINANCEkaz
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
💸 БАСҚАРМА МҮШЕСІНЕ ЖЫЛЫНА 43,4 МЛН ТЕҢГЕ. ҚТЖ Біршама үзілістен кейін біз #Жалақы арнайы жобасын жалғастырамыз. Кезекте ҚТЖ компаниясы. 2022 жылы басқарманың 10 мүшесінің жиынтық сыйақысы 434,2 млн теңгені құрады, ал басқарманың әрбір мүшесіне орташа есеппен айына 3,6 млн теңгеден үлестірілген. 2021 жылы басқарманың 11 мүшесі 631,2 млн теңге немесе әрқайсысы 4,7 млн теңгеден алған болатын. Демек ҚТЖ-ның орташа жиынтық сыйақысы 24% - ға қысқарған! @FINANCEqz
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
🙆‍♂️ БАСҚАРМА МҮШЕСІНЕ ЖЫЛЫНА 236 МЛН ТЕҢГЕ. БЕРЕКЕ банкі. Басқарма мүшесіне жылына 38 МЛН теңге. ОТБАСЫ БАНКІ Достар, біз #Жалақы айдарын одан әрі жалғастырамыз. Кезекте Бәйтерек холдингіне қарасты бірден екі банк — Береке және Отбасы. Береке банкінің басқармасындағы 12 мүшенің 2022 жылдағы жиынтық сыйақысы 2,8 млрд теңгені құраған, әрқайсысына айына шамамен 19,7 млн теңгеден үлестірілген. Өткен жылы Отбасы банкі басқармасының 7 мүшесінің жиынтық сыйақысы тек 267,2 млн теңгені құраған, басқарманың әрбір мүшесіне орташа есеппен айына 3,1 млн теңгеден тиген. 2021 жылы басқарманың 9 мүшесіне 261 млн теңге немесе әр адамға орта есеппен 2,4 млн теңгеден үлестірілген. Бір жылдағы өсім 22% -ды құрап отыр. Тамыз айына дейін Береке банкі Сбербанк Қазақстан деп аталып келгенін және ресейдің еншілес банкі болғанын ескерген жөн. Мұндай сыйақылар әкімшілік ауысқанға дейін төленген болуы мүмкін. @FINANCEqz
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
#ЖАЛАҚЫ: БАНКТЕРДІҢ басқарма МҮШЕЛЕРІ. АЙЫНА 48,4 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН! @FINANCEkaz 2022 жылғы банк маусымын қорытындылайды және екінші деңгейлі банктердің басқарма мүшелерінің жиынтық сыйақы кестесін жариялайды. Кестеде сыйақылардың барлық сомасы, басқарма мүшелерінің саны және бір басқарма мүшесінің орташа айлық жиынтық сыйақысы көрсетілген. Сонымен, көш басында Forte Bank — басқарманың әрбір мүшесі орташа есеппен айына 48,4 млн теңге сыйақы алып отырған. Өткен жылы банк басқарма басындағы шетелдік экспаттардың орнына қазақстандық мамандарды тағайындағанын ескерсек — әрине, құптарлық! Айтпақшы, бізде екі Kaspi бар – екеуі де банк, бірақ біреуі басқаша аталады және ол сіздің смартфоныңызда орналасқан. * Жалпы сыйақы — бұл негізгі жалақы, үстеме ақылар, сыйақылар, бонустар және басқа да қаржылық төлемдерді қосқандағы қызметкер тапқан жалпы сома. @FINANCEqz
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
👉 БАСҚАРМА МҮШЕСІНЕ ЖЫЛЫНА 43 МЛН ТЕҢГЕ. ҚазМұнайГаз #Жалақы айдарын жалғастырайық. Кезекте — былтыр IPO-ға шыққан ҚазМұнайГаз компаниясы . Басқармадағы 8 мүшенің 2022 жылдағы жиынтық сыйақысы 344,6 млн теңгені құраса, басқарманың әрбір мүшесі орташа есеппен айына 3,5 млн теңгеден алып отырған. 2021 жылы басқарманың 8 мүшесі 575,4 млн теңге немесе әрқайсысы 5,9 млн теңгеден алған болатын. Яғни, ҚазМұнайГаз компаниясы жиынтық сыйақыны 40%-ға қысқартқан! @FINANCEqz
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
👉 БАСҚАРМА МҮШЕСІНЕ ЖЫЛЫНА 30,8 МЛН ТЕҢГЕДЕН. БӘЙТЕРЕК #Жалақы арнайы жобасын одан әрі жалғастырамыз. Келесі кезекте — Бәйтерек холдингі. Басқармадағы 9 мүшенің 2022 жылдағы жиынтық сыйақысы 278 млн теңгені құрады, демек әрбір басқарма басындағы әр қызметкер орта есеппен айына 2,5 млн теңгеден алған. 2021 жылы басқарманың 7 мүшесі 292 млн теңге немесе әрқайсысы 3,4 млн теңгеден алған болатын. Яғни, холдингтегі жиынтық сыйақы көлемі 26%-ға төмендеген. @FINANCEqz
نمایش همه...