Филантроп
رفتن به کانال در Telegram
Үлкен дүние жасайтын кішігірім адам. @dopvmine электронды кітапхана: t.me/+bJPUaoFCIfw2MDFi
نمایش بیشتر821
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-47 روز
-1430 روز
آرشیو پست ها
821
2-бөлім. Оқырман бағыты
Оқырмандық траектория — бұл адамның кітап оқу жолы мен бағыты. Яғни, ол қандай мақсатпен оқиды, нені таңдайды және оқығанынан не іздейді — соның барлығы оның жеке «оқырмандық траекториясын» анықтайды.
Оқырмандық траектория түрлері:
1. Өзіне сенімді оқырман — көп оқитын, кітапты шын жүректен жақсы көретін адам. Оның оқу бағыты қалыптасқан, бәрін өзі жақсы біледі.
2. Трендке ілесуші — заманауи үрдістерден қалыс қалмауға тырысатын оқырман. Қазір қандай авторлар мен кітаптар танымал екенін бақылап отырады.
3. Әңгіме қолдаушы — достар немесе таныстар арасында әңгімені жалғастыру үшін оқитын адам. Ол әңгімеден қалып қалудан қорқады.
4. Жанрлық фанат (маньяк) — тек бір жанрды таңдап, сол бағыттағы жаңа кітаптарды ғана оқиды (мысалы, тек фэнтези, детектив немесе ғылыми фантастика).
5. Әдеби сыйлықтарды бақылаушы — жыл сайын әдеби премиялар алған кітаптарды оқиды, шорт-листерді мұқият қадағалайды.
6. Өзін-өзі дамытуға құмар — кітап адамның дамуына әсер етеді деп сенеді, кітапты пайдалы білім көзі ретінде қабылдайды.
7. «Рип ван Винкль» типі — ұзақ уақыт бойы кітап оқымаған, кейін кенеттен «әдебиетте не өзгерді?» деп қызығып, жаңалықтарды қуып оқи бастаған адам.
8. Тек нон-фикшн (ғылыми-көпшілік) оқырман — көркем әдебиетке қызықпайды, тек нақты білім мен ғылымға негізделген кітаптарды таңдайды.
9. Талдауға ұмтылатын оқырман — белгілі бір тақырыпты терең түсіну үшін кітап оқиды, нақты мәселені зерттеуге тырысады.
10. Қайта сауаттанушы (екінші рет оқуға келген) — бұрын кітап оқуға қызықпаған, бірақ қазір қайтадан оқу мәдениетіне оралғысы келетін адам.
821
Рецензия қандай болуы керек және оны қалай жазу керек?
1-қадам. Рецензия жазбас бұрын, сол рецензия жазылатын кітапты толық оқып шығыңыз.
2-қадам. Кітапты жазушының өмірімен байланыстырыңыз; бұл кітаптың автор шығармашылығындағы немесе белгілі бір әдеби бағыттағы (тілдік мектеп, ағым және т.б.) орнын анықтаңыз. Автор туралы қызық деректер келтіріп, оларды мәтіндегі оқиғалармен салыстырыңыз. Рецензияның құндылығын арттыру үшін кітапты тарихи және әдеби контексте қарастырыңыз.
3-қадам. Автордың өмірбаянын мұқият зерттеңіз.
4-қадам. Рецензияның басы: автордың аты-жөні, кітаптың атауы және баспасы. Бұл оқырманға мәтін не туралы болатынын түсінуге көмектеседі және сізге «ақ парақ алдындағы қорқынышты» жеңуге жәрдемдеседі. Осы тұста кітап пен автор туралы қысқаша мәлімет беріп, не себепті бұл кітапты оқу керектігі жайлы өз ойыңызды қосыңыз.
5-қадам. Рецензияда міндетті түрде бір негізгі идея болуы тиіс.
6-қадам. «Фишка» қосыңыз бұл тек осы рецензия үшін өзіңіз ойлап тапқан ерекше элемент болуы керек.
7-қадам. Соңғы кезең мәтінді өңдеу және қайта жазу. Қалыптасқан клишелер мен штамптардан арылу маңызды.
8-қадам. Рецензияның атауы назар аударарлық, мәнін ашатын және оқырманды қызықтыратындай болуы керек.
821
Қандай кітап/әдебиет таңдау керек?
Бұл менің жәй ғана өз тәжірибемнен алып құрастырған, 6-7 бөлімнен тұратын ақпараттар жиынтығы. Мүмкін біреуге керек болар, барлығын осында жаза салайын.
1-бөлім. Критика.
Сыншы дегеніміз кім?
Сыншылардың жіктелуі:
● Кітап сыншысы — кітаптарға терең, көлемді талдау жасайды, өзін «екінші Белинский» деңгейіне жеткізуді мақсат етеді.
● Кітап шолушысы — аптасына немесе күн сайын жаңа шыққан кітаптар туралы жазады, жаңалықтарды қадағалайды. Ол оқырманға жаңа кітаптар әлемінде бағыт табуға көмектеседі.
● Кітап журналисті — кең ауқымды маман; көбіне кітаптарға шолу жасап, жазушылар мен баспагерлерден сұхбат алады. Сондай-ақ кітап нарығының жай-күйі туралы шолу жасай алады.
● Трендсеттер — рецензия жазбайды, бірақ кітап фестивальдерін ұйымдастырады немесе әдеби премиялармен айналысады.
● Кітап блогері — дәстүрлі форматтарды жаңа платформаларда (мысалы, Telegram немесе жеке сайтта) қолданады, бірақ үнемі жазып тұрмайды.
● Бейнеcыншы — кітаптар туралы YouTube-та немесе телебағдарламаларда айтып береді.
821
Мысалы, 2 күнде жұмыста жүріп, Мэттью Макконахидің “Зеленый свет” кітабын аяқтадым. Қазір де жұмыста отырмын. Бұйырса шыққан соң рецензия жазып жіберем.
821
Ешкім қосылмаса да бәрібір. Осында-ақ, күніге өзім оқып, жұмыста тыңдап жүрген кітаптарымды осынды сала беремін. Бірақ “давай кеттік, аш” десеңдер қуана қуана ашам.
821
Өзімнің кітап клубымды ашқым келіп жүр, бірақ барлығы бір кітапты емес, өзі қалаған, таңдаған кітапты алып оқиды. Кейін бір бас қосып жиналғанда, талқылағанда сол кітапты мен құраған структура бойынша баяндап, рецензия жасап беретіндей қылып. Қалай жалпы идея?
Алдымен бастамай тұрып, барлығы қандай “литература таңдау керек?” “Қалай рецензия жазу керек?” Деген сияқты базово теорияларды алып, сол система бойынша орта құрсақ, қалай жалпы?
821
https://www.instagram.com/q.filantrop?igsh=dGp0cTdkcG9scWQ3&utm_source=qr
Инстама жазылып қойыңдар, хотя бы инстамен араласайық
821
Че то жазған посттарымды көріп, әрі қарай жалғастыруға құлшынысым жоқ боп кетті. Бүкіл нәрсе туралы жазып тастаған сияқтымын, бірақ әлі көп нәрсе жазуға болатын сияқты. Вообщем хз
821
1 постта салынатын максимум сілтемелердің лимитына жетіп қойдым ау деймін, соңғы посттардың ссылкасы көрінбей қалған екен
821
Осы жеке каналымның ашылғанына 4 жыл уақыт өтіпті. Осы уақытта жазылған каналымдағы ең маңызды посттарды тізіп жазайын. (Толықтырылады)
Кітап:
1) "Саксонские хроники" циклына рецензия
2) "Хроники Амбера" циклына рецензия
3) "Важные годы" кітабынан инсайттар
4) "Технология достижений" кітабынан инсайт
5) Кітап есте қалу үшін
6) Бастысы жәй ғана оқу
7) Өзің ешқашан оқымайтын 100 кітаптың тізімін жасаудың қажеті жоқ.
8) Сила воли кітабындағы басты ойлар
9) Уақытты кітап оқуға жұмсау
10) "Рэй Далио - Принципы" кітабына рецензия
11) Саморазвитие туралы кітаптар
Психология:
1) Локус Контроля
2) Екіжүзділік пен жағымпаздық егіз ұғым
3) Мақтаныш туралы
4) Темная психология успеха
5) Мнемотехника
6) Күнделік жүргізудің пайдасы
7) Ақпаратты есте сақтау үшін интервалды қайталау (схема)
8) Таңдау жасау
10) Депрессияда жүргендерге нұсқаулық
11) Осознанность
12) Самоанализ
13) Сабырлылық
14) Шүкіршілік
15) "Люцифер" эффектісі
Социум:
1) Футурология
2) Дамуды қалай бастадым?
3) Біз кімбіз?
4) Ахмет. Ұлт ұстазы
5) Бэтмен 2021
6) Философияны қызығатындарға нұсқаулық
7) Жаман әдеттен қалай арыламыз?
8) Акира Курасава - Еще нет
9) Үлкен нәтиже беретін шағын өзгерістер
10) Инфодиета туралы
11) Жаман әдеттер сенің қажеттілігіңнің орнын жауып тұрады.
12) Дәл қазір баста
13) қора салу мен ғимарат салудың айырмашылығы
14) Ешқандай қиындық жоқ
15) Әдет қалыптастыру бойынша
16) Зейін қою туралы
17) Күнделікті ойлар әрекетке айналады
18) Agile методологиясы
19) "Тайна 7 сестер" фильм
20) Өмір тым қысқа
21) Әр әрекеттің мәні бар
22) Біртүрлі уақыт
Биология:
1) Шимпанзеден миымыздың айырмашылығы
2) Дофамин
3) Музыка бізге қалай әсер етеді
4) Көкөніс пен жемістің депрессияға әсері
5) Ұйқы режимы
6) Дофаминның әдет қалыптастыруда әсері
7) Цифровая гигиена
8) Кофеин пайдасы
9) Дофаминді детокс
10) Дұрыс ұйқы үшін кеңес
11) Тестостерон көбейту
12) Аз қозғалудың нәтижесі
13) Биохакинг туралы
14) Стресстен құтылу
15) Қалай ерте тұруға болады?
16) 24 сағат ұйқысыздық
17) Дофамин. Практика
18) Ұйқы режимды дұрыстау
19) Контрастты душ
821
Осы жеке каналымның ашылғанына 4 жыл уақыт өтіпті. Осы уақытта жазылған каналымдағы ең маңызды посттарды тізіп жазайын.
Кітап:
1) "Саксонские хроники" циклына рецензия
2) "Хроники Амбера" циклына рецензия
3) "Важные годы" кітабынан инсайттар
Психология:
1) Локус Контроля
2) Екіжүзділік пен жағымпаздық егіз ұғым
Социум:
1) Футурология
2) Дамуды қалай бастадым?
Биология:
1) Шимпанзеден миымыздың айырмашылығы
2) Дофамин
3) Музыка бізге қалай әсер етеді
821
Осы жеке каналымның ашылғанына 4 жыл уақыт өтіпті. Осы уақытта жазылған каналымдағы ең маңызды посттарды тізіп жазайын.
Кітаптар туралы:
1) "Саксонские хроники" циклына рецензия
Психология:
2) Локус Контроля
