cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

ABAIBOL🇰🇿

Алкеев Шыңғыстың авторлық ютуб арнасының телеграм арнасы Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша: [email protected] 📹 Youtube: https://www.youtube.com/abaibol 📲Instagram: https://instagram.com/shyngys.kz www.shyngys.kz www.abaibol.kz

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
26 926
مشترکین
+524 ساعت
+1677 روز
+1 05430 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

🔞 ШАЛА ТУЫЛҒАН ШАҚАЛАҚТЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ Шымкент. 10 мамыр күні, жергілікті сақшылар шала туылған шақалағының мәйітін тастаған келіншектің құрықталғанын мәлімдеді. Анықталғандай, 7 мамыр күні Облыстық перинаталды орталық қызметкерлері әлдебір күдікті қорапты тапқан. Ал, қораптан шала туылған шақалақтың жансыз денесі табылыпты. Нышандары бойынша, шақалақ 4 айлық. Деректерге сүйенсек, әлгі «ана» арнайы дәрмек ішіп, жасанды түсік жасатқан көрінеді. Сондай-ақ, қораптан «маманың» хаты да табылған. Алайда, хаттың мазмұны жарияланбай отыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. ❗️Перинаталды орталық – жаңа туылғандарға медициналық көмек пен ем-дом көрсетететін мекеме. Атылмыш орталыққа қорап ұстаған кез-келген адам кіріп кете бере ме?! 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
نمایش همه...
😱 57😭 21👍 17 8😡 6😨 2💔 1
🔞 ПОЛИЦЕЙДІҢ МӘЙІТІ ӨЗ ҮЙІНІҢ АУЛАСЫНАН ТАБЫЛДЫ Қостанай облысы, Ұзынкөл ауылы. 10 мамыр күні, өз үйінің ауласынан полицейдің мәйіті табылды. Марқұмның мүрдесінен зомбылықтың іздері анықталған. Яғни, қасақана қылмыстың нышандары табылып отыр. Десекте, нақты қандай қарудан мерт болғаны жарияланбады. Анықталғандай, қаза болған сақшы криминалист болып қызмет жасаған екен. Бірақ, қазіргі таңда, жыл сайынғы еңбек демалысында болыпты. Әзірге құзырлы органдардың беріп отырған мәліметтері осы. Тергеу амалдары жалғасуда. ❗️Бәлкім, криминалист әлдебір қандықол дөкейдің ізіне түсті ме екен? 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
نمایش همه...
😱 68👍 14 5🕊 4👏 3
🎧 90 КҮН МУЗЫКА ТЕГІН ТЫҢДАҢЫЗ! Маған бұрынғы шыққан альбомдарым мен әндерімді сұрап хат жазатындар көп. Бастапқыда барлық тыңдармандарыма альбомдарымды тікелей жүктеу сілтемесін беріп тұратынмын. Тіпті, сілтемелерді ресми паблигіме да салып қойғам. Бірақ, әндерім мен альбомдарымды сұрайтын тыңдарман саны азаяр емес. Ал, бәрінің хаттарына жауап беру физикалық тұрғыда мүмкін емес. Мінекей, бұл мәселенің керемет шешімі табылды! Яндекс Музыкада менің барлық әндерім бар. Ең бастысы, бәрі ең жоғарғы сапада және 3 ай тегін! Ол үшін дәл осы «AAFSSV4DKK» промокодын теріңіз немесе төмендегі сілтемеге өтіңіз! Сондай-ақ, Кинопоисктегі фильмдер мен сериалдар да тегін қол жетімді болмақ. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! ❗️Төмендегі менің сілтемем арқылы өтсеңіз, промокод автоматты түрде теріледі. Сондай-ақ, жазылымнан кез-келген уақытта бас тарта аласыз. ➡️📌Тіркелу сілтемесі: https://share.kz/g9oX
نمایش همه...
👍 39 11😐 8🔥 2👏 2🤮 2🤡 1
🔞5 ҚАБАТТАН СЕКІРІП ӨЛМЕК БОЛДЫ Ақтөбе. 8 мамыр күні, көпқабатты үйдің тұрғындары тарапынан, өзіне қол жұмсағалы жатқан көршісі жайлы шұғыл ақпарат түсті. Оқиға орнына келген құтқарушылар, расыменде, 5 қабаттан секірмек болып тұрған ер адамға тап болды. Құтқарушылар дереу жерге жұмсақ құтқару құрылғысын қойып, кранмен өмірден шаршаған адамның өмірін арашалап алыпты. Бейбақтың мұндай қадамға баруына отбасылық жанжал себеп болған көрінеді. Сондай-ақ, оның мас болғаны анықталғандықтан, полицияға тапсырылды. ❗️Осындай алқаштар құтқарушыларды бос әуре етеді. Ең құрығанда, айыппұл салатын шығар. 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
نمایش همه...
😱 43👍 16 6🔥 2
🔞ҚАРУЛЫ САРБАЗ БӨЛІМШЕДЕН ҚАШЫП КЕТТІ Атырау. 8 мамыр, сағат түнгі 01:00 шамасында 19 жасты сарбаз Алексей Молдавский әскери бөлімшеден қашып кеткен. Анықталғандай, қашқын сарбаз өзімен бірге автомат қаруы мен 60 оқты қолды қылыпты. Қала аумағында жедел іздестіру шарасы жарияланып, Молдавский құрықталды. Әзірге сарбаздың қашуының себебі жарияланбай отыр. Қылмыстық іс қозғалып, қашқын сарбаз тергеу изоляторына тоғытылды. ❗️Әлімжеттіктен қажыған-ау… 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
نمایش همه...
😱 53👍 12🤣 10 5😢 1
▪️ ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 9 мамыр – Ұлы Жеңіс Күні құтты болсын! Қоғамда бұл айтулы мерекеге қатысты сан түрлі пікір бар. Бірі «біздің мейрам емес, Ресейдікі» десе, бірі «Бабаларымызды күштеп соғысқа жіберді. Кеңес мемлекеті Отанымыз емес» деп жатады. Десекте, Жеңіс күнін атап өтіп, Аталарымыздың төгілген қаны мен жанкештілігіне құрметпен қарайтындардың саны басым екені қуантады. Өткенге салауат, болашаққа аманат… Соғыс болмасын! 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
نمایش همه...
👍 63🎉 7🥰 6 4👎 2🍾 2
🎁 Бүгін менің туған күнім, өй, пәле-ай! 8 мамыр - 37 жасқа толып отырмын. Сексеннің жартысына 3-ақ жыл қалыпты. Бұрын жастау кезде 35-37 жастағы адамдар маған кәрі болып көрінуші еді. Сөйтсем, қателесіппін. Бәлкім, кішкене әжім түсіп, шашыма ақ түссе де, жаным әлі студенттікі. Баршаңызға өзіме тілегендеріңізді тілеймін, достар! Іштегі жалындарыңыз сөнбесін! 🔥 ❗️Бой-болмысым мен түр-әлпетім 37-ге ұқсай ма?
نمایش همه...
🎉 207🔥 141👍 60 38🤣 14🍾 9🌭 3😡 2
🔞ҚҰБЫР ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОРДАН ӘЙЕЛДІҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ Ақмола облысы, Щучинск қаласы. Жергілікті сақшылар «Алматыинжстрой» акционерлік қоғамынан қатысты тергеу амалдарын бастады. Себебі, осы мекеменің жылу құбырларын жүргізу үшін қазған ордан 43 жасты әйелдің мәйіті табылған. Марқұмның басы жарылған мәйітіне 1 мамыр күні, таңғы сағат 06:45 шамасында жұмысшылар тап болыпты. Көшедегі бейнебақылау камераларын шолған сақшылар, әйелдің жазмыштан мерт болғанын анықтады. Түн жарымда Ломоносов көшесімен келе жатқан ол, шалынып құлап орға түсіп кеткен екен. Нәтижесінде, басынан ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмыпты. Енді, осы орды қазып, ешқандай ескертпе тақтайшасыз ашық тастап кеткен «Алматыинжстрой» акционерлік қоғамына қатысты тексеру жұмыстары басталды. ❗️Марқұмның артында 5 баласы қалыпты. 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
نمایش همه...
😱 103😢 20👍 18💔 10 9🤬 7
☑️ 160 ТЕҢГЕ 17.000 ТЕҢГЕГЕ АЙНАЛДЫ «Sweet Bonanza» ойынында әр айналымға небәрі 160 теңге мөлшерлемеден қойып, нәтижесінде, 17.000-ға кенелдім. Яғни, жалпы сомасы 3000 теңге салып, соны 160 теңгеден қойып отырып, 4 тәтті қатарынан түсті. Бұл 10 тегін айналым берді. Яғни, осы 10 рет айналғаны үшін шотымнан ақша шешілмейді. Нәтижесінде, 8-ші айналымында 160 теңгем 17.620 теңгеге айналып отыр. Демалысым көңілді ғана емес, кішкене қомақты да болып отыр. Ойын үрдісі түсінікті әрі жеңіл. Қатарын бірдей жеміс-жидектер мен тәттілер түссе болғаны.🍬💰 ❗️Ал, менің сілтемеммен тіркелгендердің салымы жүз пайызға ұлғаяды. Яғни, 5000 салса, үстінен бонус болып тағы 5000 түседі. 💲➡️Сілтеме: https://referencemen.co/ktVmDV?c=0091w-CWXQgUf7c9b49ec24d5e0915
Десекте, аталмыш ойын ақыл тоқтатқан салқынқанды ересектерге арналғанын айтқым келеді. Көріңіздер, қараңыздар, бірақ құмарлыққа салынбаңыздар.
نمایش همه...
👎 49👍 13🖕 4 3🤡 3👏 2
🔞ТОПЫРЛАҒАН ЖІГІТТЕРДІҢ ЖАППАЙ ҚАТІГЕЗ ТӨБЕЛЕСІ Түркістан облысы, Атакент ауылы. 7 мамыр күні, аталмыш ауылдың қақ ортасында бір топ жігіттің қатысуымен жаппай төбелес орын алды. Кадрларға көз салсақ, екі тараптың адамдары құбыр, ағаш, бейсбол биталарымен бірін бірі соққыға жығуда. Тіпті, қан-жоса болғандар да таспаға ілінген. Сорақысы, оқиға құжынаған көшеде, 50-60 шақты куәгердің көз алдында орын алып отыр. Деректерге сүйенсек, жанжалдың орын алуына Өзбекстан-Қазақстан арқылы қатынайтын жүк көліктері жүргізушілерін бопсалау себеп болған көрінеді. Яғни, жаппай төбелес бопсалаушылар мен жүк көліктерінің жүргізушілері арасында болғанға ұқсайды. Бұл жергілікті тұрғындарының айтуынша. Жергілікті полиция әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. ❗️Видеоны қарап 90-шы жылдарға оралғандай болдым ғой... 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
نمایش همه...
🤯 48👍 26 12👎 5😱 5🔥 1