cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Azzzhara

Өмірлік тәжірибе, басымнан өткен оқиғалар, арасында пайдалы мағлұмат. Басты бөлік - қазақша, арасында орысша+ағылшынша+түрікше+кәрісше сөздер болуы мүмкін :) Қош келдіңіз ❤️

نمایش بیشتر
کشور مشخص نشده استزبان مشخص نشده استدسته بندی مشخص نشده است
پست‌های تبلیغاتی
213
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
اطلاعاتی وجود ندارد7 روز
اطلاعاتی وجود ندارد30 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

SDU 💙
نمایش همه...
Құрбыларыммен кезекті отырыстан ойым... + естелік “Чай с кем попало не пьют” деген орыстың сөзі бар. Қандай керемет айтылған?! 💐 Құрбыларыммен анда-санда бір шығамыз, бірақ бір шықсақ, молынан ақтарылып, әңгіме айтамыз. Осы пост кештен естелік болып қалсын. Біраз уақыттан соң оқып, немен айналысқанымызды есіме алармын. ✨ Бір құрбым маркетолог болып жұмыс істейді. Өзі елестетпеген, күтпеген адамдар, тапсырыстар, жағдайлар... Мен де digital сферасында жүргендіктен, екеуіміз бір толқындамыз 😀🤘 Кейде терминдармен сөйлеп кетеміз. Басқалар түсінбей қалады, ааал бәрін ұзағынан түсіндіреміз 😂 91 тобының “Mooz Coffee” франшизасында істеген, өз атынан киім линиясын шығарған (менде толстовкасы бар, stories-те көрсетемін). Күшті, иә?! Бұл - тек бастамасы. ✨ Келесі құрбым Түркияда оқып келді. Бәріміз түнгі уақытқа қарамай, улап-шулап шығарып салғанымыз әлі есімде. 40 күн ойын, 40 күн тойын жасадық (бізге себеп болса, болды). Қазір түріктерге қазақша үйретеді 🇹🇷🇰🇿 Онымен қоса, күмістен жасалған бұйымдар сататын онлайн интернет дүкені бар. ✨ Тағы біреуі шоколадты құлпынаймен айналысады. Мен үнемі айтамын, қыз баланың қолы бос емес болуы керек (бұл тақырыпқа бөлек пост керек сияқты). Бұрынырақта мамалар неге сетевой маркетингке кіретініне таң қалушы едім. Сөйтсем, үйде отырып, түк істемегеннен, шынында, миың істемей қалады екен 😀 Карантин шағын бизнеске әкелді. Тамақ - кішкене қиындау. Қыстың қақ ортасында құлпынай тауып, әр тапсырысы түскен сайын маған қуаныыып айтып отырады. ✨ Ендігісі қазір ағылшын тілінен сабақ береді. “Мұғалім деген мамандықты жек көруші едім. Жақындағым келмейтін, білесіңдер ғой. Бірақ тағдыр мені осыған әкеліп, бетпе-бет кездестіріп қойды”,-дейді. Тағы айтуынша, бұл мамандық өте ұнапты. Еңбек керек, әрине. Бейнет түбі - зейнет қой, бұйыртса 😉🙏 P. S. Кездесуге Алматы, Нұр-Сұлтан, Қызылордадағылар келмей қалды. Олардыкы сол - жұмыс деп жүрген. Бізге 10 сағат берсе де, 3 күн берсе де, әңгімеміз таусылмайды. Бірақ өміріміздегі әрбір керемет сәтімізді бөлісу арқылы бір-бірімізге толассыз шабыт пен күш береміз. Қолдау көрсетеміз. Құрбыларымның қолдарынан келгенше, түрлі іспен айналысатынына өте қуанамын. Осы нәрсе өте қатты ұнайды. Әр кездескенде даму, психология, маркетинг, бизнес туралы айтамыз 😂 Біреуіміз курсқа қатыссақ, шағын тренинг жасап, барлығына курста айтылғанды түсіндіреміз. Кейде “Біз расымен 19-20-дамыз ба?” деп ойланып қаламын))) Кейін бірнеше жыл өтіп, балалы-шағалы болған соң да, әңгімеміздің дәл қазіргідей жарасыыып, әдемі болып отырғанымызды қалаймын. Шын жүрекпен ✨💐 Достығымыз үнемі сырлы, мән-мағыналы болып қала берсін. Болды 😊 P. S. Ал сіз достарыңызбен / құрбыларыңызбен не жайлы сөйлесесіз?
نمایش همه...
Каналымда әндерді күтетін біраз жан бар 😘💐 Тағы сұрап тұрады: “Қашан әндер саласың?”-деп))) Өзім де үй жинағанда, тамақ пісірерде, жолға шығарда, каналымдағы барлығын жүктеп аламын. Плейлистім өзіме ұнайды 😀✨
نمایش همه...