cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

«Жазарман»

Əр тіркелген оқырман досымдай қадірлі. Əр кеткен оқырман үзілген тамырымдай. ----------------------- Дүниеге жат адаммын. Ойым аспанның аржағында, аспан астымда.

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
841
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-47 روز
-4530 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

Бұрын телеграмда оқыған кітаптары не туралы екенін, ол кітап оқырманға не бере алатынын жазатын канал болуын қалайтын едім. Кей арналар арасында жазады демесең, үнемі жазып отыратын арна тапқаным жоқ. Кейде сені дамуға, әрекетке үндейтін кітап іздейсің. Кейде рухани ләззәтқа бөлейтін кітап іздейсің. Бірақ қай кітапты оқу керек білмейсің. Сондай кезде оқыған кітаптары туралы жазатын арна ең керегі-ақ. Ақыры сол арнаны өзім аштым. Оқыған кітаптарым туралы барлығын сол жаққа жазатын боламын. Тіркеліп, пайда алғайсыздар. Тек бір ескерту, егер сенде кітап оқуға қызығушылық болмаса, тіркелме. Кітап оқитын досың болса, сілтемені жіберіп оны арнаға шақырғайсың Сілтеме: https://t.me/+VxmZuZWx4kU2Mjky
نمایش همه...
"Мартин Иден" - Джек Лондон Бұл роман тек еңбек және әрекет арқылы ең кедей қабаттан шығып кете алған адам туралы. Бір кездері ол теңізші болған, бірақ өте бай бір отбасының қызымен кездесуі оны жақсы және бай өмір сүру үшін күресуге итермелеген. Әр күні жұмыс істеу, өз-өзін жетілдіру, тәрбиелеу, дамудан тоқтамау Мартинды өте атақты және бай етеді. Ләкин, ол өзі армандаған бай өмірге қол жеткізер екен, ол қашан-ақ еш нәрсені қаламай, көңілі тыныш емес, бай өмірді ұнатпай қалған еді... Бәлкім ол қаржы жағынан байып кетуге әрекет ете беріп рухани байлықты ұмытып кетті. Жүрек тыныштығы байлықта емес шүкіршілікте екенін түсіндірген кітап болды. Қаһарман кітап авторы Джек Лондонның тағдырын қайталағанымен де роман дүниеде ең көп оқылған атақты кітаптар қатарына кіреді.
نمایش همه...
Бірер бір нәрсе жасау үшін ешқашан идеал уақытты, сәтті күтпе. Сенде өз-өзінен бос уақыт не идеал уақыт пайда болып қалмайды. Жауапкершілігің еш қайда қашпайды. Көпшілік сәл кешірек, біраз уақыт өтсе мақсатыма, ниетіме жетемін деп ойлайды. "Кейінірек оқимын" , "Кейінірек бастаймын, дүйсенбіден, айдың басынан бастаймын" , "Азырақ уақыт өтсін, қазір дайын емеспін" деп өз-өзін жұбатады. "Кейін" деген мүлдем келмеуі, келсе де ситуация дұрыс келмеуі мүмкін. Бос уақытың да болмауы мүмкін. Қолыңнан келгенін құдыретін жеткенше жаса. Қазір, дәл осы кезде. Қандай жағдай болмасын әрекеттен тоқтама. Өзіңді ақтап, сылтау табуды қой. Һәм ойлап көр, сол ойлап жүрген нәрсеңді расымен жасай алмай жүрмісің немесе сол ойды іске асыруды өзің қаламай жүрмісің? Расымен уақытың жоқпа? Немесе уақытың болмашы бір нәрселермен өтіп жатырма? Түнде жатарда "Былай істеп көрсем қалай болар екен" деген ойларыңды ақиқатқа айналдырып, әрекет етіп көретін де уақытың келді.
نمایش همه...
Әс сәләму әлейкум, кұрметті оқырмандар! Шұғыл көмектеріңіз қажет болып тұр. Өзім жақыннан танитын әпке, көп балалы ана кеуде рагына шалығып, еміне қаржылай көмек қажет болып тұр. Сәл уақыт жоғалтсақ, ауруы асқына бермек🥹💔 Қолдарыңыздан келгенше ат салысып, көмектесулеріңізді сұраймын.
«Кім бір мұсылман бауырын қиыншылықтан құтқарса, Алла Тағала осыған сай қиямет күні оның қиыншылықтарының бірін жояды» «Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді»
Админ кісілер арналарыңызда бөліссеңіздер, өтініш. Қанша сомма болса да азсынбай, бірлігімізді көрсетейікші. Мүмкін сол кісінің жасаған дұғасы - сіз бен біздің мол сауапқа кенелуімізге себепші болар. Сбор сенімді, өзім жауаптымын. Аллаһтың аманатына қиянат етпеймін, уайымдамаңыздар! 💳 Реквизит: 4400430294743163 8 707 569 90 16 Ұлмекен Ж
نمایش همه...
Үнсіз еңбек ет, жетістігің, нәтижең шауқым салсын. Жеке өміріңді жақсартудан, дамудан соншалықты қолың бос емес болсын. Біреуді жек көруге, біреумен сөз таластыруға, олардың өмірін сөз етіп, ғайбат айтып отыруға мүлдем уақытың болмасын.
نمایش همه...
Шүкір емтиханы. Көпшілігіміз емтихан, сынақтарды тек ғана қайғы-қасірет, проблема, мұңнан тұрады деп ойлаймыз. Ал негізінде, айналамызды нығметтер орап тұрғаны да емтихан. Шүкір емтиханы. Бұл сабыр етуден көре қиынырақ. Себебі басымызға сынақ, ауру, проблема келгенде ғана жаратқан Құдайымызды еске аламыз. Ләкин, нығметтер ішінде жүрер екенбіз, ақылымызға жаратқан Алламыз келмейді. Соның үшін шүкір емтиханы сабыр емтиханына қарағанда қиынырақ. Алла баршамызды бақытты болған кезінде де оны ұмытпайтындар және шүкір ететін пенделер қатарынан қылсын!
نمایش همه...
Жүрегіңнің ауырған әр бөлігі үшін құранда бір ем бар
نمایش همه...
Осы жерде Көп жыл жұмыс істесем, зейнетақым көп болады зейнетке шықсам, деп жүретін адамдарды көрсем, теңіз бір шетте қалып, аквариумда өмір сүретін балықтар көз алдыма келеді.. Бұл деген сұмдық! Таңнан шамға шекем жұмыс істейсің, әйтеуір бір түрі суық бастығың айтқанына көнуің керек. Оған сын айту мүмкін емес. Оған есеп беру... Адамдардың көбінің өмірі осылай өтіп бара жатырғаны просто сұмдық... Армандарыңды кең қыл, мақсаттарыңды биік қыл, сен аквариумдағы балық емес, теңіздегі акула бол.
نمایش همه...
Бір жұмысқа кіріп, сонда зейнетке шығам дегенше жұмыс жасаймын деп ойлау - 20 ғасыр идеясы. Ұзақ жылдық совет кезеңі ата-аналарымыздың ой пікірлерін осылай изоляциялап тастады. Ал сол ата-аналар өз балаларын простой үкімет жұмысшысы болуға тәрбиелей бастады. Үкімет жұмысы жақсы, ауырып қалсаңда айлық береді, қартайғаныңда зейнет ақың көп болады, деген сияқты ойлар миымызға сіңдірілді. Сен ондай болма! Болашақта балаларыңа мүмкіндігі барынша өз қалаған жұмысына, тәуелсіз бизнес жасауға үйрет. Аз ғана зейнетақы үшін бүкіл өмір жұмыс істеп, биік армандарыңмен мақсаттарыңнан бас тарту - ақылсыздықтан басқа ештеңе емес...
نمایش همه...
Ұзақ өмір сүру өз қолымызда! Имам Нәуәуи(рахимахулла) қырық бес жасында өмірден озған. Бірақ бізге "Сахих муслимді" шархтауға уақыт тапқан. Тарафа ибн Абд жиырма алты жасында өмірден озған. Бірақ оның "Муаллақат"ты әлі де тірі... Абдулхай Ләкнауи(рахимахулла) отыз тоғыз жасында өмірден озған. Бірақ жүзден астам кітап бізге қалдырып кеткен. Ұзақ өмір сүру Жаман емес, қысқа өмір сүру кемшілік емес. Мәселе, адам өзіне берілген бұл өмірде нелер жасай алуында... Өмір бұл - жәй сандар ғана. Хақиқи өмірімізді календарьлар мен өлімімізге тиісті құжаттар белгілей алмайды. Біздің өмірімізге тек қана қалай өмір сүргеніміз, нелер бере алғанымыз, нелер істегеніміз мағына бере алады. Терек жемісі мен маңызды. Үлкендігімен емес. Бұлт жауыны һәм саясы мен маңызды, аспанда жәй сүзуі мен емес. Хақиқи өмір күндер саны мен емес, тәжірибелер һәм сезімдер салмағы мен қадірлі... Көп уақыт өмір сүру сенің қолыңда емес шығар, бірақ ұзақ уақыт өмір сүру өз қолыңда!
نمایش همه...
یک طرح متفاوت انتخاب کنید

طرح فعلی شما تنها برای 5 کانال تجزیه و تحلیل را مجاز می کند. برای بیشتر، لطفا یک طرح دیگر انتخاب کنید.