cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Olzhas Hanafin

📚Дін, ілім, пайдалы мағлұмат

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
7 585
مشترکین
+624 ساعت
+1697 روز
+25030 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

نمایش همه...
Әйеліңізге көңіл бөлу / Олжас Ханафин

https://www.instagram.com/olzhas_hanafin

👍 28🔥 10 8
Repost from Beisenali Olzhas
Адам басынан өткен ауыр күндерді ұмытар, бірақ, сол күндері бірге болған жандарды әрдайым еске алып жүреді Әдһам Шарқауи
نمایش همه...
107👍 20 5🔥 3🎉 1
Жақсымен дос болу жалғыздықтан қайырлы. Ал жалғыздық жаман достан қайырлы. P/S: жақсы дос сенің ақыретіңді уайымдайтын, болмысы Алланы саған еске салатын дос.
نمایش همه...
166👍 35👏 3💯 3 2🎉 2🔥 1🤯 1😍 1
“Мағыналары бір-біріне жақын қолданылатын екі термин бар: “Итқан” және “Ихсан”. Итқан дегеніміз – бір істі ең кемел түрде аса шеберлікпен жасау. Ихсан – сол бір іске махабат қоя отыра шеберлікпен жасау. Адам жасайтын ісін тек шеберлікпен емес, онымен қоса ихсанмен жасаса, жасампаздықтың шегіне жетері анық». ©️шейх Усәмә әл-Әзһәри (хафизаһулла)
نمایش همه...
126👍 22😢 5🤩 5 3🔥 2💯 1
قيمة الإنسان ما يحسنه Адамның қадірі қолынан келетін ісінде. 📚 Әл-ләмияту ибн әл-Уәрди Демек бұл өмірде адамның қолынан ешнәрсе келмесе, қадірі болмайды.
نمایش همه...
109👍 26😢 15🔥 3
مَآ أَصَابَ مِن مُّصِيبَةٍ فِى ٱلْأَرْضِ وَلَا فِىٓ أَنفُسِكُمْ إِلَّا فِى كِتَٰبٍ مِّن قَبْلِ أَن نَّبْرَأَهَآ ۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرٌ Жер бетінде орын алатын (қуаңшылық, зілзала, топан су сынды) қандай апат болмасын, яки бастарыңа келетін (ауру-сырқау, ашаршылық, жақындарыңнан немесе дүние-мүліктеріңнен айырылу сынды) қандай ауыртпалық болмасын, бәрі де Біз оларды жаратпай тұрып-ақ кітапқа (лаухул-махфузға, тағдыр тақтасына) жазылып қойылған. Шүбәсіз, бұл Алла үшін оп-оңай. («Хадид» сүресі 57:22)
Бұл тағдыр. Ал келесі аятта тағдырға сенудің бұл өмірдегі пайдасы айтылады.
لِّكَيْلَا تَأْسَوْا۟ عَلَىٰ مَا فَاتَكُمْ وَلَا تَفْرَحُوا۟ بِمَآ ءَاتَىٰكُمْ ۗ وَٱللَّهُ لَا يُحِبُّ كُلَّ مُخْتَالٍ فَخُورٍ Бұл уыстарыңнан шығып кеткенге аһ ұрып өкінбеулерің және Алланың нәсіп еткен нығметтеріне масайрап, асып-таспауларың үшін. Алла кеудесіне нан пісіп, менменсіген мақтаншақтардың ешбірін ұнатпайды. («Хадид» сүресі 57:23)
نمایش همه...
108👍 12🔥 7👌 5
Алла Тағала бір жағынан сынақ берсе, басқа жағынан жеңілдікті де береді. Не болса тағдырға көнеміз ғой. Иманның шарты. Онсыз адамға сынақты қабылдау қиынға соғады.
نمایش همه...
130👍 16😢 14👏 6🔥 2
Мектеп кезден дос болған, сол кездері маған ағалық кеңестерін айтып жүретін Нұрталап деген бауырым бар. Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында “Ұлытау” деген арнаның режиссері. 2009-2011 жылдар аралығында Сәтбаев қаласының жергілікті СТА деген арнада бірге жұмыс істегенбіз. Не керек, қазіргі диагнозбен ауырып қалған кезімде, сол жылдары болған ұжымның көпшілігіне видео түсірткізіп, әрқайсының маған жолдаған қолдау сөздерін бір видеоға салып, маған жіберді. Әлбетте науқас адамға ондай нәрсе қатты әсер етеді. Қаншалықты риза болғанымды айта алмаймын енді. Әрі 10 жылдай көрмеген бұрынғы әріптестерімді де көріп қалдым. Алла разы болсын саған бауырым🤲 Бұл жазбаны оқитыныңды білемін. Бір-бірімізді іспен де, сөзбен де қолдап жүрейік. Қуанышты да, қайғылы да күндері бірге болайық. #бауырмалдық
نمایش همه...
234👍 75🔥 10😍 8🎉 7👏 5 3🤩 2
Сіздің проблемаңыз ешкімге қызық емес. Әркім өз өмірін сүріп жүре береді. Оған ренжудің де қажеті жоқ. Алайда қайғы-мұңыңызға ортақтасатын адам болса, ол да бір нығмет.
نمایش همه...
195👍 49 7💯 7
Адамдарға сондай заман келеді, ешкім аман қалмайды. Тек суға батып бара жатқан адам секілді дұға еткен адамдардан басқа. ©️ Сахаба Хузайфа ибн Яман
نمایش همه...
180😢 39👍 38🤯 10🔥 9😍 2 1💯 1