cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Ainur_ustaz_

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
31 703
مشترکین
-3024 ساعت
+67 روز
-59630 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

Лағынеті шайтан пенделердің бірін қалдырмай соңынан ілестіріп әкетемін деп Алланың алдында серт алғанда: "Бірақ, олардың ішіндегі нағыз құлдарыңды адастыра алмаймын" ("Хижр" сүресі, 40-аят), - деп, ықыласты құлдарға ғана әмірі жүрмейтіндігін мойындаған. Яғни, ықыласты қалқан еткен пенде лағынеті шайтанның соңына ермейді. құтылу: Әбу Сулейман әд-Дәрани (рахимаһуллаһ): "Егер пенде ықыласты болса, арбауға ілікпейді және рия тоқтайды", - деген. 
نمایش همه...
197🔥 22🥰 9👍 2
Белгілі ғалым Маъруф әл-Кәрхий (рахимаһуллаһ): "Әй, нәпсі, ықыласты бол! Сонда, ғана құтыласың", - деген. 
نمایش همه...
114👍 18👏 12🔥 6
Мәкхул (рахимаһуллаһ) былай деген: "Қайсыбір пенде қырық күн бойы ықыластылық танытса, жүрегінен тіліне дейінгі даналық көздері ашылады
نمایش همه...
151👍 12🥰 8
Алла елшісі (с.а.с): "Кімде-кімнің уайымы ақырет болса, Алла оның жүрегіне байлықты ұялатып, тынышталдырып қояды және қаламаса да оған дүние келеді. Ал кімде-кімнің уайымы дүние болса, Алла оның кедейлігін екі көзінің алдына ұялатып, тынышын алып қояды және оған шектеулі ғана дүние келеді", - деген(Тирмизи).
نمایش همه...
167👍 13💯 8
Соңғы айтатынымыз: Бұл оқиғаларды оқып "Ықылас қайда? Мен қайда?" деп түңіліп кетіп жатқандарда бар шығар. Егер сіз бір ғибадат жасап, оны біреу сіздің қалауыңызсыз көріп қойса, сол кезде сіздің жүрегіңізде Алладан басқа ешнәрсе жоқ болса - онда бұл өте жақсы. Жария амалдың да сауабы берілуі мүмкін. Нәпсіміз семіріп кеткен уақытта "Басқалар көрсе, жақсы ойласа" деген сияқты рия кез келген жерден өсіп шыға келеді ғой. Сол себепті ықыласпен жұмыс істеу әркімге керек. Көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген, өмір бойы Алла жолында күресіп өткен Әли ибн Әбу Талиб: "Мен соғысудан, құлшылықтан шаршамадым, ықыласымды түзеуден шаршааап кеттім" деген екен...
نمایش همه...
212👍 39💯 16🔥 14
Бұл оқиғалардан алатын ғибрат: тығылып жүріп құлшылық жасау емес қой. Мұндай адамдардың жүрегіне : "Лә иләһә иллә Аллаһ" деген сөз терең кірген. Оның салмағы таудан ауыр. Неге "Ықылас" сүресі олай аталады? Онда тек қана Алла туралы айтылған. Яғни, ықылас - бір Алланы бәрінен артық жақсы көрген, Оны жақыын таныған, Оны бәрінен артық қойған адамнан шығатындығына нұсқау болып тұр. Мысалы: ерлі-зайыптылардың өзара өздеріне ғана қатысты нәрселері бар. Оны ешкімге көрсетпейді, айтпайды. Араласса қарсы болады. Сол секілді, құлшылық - маған және Раббыма қатысты. Оған ешкім, ештеңе араласпасын деген ұғым туады.
نمایش همه...
215❤‍🔥 24👍 18🥰 12💯 11
Имам әл-Мәуирдийдің (оған Алланың рақымы болсын) кітап жазудағы ықыласы жөнінде таңғаларлық оқиға айтылады. Бұл кісі тәпсір, фиқһ сынды ірі салалар бойынша еңбектер жазса да, көзі тірісінде оның ешқайсысы да жарық көрмеген. Себебі ол қандай еңбек жазса да, оны өзінен басқа ешбір пенде білмейтін етіп бір жерге жасыратын. Өзіне өлім сәті келген шақта ең сенімді бір кісіге сыбырлап: «Пәлен деген жерде кітаптар жасырулы. Оларды мен жазғанмын. Ықылас-ниетім құбылмалы болғандықтан, ешқайсысын жария етпедім. Маған өлім анық келіп, жан тапсырар кезімде қолыңды қолыма қой. Егер қолыңды ұстап қысатын болсам, онда менен ештеме де қабыл болмады деп біл және оларды апарып қараңғы түнде Дижлә (Тигр) өзеніне ағызып жібер. Ал егер қолыңды қыспай ашық тастасам, бұл олардың қабыл болғанының және Алладан өмір бойы сұраған тілегіме жеткенімнің белгісі деп біл» дейді. Әлгі сенімді кісі Имам әл-Мәуирдийдің өмірмен қош айтысу сәтін былай деп сипаттайды: «Оған өлім сәті келгенде қолымды оның қолына қойдым. Ол менің қолымды қысқан жоқ, алақандары ашық болды. Мұны оның амалдарының қабыл болуының белгісі деп білдім. Өзінің өсиеті бойынша мен оның өмір бойы жасырын жазған кітаптарын жарыққа шығардым».
نمایش همه...
176👍 35🥰 20❤‍🔥 1
Әли ибн әл-Хусейннің садақаны түнде беруі: "Зейнул-Ъабидин" атанған Әли ибн әл-Хусейн (рахимаһуллаһ) бір дорба ұнды иығына салып алып, жан адамның көзіне түспей, қараңғы түнде кедей-кепшіктердің үйін аралап шығатын. "Түннің қараңғысында берілген садақа Раббының ашуын өшіреді" - дейтін ол өз уағыздарында. Қаладағы кедейлер өздерінің күнделікті жейтін қорегін кім әкеліп тастайтынын біле алмай дал болатын. Осындай түндердің бірінде табалдырықтарға нан қойып кететін белгісіз кісі келмей қалады. Өйткені, Әли ибн әл-Хусейн қайтыс болған еді. Оның өлі денесін көргенде өмір бойы арқалап өткен қаптың ізі иығын қиып тастаған екен. Түн қараңғылығын жамылып, қаладағы жүз кедей отбасына жасырын қорек тастап кететін белгісіз жанның кім екенін адамдар ол өмірден өткен соң бір-ақ біледі.
نمایش همه...
242🥰 20❤‍🔥 14👏 14
Әли ибн әл-Хусейннің садақаны түнде беруі: "Зейнул-Ъабидин" атанған Әли ибн әл-Хусейн (рахимаһуллаһ) бір дорба ұнды иығына салып алып, жан адамның көзіне түспей, қараңғы түнде кедей-кепшіктердің үйін аралап шығатын. "Түннің қараңғысында берілген садақа Раббының ашуын өшіреді" - дейтін ол өз уағыздарында. Қаладағы кедейлер өздерінің күнделікті жейтін қорегін кім әкеліп тастайтынын біле алмай дал болатын. Осындай түндердің бірінде табалдырықтарға нан қойып кететін белгісіз кісі келмей қалады. Өйткені, Әли ибн әл-Хусейн қайтыс болған еді. Оның өлі денесін көргенде өмір бойы арқалап өткен қаптың ізі иығын қиып тастаған екен. Түн қараңғылығын жамылып, қаладағы жүз кедей отбасына жасырын қорек ь кететін белгісіз жанның кім екенін адамдар ол өмірден өткен соң бір-ақ біледі.
نمایش همه...
Ал Юсуф ибн әл-Хусейн: "Дүниедегі нәрселердің ең ардақтысы – ықылас. Мен жүрегімнен рияны алып тастау үшін қаншама рет тырыстым. Алайда, ол басқаша түрмен қайта өсіп шығады", - деген.
نمایش همه...
👍 119 68