MAUARA-NAHR ما وراء النهر
کانال بسته
Ілім талап етушілерге арналған фиқһ және усуль фиқһ каналы Каналды жүргізуші: Daniyar Kenzheuly Сарыағаш медресесі 🇰🇿 2015-2018 Бакалавр 🇯🇴 2018-2022 Магистратура 🇯🇴 2022 Мамандық: ханафи фиқһы
نمایش بیشتر7 536
مشترکین
-424 ساعت
-317 روز
-12230 روز
آرشیو پست ها
Шұғыл
Соңғы оқу жылының ақысын төлеуге қиналып тұрған ілім жолында табанды да білімді бауырымызға көмек қажет. Қазір жетпей тұрғаны 320 000 екен. Қолдан келгенше қолұшын беріп жіберейік, ағайын! Менікі жеткізу. Осындай оқуында озат жігіттерді қолдамасақ, мұсылманшылығымызға сын шығар. Егер жеке көмек берем десе байланыстырып жіберемін.
Есебін өзім беріп отырамын: 777 0549494
Кейбіреулер ошақтағы шоқты өздері көсеп алады да, кейін жалын көтерілгенде отқа өкпелейді. Тыныштықты бұзған өздері болса да, шудан шаршаған болып шығатыны тағы бар. Қазақ «жатқан жыланның құйрығын баспа» деген…
Радикализмнің тамырына балта шауып жүрген адамды солардың санатына телу қай қисынға, қай таразыға сыяды? Сонда бұлар менің кіммен алысып, кіммен арпалысып жүргенімді көрмей ме? Қай сөзді жоққа шығарып, қай жолды жақтап жүргенімді білмей ме?
Әлде көз көргенмен, көңіл көрмей ме? Қазақ «көрмес түйені де көрмес» деуші еді. Кейде анықтың өзін аңғармау ниеттен болатын секілді. Әйтпесе, жылдар бойы бір бұлақтың көзін ашып жүрген жанды сол бұлақты лайлағандардың қатарына қосу ақылдың ісі емес. Сонда еріксіз ойлайсың, бұлардың мұраты ақиқатты табу ма, әлде қияға қонған қыранның сағын сындырып, самғауын саябырлату ма?
Өйткені кейбіреулер биікке ұшқан құстың қай жаққа бет алғанына қарамайды. Оларға аспанда жүргенінің өзі тыныштық бермейді. Адаи сияқты өмір сүрейік-те! Қайда барып күн көреміз?!
Егер сындырғыларың келсе, қазақтың дәстүрін мансұқтап, ата-баба сеніміне күмән ұялатқандарды сындырыңдар. Ұлттың тамырына құрт түсіріп, жұрттың санасына іріткі сеуіп жүргендерді тоқтатыңдар. Елдің бірлігін сөгіп, тұтастығын іріткендермен алыссаңдар жарасар. Дәстүрлі діннің тамырына су құйып, ұрпақтың санасына сабыр мен сыйластықтың дәнін егіп жүргендерді емес. Өйткені елді бұзатындар мен елді ұстап тұрғандардың ара-жігін ажырата алмаған жұрт ақырында өз қазығын өзі қопарады.
Мұның исі қай тараптан шығып тұрғанын да жақсы білемін. Сендерге айтарым: білімі мен ұстанымы қабыспайтын біреудің абыройын қолдан асқақтатып, соны күллі қазаққа діннің өлшемі етіп көрсетеміз десеңдер, қатты жаңыласыңдар. Ол адам ешқашан мұсылман жұртқа діни таразы да, діни өлшем де, бұлжымас бедел де бола алмайды.
Абыройды жарнамамен өсіруге болады, атақты қолдан жасауға болады. Бірақ қадірді халықтың жүрегіне күштеп орнату мүмкін емес. Себебі ол дін ұстанатын жұрттың алдында қадірсіз!
Кейбіреулер ошақтағы шоқты өздері көсеп алады да, кейін жалын көтерілгенде отқа өкпелейді. Тыныштықты бұзған өздері болса да, шудан шаршаған болып шығатыны тағы бар. Қазақ «жатқан жыланның құйрығын баспа» деген.
Радикализмнің тамырына балта шауып жүрген адамды солардың санатына телу қай қисынға, қай таразыға сыяды? Сонда бұлар менің кіммен алысып, кіммен арпалысып жүргенімді көрмей ме? Қай сөзді жоққа шығарып, қай жолды жақтап жүргенімді білмей ме?
Әлде көз көргенмен, көңіл көрмей ме? Қазақ «көрмес түйені де көрмес» деуші еді. Кейде анықтың өзін аңғармау ниеттен болатын секілді.
Әйтпесе, жылдар бойы бір бұлақтың көзін ашып жүрген жанды сол бұлақты лайлағандардың қатарына қосу ақылдың ісі емес. Сонда еріксіз ойлайсың, бұлардың мұраты ақиқатты табу ма, әлде қияға қонған қыранның сағын сындырып, самғауын саябырлату ма?
Өйткені кейбіреулер биікке ұшқан құстың қай жаққа бет алғанына қарамайды. Оларға аспанда жүргенінің өзі тыныштық бермейді. Адаи сияқты өмір сүрейік-те! Қайда барып күн көреміз?!
Repost from Мирас Ерланұлы
Интернет желісінде жүрген көптеген коуч болсын, дәрігер болсын проблемаларды үйіп-төгіп айтады. Бірақ шешімін айтпайды. Ал шешімі болса ақылы. Осыдан-ақ олардың саған жаны ашымайтынын түсінсей. Ал тегін үйретіп жүргендері болмашы дүниелер. Пайдасы шамалы.
Адамның салмағы Құдайдан биік болғанда…
Қасқырды қой жегені үшін емес, қойдан биік жүргені үшін жек көретіндер болады. Осы сөздің мәнін жас ұлғайған сайын ұғатын секілдімін. «Ит қапқанын емес, ұнатпағанын талайды» деуші еді. Адамның сөзіне қарсы уәж айтылса, оны түсінуге болады. Ұстанымына қарсы пікір айтылса, оны да түсінесің. Бірақ кейбіреулер сенің не айтқаныңды тыңдамайды. Олар сен туралы қандай пікір қалыптастырғысы келсе, әуелі соны жасап алады да, қалғанының бәрін соған жамауға кіріседі.
Қызығы, адамды кейде қателігінен бұрын, қасқайып тұрғаны үшін жақтырмайды екен. Өйткені иілгенге кешірім көп. Бүгілгенге орын көп. Ал тік тұрған ағашқа жел де көбірек соғады, балта да жиі көтеріледі. Сондықтан кейде кінәні өзіңнен іздеп шаршайсың. Жүрген жолыңнан қарайсың. Айтқан сөзіңнен қарайсың. Ақыры түсінесің, кейбір соттарда дәлел сұралмайды екен. Ондай соттарда үкім әлдеқашан жазылып қояды.
Қазақ «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» дейді. Бұл сөзбен толық келіспеймін-(де) Кейде шөптің басын жел емес, біреу әдейі қозғап тұрғандай көрінеді. Өкініштісі сол, жұрт шөптің қозғалғанына қарайды да, оны кімнің қозғағанына үңілмейді. Өкінішке қарай, бүгін де талай адам сөзінің дұрыстығымен емес, соңындағы дәулетімен, даңқымен, ықпалымен өтімді болып тұр. Содан кейін ғой біреудің қателігі ақталып, біреудің дұрыстығы күмәнға айналып тұрған. Мұндай заман туғалы қашан.
Міне, адамның салмағы ақиқаттан ауыр тарта бастаған жер - осы. Ал адамның салмағы ақиқаттан ауырлаған жерде, ақиқаттың өзі жетім қалады…
Аузы қисық болса да, байдың ҚАТЫНЫ сөйлесін
Ақшаң болса, ардан да аттайсың, халық оны да кешіреді. Өйткені жұрттың аузын ақшаға, тегін пәтерге, анда-санда үлестірген қайырымдылыққа жаптың. Әншейінде әділдік деп ұрандап, мазлұмның сөзін сөйлеп жүретіндер қалтасы қалыңның алдына келгенде көзін шел басып, құлағына қорғасын құйылғандай күй кешеді. Осы бізге әділдік те, имандылық та, тіпті қазақылық та қадір болмай барады. Қадірлісі - дүние. Ақшаның жылт еткен ұшын көрсетсе болды, тобырлыққа салынып, соңынан шұбырып ере жөнелеміз.
Байлығы бардың сөзіне бас шұлғып, қателігіне көз жұма қараймыз. Бүгінгі жұрттың өлшемі ақшаның салмағы болып қалды. Ақиқат өлгелі қашан. Сондықтан арсыз байлардың адамды кемсітуі де, қорлауы да, үстінен күлуі де ерсі көрінбейді. Өйткені оларды тоқтататын ар емес, ақшасына қызығатын ТОБЫР көбейіп барады.
Дегенмен мұндай арсыздықтың тамыры тек дүниеге тіреліп тұр десем үстірт пайым болар. Оның ар жағында адамның ұстанымы, көңілінің ауып тұрған бағыты, ішкі таңдауы жатыр. Кей адамдар үшін әлдекімнің байлығы емес, оның дінге және діни адамдарға деген көзқарасы әлдеқайда маңызды. Егер әлгі байдың ұстанымы олардың ішкі қалауымен қабысып жатса, онда оның беделі тіпті арта түседі. Біреуді қорлап, кемсітіп, әдептің шекарасынан асып кетсе де, оған ақтау табыла кетеді.
Дәл осындай кезде ақиқаттың таразысы жоғалады. Басты мәселе кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенінде емес, кімнің қай жақта тұрғанында болып қалады. Егер қарсы тарап діндар болса, оның айтқанының бәрі қате, істегенінің бәрі зиян болып көрінеді. Ал өздері жақтаған адам АРДЫҢ шегінен асып кетсе де, оған мың түрлі сылтау табылады. Әділеттің өлген жері дәл осы жер. Адамның сөзі мен ісінен бұрын оған деген жеке симпатия мен өшпенділік үкім шығаратын деңгейге жеткен қоғамда ақиқат емес, көзқарас жеңеді.
Ақиқат кімнің айтқанымен өлшенбеуі керек. Ақиқат байдың аузында да ақиқат, кедейдің аузында да ақиқат. Ал өтірік пен арсыздықтың иесіне қарап түрленіп кетуі - тобырлық сананың белгісі.
Енді 50 мың қалды. Билетті арғы күні алады, көмектесіп жіберейік
Пополнение: 2 000 ₸
Замира Д.
Доступно: 201 188,20 ₸
Құрбан айт құтты болсын, ағайын! Шалынғалы жатқан құрбандықьарымыз ықыласымыздығ куәсі болсын!
Мына сборды жауып тастасайық. 140 мың жиналды.
Шұғыл
Бауырлар! Өзім жақсы танитын бауырымыз оқуын тәмамдап елге отбасымен оралғалы жатыр. Дін жолында еңбек ететін бауырымыздың билетіне қол ұшын беріп жіберсек. Отбасына алынатын билетке 250 мың тг жетпей тұр екен. Осы игі іске атсалысып жіберейік! Өзім есебін беремін
Каспи: 777 054 94 94
Ұмыту көп жағдайда адамның қалауымен болмайтын, жаратылысына тән нәрсе. Одан ешкім толық аман емес. Юсуф пайғамбардың қиссасында қасындағы адам патшаға оны айтуды ұмытып кетеді де, Юсуф عليه السلام түрмеде тағы бірнеше жыл қалады. Біраз уақыт өткен соң ғана есіне түсті.
Адам ата жайлы да: «Бұрын Адамға өсиет еткен едік, бірақ ол ұмытты», - делінген. Сондай-ақ Мұса пайғамбардың қасындағы жігіт те балық оқиғасын ұмытып қалған еді.
Демек, ұмыту — адам баласына тән сипат. Егер онда салғырттық пен немқұрайлылық болмаса, адам айыпталмайды. Тіпті кейде ұмытудың өзінде жақсылық бар. Мысалы, адам қайғыны, ауыр сәттерді, жараны уақыт өте ұмытады.
Сол үшін өзіңнің немесе айналаңдағы адамдардың кейбір нәрселерді ұмытып қалуына қатты мұңайма. Бүгін сені қинаған нәрсенің өзі ертең ұмыт болады.
Әйел адамның дауысы әурет емес
Бұл жайлы Шархул Мунияда:
«Ең дұрыс пікір - әйел адамның дауысы әурет емес. Алайда ол фитнаға себеп болуы мүмкін», — делінген. Мұны әл-Һидая авторы және өзге ғалымдар әйелдің талбияны дауыстап айту мәселесінде осы себеппен түсіндірген.
Сондай-ақ намазда әйелдердің “субханаллаһ” деп дауыстап ескертуіне тыйым салынуының себебі де осы мағынаға байланысты болса керек. Сондықтан бөтен еркектердің жанында әйелдің дауысын көтеруінің харам болуы — оның дауысы әурет дегенді білдірмейді»
Сұрақ: тұрғылықты адам бесін намазында жолаушы имамға ұйып намаз оқыды. Имам екі рәкәғаттан кейін сәлем берген соң, әлгі адам қалған екі рәкәғатын толықтыру үшін тұрды да, сол рәкәғаттарда қырағат оқып қойса үкімі қандай, намазын қайта оқуы керек пе?
Жауап: тұрғылықты адамның жолаушыға ұюы дұрыс. Жолаушы екі ракағатты оқып, екі жаққа сәлем берген соң: «Намаздарыңызды толықтырыңдар, біз жолаушымыз» деп айтуы - сүннет.
Алайда ұюшы адам қалған екі рәкәғатта қырағат оқымайды. Себебі ол бұл жағдайда ләхиқ (намаздың ішінде ұйықтап қалған) үкімінде саналады. Егер қырағат оқып қойса, намазы дұрыс болады. Бірақ мәкруһпен орындалғандықтан, уақыт шықпаса оны қайта оқу қажет.
ИСА ПАЙҒАМБАР КӨКТЕН ТҮСКЕНДЕ ХАНАФИ МӘЗҺАБЫН ҰСТАНА МА?
Имам ибн Абидин өзінің «Раддул-мухтар» еңбегінде былай дейді: «Әһл-кәшф иелері: Имам Әбу Ханифаның мәзһабы ең алғаш жүйеленіп жазылған мәзһаб болғаны секілді, ең соңында жойылатын мәзһаб та осы болады,- деп айтқан.
Алайда бұл сөзден Иса пайғамбар жерге түскенде Имам Әбу Ханифаның мәзһабымен үкім етеді деген қорытынды шықпайды. Өйткені пайғамбар дәлелмен үкім етеді.
Сол үшін Имам Суюти: Иса пайғамбар төрт мәзһабтың біреуімен үкім етеді» деген сөздің негізі жоқ. Пайғамбардың бір мужтаһидке ілесуі қалай мүмкін болсын? Тіпті осы имамдардың дәрежесіндегі мужтаһидтердің өзі басқаға тақлид (ілеспейді) жасамайды, - деген.
Иса пайғамбардың қалай үкім ететіні жайлы бірнеше ықтималдық бар: ижтиһад арқылы, бұрын уахимен білген шариғат ілімі арқылы, көкте жүрген кезінде үйренген ілім арқылы немесе Құраннан үкімді тікелей түсіну арқылы. Имам Тәжуддин әс-Субки соңғы пікірмен шектелген.
Ал Мулла Әли әл-Қари Ибн Хажар әл-Асқаланиден: «Иса пайғамбар жерге түскенде Құран мен сүннетті жатқа біліп түсе ме, әлде сол заман ғалымдарынан үйрене ме? - деп сұралғанда, ол: Бұл жайлы нақты риуаят келмеген. Бірақ оның мәртебесіне лайық нәрсе - мұны тікелей Мұхаммед пайғамбардан алуы. Өйткені ол, шын мәнінде, оның үмбетіне қатысты орынбасары, - деп жауап бергенін жеткізеді.
Сондай-ақ кейбір адамдардың: Имам Мәһди Имам Әбу Ханифаға тақлид жасайды» деген сөзін де Мулла Әли әл-Қари теріске шығарған. Керісінше ол Имам Мәһдидің абсолютті мужтаһид екенін айтқан.
Сондай-ақ кейбір өтірікшілер ойдан шығарған хикаяны да жоққа шығарады. Ол хикаяда Хызыр Имам Әбу Ханифадан шариғи үкімдерді үйреніп, кейін оны Әбул Қасым әл-Қушайриге үйреткені, Қушайридің ол ілімді кітап қылып сандыққа салып Жейхун өзеніне тастағаны, кейін Иса пайғамбар жерге түскенде сол сандықты шығарып, ішіндегімен үкім ететіні айтылады.
Ғалымдар бұл әңгімені: Негізсіз, жалған сөз. Мұны тек жоққа шығару үшін ғана айтуға болады», - деп бағалаған.
Әбу Ханифаның мәжілісінде ұлылардың өзі кішірейіп қалатын.
Бір адам Абдулла ибн Мубарактан: «Имам Ағзам Әбу Ханифа мен Имам Мәликтің қайсысы фиқһта тереңірек?», деп сұрады.
Сонда ол: «Әбу Ханифа - жер жүзін Мәликтей ғалымдар толтырса да, бәрінен де фиқһтан ілімітерең», деп жауап берді.
Келесі бір сөзінде Абдулла ибн Мубарак «Әбу Ханифадан нәсібі болмаған адам - шын мәнінде мақұрым. Әбу Ханифаның мәжілісінде ұлылардың өзі кішірейіп қалатын. Мен өзімді ешбір мәжілісте Әбу Ханифаның қасындағыдай төмен сезінбедім.
Әрі Әбу Ханифамен пікірталасқа түскен адамды көрсем, оған жаным ашитын».
Табақат Ибн Дуқмақ.
Құрбандық малының етін шамалап, өлшемсіз бөлу дұрыс емес
Ірі қара малды бірнеше адам бірігіп құрбандыққа шалғанда ет мүмкіндігінше тең бөліну қажет. Бұл жайла ханафи мәзһабының көрнекті ғалымы: Ибн Абидин: егер бірнеше адам бірігіп бір мал сойса, етті дәл өлшеммен бөлісу керек. Себебі мұндай бөлу ісінде айырбас мағынасы бар. Ал ет риба үкімі жүретін өлшенетін мүлік санатына кіреді. Сондықтан бір тараптың үлесі артық не кем болып кету ықтималы болған жағдайда, етті «шамамен» бөлісу дұрыс болмайды, деген.
Сол себепті фақиһтар: «Егер олар етті шамалап бөліссе, бұл рұқсат емес» деген. Өйткені мұнда риба күдігі бар. Тіпті «бір-бірімізге разымыз» деп кешіріссе де, бұл мәселе шешілмейді. Себебі риба разылықпен халал болып кетпейді.
Алайда егер біреудің үлесіне етпен бірге тері не сирақ сияқты басқа зат қосылса, онда рұқсат етіледі. Өйткені бұл жағдайда айырбас «біртекті заттың өзімен» ғана жүзеге асып тұрған жоқ.
Демек, Ханафи мәзһабында ортақ құрбандық етін бөлуде негізгі қағида - әділдік пен риба күдігінен сақтану. Сол үшін етті нақты өлшеп бөлу ең дұрыс әрі сақ амал.
Фиқһ әдебиеттерінде «Имамул-Харамайн» лақабы екі ғалымға қолданылған:
Ханафи мәзһабындағы Имамул-Харамайн - Әбу Музаффар Юсуф әл-Қади әл-Журжани.
Шафиғи мәзһабындағы Имамул-Харамайн - Әбул-Мағали Абдулмәлик ибн Абдулла ибн Юсуф әл-Жууәйни.
Сондықтан кітаптарда немесе ғылыми мәтіндерде «Имамул-Харамайн айтты» деген тіркес келгенде, қай мәзһаб ғалымы меңзелгеніне контекст арқылы назар аудару қажет.
Ханафи мәзһабының калассикалық «әд-Дуррул-Мухтар» кітабында: «Зиян келтірмейтін жануарды өлтіру халал емес» деп айтылған. Осыған байланысты ғалымдар: «Егер үй иті зиян тигізбесе, оны өлтіруге болмайды» деген. Ал хадистерде келген иттерді өлтіру туралы бұйрық кейіннен мансұқ болған. «Фатхул-Қадир» кітабында бұл хадис «Яғни зиян келтірмеген жағдайда» деп түсіндірілген.
Демек, Ханафи фиқһында үкім жануардың атауына емес, оның зиянына байланысты беріледі. Егер зияны болмаса, оны өлтіруге рұқсат етілмейді.
Ит жалаған ыдысты үш рет жуу уәжіп пе, әлде мұстахаб па?
Фақиһтар бұл мәселеде: хадисте үш рет жуу саны келгендіктен, санның негізі қабыл етіледі деген. Алайда бұл сан уәжіп мағынасында емес, мұстахаб мағынасында түсіндірілген.
Себебі хадистің риуаятшысы Әбу Һурайрадан басқа бір сахих риуаятпен: «Бір рет жуса жеткілікті» деген сөз де келген. Осыдан ғалымдар оның «үш рет жуу» жайлы риуаяты міндеттеу емес, абзалырақ амалға ынталандыру екенін түсінген. Сондай-ақ кейін жеті рет жуу туралы риуаяттардың келуі де санның нақты міндет емес екеніне ишара етеді.
«Әл-биная»
Демек, Ханафи мәзһабында ит жалаған ыдысты жуудың негізі тазалау. Ал белгілі бір санды сақтау уәжіп емес, мұстахаб саналады. Фатхул қадир сынды басқа да еңбектерде 3 рет жуу уәжіп деп келген. Алайда бұл тарджих (басымдылық беру) қағидаларына сай келмейді. Себебі түрлі көзқарастардың арасында хадиске негізделіп тарджих жасау дұрыс емес. Бұл өз кезегінде мухаддис фақиһтардың жолы.
Ниеттің дұрыс болуы үшін тілмен айту жеткіліксіз. Негізгі өлшем жүректегі ниет. Сондықтан ниет шарт етілетін істерде тіл мен жүрек екі түрлі нәрсеге бағытталса, үкім жүректегі мақсатқа қарай беріледі. Мысалы, адам жүрегімен бесін намазын ниет етіп, тілімен байқамай екінтіні айтып қойса, есепке алынатыны - жүректегі ниет.
Алайда бұл қағида барлық мәселеге бірдей жүрмейді. Фиқһта ниетке тәуелсіз жүзеге асатын немесе разылық шарт етілмейтін үкімдер бар. Мәселен: ант беру, талақ, құл азат ету, неке, нәзір, сияқты мәселелер. Мұндай жағдайларда кейде тілден шыққан сөздің өзі құқықтық салдарға жеткілікті саналады. Сондықтан адам әдейі мақсат етпесе де, тілі байқаусызда ант сөзін айтып қойса, анты күшіне енеді әрі кәффарат міндеттеледі. Сол секілді талақ пен құл азат ету мәселесінде де сөз сыртқы сот үкімі тұрғысынан жүзеге асады. Бірақ діни жауапкершілік пен Алла алдындағы шынайы хәл бөлек қарастырылады.
«әт-Тахқиқул-бәһир»
