cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Құран тыңда | Qur'an tynda 🎧

Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа барокатуһ!

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
23 361
مشترکین
+1324 ساعت
+697 روز
+17730 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

52👍 26👏 2
Сіз жиі Құран тыңдайсызба?Anonymous voting
  • Иа, әрдайым тыңдаймын.
  • Тыңдаймын, бірақ әр кезде.
  • Дүние тіршілігінен уақыт болмай жүр.
0 votes
👍 102 45😢 33🔥 7🤷‍♀ 5😐 4
ШИРК, АЛЛАҺҚА СЕРІК ҚОСУ, АЛЛАҺПЕН ӨЗГЕНІ ТЕҢЕУ - МӘҢГІ ТОЗАҚТА БОЛАТЫН ЕҢ ҮЛКЕН КҮНӘ! Имам әз-Зәһәби (рахимаһуллаһ) айтқан: Ширк деген – Аллаһ Тағала сені жаратқанын біле тұра, Оған біреуді тең қылып алу, Одан басқаға құлшылық жасау, табыну, сыйыну, сəжде қылу, жалбарынып дұға ету, мейлі ол тас болсын, ағаш болсын, күн болсын, ай болсын, пайғамбар болсын, пір болсын, ғалым (әулие, әруақ) болсын, аспандағы жұлдыз болсын, періште болсын немесе бұлардан басқа қандай да бір нəрсе болсын, бұның барлығы – ширкке жатады, әрі Аллаһ Тағала оны ең үлкен күнə деген. Аллаһ Тағала айтқандай: ﴿إِنَّ اللهَ لَا يَغْفِرُ أَنْ يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَٰلِكَ لِمَنْ يَشَاءُ ۚ وَمَنْ يُشْرِكْ باللهِ فَقَدِ افْتَرَىٰ إِثْمًا عَظِيمًا﴾. ﴾Расында, Аллаһ Өзіне серік қосқанды кешірмейді. Ал одан өзге (күнəні) қалаған құлына кешіреді. Ал енді кім Аллаһқа серік қосатын болса, үлкен бір күнəні ойдан құрастырған болады﴿. Ниса, 48-аят. ﴿إِنَّ الشِّرْكَ لَظُلْمٌ عَظِيمٌ﴾ ﴾Расында, ширк – ең үлкен әділетсіздік (күнә)﴿. Лұқман, 13-аят. ﴿إِنَّهُ مَنْ يُشْرِكْ باللهِ فَقَدْ حَرَّمَ اللهُ عَلَيْهِ الْجَنَّةَ وَمَأْوَاهُ النَّارُ﴾. ﴾Шын мəнінде, Аллаһқа серік қосқан адамға Аллаһ жəннатты харам етеді де, оның тұрақтайтын орны От (мəңгі тозақ оты) болады﴿. Мəида, 72-аят. Бұл мәселеге қатысты аяттар өте көп. Кімде-кім Аллаһқа серік қосып сосын сол мушрик күйінде өмірден өтсе, онда үзілді-кесілді түрде Тозаққа түсушілерден болады, сол секілді кімде-кім Аллаһқа иман келтіріп мүмін күйінде өмірден өтсе, кейбір үлкен күнəлары үшін азапталса да, түбінде Жәннат тұрғындарынан болады. Абу Бакр Нуфей ибн Харис (Аллаһ одан разы болсын) айтқан: أَلَا أُنَبِّئُكُمْ بِأَكْبَرِ الْكَبَائِرِ. ثَلَاثًا، قَالُوا: بَلَى يَا رَسُولَ اللهِ. قَالَ: الْإِشْرَاكُ بِاللهِ، وَعُقُوقُ الْوَالِدَيْنِ. وَجَلَسَ وَكَانَ مُتَّكِئًا فَقَالَ: أَلَا وَقَوْلُ الزُّورِ. قَالَ: فَمَا زَالَ يُكَرِّرُهَا حَتَّى قُلْنَا: لَيْتَهُ سَكَتَ. «Бір күні Алла елшісі ﷺ: «Сендерге ең үлкен күнə жайлы айтып берейін бе?»,- деп үш рет қайталап айтты. Сахабалар: «Əрине, уа Аллаһтың елшісі!»,- деп жауап қатты. Аллаһ елшісі ﷺ: «Аллаһқа серік қосу жəне ата-анаға тілазарлық қылу (қарсы келу)» деді. Аллаһ елшісі ﷺ бұны айтқан кезде жартылай сүйеніп отырған еді, кейін жайғасып отырып: «Және жалған сөз айту əрі жалған куəлік беру (өтірік құжат алу)» деп, осы сөзді қайталағаны соншалықты, біз (ішімізден оған жанымыз ашып): «Тоқтай салса еді»,- деп айттық». 📚 Бұхари (2654), Муслим (87). Абу Һурайрадан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте пайғамбарымыз ﷺ былай деген: اجْتَنِبُوا السَّبْعَ الْمُوبِقَاتِ. قَالُوا: يَا رَسُولَ اللهِ، وَمَا هُنَّ؟ قَالَ: الشِّرْكُ بِاللهِ، وَالسِّحْرُ، وَقَتْلُ النَّفْسِ الَّتِي حَرَّمَ اللهُ إِلَّا بِالْحَقِّ، وَأَكْلُ الرِّبَا، وَأَكْلُ مَالِ الْيَتِيمِ، وَالتَّوَلِّي يَوْمَ الزَّحْفِ، وَقَذْفُ الْمُحْصَنَاتِ الْمُؤْمِنَاتِ الْغَافِلَاتِ. «Адамды құрдымға кетіретін жеті түрлі үлкен күнəдан сақтаныңдар»,- деді. Сонда сахабалар: «Олар қандай күнәлар?»,- деп сұрады. Сөйтіп Аллаһ елшісі ﷺ айтты: 1) Аллаһқа серік қосу (ширк); 2) Сиқырмен айналысу; 3) Жазықсыз адамды өлтіру; 4) Жетімнің малын (ешбір ақысыз) жеу; 5) Өсімқорлық (риба); 6) Шайқас алаңынан қашу; 7) Ары таза мұсылман әйелдерді зинамен айыптау». 📚 Бұхари (2766), Муслим (89). 📗 Әл-Кәбәир (80). —––———– Жәбир ибн Абдуллаһ (Аллаһ одан разы болсын) естіген хадисте Аллаһ елшісі ﷺ былай деген: مَنْ لَقِيَ اللهَ لَا يُشْرِكُ بِهِ شَيْئًا دَخَلَ الْجَنَّةَ، وَمَنْ لَقِيَهُ يُشْرِكُ بِهِ دَخَلَ النَّارَ. «Кімде-кім Аллаһқа Оған ешкімді және ешнәрсені серік қоспаған (бір риуаятта: Одан басқа ешкімнен дұға тілемеген) күйде жолықтырса, ол адам жәннатқа кіреді, ал енді кім Аллаһқа Оған өзге біреуді немесе бірнәрсені серік қосқан (бір риуаятта: Одан басқадан дұға тілеген) халде жолықтырса, ол адам тозаққа түседі». 📚 Муслим (93).
نمایش همه...
74👍 51👏 5🔥 3🙏 3
92👍 19💔 10❤‍🔥 6🥰 6🤩 3🔥 1
76👍 19🔥 4🤔 2
نمایش همه...

👍 15 7🕊 6