cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Qyzylorda NEWS

• Өзекті жаңалықтар • Санайғақтар • Сараптамалар 🔻Ресми сайт🔻 https://kyzylorda-news.kz/

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
5 423
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-347 روز
-8530 روز
آرشیو پست ها
Photo unavailableShow in Telegram
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрылыс сатысындағы нысандар мен жолдардың сапасына қатысты арнайы жедел мәжіліс өткізіп, жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді. – Ел игілігіне қызмет ететін нысандардың құрылыс сапасына асқан жауапкершілікпен қарау керек. Сала басшылары өзіне қатысты әр жобаның уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын бақылауда ұстауы қажет. Арнайы комиссия жіберіп тексеретін боламыз. Қажет болған жағдайда, жұмысты уақытылы аяқтамаған мердігер мекемеге шара көру керек. Бұған облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар басшыларымен қатар аудан әкімдері де тікелей жауапты. Басталған құрылыс жұмыстарын тиянақты орындап, мерзімінде пайдалануға беруді тапсырамын, – деді Нұрлыбек Нәлібаев. Сонымен қатар, облыс әкімі Қызылорда қаласындағы, аудандар мен барлық елді мекендегі мекемелердің сырт келбеті таза, заманауи талапқа сай болуы керек екенін ескертіп, олардың айналасын көгалдандыру міндетін жүктеді.
نمایش همه...
АТЫРАУЛЫҚ ҚОНАҚТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА Су тасқыны қаупі туындаған Атырау қаласынан 16 сәуір күні кешкі сағат 20.00 шамасында Қызылордаға екі автобуспен 93 адам келді. Олармен жауапты басшылар кездесіп, сағат 21.30-да қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты Зейнеткерлерге жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 59 адам, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық- техникалық жоғары колледжінің жатақханасына 34 адам орналастырылды. Атыраулық қонақтардың барлық қажеттіліктерін жергілікті әкімдік қамтамасыз етуде. Бір ескеретін жайт, дәл қазіргі уақытта олардың керек-жарағына деп халықтан ақша жинаудың қажеті жоқ.
نمایش همه...
👍 3 1
02:01
Video unavailableShow in Telegram
TYNYS: “ARAY CITY MALL” САУДА ОРТАЛЫҒЫ #кызылорда #тыныс #qyzylordanews #vibe
نمایش همه...
👍 3
Photo unavailableShow in Telegram
Қызғыз бауырлар TikTok-ты бұғаттайтын болыпты. Көршіміздің мұндай шешім шығаруына TikTok тарапынан "балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы" Қырғыз Республикасының Заңын сақтамау негіз болған. Қалай ойлайсыздар, бұғаттамасақ та мүмкін бізге де Тиктокты шектеу керек шығар?
نمایش همه...
👍 10
01:48
Video unavailableShow in Telegram
Оралдық оқушылар Аралдың Қамбашында.
نمایش همه...
👍 7
Photo unavailableShow in Telegram
ҚЫЗЫЛОРДАДА МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда музыкалық колледжінің жаңа ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті. Іс-шараға «Саутс Ойл» компаниясының вице-президенті Серік Мырзабеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жырау Алмас Алматов қатысты. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты жаңа нысан құрылысының басталуымен құттықтады.
نمایش همه...
👍 10🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қызылорда қаласына қарасты Баймұрат батыр ауылында жаңа амбулатория ашылды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласына қарасты Баймұрат батыр ауылындағы ауысымына 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның ашылу рәсіміне қатысты. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын жаңа нысанның пайдалануға берілуімен құттықтап, денсаулық сақтау саласындағы келелі істерге тоқталды.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Шыны керек, депутаттар халық пен биліктің арасындағы алтын көпірді де атқарады. Үкімет басшысына, министрлерге, басқа да жоғары лауазымды азаматтарға мемлекеттің, халықтың мәселесін айтып, кейде қордаланған проблеманың шешу жолдарын да ұсынып жатады. Парламентте отырған қызылордалық депутаттардың да белсенді екенін жұртшылық жақсы біледі. Бүгін Қызылордалық депутаттардың Парламентте қандай мәселе көтеріп жүргенін сөз етеміз. Толығырақ... https://kyzylorda-news.kz/basty-zhangalyqtar/khyzylordalykh-deputattar-parlamentte-khandaj-maesele-koeterip-zhuer-17-04-2024
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Қызылорда қаласында Сенат депутаттығына үміткерлермен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлер Наурызбай Байқадамов, Алмасбек Есмаханов, Абайбек Жүнісов сөз сөйледі. Үміткерлер жиынға қатысушыларға өздерінің сайлау алды бағдарламаларын таныстырды. Сондай-ақ, депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берді.
نمایش همه...
👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде атқарылып жатқан негізгі жобаның бірі – жаяу жүргіншілер жолының құрылысы. Биыл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандар орналасқан 6 көшеге (Ш. Есенов, Ғ. Мұратбаев, З. Шүкіров, Ә. Сапарбаев, О. Сейтпенбетов, Ә. Оразбаев) жаяу жүргіншілер жолы салынуда.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Су тасқыны ткралы ақпарат Су тасқыны басталғалы бері барлығы 116 949 адам, оның ішінде 40 781 бала, оның ішінде тартылған әуе кемелерімен 3 878 адам, оның ішінде 1 501 бала құтқарылып, эвакуацияланды. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 709 тұрғын үй мен 2 475 аула аумағынан су бұрылды. 5 837 жеке тұрғын үй, 1 353 аула аумағы су астында қалуда. 9,8 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 2,9 млн. қапшық және 1,4 млн. тонна инертті материал төселді. Толығырақ... https://kyzylorda-news.kz/basty-zhangalyqtar/su-taskhyny-khazirgi-zhaghdaj-khalaj-17-04-2024
نمایش همه...
👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақбөкендерді атуға тыйым салды.
نمایش همه...
🔥 2
Photo unavailableShow in Telegram
Солтүстік Қазақстан облысынан кейін Президент борты Қостанай облысына ұшып келді. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қазіргі ахуалмен танысу үшін тікұшақпен су басқын аумақтарды аралап көрді.
نمایش همه...
🔥 2
Photo unavailableShow in Telegram
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте аймақтағы еңбек ұжымдарында қалыптасқан жағдай талқыланды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы, құзырлы мемлекеттік органдар мен еңбек дауы туындауы ықтимал мекеме басшылары қатысты.
نمایش همه...
👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
Қызылордалық жастар Үндістанға жолдама ұтып алды 13-14 сәуір күні Түркістан қаласында «Respublica» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Recodetau» республикалық хакатонында қызылордалық жастардан құралған «NeoNomad» командасы 1 орын иеленіп, Үндістан мемлекетінде 10 күн тағылымдамадан өтуге жолдама жеңді. Сырбойының намысын қорғау үшін хакатонға қатысқан 3 команда финалдық кезеңге өткен.Бір команда жеңіс биігінен көрініп, қалған команданың жобаларын қазылар алқасы жоғары бағалады. Жаңа жобаларды жүзеге асыру,бизнес жоба жасау, шетелдік компанияда тәжірибеден өту мүмкіндіктері қарастырылған байқауға 18 бен 25 жас аралығындағы 150-ге жуық адам қатысты.
نمایش همه...
👍 2🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумағын тікұшақпен аралап көргеннен кейін қарғын су салдарынан эвакуацияланған аудандардың халқымен кездесті. Тұрғындармен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев шығындарды өтеу үшін мемлекет барлық тиісті шараны қабылдайтынын айтты.
نمایش همه...
1
Photo unavailableShow in Telegram
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көрді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары Қызылжар ауданын, Петропавл қаласының төңірегін және Сергеевка су қоймасын тікұшақпен аралап көруден басталды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысына Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайын баяндады. Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10345 адам эвакуацияланған. Су тасқынына қарсы шараларға 5270 адам және 906 техника жұмылдырылған. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын есептеу және өтеу жөнінде комиссия құрылған.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен және USAID Халықаралық даму агенттігі өңірлік миссия директорының орынбасары Моник Мосольфпен кездесті. 2021-2023 жылдары USAID Халықаралық даму агенттігінің «Оазис» жобасы шеңберінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы экожүйені қалпына келтіру мақсатында 150 гектар жерге сексеуіл тұқымы себіліп, көшеттер отырғызылды, 500 метр тереңдікте су ұңғымасы қазылып, пайдалануға берілді. Мемлекет басшысы 2021-2025 жылдар аралығында Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы 1,1 млн гектарға сексеуіл екпелерін егуді тапсырды. Биыл 276,2 мың гектар аумақта осы бағыттағы жұмыстар жоспарланған. Қазір 65 мың гектар ұлтанға 19,4 млн сексеуіл көшеті отырғызылды, алдағы жылы 280 мың гектар алқапқа егіледі. Сапар барысында Дэниел Розенблюм облыстағы су шаруашылығы нысандарымен, USAID Oasis жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Десантшылар Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Магистральный ауылында Жайық өзені жағалауын нығайтуда. Бұл аймақта Жайық өзені екі шақырымнан астам аумаққа жайылды. Магистральный тұрғындары күн сайын тұрғын үйлерге судың жақындап келе жатқанын толқумен бақылауда. Еріктілер мен жергілікті тұрғындарға Жайық өзенінің жағалауын нығайтуға Қарулы Күштердің десантшылары көмекке келді. Жұмыстың мақсаты - екі жарым шақырым. Биіктігі - төрт метр. Алдымен арнайы техника жағалау аймағының биіктігін арттыра отырып, үйінді құрайды, содан кейін бұл үйінді құм дорбаларымен және берік целлофан пленкасымен қапталады. Бөгет құм салынған қапшықпен нығайтылады. Бөгет салу үшін шамамен бес мың қап құм қажет.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Су тасқыны салдарынан еліміздің 10 өңірінде жарияланған төтенше жағдай бүгінгі күні барша қазақстандықтардың бірлігін көрсетті. Мемлекет тарапынан берілетін көмектен бөлек еліміздің түкпір-түкпірінен еріктілер мен кәсіпкерлер көмек көрсетуде. Осы орайда, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшесі, «Абай Дәулет» ЖШС басшысы, өңірімізге өз қайырымды істерімен сыйлы азамат Сәрсенбаев Мұрат Абайұлы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға, дәлірек айтсақ Ақтөбе облысының Ойыл ауданының тұрғындарына 20 тонна жем-шөп жіберді.
نمایش همه...
👍 1
Оралда тіршілікті қамтамасыз ететін стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау амалдары күшейтілді Қазақстан облысында тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды қорғау шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, Оралда «Батыс су арнасы» ЖШС, «Жайықжылуэнерго» АҚ нысандары мен сорғылау стансасында су тасқынына қарсы жұмыстар ұйымдастырылды. Орал қаласында сумен жабдықтау жұмысы 2 түрлі көзден жүзеге асырылады: жер асты сулары мен Жайық өзені арқылы. Қаланың 340 мың халқын сумен қамтамасыз ететін «Батыс су арнасы» коммуналды кәсіпорны қазір қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Мәселен, қажетті су мен оны тазалауға арналған реагенттер қоры жеткілікті деңгейде. Апатқа қарсы бригадалар, кәсіпорынның 820 қызметкері мен 82 арнайы техника дайын тұр.
نمایش همه...
💩 1
Photo unavailableShow in Telegram
ШҚО әкімдігінде облыс әкімі Ермек Көшербаевтың төрағалығымен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың отырысы өтті. Оған ШҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР ТЖМ ТЖ жою департаментінің бастығы да қатысты. Қазіргі уақытта облыста су тасқыны құбылыстарының қаупі Риддер қаласында, Алтай, Самар, Марқакөл, Глубокое, Катон-Қарағай, Күршім және Шемонаиха аудандарына төніп тұрғандығы атап өтілді. ТЖМ сайтына жазылған ақпаратта бұл аудандарда мобильді топтар тәулік бойы мониторинг жүргізеді, жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстары, бөгендер салу, қапшықтар төсеу жұмыстары жүргізілді. Өскемендегі су тасқыны қаупі бар орындар тексеріліп, алдын алу шаралары жүргізілді. Басты нәтиже - тұрғын үйлерді, елді мекендерді және инфрақұрылымды су басуға жол бермеу үшін барлық бағыттар бойынша жұмысты күшейту бойынша нақты міндеттер мен тапсырмалар қою.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына орай Қызылорда облысының әкімі өз үндеуін жариялады. Игі бастамаға Аралдықтарда атсалысып, «Киелі мекен» апталығында тарихи-мәдени ескерткіштерге тазалық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, «Балықшылар» музейі мен Әбдіжәміл Нұрпейісов мұражайының аумағына әктеу, сырлау жұмыстарын және ағаш көшеттерін отырғызды. Акцияға қала тұрғындары, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері барлығы 40-қа жуық адам қатысты.
نمایش همه...
👍 5
Photo unavailableShow in Telegram
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өңірдің өзекті мәселелері талқыланған жедел мәжіліс өтті. Жиында санитарлық тазалық және көгалдандыру-абаттандыру жұмыстарының атқарылуы, салынатын нысандардың құрылыс сапасы, әр сала бойынша түйткілді мәселелер қаралды. Аймақ басшысы қалаға ыстық су жүйесін орнату, экотакси қызметін ұйымдастыру, автобус паркінің жұмысын үйлестіруде халықтың талап-тілегін ескеру, қоғамдық көліктердің жолаушыларға қалтқысыз қызмет көрсетуін күнделікті бақылауды тапсырды. Қазіргі таңда облыс орталығындағы 153 көпқабатты тұрғын үйдің 70-і ыстық су қосуға дайын, тұрғындармен келісім-шарт жасалуда. Бұл жұмыстарға 140 млн теңге бөлінген. Қалада жолаушыларға арзан бағамен тасымал қызметін көрсету үшін 1 млрд теңгеге 100 экотакси алынуда. Сондай-ақ жаңадан салынған «Қорқыт ата» әуежайына кірерберіс жол салынуда. Ауласы абаттандырылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
نمایش همه...
👍 4
Photo unavailableShow in Telegram
«Жасыл мектеп»: Қармақшылық оқушылар жылыжайда тәжірибе жинап жатыр «Жасыл мектеп» жобасы оқушылардың мектеп қабырғасында білім алып қана қоймай, тәжірибе толықтыруларына сеп болуда. Бірнеше жылдан бері тұрақты жұмыс жүргізіп келе жатқан жылыжайлардың бірі Қармақшы ауданы орталығында орналасқан Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің жылыжай кешені. 2012 жылдан бері мектеп ауласына өсіретін әдемі гүлдердің көшеттері және көкөніс өсірумен айналысатын жылыжайды жасаудағы басты мақсат мектеп оқушыларының биология пәнінен алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру, еңбекке баулу, қоршаған ортаға, оның ішінде жасыл желекке құрметпен қарау, келешекте жылыжай ісіне, ауыл шаруашылығы саласына бейім мамандарды дайындау болып табылады.
نمایش همه...
🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ағылшын және орыс тілі кабинеттері арасында «Үздік кабинет – 2024» байқауы өтті. Байқауға ағылшын тілі кабинетінен 10, орыс тілі мен әдебиеті бойынша 3 кабинет қатысты. Байқау оффлайн форматта жүргізілді және алдын ала бейнероликтер жинақталды. Байқауға қатысушы білім ошақтары арасында үздіктер анықталып, нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды Н. Ергешбаев атындағы № 172 орта мектебі, Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектебі және №257 орта мектебі иеленді. Ал, жүлделі ІІ орынға Ж.Қизатов атындағы № 23 мектеп-лицейі лайық деп танылды. Ал І орынды Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектебі алды. «Үздік кабинет – 2024» Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі атанды. Сондай-ақ Ж.Махамбетов атындағы № 43 орта мектебі алғыс хатпен марапатталды. Ал, орыс тілі мен әдебиеті кабинеттері бойынша Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейі «Современный кабинет – 2024» атанды.
نمایش همه...
👍 3
Photo unavailableShow in Telegram
Жылдың алғашқы тоқсаны бойынша Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай өсім бар. Өңдеуші өнеркәсіп саласында 20 миллиард 281 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 111,8 процентке артқандығы байқалады. Бұл туралы қала әкімі Серік Қожаниязовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Сала мамандары негізгі капиталға салынған инвестиция 53 миллиард 884 миллион теңгені құрап, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 127,8 процентке өскендігін айтады. Сонымен қатар құрылыс саласында да серпінді жобалар атқарылып, бүгінде 12 миллиард 910 миллион теңге көлеміндегі жұмыстар жүргізілуде.
نمایش همه...
👍 3 1
Photo unavailableShow in Telegram
Үздіктер марапатталды 1-13 сәуір аралығында «Ақмешіт апталығы» газеті мен «Абзал и К» компаниясының 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздары анықталды. Байқауда белгіленген «Күріш хикаялары», «Диқан мен журналист» және «Мен «Ақмешіт апталығы» газетін оқимын» номинациясы бойынша үздік деп танылған жеңімпаздарға алғыс хат пен «Абзал и К» компаниясының арнайы сертификаты табысталды. Үздіктерді жеңісімен құттықтаймыз!
نمایش همه...
🔥 3👏 3 2
Photo unavailableShow in Telegram
СЫР ӨҢІРІНДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА «КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ Облыс аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы «Киелі мекен» апталығы бастау алды. Сыр өңірі – ежелден тарихи-мәдени ескерткіштер мен кесенелерге бай өлке. Мұнда мемлекет қорғауына алынған 567 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Осы ретте, 14-20 сәуір аралығына жоспарланған «Киелі мекен» апталығында барлық тарихи-мәдени ескерткіштер, тарихи-өлкетану музейлерінің аумақтары абаттандырылады.
نمایش همه...
🔥 3
Photo unavailableShow in Telegram
Қызылордадағы «Анаға тағзым» орталығында креативті аспаздар бас қосты. Олардың қатарында бұл салада отыз жылдан аса еңбек өтілі бар білікті мамандар, өңіріміздегі белгілі мейрамханалардың бас аспаздары және жеке кәсіпкерлер бар. Еркін форматтағы жиында қатысушылар уақыт талабы мен көпшілік сұранысына сай, қазақы ас мәзірін пайдалы әрі құнарлы жаңа тағамдармен толықтыру турасында өзара пікір алмасты. Сондай-ақ, ұмыт болған ұлттық тағамдарымызды қайта жаңғыртып, «Береке» аспаздық студиясындағы шеберлік сағаттары арқылы табиғи таза, ағзаға зияны жоқ қазақ дастарханын барынша насихаттау қажеттігін тілге тиек етті. Мұнан соң, қонақтар сөзден іске көшіп, ерекше рецепт бойынша қалампыр, бидай және бұрыш қосылған шай түрлерін әзірледі. Әрқайсының өзіндік дәмі мен пайдасы бар. Олардың шығу тарихына тоқталып, күнделікті ішетін сусындардан айырмашылығын атап өтті. Кездесу аясында қатысушылар «Анамның шайы» атты дәруменге толы төл бренд жасау қажеттігін айтып, бұл бағытта бірлесе жұмыс атқаруға уағдаласты.
نمایش همه...
👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
15 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жас қалам» жас ақындар клубының мүшелерімен Қазақстан Журналистер одағы және Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Н.Рахметтің «Аллергия» әңгімесіне оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Конференция барысында оқиға желісіне жалпылама шолу жасалып, хикаятқа арқау болған басты кейіпкер образына талдаулар жасалды. Шараға шығарма авторы Н.Рахмет өзі қатысып, әңгіменің шығу тарихы, жазылу себебі жайында оқырмандарға баяндап берді. Шара соңында «Сыр бойы тұнған сұлулық» атты кітап көрмесімен танысып, естелікке суретке түсті.
نمایش همه...
👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
Жетісу облысында өзеннің ортасында қалған кәмлетке толмағандар құтқарылды Жетісу облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қаратал өзенінде Үйтас саяжай қоғамының ауданында ересектердің қарауынсыз шомылып, өзеннің ортасына жүзіп, жағаға өз бетінше орала алмаған кәмелетке толмаған екі баланы құтқарды. Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі 2011 жылғы екі бала жағаға жеткізілгенін, медициналық көмек қажет емес екенін мәлім етті.
نمایش همه...
👍 3
Photo unavailableShow in Telegram
Олжас Бектенов Оралға барды Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру үшін Орал қаласында жүр. Үкімет басшысы өңірге келісімен Жайық өзенінің жағалауын нығайту және бөгет құрылыстарын салу жұмыстарының барысын тексерді. Сонымен қатар Олжас Бектенов жағдайды бақылау үшін өңір аумағында орналасқан су қоймаларының өзен арнасын тікұшақпен аралайды.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді Екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Ереванға Қазақстан Президенті ретінде ресми сапармен алғаш рет келіп отырғанын атап өтіп, ыстық ықыласпен қарсы алғаны үшін барша армян халқына алғыс айтты. Сондай-ақ еліміз Арменияның көне тарихына, бай мәдениеті мен салт-дәстүріне ерекше құрметпен қарайтынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияны Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы өте маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде атап өтті.
نمایش همه...
👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығының ашылу салтанаты өтті. Орталықтың ашылу салтанатына Адам Мицкевич университеті, Польшаның лимнологиялық қоғамының президенті, Су ресурстарын қорғау кафедрасының профессоры Петр Климашик, Чэнду қаласындағы (ҚХР) Оңтүстік-Батыс университетінің «Қоршаған орта инженериясы» институтының профессоры Жао Цзяоян, осы университеттің профессоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы Сергей Кривоногов қатысты. Арал өңірінің экожүйелерін зерттеу жөніндегі орталықтың ашылуы тұрақты экологиялық жағдайды қамтамасыз ету, су маңы және жер үсті экожүйелерінің табиғи қалпына келу процестерін ашуға септігін тигізеді.
نمایش همه...
1
Photo unavailableShow in Telegram
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқығын қорғап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңға қол қойды. Бұған дейін заңды сенат қабылдаған еді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
نمایش همه...
Көлемі 5000 текше метр: Алматыда қар көшкіні болды Бостандық ауданында өздігінен қар көшкіні тіркелді. ТЖМ ақпаратынша, түскен қар массасының көлемі 5000 текше метрді құрады. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қираулар  жоқ.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Қызылордалықтар Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойына, халық ақыны, жырау, әнші және композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ұлы даладағы мыңжылдықтар ізімен» атты жылжымалы көрмені тамашалады. Мәнді шара облыстық тарихи-өлкетану музейінің Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында өтті. Айта кетейік, қызылордалықтардың жылжымалы көрмені 12-25 сәуір аралығында тамашалауына болады. Сырбойылықтар мен қала қонақтарын Жамбыл өлкесінің көпғасырлық тарихымен, өткен буынның материалдық және рухани өмірінің мұраларымен таныстыру, өңірлер арасындағы және музейаралық мәдени байланыстарды нығайтуды басты мақсат еткен шараға қала тұрғындары мен мектеп оқушылары да қатысты.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Қызылордада «Толқын тербеткен тау тұлға» атты дәстүрлі «Көктем нұры» республикалық оқушылар айтысы өтті. Қала әкімдігі қолдап, мәдениет және спорт бөлімі ұйытқы болған өнер сайысына Әбдіжәміл әлемі арқау болды. Айтыс қорытындысы бойынша Бекзат Баян Серік Өтеуов атындағы, Данияр Оралғазы Серік Ыдырысов атындағы, Берік Әсет Махамбетқали Тұрсанов атындағы, Мұхаммедәлі Абдуллаев Бекұзақ Тәңірбергенов атындағы, Нұрахмет Мансұров Кенжебай Жүсіпов атындағы арнайы жүлдеге ие болды. Жыр бәйгесінің жүлделі үшінші орны Сұлтан Жарқынұлы мен Ұлықбек Бектайға берілді. Екінші орынға алматылық Айбарыс Сауытқан лайық деп танылды. Бірінші орынды Салтанат Жаппасбай жеңіп алса, бас бәйгемен Ақмола облысының ақыны Сәттібек Серікболатұлы марапатталды.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Қазалы ауданында КСРО және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазалы ауданының Құрметті азаматы Әлмәмбет Әлішевтің 85 жылдығына орай «Бәйтеректің бұтағы» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.
نمایش همه...
👍 3