cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Qyzylorda NEWS

• Өзекті жаңалықтар • Санайғақтар • Сараптамалар 🔻Ресми сайт🔻 https://kyzylorda-news.kz/

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
5 363
مشترکین
-324 ساعت
-247 روز
-10930 روز
آرشیو پست ها
Photo unavailableShow in Telegram
Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға салықтар мен төлемдерді төлеу кейінге қалдырылады. Мемлекеттік кірістер комитеті "Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы" бұйрық дайындаған.
نمایش همه...
👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 9,5 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 2,2 млн. қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 503 тұрғын үй мен 2 157 аула аумағынан су бұрылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, су тасқыны басталғалы бері 111 194 адам, оның ішінде 39 222 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 3 575 адам, оның ішінде 1 157 бала құтқарылды. 11 950 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала орналастырылды. 106 551 ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. «Жедел желі» телефонына 1 716 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде. Су жүрген 103 автожол, су шайған 80 автожол, оның ішінде 9 көпір және 71 жол төсемі бақылауда қалуда.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде. Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын бұру, инертті материалдар салынған қаптар төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағаларын нығайту жұмыстары, құлақтандыру және адамдарды қауіпсіз жерлерге эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Зардап шеккен өңірлерге 1 400 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.
نمایش همه...
👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
Батыс Қазақстан облысында Көлік қатынасы жоқ Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында 9 елдімекен бар. БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1905 саяжайды су басқан. Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды. Облыс аумағындағы өзендер қауіпті деңгейге жеткен жоқ (қауіпті/ нақты): Жайық - 850 см/755 см. 13 193 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 522 бала. Эвакуациялық пункттерде 1 733 адам орналасқан, оның ішінде 780 бала, 11 460 адам туыстарында. 4886 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды. Облыс бойынша барлығы 1 021 мың м3 еріген қар суы сорылды, 501 мың дана қапшық және 3 397 мың тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 5 553 адам, 683 бірлік техника, 114 бірлік су сору құралы, 85 дана жүзу құралы және 3 вертолет жұмылдырылған. Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 6 өңірден қосымша күштер мен құралдар тартылды.
نمایش همه...
👍 2 1
Photo unavailableShow in Telegram
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Андорраның Канильо қаласында өткен шайбалы хоккейден әлем чемпионатының ІІ дивизионында чемпион болды. "А" тобында өнер көрсеткен құрамамыз барлық матчта жеңіске жетті. Ақтық сында Испания құрамасына қарсы ойнаған хоккейшілеріміз 5:3 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Осылайша Қазақстан құрамасы 1В дивизонына жолдама алды.
نمایش همه...
🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстан және КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған Сыр Сәбирасының туғанына биыл 110 жыл. Мерейлі датаға орай Шиелі ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Сәбира Майқанованың 110 жылдығына арналған «Сырдың Сәбирасы» атты қыз-келіншектер арасында монолог оқушылардың облыстық байқауы өтті.
نمایش همه...
👍 3🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
Бүгін – тарихи күн Дәл осы осы күні, осыдан 99 жыл бұрын 15 сәуірде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қырғыз (Қазақ) АКСР кеңестерінің Ү съезі басталды. Бұл сиезде ұлтымыз бен қаламызға қатысты екі тарихи шешім қабылданған. Олар ресми құжаттарда қырғыз аталып келген ұлт атауын қазақ етіп, тарихи қателікті жөндеу және Ақмешіт атауын Қызылорда деп өзгерту болды.
نمایش همه...
👍 4
Photo unavailableShow in Telegram
Бүгін – ұлттық ғашықтар күні! Махаббаттың қадірін білетін жұптарды мерекемен құттықтаймыз!
نمایش همه...
8
🌷Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында Қызыл кітапқа енгізілген қызғалдақтар (сарғалдақ) гүлдеді!
نمایش همه...
3🔥 2
Photo unavailableShow in Telegram
ЕУРООДАҚ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ЕЛШІЛЕРІНІҢ САПАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер елшілерінің Қызылорда облысына жұмыс сапары аяқталып, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев делегация мүшелерін шығарып салды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сапар қорытындысына арналған мәжілісте делегацияның Қызылорда облысына сапары жоғары деңгейде өткенін айтты. Іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан жауапты тұлғаларға алғыс білдірді.
نمایش همه...
👍 1
Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері Орал қаласының әскери бөлімдерінің қызметкерлерімен бірге Орал қаласы Курени ауданындағы Жайық жағасында қорғаныш бөгетін бекіту жұмысын атқарды. 2024 жылғы 14 сәуірде 2500 қапқа құм толтырылып, бөгет жасалды.
نمایش همه...
👍 6
Қазгидромет ескертеді: су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін «Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулованың сөзінше, су тасқынының екінші толқыны Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының аумағындағы салалар бойынша Есіл өзені бойынша судың түсуі есебінен (Жабай, Қалқутан және т. б.); Батыс Қазақстан облысының аумағында РФ аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуі есебінен; Атырау облысының аумағында Батыс Қазақстан облысының аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуі есебінен орын алуы мүмкін.
نمایش همه...
👍 3
Қазгидромет ескертеді: су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін «Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулованың сөзінше, су тасқынының екінші толқыны Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының аумағындағы салалар бойынша Есіл өзені бойынша судың түсуі есебінен (Жабай, Қалқутан және т. б.); Батыс Қазақстан облысының аумағында РФ аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуі есебінен; Атырау облысының аумағында Батыс Қазақстан облысының аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуі есебінен орын алуы мүмкін.
نمایش همه...
00:50
Video unavailableShow in Telegram
Қызылорда облысынан еліміздің батыс аймақтарына жөнелтілген арнайы техникалар.
نمایش همه...
🔥 5
Подгора шағын ауданында ТЖД, ПД, ЖАО күштерімен 63 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды. 33 жеке тұрғын үйге су кірді. Эвакуациялық жұмыстар жалғасуда.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
13 сәуірдегі Орталық штабтың тапсырмасына орай Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері мен құтқарушылары Қостанай қаласынан Орал қаласына қарай жөнелтілді.
نمایش همه...
😨 1
15 сәуір – ғашықтар күні! 15 сәуір - Ұлттық ғашықтар күніне орай “Отбасы” орталығында “Ғашықтар әлемі” атты шоу бағдарлама өтті. Сыр елінің өнерлі жұптары, жас әншілер “махаббат” тақырыбындағы үздік әндер орындап, арнайы номинациялардың иегері атанды. Шоу-бағдарламаның жүргізушілері тарапынан интеллектуалды “Quiz”ойындары ұйымдастырылып, көрермендерге бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, қаламыздағы ең үздік “m_queen_kzo,”, “Aisha_wedding_kzo”, “Svadebnyi_salon_rose”, “Merci_kzo” той салондары ұзату және той көйлектерінің дефилесін ұсынды. 💍Кештің ең қызықты, әрі әсерлі сәті Айдын есімді жігіт өзінің сүйгеніне сөз салып, ұсыныс білдіргені барша көрермендерді “ғашықтар әлемінде” тербеді… Айта кету керек, мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне қаламыздағы киім дүкендері, гүл салоны және жеке кәсіпкерлер демеушілік жасап, қолдау білдірген болатын. Алдағы уақытта “ғашықтар әлемінің” мекеніне айналған “Отбасы” орталығы қала жастарына арнап еркін форматта тақырыптық шаралар, би кештерін, концерттік бағдарламаларды ұсынады.
نمایش همه...
4👍 1
Құрметті қызылордалықтар! Бір топ жерлестеріміздің бастамасымен, Тағзым алаңында жылу жинау жұмыстары жалғасуда. Егер сіздерде үлестеріңізді қосқыларыңыз келсе арнайы көлік дүйсенбі күні кешке дейін "Тағзым" алаңында тұруды жоспарлап отыр. Тәуліктің кез келген уақытында апарып берулеріңізге болады.
نمایش همه...
👍 3
Сыр бойынан Ақтөбе мен Атырауға жөнелтілетін техникалар.
نمایش همه...
👍 7
Қызылорда облысының Шиелі ауданында «Ұлттық атом компаниясына» қарасты «КАР Logistics» ЖШС-ның «Шиелі-Сұңқар» филиалы, «РУ-6», «ТТК-Шиелі» «Волковгеология ГРЭ-23», «Уранэнерго» мекемелерінің ұжымы еліміздің зардап шеккен өңірлеріне қаржылай және техникалық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырды. Арнайы техникалар Ақтөбе және Атырау облыстарына бекітіліген жүргізушілерімен жөнетілетін болады.
نمایش همه...
👍 9
СЫР ӨҢІРІНЕН БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАР ЖІБЕРІЛДІ Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен су тасқыны болған аймақтарға көмек жіберу жалғасуда. Бүгін Батыс Қазақстан облысына 106 арнайы техника жөнелтілді. Арнайы техникалар бір тәулік ішінде әзірленіп, теміржол арқылы арқылы жолға шықты. Еске салсақ, осы уақытқа дейін су апаты болған аймақтарға 296 қызылордалық құтқарушы, 135 техника жіберілді.
نمایش همه...
👍 6
Ақпарат көздерінде Петропавл қаласын су басып жатқаны туралы хабар тарауда. Қолда бар деректерге сүйенсек, қала тұрғындары "Подгора", "Косогор", және "Мичурино" деп атайтын аудандарға су жылдам келген. ТЖМ өкілдері тез арада құтқару жұмыстарын жүргізізіп жатыр.
نمایش همه...
👍 3
01:00
Video unavailableShow in Telegram
TYNYS: АҚМЕШІТ
نمایش همه...
7🔥 1
00:47
Video unavailableShow in Telegram
TYNYS: КЕШКІ УАҚЫТ
نمایش همه...
👍 9🔥 3👏 2
Photo unavailableShow in Telegram
Бүгін Қызылорда қаласындағы мектептердің бірінде, яғни Ж.Нұрманов атындағы №198 мектепте ғимаратқа жарылғыш құрылғы салынғаны туралы полицияға хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметтер келді. Ғимараттан адамдар эвакуацияланып, тексерілуде. Қызылорда облысының Полиция департаменті қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатын терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді, ол үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабында (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) жаза көзделген. Осы бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
نمایش همه...
👍 7
ҚАЙЫРЛЫ КҮН! ОРАЗА АЙТ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!
نمایش همه...
👍 2
👍 4 2
СӘТТІ КАДР😍 #сәттікадр #қызылорда 📸Фото авторы: Нұрболат Нұржаубай
نمایش همه...
👍 5🔥 2