#1 Білім алу мен білімді болудың айырмашылығы 🎥📝
Біз жаратылыспыз. Алла бізге керемет программа берді. Оны тек уаһи арқылы келген “Құран мен сүннеттен” ғана үйрене аламыз.
Алғашқы аят “Оқы” деді.
Адамның адамдығы - басқаға үйрету, білмеген жағдайда үйрену, басқаларға да өрнек болу
Өмірдің екі тірегі: Үйренуден жалықпау. Үйретуден аянбау. (Д.Қонаев)
Адамның адамдығы үйреніп, үйретуге және басқалардың айдындатуымен ортаға шығады.
Әр өнімнің өндірістен шыққан кезде мақсаты болады.
(Адамның) Бастапқы мақсат - ОҚУ
Өмірде барлық процесс білім коридорынан өтеді.
Бұл - алғашқы парыз.
Білім мен ілімнің аражігі ⬇️
Ілім - Алланың нұры.
Ол үшін 1) ақыл мен 2) жүрек керек.
Ол адамның іс-әрекетімен өтеді.
(Рационал)
Білім - (көз, құлақ арқылы алынатын)
құрғақ мағлұмат. Бұл ақиқи білім емес.
Әйтпесе “Гугл шейх, Википедия әулие” деп айтсақ болар еді. 😁
Құран аяты:
Адамдарда жүрек бар ойланбайтын.
Шығыс білім моделі:
Ұстаз бен шәкірт арасында байланыс болды. Нақты үлгі болды.
100 жыл бұрын білім мен ілімнің арасы ажырады. Батыс бастады. Церковь.
Екі түрлі тәрбиеленген бала мысалы. (автобуста орын беру)
Бізге қазір көзбен көрсетіп, практикада асырып беретін ілім керек. Сол сапалы әрі қажетті.
(Есектегі кітаптары бар ғалым. Ұрылар есегін тартып алады.)
Білім құрғақ жеміс секілді.
Білім сізді тәкаппарлыққа итермелесе ол күнә.
Білім пышақ сияқты қару. Онымен нан турауға болады не адам өлтіруге болады. Сол үшін:
1. Білімнің алғышарты -
әдеп. Білім мақсаты - адамды тәрбиелеу. Білімді адам - жемісі мол ағаш секілді иіліп тұрады.
2.
Бір салада эксперт (дайвер) бол, басқа салаларда аз-аздан білім болсын (сёрфер).
Бұрын бәрі 1) Құран 2)Сүннет 3)Салт-дәстүр призмасынан (елегінен) өтсін. Әйтпесе, батыстық призмада ойлайтын, тілін, дінін, салт-дәстүрін мойындамайтын адам бола бастайсың.
⁃ “Салт-дәстүр ескіріп қалған нәрсе секілді көрінеді. Мен баланы жаңашыл (еуропаша) қылып тәрбиелегім келеді.”
⁃ Мақұл. Бірақ соңғы 30 жылда батыс не болды? Құндылықтар мәселесі. Сынақтан өтпеген форматты біз неге баламызға беруіміз қажет?!
⁃ Сонда не істейміз?
⁃ Батыстың 90% дұрыс нәрсесін ғана алып, оны заман призмасына салу қажет. Исламдағы бар нәрселер арқылы електен өткізіп барып балаға береміз.
⁃ Қысқаша:
Жаңа модель + Ислам призмасы + Салт-дәстүр
Бізге 1) салт-дәстүрді білетін; 2) Исламды жеңіл, заман талабына сай жеткізетін; 3) жаңа модельдерді меңгерген красавчик тұлғалар қажет.
Батыстың кітаптарын тікелей аударып сатып жіберген - үлкен қателік.
Жастар қандай болу керек?
•
Алланың бірінші парызын орында. Оқы. Әрқашан білетінім аз деп ойла.
•
Жақсы сөз (позитив) сөйле. Бос сөйлеме.
https://www.instagram.com/tv/CBdU2_TlFDk/?utm_source=ig_web_copy_link