fa
Feedback
INVESTORBOL С АРУЖАН 🇰🇿 🇨🇳 🇺🇸

INVESTORBOL С АРУЖАН 🇰🇿 🇨🇳 🇺🇸

کانال بسته

Ваш гид в мире инвестиций! Узнайте всё о росте компаний, дивидендах, отчётах и прибыльных стратегиях. Подписывайтесь — только полезная информация! ☝️ Тегін консультацияға жазылу үшін 👇🏻 wa.me/77076069045

نمایش بیشتر
3 193
مشترکین
-724 ساعت
-277 روز
-10930 روز
آرشیو پست ها
⏰ Бүгін - ҚазТрансОйл (KZTO) акциясын алып, дивидендке үлгерудің соңғы күні ⠀ 🗓 KZTO бойынша дивиденд реестр күні - 5 маусым. T+2 жүйесіне байланысты, дивиденд алғыңыз келсе, бүгін үлгеру керек. ⠀ 💸 2025 жылғы дивиденд мөлшері - бір акцияға 118 ₸ ⠀ Ертең акция бағасында дивидендтік түзету (дивиденд гэпі) болуы мүмкін - бұл қалыпты жағдай. Кейін бағаның қаншалықты және қанша уақытта қалпына келетіні нарыққа байланысты болады 📈 ❗️Ескерту: Бұл - инвестициялық кеңес емес. Акция алу/сату туралы шешімді міндетті түрде өз анализіңізбен қабылдаңыз. ⠀ Сізде KZTO акциясы бар ма? 👇

Қаржылық “қауіпсіздік жастығы” (подушка безопасности) деген не және оны қалай жинаймыз? Бұл - сенің табыссыз қалсаң да (жұмыс
Қаржылық “қауіпсіздік жастығы” (подушка безопасности) деген не және оны қалай жинаймыз? Бұл - сенің табыссыз қалсаң да (жұмыссыздық, қиын жағдай), 9-12 ай өмір сүруге жететін ақша қоры. Бірақ маңызды нәрсе: бұл ақшаны бірден жинамайсыз. Бұл - айлар, кейде жылдар бойы қалыптасатын процесс. 💡 Қалай дұрыс есептейміз? 1) Ай сайынғы міндетті шығындарды есептеңіз: • тамақ • үй ақысы (коммуналка) • кредит / ипотека • дәрі-дәрмек ❗ Ресторан, ойын-сауық, той, киім - есептемейміз. 2) Шыққан соманы: 9-ға немесе 12-ге көбейтесіз 📊 Мысал: Егер сіздің ең минималды айлық шығыныңыз 50 000 тг болса: 50 000 × 9 = 450 000 тг 50 000 × 12 = 600 000 тг 💰 Қалай жинауға болады? 1. Басында 1 айға жететін ақша жинаңыз. Күніне аз болса да, 100-200 тг жинасаңыз болады. Ең бастысы тұрақтылық! 2. Кейін 3 айлық қор жинай бастайсыз 3. Сосын біртіндеп 9–12 айға жеткізесіз 🔑 Ең маңыздысы: Бастысы - үлкен сомадан бастау емес, қолыңнан келетін кішкентай қадамнан бастау. Күніне 50–100 теңге болса да 🙏

Ертеңгі сабақтан қалып қоймаңыз! Қатысу үшін: 👉 https://chat.whatsapp.com/Ko3hn4QxdUVGll7tOXkHyv
Ертеңгі сабақтан қалып қоймаңыз! Қатысу үшін: 👉 https://chat.whatsapp.com/Ko3hn4QxdUVGll7tOXkHyv

Егер сіз 2020 жылы инвестицияны бастағанда 👇 ⠀ 🍎 AAPL акциясын шамамен $75-қа алар едіңіз - бүгін бағасы $315 ⠀ 💾 MU акциясын шамамен $50-ға алар едіңіз - бүгін бағасы $1030 ⠀ 🤖 NVDA акциясын шамамен $5-қа алар едіңіз - бүгін бағасы $220 ⠀ 🔍 GOOGLE акциясын шамамен $50-ға алар едіңіз - бүгін бағасы $410 ⠀ Енді капиталыңыздың қанша есе өсетінін өзіңіз есептей беріңіз 😏 ⠀ Сондықтан инвестицияда ең маңыздысы - идеал уақыт күту емес, уақытында бастау.Көп кісі: «Кейінде бастаймынғой» деп ойлайды. Бірақ нарық ешкімді күтіп тұрмайды 📈

Пассивті табысқа шығу үшін айына 100 мың емес, оданда аз ақшамен бастауға болады 👇 Мысалы, ай сайын небәрі 30000₸ инвестиция
Пассивті табысқа шығу үшін айына 100 мың емес, оданда аз ақшамен бастауға болады 👇 Мысалы, ай сайын небәрі 30000₸ инвестиция жасап отырсаңыз: 💰 Өз ақшаңыздан шамамен 5 400 000₸ жинайсыз 📈 Ал 98 131 300₸ ақша пайыз бен инвестиция өсімінен келеді Яғни, ай сайын аз сумадан бастасаңыз да, 15 жылдан кейін айына 4 000 000₸ пассивті табысқа шығуға мүмкіндік бар. Көп адам: ❌ «15 жыл өте ұзақ» дейді ❌ «30 мың аз ақша» дейді ❌ «Бастау үшін 100 мың керек » деп ойлайды Бірақ уақыт өте тез өтеді. Ең бастысы - қазір бастау. Себебі 15 жылдан кейін көп адам: «Сол кезде бастап кетуім керек еді…» деп өкінуі мүмкін. Ал бүгін бастаған адам өзіне кейін рақмет айтатын болады 😉

🏠 Қанша ақша жинасаңыз да, ақшаңыз жетпей жатқандай сезім болды ма? Әсіресе үй алуға ақша жинап жүргендер жақсы түсінеді… Сіз ақша жинап жүргенде - пәтер бағасы тағы өседі. Бүгін қараған үйіңіз, 1 жылдан кейін тіпті қымбат болып кетеді. 😅 Ал ақшаңыз депозитте тұрса? Иә, аздап өседі. Бірақ инфляция мен үй бағасының өсуіне көбіне жете бермейді. Сондықтан қазіргі заманда ақшаны жай жинау жеткіліксіз. Ақшаны жұмыс істетуді үйрену керек. 📈 Менің ойымша, капиталды өсірудің ең тиімді жолдарының бірі - дивиденд төлейтін акциялар. Яғни сіз акцияны ұстап отырғаныңыз үшін компания сізге ақша төлейді 💸 Ең қызығы — жаз жақындады, ал инвесторлар үшін бұл дивиденд маусымы ☀️ Сұрақ: алдағы 2 айда қандай акцияларды алып, жазда дивиденд алуға болады? Мен сіздерге тізім дайындап қойдым, алу үшін ⬇️ https://whatsapp.com/channel/0029Vb8986J6mYPRCIi11S3n

Жаңалықтан кейін ҚазАтомПром акциялары 🚀🚀🚀
Жаңалықтан кейін ҚазАтомПром акциялары 🚀🚀🚀

😎 КазАтомПром дивиденд төлейді! Казатомпром акционерлер кеңесі 2025 жылға арналған дивиденд төлемін бекітті: ⠀ ➡️ Дивиденд мөлшері: 1292₸ ➡️ Реестр жабылатын күн: 27.07.2026 ➡️ Төлем басталады: 28.07.2026 ⠀ Бұл шамамен 3% дивидендтік табыстылық береді. ⠀ 👀 Сізге қанша дивиденд түседі?

Бір жылдың ішінде +900% өсті 🚀 Бір жыл бұрын Micron Technology акциялары $92 болған. Бүгін -$973. 🪙 Компанияның нарықтық ка
Бір жылдың ішінде +900% өсті 🚀 Бір жыл бұрын Micron Technology акциялары $92 болған. Бүгін -$973. 🪙 Компанияның нарықтық капитализациясы тарихта алғаш рет $1 трлн-нан асты.
2026 жылдың екінші тоқсанында табыс $23,86 млрд болды. Өткен жылы дәл осы кезеңде $8,05 млрд еді - яғни шамамен 3 есе өскен. ➡️ Нарықтағы негізгі үш бәсекелес: SK Hynix, Samsung және Micron. Бірақ Micron-ның ерекшелігі - АҚШ-та салынып жатқан жалпы құны $100 млрд болатын екі зауыты бар. Бұл - мемлекеттік деңгейдегі инфрақұрылым.
Ал сіз инвестиция жасап үлгердіңіз ба?

Қазір ақшаға қатысты қай жағдай сізге жақынырақ?
Anonymous voting

📊 2026 дивиденд картасы: Қазақстанның қай компаниялары ақша төлейді?🏦 Halyk Bank (HSBK) ⠀ ✅ Жағдайы: Акциялар аздап түсіп, 370–375 ₸ деңгейінде саудалануда. ⠀ ✅ Дивиденд статусы: ТӨЛЕНІП ҚОЙДЫ! Реестр 30 сәуірде бекітілген, ал 18 мамырдан бастап (1 акцияға 30,1 ₸) дивидендтер шоттарға түсе бастады. ⠀ Қазір портфельдеріңізді тексеріңіз - көпшілігі бұл төлемді алып үлгерді. Алдағы уақытта жаңа жиналыстардан кейін (мүмкін күзде) тағы дивиденд қарастыруы мүмкін. ⠀ 🏦 Kaspi.kz (KSPI) ⠀ ✅ Дивиденд статусы: Каспи дивиденд төлеуді жалғастырып жатыр! Бірінші 850 ₸ сәуір айының ортасында төленді. ⠀ Енді компания 11 маусымда жаңа ВОСА өткізеді, онда тағы 1 акцияға 850 ₸ төлеу қарастырылады. ⠀ 🗓 Маңызды: Жаңа дивидендке реестрді бекіту күні - 10 маусым. (Т+2 есеп айырысу режимін ұмытпаңыз) ⠀ 🛢 KazMunayGas (KMGZ) ⠀ ✅ Дивиденд статусы: Ұсыныс жасалды. Директорлар кеңесі 2025 жыл үшін 573,66 ₸ төлеуді ұсынды (табыстылығы ~2%). ⠀ 🗓 Маңызды: Шешім 29 мамырдағы ГОСА-да бекітіледі. Реестр - 30 мамыр. Төлемдер 5 маусымнан басталады. ⠀ ⠀ 🛢 KazTransOil (KZTO) ⠀ ✅ Дивиденд статусы: Бекітуді күтіп отырмыз. Ұсыныс — 1 акцияға 118 ₸ (шамамен 10% табыстылық). ⠀ 🗓 Маңызды: 28 мамырда акционерлер жиналысы өтеді. Финалдық шешім күтілуде. ⠀ ⠀ ⚡️ KEGOC (KEGC) ⠀ ✅ Дивиденд статусы: Реестр жабылды, ақша күтілуде. 12 мамырда реестр бекітілген. ⠀ 🗓 Маңызды: Егер сол күні акция ұстаған болсаңыз — 81 ₸/акция төлемі 12 маусымнан бастап түседі. ⠀ ⠀ 🚀 Kazatomprom (KZAP) ⠀ ✅ Жағдайы: Акция уран нарығымен бірге түзетілді, қазір тиімді бағада (32–33 мың ₸). ⠀ ✅ Дивиденд статусы: РЕСМИ ҰСЫНЫЛДЫ! 335,2 млрд ₸ бөлінеді (FCF-тің 75%-ы). ⠀ 📌 Төлем: 1 акцияға 1 292,27 ₸ ⠀ 🗓 Маңызды: 26 мамыр — акционерлер жиналысы 27 шілде — реестр бекіту ⠀ ⠀ ✈️ Air Astana (AIRA) ⠀ ✅ Дивиденд статусы: Күтілуде. 1 акцияға 9,92 ₸ (GDR — 39,68 ₸) төлемі қарастырылып жатыр. ⠀ 🗓 Маңызды: Жиналыс 31 мамырға дейін өткізіледі. ⠀ 🔍 Kazakhtelecom (KZTK) ⠀ ✅ Дивиденд статусы: ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ. 1 акцияға 321,06 ₸ төленеді. ⠀ 🗓 Маңызды: Реестр 3 мамырда бекітілген. Төлемдер 4 мамырдан басталды. ⠀ ⠀ 🚫 2025 жылға дивиденд төлемейтіндер: ⠀ ForteBank Solidcore AltynGold Bank CenterCredit ⠀ 💬 Сонымен, Халық банктен дивидендті сізге түсті ме? 💸

💡 Мен сізге бастауға көмектесетін дайын жүйе жасадым: ⠀ 🎬 1. Видео-нұсқаулық Freedom Broker-ден 5 минутта шот ашу ⠀ 📄 2. Чек-лист Алғашқы акцияны қалай дұрыс сатып алу керек - нақты қадамдармен👉 Бұл екі материалды қолдансаңыз, бастау қорқынышы болмайды. ⠀ 🎁 Төмендегі сілтеме арқылы өтіп, тегін нұсқаулықты алыңыз 👇 https://wa.link/2ldn8j

Сауалнамадан байқағаным, көбіңізде шот болса да, нақты алғашқы қадамды жасауға батылдық жетпей тұр. Акция сатып алуды білмегендіктен, уақыт жоғалтып жатырсыздар 🤓 Сондықтан мен сіздерге арнап Freedom Broker-де счет ашу мен акцияны қалай сатып алу керек деген арнайы чек-лист (практикалық нұсқаулық) дайындадым. Осы нұсқаулықты қолға алып, 5 минуттың ішінде алғашқы акцияңызды еш қорықпай сатып ала аласыз. Кімге жіберейін? 🔥

Сізде Freedom Broker счет бар ма?
Anonymous voting

Достар, қазір ақшаны жай сақтап отыру тиімсіз екенін бәрі түсінеді. Көпшілігіңіз Kaspi, Apple, Tesla немесе Air Astana сияқты алпауыт компаниялардың акциясын сатып алып, пассивті табыс тапқыңыз келеді. Бірақ көбіне не кедергі? Қорқыныш пен белгісіздік. "Қай батырманы басамын?", "Тіркелу қиын ба?" деген сұрақтар тоқтатып тастайды. Негізі, Қазақстанда Freedom Broker арқылы акция алу - дүкеннен нан сатып алғанмен бірдей оңай. Араларыңызда Freedom-да брокерлік шот ашқандар бар ма? Тексеріп көрейікші 👇

Дивидендтік ETF - өзіңізге қосымша «зейнетақы» құрудың ең қарапайым тәсілдерінің бірі.3-бөлім. ⠀ Сіз бір акцияны сатып алғанда, тек бір компанияға тәуелді боласыз. Ал дивидендтік қорды алсаңыз, онда сіз бірден ондаған тұрақты, ірі компаниялардың үлесіне ие боласыз. Олар өз пайдасын акционерлермен үнемі бөлісіп отырады. ⠀ Дивидендтік ETF-тің артықшылықтары: ⠀ • Тұрақтылық — қорлар жылдар бойы дивиденд төлеп келе жатқан компанияларды таңдайды. • Автоматтандыру — қай компания жақсы төлейді деп өзіңіз іздеудің қажеті жоқ. • Күрделі пайыз — әрбір түскен табыс қайтадан жұмыс істеп, жаңа ақша әкеледі.

👀 Қазір назар аударуға болатын екі перспективалы сектор. 1️⃣ Шағын модульді ядролық реакторлар - SMR. Бұлар кәдімгі АЭС сияқты үлкен емес. Конструктор секілді бөліктермен жиналады, сондықтан тезірек салынады, арзанырақ әрі қауіпсіздеу. Жасанды интеллектке (AI) арналған дата-орталықтар өте көп электр энергиясын тұтынып жатыр. Күн мен жел энергиясы мұндай сұранысты толық жаба алмайды. Сондықтан ядролық энергияға сұраныс артып келеді. Қазірдің өзінде Microsoft, Google, Amazon сияқты ірі компаниялар ядролық энергия бойынша келісімдер жасап жатыр. ➡️ NuScale Power (SMR) — АҚШ-та реттеушіден SMR дизайнына рұқсат алған алғашқы компания. Ақ үйдің жаңалықтарынан кейін акциялары бір аптада +18%-ға өсті. Тәуекел жоғары, бірақ потенциалы да жоғары. ➡️ BWXT — ядролық реакторларға арналған бөлшектер шығарады. Соңғы 1 жылда +120% өсім көрсетті. ➡️ ETF SMRF — жеке компания таңдағым келмейді дейтіндерге, дайын қор. 2️⃣ Оптикалық кабельдер. Қазір дата-орталықтардағы мыңдаған GPU құрылғылары бір-бірімен көбіне мыс сымдар арқылы байланысады. Бірақ мыс қымбаттап, тапшылық байқалып жатыр. Шешімі — оптикалық кабельдер. Яғни электр емес, жарық арқылы жылдам ақпарат беру. 2026 жылы Nvidia осы саладағы компанияларға миллиардтаған доллар инвестиция салды. ➡️ Coherent (COHR) — оптикалық құрылғылар нарығындағы ірі ойыншылардың бірі, Nvidia-мен серіктестігі бар. ➡️ Lumentum (LITE) — жаңа буындағы лазерлік чиптер шығарады. Компания 2026 жылды маңызды кезең деп атап отыр. ➡️ Fabrinet (FN) — ірі технологиялық компанияларға оптика өндіріп береді. Бұл - инвестициялық кеңес емес. Бірақ алдағы бірнеше жылда сұранысы өсуі мүмкін секторлар ретінде бақылауға алуға болады 👀

Депозит әлде ETF: Қайда көбірек ақша табасыз? 💰 2 -бөлім. Көптеген қазақстандықтар ақшаны тек банкте сақтауға үйренген. Бірақ бұл байлықты еселеу ме, әлде жай ғана сақтау ма? Келіңіз, нақты сандармен салыстырайық. Елестетіңіз, сізде 1 000 000 теңге бар және сіз оны 10 жылға салғыңыз келеді. 1-нұсқа: Банк депозиті 🏦 Қазіргі таңда теңгелік депозиттердің орташа мөлшерлемесі - 14% . • 10 жылдан кейінгі сома: шамамен 3 700 000 ₸. • Минус: Бұл теңгемен жасалған есеп. Инфляция мен девальвация бұл соманың нақты құнын жеп қоюы мүмкін. 2-нұсқа: ETF (Биржалық қорлар) 📈 Егер сіз АҚШ-тың қарқынды дамып келе жатқан секторларына (мысалы, жасанды интеллект немесе IT) инвестиция салсаңыз, орташа жылдық кіріс 25% болуы әбден мүмкін. • Комиссия: бар болғаны 0,5–1%. • 10 жылдан кейінгі сома: шамамен 9 300 000 ₸. • Плюс: Инвестиция доллармен жасалады. Бұл дегеніміз - сіз тек акция өсімінен емес, доллар бағамының өсімінен де ұтасыз. Депозит — бұл «қауіпсіздік жастығы» үшін жақсы, бірақ үлкен капитал жинау үшін ETF әлдеқайда тиімді. Ақшаңыздың сіз үшін жұмыс істегенін қаласаңыз, нарықтың ең үздік құралдарын пайдалануды бастаңыз. Мен сіздерге АҚШ-тың жасанды интеллект секторына арналған ТОП-5 үздік ETF дайындап қойдым. 💸 Тізімді алу үшін 👈

Сіз ETF-терге инвестиция жасап бастадыңыз ба?📈 Осы аптада ETF деген не екенін толықтай талдаймыз. 1-бөлім Елестетіңізші, сіз Қазақстандағы немесе әлемдегі ең ірі 50 компанияның акцияларынан портфель жинағыңыз келеді. Егер әр акцияны жеке-жеке сатып алсаңыз, оған көп ақша және әр компанияны бақылап отыру үшін уақыт қажет болады. ETF (Exchange Traded Fund) - бұл акциялар мен облигациялардан құралған дайын «қоржын». Сіз сол қоржынның кішкентай бір бөлігін сатып аласыз, ал оның ішінде әртүрлі компаниялардың үлестері дайын түрде болады. ETF артықшылықтары: • Инвестицияны аз ақшамен бастауға болады. • Сенімді компанияларды кәсіби мамандар әлдеқашан таңдап қойған. • Қордағы бір компания жабылып қалса да, қалғандары жұмысын жалғастыра береді, сондықтан тәуекел азаяды. INVESTORBOL C АРУЖАН 🇰🇿🇺🇸

Күніне 1000–2000 теңге жұмсағанда бізге байқалмайды. Бір кофе, бір такси немесе керек емес тәттілер 🍰 Ал осы кішкентай сомалар жыл соңында 1 378 000 теңгеге айналуы мүмкін десем ше? Көп адам ақша жинай алмайды, себебі оларда жүйе жоқ. Мен сол жүйені бүгін сіздерге тегін бергелі отырмын. Арнайы челлендж ұйымдастырып, жабық канал ашылды. Ол жақта барлығымыз бірге ақша жинау әдетін қалыптастырып, нақты мақсатқа бірге жетеміз 📈 Бірақ каналға тіркелу тек 24 сағатқа ашық. Егер сізге 1,3 млн теңге артық болмаса - қазір қосылыңыз 💸👇 https://t.me/formulabogatsva1 Ертең сілтеме жарамсыз болады ⏳