ИНВЕСТИЦИЯ / АКЦИЯ - JIYIN АКАДЕМИЯСЫ 🇰🇿
کانال بسته
АҚШ акцияларына инвестиция жасауды 0-ден бастап үйретеміз. Қарапайым тіл, нақты стратегия, тәжірибе және қаржылық сауат 💸 🎓 Тегін сабақтар | АҚШ акциялары | Талдау Тегін консультацияға жазылу үшін 👇🏻 wa.me/77076069045
نمایش بیشتر3 168
مشترکین
-824 ساعت
-217 روز
-11430 روز
آرشیو پست ها
Күнделікті ішіп жүрген бір кесе кофеңіздің немесе күнделікті ұсақ-түйек шығындарыңыздың сізді ертеңгі күні байыта алатынын білдіңіз бе? 🤷♂️
Көпшілігіміз "инвестиция" десе, бірден үлкен биржалар мен күрделі графиктерді елестетеміз. Бірақ шын мәнінде, инвестиция - бұл әдет.
Мен сіздерге арнам 0 теңгеден бастап қаржылық сауаттылықты қалай дамытуға болатынын және алғашқы қадамдарды қалай жасау керектігі туралы видео дайындам.
Айтпақшы, пікір қалдырған бір кісіге NVDA акциясының бір-бөлігін сыйға тартпақшымын 😊👇
https://youtu.be/Qyi0jpLNDdk?si=RYyRheAjZJDbfMtf
Инвестиция - болашақтағы өзіңізге жасалған сыйлық 🎁
Бүгінгі таңда көп адам тек қазіргі күнмен өмір сүреді
Бірақ 5 жылдан кейінгі өміріңіз қандай болады?
• Өз үйіңіз бола ма? 🏠
• Балаларыңыздың оқу ақысын төлей аласыз ба? 🎓
• Қалаған еліңізге саяхаттай аласыз ба? ✈️
• Зейнетке шыққанда табыс көзіңіз бола ма? 💰
Осының бәрі бүгінгі қаржылық шешімдеріңізге байланысты 📊
Инвестиция – бұл тек акция сатып алу емес 📉
Бұл – өз болашағыңызды сатып алу 🚀
Инфляция - ақшаңыздың жасырын жауы💸
2015 жылы 100 000 теңгеге не сатып алуға болатын еді?
Ал дәл сол ақшаға бүгін не сатып алуға болады?
Айырмашылық үлкен! 📊
Бұл - инфляцияның әсері. ⏳
Жыл сайын тауарлар мен қызметтердің бағасы өседі📈 Егер ақшаңыз жай ғана депозитте немесе картада жатса, оның сатып алу қабілеті төмендей береді📉💳
Сол себепті инвесторлардың мақсаты - ақшаны сақтау емес, инфляциядан жоғары табыс табу🎯📈
Инвестицияның негізгі міндеті - капиталыңызды инфляциядан қорғау және көбейту! 🛡️💰🚀
Бай адамдардың басты құпиясы – олар тек ақша үшін жұмыс істемейді, ақшаны өзіне жұмыс істетеді 💰✨. Сондықтан инвестиция – байлардың ойыны емес, бұл қаржылық еркіндікке апаратын құрал 🚀📈.
Инвестицияны не үшін жасау керек? 💰🤔
Көп адам ақша табуға тырысады, бірақ ақшаны көбейту туралы ойламайды. 🤷♂️
Мысалы, сіз айына 400 000 теңге табасыз. Егер бұл ақшаны жай ғана картада ұстасаңыз, ол көбеймейді. Керісінше, уақыт өте келе құнсызданады. 📉
Ал инвестиция кезінде ақша сіз үшін жұмыс істей бастайды. 🚀 Сіз жұмыс істеп жатқанда, ұйықтап жатқанда немесе демалып жүргенде де капиталыңыз өседі. 💤🌴
Инвестицияны кейінге қалдырмаңыз!
📈 Инвестицияда ең маңыздысы - сумманың көлемі емес, уақыт. ⏳
Егер адам ай сайын аз болса да ақша салып отырса, бірнеше жылдан кейін оның капиталы мүлдем басқа деңгейге жетеді. 🚀
Көп адам инвестицияны ертеңге қалдырады, бір жылдан кейін де бастамайды бес жылдан кейін де дәл сол жерде жүреді.
✅ Ал инвестицияны бүгін бастаған адам уақытты өз пайдасына жұмыс істетеді. 💰✨
Бюджетіңізді_дұрыс_басқаратын_басты_техника_.pdf5.68 KB
Бүгін сіздермен әлем бойынша кең таралған әрі өте қарапайым 50/30/20 техникасымен бөліскім келеді. Бұл әдіс арқылы:
✅ күнделікті шығындарды бақылауға,
✅ қысқа мерзімді мақсаттарға ақша жинауға,
✅ болашаққа инвестиция жасауға болады.
Егер осы техниканы тұрақты қолдансаңыз, ақшаңыздың қайда кетіп жатқанын нақты көріп, қаржылық мақсаттарыңызға әлдеқайда тез жете аласыз.
📖 Төменде осы техниканы толық түсіндіріп берген қысқаша гайдпен бөлісемін⬇️💸
📌 Ақша табамын, бірақ қайда кетіп жатқанын түсінбеймін…
Көп адамның мәселесі - табысты көбейту емес, бар ақшаны дұрыс басқару.
Ай соңында:
— жалақы келеді,
— шығындар төленеді,
— қалған ақша байқалмай жоғалып кетеді.
Сондықтан қаржылық еркіндік тек көп ақша табудан басталмайды. Ол ақшаны дұрыс бөлуден басталады.
Студенттеріміздің жетістігі - біз үшін ең үлкен мотивация🙂↕️ Әрбір оң нәтиже жаңа адамдардың қаржылық болашағын өзгертуге шабыт береді ❤️📈
Сіз де ақшаңызды жай сақтап қана қоймай, оны өзіңіз үшін жұмыс істетуді үйренгіңіз келсе, инвестицияны зерттеуді бүгіннен бастаңыз 🚀
Банктегі ақшаңызды сақтауға болады 💰 Бірақ инфляция жыл сайын оның сатып алу қабілетін азайтады 📉
Мысалы, бүгін 100 000 теңгеге сатып алатын заттарыңызды бірнеше жылдан кейін сол ақшаға ала алмауыңыз мүмкін.
Сондықтан қаржылық сауатты адамдар ақшаны тек сақтап қоймайды, оны жұмыс істетеді 🤝
Инвестиция - ақшаның өсуіне мүмкіндік беру 📈
Сіз жұмысқа барған кезде ақша табасыз. Ал инвестиция кезінде ақшаңыз сіз жұмыс істемей жатқан уақытта да жұмысын жалғастыра береді 🌙
Кез келген үлкен капитал кішкентай суммадан басталады 💰 Біреуі айына 20 000 теңге салады, біреуі 50 000 теңге, ал біреуі 100 000 теңге. Ең маңыздысы — сумма емес, тұрақтылық 📈
Бүгін бастаған адам бірнеше жылдан кейін нәтижесін көреді 🌟 Ал «кейін бастаймын» деп жүрген адам сол уақыт ішінде ештеңе жинамайды ⏳
Инвестиция — байып кетудің емес, қаржылық еркіндікке жетудің жолы 🚀
Егер сіз 1 000 000 теңгені жинап, оны ешқандай қозғалтпай сақтап қойсаңыз, бір жылдан кейін сол ақшаға бұрынғыдай нәрсе сатып ала алмауыңыз мүмкін. Өйткені баға өседі. 📈💸
«Бәрі қымбаттап кетті… бұрын алуға болатын еді» деген ой көбіне осы жерден шығады. Бұл - инфляцияның әсері. 💰📉
Сондықтан ақша жай ғана жатпауы керек. Ол жұмыс істеуі қажет. Өйткені ақша неғұрлым ұзақ қозғалыссыз тұрса, соғұрлым оның сатып алу қабілеті төмендейді 🛑📉
Бірақ бұл жерде уайымдаудың қажеті жоқ. Қаржылай сауатты адамдардың негізгі айырмашылығы - олар тек жинап қоймайды, олар инвестициялайды 📊🚀💡
Бірақ мұнда бір маңызды нәрсе бар: тек ақша жинау - басты мақсат емес. Себебі жай ғана жинап қою арқылы ақшаны көбейту мүмкін емес.
Мысалы, инфляцияны алайық. Әлемдегі көптеген елдерде инфляция экономиканың ажырамас бөлігі. Оның әсерінен ақша уақыт өте келе өз құнын жоғалтады📉
Қаражатты жинау емес, инвестициялау тиімдірек🚀
Егер сіз өзіңіздің жеке қаржыңызды реттеп, ақша жинауға тырысып жүрсеңіз - бұл өте дұрыс бағыт. Қаржылай сауатты адамдардың да әдеті дәл осындай:
– табысынан аз жұмсауға тырысады;
– қарыздар мен кредиттерден құтылуға ұмтылады;
– ақшаның бір бөлігін міндетті түрде кейінге қалдырады
Инвестиция - тез байып кетудің жолы емес. Бұл - қаржылық еркіндікке апаратын жүйелі жол🚀💰
📈 Бастысы - алғашқы қадам жасау
Бүгінгі таңда көптеген адамдар жалақыдан жалақыға дейін өмір сүреді. Ал инвесторлар әр табысының бір бөлігін өздерінің болашақ еркіндігіне жинайды📈
Өзіңізге сұрақ қойып көріңіз:
Егер бүгін инвестицияны бастамасаңыз, 5 жылдан кейін қай жерде боласыз? Ал егер бастасаңыз, қандай нәтижеге жете аласыз?
Инвестиция жасаудың негізгі себептері👇🏻
1) Инфляциядан қорғану: Жыл сайынғы инфляция ақшаның құнын түсіреді. Банкте жай жинақталған қаржы уақыт өте келе өз құнын жоғалтады, ал инвестиция оның өсуін немесе құнын сақтап қалуды қамтамасыз етеді
2)Пассивті табыс: Инвестиция арқылы капитал күнделікті жұмысқа қатыспай-ақ, пайыз, дивиденд немесе рента түрінде қосымша табыс әкеледі
3)Қаржылық тәуелсіздік пен зейнет жасы: Жұмыстан шығып қалу немесе зейнетке шығу кезінде қиындық көрмеу үшін уақытында жиналған капитал мен одан түсетін табыс маңызды рөл атқарады
اکنون در دسترس! پژوهش تلگرام ۲۰۲۵ — مهمترین بینشهای سال 
