cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Baribar Media

Бізде бәрі бар! Мультимедиалық контент дайындайтын көпсалалы сайт.

نمایش بیشتر
Advertising posts
252مشترکین
-124 ساعت
-47 روز
-530 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам отбасыға мемлекеттік қолдау көрсетілді Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.  Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың өзге де облысының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беріп жатыр. Бүгінгі таңда 21 658 өтінім қабылданды. 26 сәуірдегі жағдай бойынша 12 642 отбасы 100 АЕК мөлшерінде 4,5 миллиард теңгеден астам мөлшерде біржолғы төлем алды. Қырылған мал үшін берілген өтемақы көлемі 211,5 миллион теңгеге жетті. t.me/baribar_media
نمایش همه...
Алматыдағы автобус апаты: сотталушы соңғы сөзін айтты Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөз өтті. Жарыссөзде сотталушы Дархан Ахметжанов соңғы сөзін айтты. Ол өзіне тағылған айыптардың ішінде тек «Бұзақылық» бабы бойынша кінәсі барын мойындады. Болған апатқа ол өзін арандатып, қорлаған автобус жүргізушісін кінәлайды.
Құрметті сот, менің кәмелетке толмаған үш балам бар және бұрын қылмыстық жауапқа тартылмағанмын. Осыларды ескеріп, бас бостандығынан айырудан басқа жеңіл жаза берсеңіз екен. Мені қылмыстық кодекстің 351 бабының 3 тармағы бойынша кінәсіз деп тануды және ақтауды сұраймын,
— деді сотталушы Дархан Ахметжанов. t.me/baribar_media
نمایش همه...
Каспий жағалауынан 80-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауына мониториң жүргізу барысында 12 итбалықтың өлексесі табылды. Бұл туралы балық шаруашылығы комитеті хабарлады. Сонымен қатар 23-24 сәуір күндері инспекция теңіз жағалауына мониториң жүргізу кезінде 67 итбалық өлекселері тапқан. Алайда олардың өлексесі шіри бастағаны белгілі болды. t.me/baribar_media
نمایش همه...
Су басқан өңірлерде 35 мыңнан астам адам үйіне оралды Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігің ресми өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді.
Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 082 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 35 122 адам өз үйіне оралды және 8 520 адам эвакуациялау пункттерінде. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 634 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды,
— деді Асқар Шәріп орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. t.me/baribar_media
نمایش همه...
Поп-MMA индустриясы қоғам мен жасөспірім агрессиясына ықпал ете ме? Мамандар жауабы MMA – аралас жекпе-жек. Бұл аралас жекпе-жекте түрлі стильдегі спортшылар кездесіп, төбелеседі. Осы спорт түрі әлемде қызығушылық тудырып, тез таралды. Жылдам танымал болып, аралас жекпе-жектің өзге де форматтары шықты. Нақты мысал ретінде поп-MMA индустриясын атауға болады. Поп-MMA – аудиториясы көп танымал адамдардың қатысуымен өтетін жекпе-жек. Бұл жекпе-жек ереже аясында өтсе де, талаптар мен нормалардың ситуацияға қарай бейімделетінін байқауға болады. Baribar.kz тілшісі медиасарапшы Ерлан Оспан, журналист Есенгүл Кәпқызы және психолог Гүлден Саматқызынан поп-MMA индустриясының қоғамға әсері мен бала агрессиясына ықпалы туралы сұрады. 🔗Толығырақ мына жерден оқыңыз t.me/baribar_media
نمایش همه...
Батыс Қазақстан облысында судың көтерілу деңгейі тұрақталды Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысындағы қазіргі су тасқыны жағдайы туралы тың мәліметпен бөлісті.
Азаматтық қорғау қызметтері Атырау, Ақтөбе, БҚО және СҚО-да су тасқынына қарсы және салдарын жою іс-шаралары мен халыққа көмек жұмыстары жалғасып жатыр. Батыс Қазақстан облысында судың көтерілу деңгейі тұрақталып жатыр. Су басқан өңірлерге мониториң жүргізу және патурльдеу үздіксіз жұмыс істеп тұр,
— деді министрліктің ресми өкілі Асқар Шәріп орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. t.me/baribar_media
نمایش همه...
Астанаға ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері келді Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде өткізілетін іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады. t.me/baribar_media
نمایش همه...
💸Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444,1-445,9 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 444-449 теңге аралығында құбылып тұр. Ұлттық банктің 26 сәуірдегі ресми бағамы — 1 долларға 444,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,82 теңге болды. t.me/baribar_media
نمایش همه...
Мемлекет басшысы су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіруге 5 ай уақыт берді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясында су тасқынының зардаптары мен қалпына келтіру жұмыстары туралы айтты.
Топан су кеткен соң одан зардап шеккен аймақтар қалпына келтіріледі. Ең алдымен, азаматтарға шығындарын өтеу үшін тиісті өтемақы төленеді. Үй-жай құрылысы басталады, баспана беріледі, бүлінген инфрақұрылым жөнделеді. Осы қыруар жұмыс өте аз уақытта, яғни жаз бен күздің бес айында аяқталуға тиіс. Бірақ біз бірлесіп, бұл шаруаны абыройымен атқарып шығамыз деп сенемін, — деді мемлекет басшысы.
t.me/baribar_media
نمایش همه...
Мемлекет басшысы су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіруге 5 ай уақыт берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясында су тасқынының зардаптары мен қалпына келтіру жұмыстары туралы айтты.

Сергеев қоймасында су тасқынының қауіпті кезеңі өтті Бұл туралы СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин айтып берді. Спикердің айтуынша, қазір су деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді. "Петропавл қаласының маңында су деңгейі 2-4 см-ге дейін біршама көтерілді, жағдай тәулік бойы бақылауымызда", — деді Серік Ғайсин орталық коммуникациялар қызметінде. .me/baribar_media
نمایش همه...
Сергеев қоймасында су тасқынының қауіпті кезеңі өтті

Сергеев су қоймасында су тасқынының екінші толқынының қауіпті кезеңі өтті. Бұл туралы СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин айтып берді.