fa
Feedback
Jurek dapteri

Jurek dapteri

رفتن به کانال در Telegram

Жүрегімді оқы

نمایش بیشتر
1 522
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-77 روز
-3130 روز
آرشیو پست ها
Күз. Ақ мешіт. суық жел аймалаған, қайыр сұрап қаңғырдым қайманадан… ауылдан алыс кетіп сені таптым, ал қазір сенен кеттім… қайда барам ? Көз жасымды көл етіп түнде небір , жұбануға сөз таппай тілге жеңіл . түзге айналып барады қайран көңіл - күзге айналып барады сүрген өмір… Жүрегімде қалғаны сөр мен кектің , арасында адасып жер мен көктің. ешкімді аңсамадым содан кейін - ешқайда апармайтын жолмен кеттім… Күз. Ақ мешіт. Қараша. Қабарған ай, қабырғамды сөкпеші O, жалған-ай! Сапарға жалғыз шыққан жолаушы едім, мен енді оралмаймын солай … солай… солай … Қуаныш Өмірбек

Ей, перизат, аңсар жанға Тағдыр дәйім гүл берер ме Жуынатын кәусар бар ма Ақ қанатың кірлегенде? Сені ойласам, ей, перизат, Жан-жүрегім қан жылаған. Бар тілегім, ей, перизат, Қайда жүрсең сен жүр аман. У берсең де шөлдегенде Бас тартпаймын сен дегенде. Ей, перизат, суып ғалам, Қаздар қайтып бара жатыр. Мен өзіңді сүйіп қалам Келсе дағы заманақыр. Жаншыса да ей, перизат, Өкініштің сан салмағы. Кештім сені, ей, перизат, Қанша азапқа салсаң дағы. Мен өзіңді сүйіп өтем, Сені сүймеу күйік екен. Көз жасыма, ей, перизат, Батып кетті бір ақ кеме. Сол кемеде, ей, перизат, Мен де кеттім, бірақ неге? Ей, перизат, шыққан ақтап Қылығымды ел теріс десін. Судан таза, сүттен аппақ, Сен мен үшін періштесің. Кінәлі де емессің сен, Күнәлі де емессің сен. Ұлықбек Есдәулет

Ер адамның демеу әр сөзі бізге. Түсінеді тұңғиық кезімізде. Ер адамнан күтеміз ерлік қана, Қулық деген жетеді өзімізде. Ерлер жайлы жоқ тарих жазып біткен. Құрсын соғыс ерлерді азып күткен. Өжеттікпен, өрлікпен емес, қыздар, Жігіттерді сыйлайық нәзіктікпен. Ерлер жоқта мәні жоқ тіпті үміттің. Ерлер жоқта сәні жоқ түк қылықтың. Жүк ауырын көтерсе азаматтар, Керегі не әйелге мықтылықтың?! Осы өлеңмен демеймін мәз етемін. Мойындадық қыс кетіп, жаз өтерін. Мойындаудан қашамыз неге бірақ Жер бетінде ерлердің аз екенін. Әртүрлі іспен жадыңда қалады әр күн, Көзі жетер ойменен қарағанның. Теңдік алған әйелден әлдеқайда Биік әлі орыны ер адамның. О, арулар, сәндеп шаш тарағандар, Жігіттерге биіктен қарамаңдар. Өмір ұлы көш болса, баяғыдан Алға тартып келеді ер адамдар. Күләш Ахметова

Сүю үшін жүр ғой жұрт кеңес сұрап, сүйетін жан былай сүй демес бірақ. Саған ұқсас қыз көрсем – айрылғым жоқ, бұл, әрине, мықтылық емес, шырақ. Жанарыңды қоя тұр дөңгелетпей, көздің жасы тұр қазір емге жетпей, саған ұқсас қыздарға – осалдаумын, (мықты болғым кеп жүрген мен де жоқ қой). Бәрі – сүю, құдайым оңдасын тек, жанса – жансын жүректер, тоңбасын тек. Саған ұқсас қыздардың сүйем бәрін, маған ұқсас жігіттер болмасын тек. Жұмекен Нәжімеден

Не істей алар екенмін сен үшін мен? Балдың, удың... құдай-ау, көбі ішілген. Қараймын да жүзіңе, ойланамын, Әлденені айтамын... тек ішімнен. Іші-бауырым езіле, емірене, Емірене қараймын, тебірене. Саған ғана айтатын сырларым бар, Саған енді айтпаймын соны неге? Өңім тағы құбылып өрт кешкендей, Көңіл тағы құбылып дерт көшкендей, Сақтау үшін бір ұлы құпияны, Үндемеуге екеуміз серттескендей, Үндемейміз. Үнсіздік ұнағандай, Үндемейміз, іште бір кінә бардай. Маңдайыңның қараймын сызығына, Хал-жайыңды солардан сұрағандай. Жанымызды, жүректі тұмшаласып, Қайда жүрдік жолықпай мұнша ғасыр?! Маған қарап күрсініп қоясың тек, Білем, білем, ішіңнен мұң шағасың, Мұң шағасың, сеземін, мұңаясың, Мұңайғаның әдемі, құдая, шын. Мен сені аяп отырмын, сен мені аяп, Аярлықсыз осылай кім аясын. Кісі көңілі көктемге сенеді екен, Сол сенімдер боп еді неге бөтен? Бізді айырған бір кезгі жегі сөздер, Үнсіздікте осылай өледі екен. Үндемеші. Осылай наз айтылар. Қайбір сұрақ көңілді қажай тұрар. Үндемеймін. Іште сөз жанып-сөніп, Бізге бүгін керегі өзі айтылар. Өткен өмір – ұмтылған түстей ғана, Енді бізге ешкім де түспейді ара. ...Өтіп кетер ме екенбіз бұл өмірден, Күбірлесіп екеуміз іштей ғана. Ерлан ЖҮНІС

Сағди Ширази / Көктем (نوبهاري) (Nobahari) Мына бір бақшаның жағдайы қалай, айта гөр көктемнің желі: мұндағы гүл сүйген бұлбұлдар бұлай ешқашан жыламаушы еді? Расында, бірде бір гүл жоқ қой мұнда тең келер жүзіңе сенің: бұл гүлдер сен болып батырмас мұңға, сен сынды бола алмас керім. О, менің, сарқылмас жанымның нәрі, дертімнің дауасы және; қолыңда емес пе әлемнің бәрі - жанымды емдеші, кане: өлген соң тағы бір өмірді жаңа қалайды жарым-жан көңіл - әйтпесе жалғыз-ақ үмітпен ғана сарқылды мына бір өмір ... Файзулла Төлтай

Өлең жаза кетіңіз✨

«Ә» дегенге, «мә» десіп,өре тұрып, Бет-аузыңды соққыға бере отырып. «Құладым деп оқыста» ата-анаға, Қорыққаннан айтамыз бір өтірік. Қарағайдай паң түрі,төре түрі, Қатайып-ақ қалғанын көре тұрып. Жеңгелерге әлі де жап-жассың деп, Сыйлағаннан айтамыз бір өтірік. Төсегінде өлерін көре тұрып, Тілеуіңді туысқа бере отырып. «Айығып-ақ кетесің» деп ауруға, Аяғаннан айтамыз бір өтірік. Жалған әдеп, әрине жоғалмақшы. Жоғалмақшы,замана оңалмақшы. Айналайын зиянсыз, өтірік-ай, Сонда біздің күйіміз не болмақшы?! Қадыр Мырза Әлі

Перiштелер қонып жатыр, Оқиыншы бiр аят. Жерде думан болып жатыр, Барын қалсын кiм аяп... Қанаттарын қағып-қағып, Қонады кеп қолыма. Жанның отын жағып алып, Үмiт арттым жолыма. Перiштелер қонып жатыр Ұлпа қардан жаралған. Жерде думан болып жатыр, Той тiзгiнiн қар алған... Аударылып, төңкерiлiп, Қонғанынша мың аунап - Ай нұрымен көмкерiлiп, Қар жауып тұр қылаулап... Нұрлан Мәуленұлы

Ғашықтық ғаламаты Мұхтар Шаханов Өлеңді оқыған: Шынболат Ділдебаев

Сыңар Құспен де сырластым... Сені жібермеген Айдының екен. Мені шідерлеген Қайғы-мұң екен. Екеуіміз де кешіктік, сыңар Құсым, Енді, міне, жолбайлау тұманды шың. Тұнба сырдың тұмасын ашып қойсам, Мұндасыңның жүрегін ұғармысың, Сырлас көлін қимаған сыңар Құсым? Көлің жатыр әніңмен әні бірге, Өзің кетсең, кетердей сәні мүлде. Сағыныштан басқаны жаза алмадым, Себебі сені күтем әлі күнге. Сағыныштар жыр құйды санама кеп, Сорлы көңіл болады соған әлек. Қиялымнан әлі күн жібермеймін, «Жалғыз жүріп, жабығып қала ма» деп. Мен бармын ғой, сыңар Құс, сен егілме, Сағынамын сол жанды неге күнде? Жылап бара жатады жалт бұрылып, «Жары болдым өзгенің» дегенімде. Махаббат па, аңсау ма өмір деген, Саған бақыт қайғыру көліңменен. Сағынышым салмағы батып тұрып, Менің денем сергиді, көңілденем ...Көлің жатыр жарқырап айнадайын, Көңіл жатыр, қайда мұң, қайда уайым? Сүюдің ызғары да жылы екенін Мен айттым ғой, сен де айтшы, айналайын. Есенғали Раушанов

Адам маған ұнайды қылығымен, Толқынымен ұнайды, тұнығымен. Біреулері тоңдырса шылығымен, Біреулері жылытад жылуымен. Адам маған ұнайды қылығымен. Мен де адамға ұнаймын мінезіммен, Мың сойқандық аттанар бір өзіммен. Жақын тартса, біреулер сыртқа тепсе, Өкінбеймін, өйткені кінә өзімнен. Өкпелетті талайлар, өкпелеттім, (Өкпелетіп адамды көктемек кім?!) Жақсылық па? Жүгірем құшақ ашып, Жамандық па? Оған да бетпе-бетпін. Көзімен де, көңлімен баяндаған, Адамдардың мінезі аян маған... Қандай бақыт! Солардың арасында Жетер жерге жеткенше аяңдаған. Мұқағали Мақатаев

Ерте ме, кеш пе, бәрі де аяқталады, Аяқталады қайғың мен қасыреттерің. Жалғаннан қашан көңілің тоят табады, Өз ғұмырың ғой есепсіз шашу еткенің Аяқталады бәрі де ерте ме, кеш пе, Бүгінгі көрген қызық та аяқталады. Бақытқа жету дегенің ертегі емес пе, Уақытың құрғыр тықылдап таяп қалады Ерте ме, кеш пе, бәрі де тәмамдалады, Сүйсең де мейлің ғашық боп, сүймесең мейлің. Алдамшы мынау дүниенің адам қонағы, Қонақ та болса өмірді билесем дейді. Тағдырына адам өзінің еркелемес пе, Бірақ та тағдыр пендесін аяп қалмайды. Аяқталады бәрі де ерте ме, кеш пе, Арманың ғана ешқашан аяқталмайды. Ұлықбек Есдәулет

– Сен жамансың! – Деген сөзге селт етпейтін жүрегім, – Сіз жақсысыз... – Деген сөзге неге ауырып, жүдедің? – Сіз жақсысыз... – Деген сөзге ауырасың сен неге? Біреу тиіп кетті ме екен сенің нәзік пернеңе. – Құбылаға құлшылық қып Құдайға да ұнарсың, – Жаратқанға жаққанымен жағу қиын пендеге, Ей, дүние, беу дүние, сондай болдың сен неге?! Білінбейтін көрер көзге ағы менен қарасы, Қандай қиын дүниеде адамдардың арасы. Әр ауыздан әртүрлі сөз аңқитынын қарашы, Соған менің жан-жүрегім шаншитынын қарашы. Неге сонша жасқанамын күдірейген күштіден, Неге менің жүрегімнің өтеді осы үстімен Осы ауылда болып жатқан бақ пенен тақ таласы, Маған оның бәрібір ғой ағы менен қарасы. Тазаланбай қойды өйткені, мәңгі Авгийдің қорасы, Ей, дүние, беу дүние, бар ма соның шарасы?! Сен жамансың деген сөзге жүруші едім қысылмай, Жаз соңында қалтыраған жапырақтың ұшындай. Сен жақсысың деген сөзге жүрегім, Қалтырап тұр, қарашы! Есенқұл Жақыпбек

Өзгемен қалай тұрып жатырсыз – Өмірі ұшып көрмеген? Сіз қалай тұрмыс құрып жатырсыз жағалауменен – жерменен?   Қалды ма ұмыт қалқыған арал Төсінде көктің тербеліп Қалды ма ұмыт сарқырамалар – жарқырап ағар, өң беріп?   Сіз қалай бірге тұрып жатырсыз Әйелмен – әнсіз, жай, жаман, Ұрымен өмір сүріп жатырсыз Тағымды менің жайлаған?   Халіңіз қалай, қарағым, анық – Жайыңыз бәлкім жайлы шын? Сорлының қалай сауабын алып, Табасыз бабын байғұсым?   «Жүзуден қажып, Жерінген кемем. Жетеді! Жерде қаламын!» Қалай тұрасыз көрінгенменен, Артық көретін адамым!   Дәмді ме әлде пісірген асы – Дастарқан үсті толы – кең? Бақ қонғыш болған үшін бе басы – Тұрасыз қалай сонымен?   Жат әйел жанын ұғасыз қалай Өзіңізді алдап, тер төгіп Және де бірге тұрасыз қалай Ұяттан кетпей өртеніп?   Қалайсыз енді, халіңіз қалай – Әніңіз бар ма әлі де? Жарасы кетпес жаныңыз қалай – Шыдайсыз қалай бәріне?   Қалай тұрасыз (бар сұрайтыным) Базардан алған бөзбенен Алтыннан кейін, жарқырайтұғын – Бағасы төмен жезбенен?   Көңілдің – арзан ермегі, жаңа Таптыңыз ба әлде емін сіз? Қалай тұрасыз жердегі ғана Жай әйелменен сезімсіз?   Бақыттымысыз? Жауыр ма әлде Жүректің түбі – мұң өрген? Жайыңыз мендей ауыр ма әлде – Тұратын басқа біреумен?   Марина Цветаева Аударған: Гүлнәр Салықбай

Бір шай қасық қана... Өңі бар... өлермендігі де жаман емес былай, Осындай жандардың он екі мүшесін, Денесін, санасын Түп-түзу жаратып Бір шай қасық қана Ар қоспай... Қоятыны несі Құдай. Ақорда... Бұл өтіріктер үйіндісі Жаным пәруана көбелектей шарпылған. Тойдым, рас одаңа... құрғақ қуырмаңдаршы өтінем... Бір шай қасық қана Май тамызыңдаршы табаға... Ықылас Ожайұлы

... Қыз айтты “мәңгi бiрге болам”, – дедi Шынжырлап байлаған кiм оған менi. Шығардық Айды аспанға (көрмеймiсiң, Түскен жоқ Ай аспаннан содан берi). Ауылдың Ақши деген белесiнде, Берген сөз, байласқан серт – ол есiмде. Жұлдызым жанды дедi ол (бұған дейiн, Болған жоқ көкте жұлдыз, сенесiң бе?) Байқасаң, шындық та шын, жалған да шын, Бостекi өңшең бiлмес сандалмасын. Ұлиды Айға қарап қасқыр дейдi, Қайтедi Айға ұлымай алданғасын. Қайда әлгi жұлдызды сәт, алтын күнiм, Төгедi Ай болмашы салқын нұрын. Ай-дағы менiкi едi, жұлдыздар да, Кетiптi-ау иемденiп әркiм бүгiн... Есенғали Раушанов

Құрметті оқырман сіздерге өтінішіміз бар! Сілтемеге өтіп, Журналистика аталымынан Маржан Әбішті тауып алып, дауыс беріп, қолд
Құрметті оқырман сіздерге өтінішіміз бар! Сілтемеге өтіп, Журналистика аталымынан Маржан Әбішті тауып алып, дауыс беріп, қолдап жіберсеңіздер! https://assyltas.kz/?fbclid=PAZXh0bgNhZW0CMTEAAaaHzLPfp-GPA0JPsgFk7YOA14fdncJeooUFYCjjD7ucMkwA0WO1PkELF5E_aem_0w6jPxC6uMR_7PHJM7BV4g

Сен мұңайма, қуанайын мен дағы, Сені сезім, мені көзің алдады. Тек біз емес адастырған талайды, Бұл тағдырдың айқыш-ұйқыш жолдары. Өмір бізді жолықтырды, байытты, Желіктірді, болдық бүгін байыпты. Кінәлама өзіңді де мені де, Біздің бұған жастығымыз айыпты. Жүрегіңді шайлықтырып, жасқантып, Алдың рас, демеймін күл, тас, шалқып. Бірақтағы қала көрме қапыда, Қарсы келген бақытыңнан бас тартып. Жарасқан Әбдіраш

Бір үйде оңаша бірге іштік, Сен болдың біреудің Баяны. Бірге іштік, содан соң нұр құштық, Көңілдің желбіреп маягы. Өзіңе өзіңді тақ қылдым, Отырдың, алдымда отырды Ай, Көзіңе көзімді лақтырдым Теңізге тастаған якордай. Ондайды көргем жоқ бұрын деп, Тарқаттың шашыңды, жүз өрдің. Қолымды апардым дірілдеп, Үстіне жұп-жұмыр тізеңнің. Елес пе, ар жағы жоқ есте, Сен жылап, мен бармақтістедім. Көңілдер кемелер емес пе? Құштарлық тоғыз балл шторм. Өзің де кінәға бір аршын Жақынсың, менен де бар кінә. Мұңды боп оралған шығарсың, Баянды махаббат портына. Шайқалдық, шатырлап сынды көк, Кеш мені болса егер сол күнә. Оралған шығарсың мұңды боп, Баянды махаббат портына. Жарасқан Әбдіраш