cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Айдай Жаныңнан🌙 [aijanalqabek]

Канал

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
991
مشترکین
-524 ساعت
-107 روز
+2930 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

Бірақ бұл тек басы ғана екенін білем. Ширек ғұмырыңды да сүріп болмай толдым дей алмайсың. Түсінуімше, мендегі енді басталатын ересек кезеңнің саналы таңдауына сүйеніп ізденетін кезеңге дайын болуым керек. Екінші демім ашылғандай күйді жиі байқаймын соңғы кезде.🤭
نمایش همه...
15👍 2
2016-2021 арасындағы бес жыл үздіксіз оқыған күндерім үшін өзіме әлі күнге алғыс айтам. Одан кейінгі жылдары оқуды көп жұмыспен қатар алып жүрген кездерім есімде, әлі де жалғасып келеді. Бірақ сол кезеңдегі алаңсыз ізденіс пен түрлі тәжірибе, ақпаратты кедергісіз қабылдай берген күндерімнің арқасында ғана бүгінге дейін “өзімді таппай жүрмін, где я, куда я стремлюсь” деп кинодағыдай депрессияға түспей аман келе жатырмын.
نمایش همه...
14
Соңғы кезде біраз жас “өмірім бірқалыпты болып кетті, тып-тыныш, дым қызық жоқ” деп қайта-қайта жазады. Мен түсінем. Өзім де бұрын тыпыршып, тыныштықтан қашатын едім. Тыз-тыз етіп бірдеңе істемесем жүре алмайтын едім. Тыныш уақытты дамуға арнау керек. Қиялды біліммен қанағаттындыру жемісін береді. Өмір бір қалыпты емес, әйтеуір бір күні аласапыран басталады, сонда миыңда реттілік болмаса босқа күйіп кетесің. Бәріне үлгерем деп жанталасасың. Жан тыныш кезде, сана ашық кезде оқып-оқып алыңдар. Не үшін оқып жатырмын демеңдер. Бір күні бұрқ ете қалғанда сол тыныштықтағы дайындық көмектеседі.
نمایش همه...
19
Айтқандай, жазбаны инстаграмда толықтырдым. 🥹💜 https://www.instagram.com/p/C7JUsbjL46r/?igsh=MXZjaW54MXB2dTQ5aQ==
نمایش همه...
8
Мен енді ұмытпайтын дорама. 💔
نمایش همه...
15
“Мерцающий арбуз” деген дораманы аяқтадым. Аяқтап алып бұрын терең ойлап көрмеген дүниелер келді… Ата-анамыздың тұтас ғұмырының бел ортасында пайда болған адамдармыз ғой. Олардың дәл бізбен жасты күніне мен де қиялымда сапар шеккім келді. Жарқырап тұрған жас күнін көріп, сол кезеңдегі мұңын да қатар тыңдағым келді. Жай ғана барып сенде бәрі жақсы болады деп тұрып қысып құшақтағым келді. Дәл солай өзімнің болашақ балаларым үшін де ең әдемі жастық шақты бастан өткеруді бұйыршы деп сұрадым. Болмашыға мұңаймай, күйіп-пісіп асықпай, еш жағдайды асықтырмай, “Viva la vida” деп алып жүзі кетпеген алмастай жарқырағым келді. Осыны жазып отырып ішімдегі алабөтен бір сезіммен жылап қалдым..💔
نمایش همه...
37👏 2
Күн сайын ерте оянып ерте ұйықтап жүрген өткен аптамды көрген Құдай, жексенбі күні шайып кетпесін деп таңғы 9-ға түсірілім бұйырыпты бүгін. 🥹🌸 Жаратқан Алла, өзіңнің қолдауыңнан айналдым!🫂🤍
نمایش همه...
25
Аудиокітап демекші, Джек Лондоннның “үлкен үйдің кішкентай қожайыны” деген романын бастап едім, 4-тарауына келіп тұрмын, әлі қызықтыра қоймады.
نمایش همه...
Осының бәрін теріп, жіктеп шығам дегенше таңғы ас дайындап, оны асықпай ішіп, осыған дейінгі әр ай қорытындысын ақтарып, куйеуімді жұмысына шығарып салып үлгердім ал. 🥹✨ Қажетіңізге жарасын. 🫰🏻 Мәз боп қалсаңыз, рақмет лебізді пікргее☺️👇🏻
نمایش همه...
👍 20 16