cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

پست‌های تبلیغاتی
3 197
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
+67 روز
+12330 روز
توزیع زمان ارسال

در حال بارگیری داده...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
تجزیه و تحلیل انتشار
پست هابازدید ها
به اشتراک گذاشته شده
ديناميک بازديد ها
01
2024 жылғы 13 сәуір мен 11 мамыр аралығында елордада "Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" айлығы өтеді. Әрбір тұрғын елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қоса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Экологиялық айлық шеңберінде қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарлар мен орамішілік аумақтарды тазалау, саябақтар мен скверлердегі жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату жөніндегі іс-шаралар, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жүргізіледі. Сондай-ақ акция аясында 270 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарлануда. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/193325
1050Loading...
02
Астанада Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Михаил Григорьевич Куликтің мемориалдық тақтасы «Байқоңыр» ауданында ашылды. Ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, қалалық Қорғаныс істері департаментінің басшысы Айдын Сағынбек, Ұлы Отан соғыс ардагері Михаил Куликтің қызы Валентина Кулик және қала тұрғындары қатысты. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/197440
1080Loading...
03
Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінің базасында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау бойынша әлеуметтік акция ұйымдастырды. Гуманитарлық көмек Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындарына жеткізіледі. Зардап шеккендерге киім-кешек, азық-түлік, жеке күтім, төсек-орын, ыдыс-аяқ және дәрі-дәрмектер жиналды. Хасан Шариповтың төрағалығымен құрылған қалалық штаб гуманитарлық көмек жинау жұмыстарын үйлестіреді және тауарларды қабылдау мен түсіруге көмек көрсетеді. 📌Толығырақ: https://adyrna.kz/post/192820
1070Loading...
04
Астанадағы тұрғын үй кешенінде подъездің күнқағары баланың үстіне құлап кетті. Кадрде ғимараттан шығып келе жатқан жасөспірімнің үстіне подъездің күнқағары құлап кетеді. Оқиға 12 мамырда болған. "2013 жылғы бала 2-көпбейінді қалалық балалар ауруханасының травматологиялық пунктіне жеткізілді. Басының самай бөлігі жарылған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бала хирургтің амбулаториялық бақылауына жіберілді", - дейді Астана қаласының әкімдігі. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қарап тексергенде контузия нүктелі жаралар анықталған. Жалпы баланың жағдайы қанағаттанарлық. 
1300Loading...
05
“Ұят болмасын” бағдарламасынан😍
3812Loading...
06
Петропавлда су басқан үйден ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ақпаратқа сүйенсек, 34 жастағы ер адамның жоғалғаны туралы інісі 13 сәуірде Подгора шағын ауданына су  кірген күні хабарлаған. Ер адамның денесі бір айдан кейін дәл сол жерден табылған.
3560Loading...
07
Ресей президенті Владимир Путин Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгуды қызметінен босатты. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі мәлімдеді
4360Loading...
08
Варшаваның белгілі аудандарының бірінде дүкен мен қызмет көрсету нүктелерінде өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ntv.ru-ға сілтеп. Жергілікті полиция зардап шеккендердің жоқ екенін мәлімдеді. Сауда орталықтарында 12 мамыр күні таңертең өрт шықты. Варшаваның Бялолека ауданында шыққан өртті сөндіру 50 топ құтқару жұмыстарымен айналысқан. Орталықтың 80 пайыздан астамы өртенген. Билік варшавалықтарға өрт туралы ескертіп, терезелерін жауып үйден шықпауды ескертті.
5750Loading...
09
⚡️ Қазақстанда шетел азаматтары үшін бензин мен дизель отынына тәуліктік шектеу енгізіледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы zan.gov.kz-ке сілтеп. Жаңа бөлшек сауда бағасы 17 мамырдан бастап енгізіледі. Өзгерістер ҚР Энергетика министрі енгізген жанармай құнын реттейтін түзетулер нәтижесінде енгізіліп отыр. Жарияланған қаулыға сәйкес қосылған құн салығы ескеріліп, шекті бағалар белгіленген. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.
5090Loading...
10
🏔️ Қазақ қызы Анар Бурашева алғаш рет Эверест шыңын бағындырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. “Kazakh Everest Team” қазақстандық команда әлемнің ең биік шыңы – Эверест шыңына (8 848 м) сәтті көтерілді. Топ құрамында альпинистер Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев та бар. Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық команда 12 мамыр күні Непал уақытымен таңғы сағат 07:25-те Эверест шыңын бағындырған. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
4890Loading...
11
⚡️Атырау облысындағы Талдыкөл ауылын су басуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы ауыл маңында 3 км қорғаныс бөгеттері салынды, оның 800 м бекінісі жаңартылғанын хабарлады. Ауыл маңын нығайту жұмыстарына 25 арнайы техника, 28 әскери қызметші және ҚР ТЖМ 15 қызметкері жұмылдырылған. Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы фермерлер мен шаруа қожалықтарының иелеріне су басу қаупі туралы ескертулер берген. Бүгінде 200 бас ешкі мен қой, 300 бас сиыр қауіпсіз жерге көшірілді.
4611Loading...
12
⚡️ Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Өзбекстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшылығымен кездесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Olympic.kz басылымына сілтеме жасап. Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин Өзбекстан ҰОК бас хатшысы Ойбек Қасымовпен кездесті. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
4340Loading...
13
🇮🇹 Италияда “демографиялық төтенше жағдай” жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық портады Euronews-ке сілтеп. Елде 2030 жылға қарай халық саны 1 миллионға азаюы мүмкін. Халықтың қартаюы және туу көрсеткішінің төмендеуі италиялық әлеуметтанушылар мен демографтарды қатты алаңдатып отыр. Елде кейінгі жылдары туу көрсеткішінің төмендеуі байқалып отыр. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
4510Loading...
14
⚡️ Қазақстандық кәсіпкер, “BI-Group” құрылыс компаниясының негізін салушы Айдын Рахымбаев тағы бір мақсаты орындалғанын жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Кәсіпкер Айдын Рахымбаев Facebook желісінде қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол 51 жасында Гарвард университетін тәмамдап, диплом алды. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.
4961Loading...
15
⚡️ Астанада саңырау әрі мылқау такси жүргізушісіне тіл тигізген ер адам ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Желіде ер адамдардың бейнесі тараған болатын. Олар жүргізушіні балағаттап, мазақ еткен. Полиция қызметкерлері жолаушыны ұстағанын хабарлады. “Такси жүргізушісіне балағат сөздер айтқан жолаушы дереу анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп хабарлады Астана полициясы. Желі қолданушыларының ашуын тудырған бейнені желіден қарай аласыздар
5020Loading...
16
Индербор кентіне баратын жолды су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қазақпаратқа сілтеп. Атырау-Орал трассасынан Индер ауданына баратын 7 шақырымдық жолды су басу қаупі төнгендіктен жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
4790Loading...
17
⚡️ Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері жеңілісінен соң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 11 мамыр күні қазақстандық спортшы Қуат Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкодан жеңілген болатын. Тартысты жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде өтіп, үш раундқа созылған. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.
4690Loading...
18
Қарағандыда ер адам өзінің бауырын аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. Жаға ұстатарлық оқиға Қарағанды ​​облысының Қушоқы ауылында болған. Көпқабатты үйдің ауласында ер адамның күндізгі уақытта өзге адамды аяусыз ұрып жатқан бейнесі тараған. Кадрда ер адамның темір құбырды сілтегені де анық байқалған. Белгілі болғандай бұл оқиға көпшіліктің алдында болған. Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мән-жайды мәлімдеді. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
4770Loading...
19
⚡️Батыс Қазақстанда 7 адам құтқарылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Жайық өзенінде 7 адам құтқарушылар күшімен жағаға шығарылған. Жергілікті тұрғындар өз күшімен қауіпсіз жерге шыға алмаған. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, екі қайықтың бірін өзен ағыны алып кеткен.
4520Loading...
20
Италияның басты қалаларының бірінде қораптан жасалған табыттар қойылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Euronews-қа сілтеп. Өткен жылдың қортындысы бойынша 1041 адам жұмыс орнында қаза тапқаны анықталды. Ал Милан төріне қойылған табыттар қаза тапқан жұмысшыларды еске алу үшін бағытталған. Дәлірек айтқанда 10 мамыр күні Миланның орталық алаңдарының бірінде, Ла Скала театрына қарама-қарсы жерде табыт түріндегі картоннан жасалған 172 муляж қойылған. Мұндай акцияны Италияның екінші ірі кәсіподақ ұйымы UIL жұмыс орнындағы өлім туралы хабардар болу үшін ұйымдастырған. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.
4920Loading...
21
⚡️Алматыдан бірнеше шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  12 мамыр күні сағат  10:52-де Алматыдан 597 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Жер дүмпуінің ошағы оңтүстік-шығысқа қарай 597 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,8, MPV магнитудасы – 4,4. Жер дүмпуі Қазақстанда сезілген жоқ.
4660Loading...
22
😍 Бүгін - Қазақстан тари­хын­дағы алғашқы әйел Ел­ші Ақмарал Арыстанбекованың туған күні, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ол - Қазақстан Рес­пуб­­ли­касының Біріккен Ұлттар Ұйы­мын­дағы бірінші тұрақты Өкілі, ҚР Сыртқы іс­тер ми­нис­трлігінің ерекше тап­сырмалар бойынша Елшісі қызметін атқарған. Қазақтан шыққан тұңғыш әйел Елші 1948 жылдың 12 мамырында Алматы қаласында дүниеге келген. Ақмарал Қайдарқызының еңбек жолы 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетіндегі зертханада кіші, аға ғылыми қызметкер болып бастап, 1978-1981 жылдары Қазақстан Лениндік Коммунистік Жастар Одағы Орталық Коми­те­тінің ғылыммен айналысатын жастармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі болады. Одан кейін 1981-1983 жылдары Қазақстан Лениндік Коммунистік Жастар Одағы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
4740Loading...
23
Бүгін Алашорда қайраткері Мұхаметжан Тынышбайұлының туған күні, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайрат­кері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысында туған. Ауыл молдасынан хат таныған қарапайым қазақ баласы Ресейде институтқа түсіп, оны тәмамдаған. Мұхамеджан Тынышбаев 1905 жылы қазақ сынды шет ұлттарды билеуде өкіметтің әскери тәртіптен арылып, азаматтық жолға түсуін ұсынған дәлелді хатын министрлер комитетінің төрағасына жолдаған. Сол жылы инженер «Қазақтар жәш азаттық қозғалысы» атты баяндама жасап, қазақтың қазіргі жағдайы мен өмірге қажетті сұранымының жалпы сипаттамасын атаған. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
4750Loading...
24
⚡️ Ресейде өзенге құлаған автобустың жүргізушісіне бірнеше күн демалыс берілмегені анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеп. Санкт-Петербургтегі өзенге құлаған “Такси” ЖШҚ автоколоннасының жетекшісін тергеу жұмыстары жүрді. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
4840Loading...
25
⚡️ Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісінен қорлық көрдім деп арызданған Карина Мамаш жағдайын ашып айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Экс-кеңесшінің әйелі Карина Мамашты әлеуметтік желі қолданушылары “екінші Салтанат” деп атаған. Әйел адам Nukte YouTube-арнасына берген сұхбатында мәселенің мән-жайын айтты. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
5032Loading...
26
Қостанайда полиция қызметкерінің мәйіті үй ауласынан табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Облыста тұрғын үй ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Оның Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімінде криминалист болып жұмыс істейтіні белгілі болған. Полиция бөлімшесі қайғылы оқиға орын алған мерзімде ер адамның жыл сайынғы еңбек демалысында болғанын хабарлады. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
4850Loading...
27
⚡️ Орал қаласының әкімі жұмыстан кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Желіде Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов өз еркімен қызметінен кетті деген ақпарат тарады. Алайда “Уральская неделя” басылымы әкімнің жалған ақпаратқа қатысты пікір білдіргенін хабарлады. Орал әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарып, ол шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген болатын. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
4820Loading...
28
😍 Елімізде алғаш рет Аналар күні мерекесі тойлануда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мамыр айының екінші жексенбісінде аналар күні тойланады. Бұл атаулы мереке әлемнің 20-дан астам елінде тойланады. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Аустралия бар. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
5221Loading...
29
Ауғанстанда жауын салдарынан жүздеген адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.  Елде маусымдық нөсер жауын жауып,  мыңнан астам үйді қиратты. Табиғи апаттарды басқару министрлігінің Талибан өкілі су тасқыны Кабулға да әсер еткенін хабарлаған. Толассыз жаңбырдың салдарынан қаза тапқандардың саны 300-ге жеткен. Зардап шеккен аймақтарға азық-түлік пен өзге де көмек көрсету үшін арнайы топтар жіберілген.
5340Loading...
30
Әзербайжанда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Зілзала туралы елдің республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеген. Сейсмологтар жергілікті уақыт бойынша жер сілкінісін сағат 17:23-те тіркеген. Ленкоран ауданындағы Талыш тауларында магнитудасы 5,5 балға жеткен жерасты дүмпулері болды. Жер сілкінісінің ошағы 18 шақырым тереңдікте орналасқаны анықталған. Жергілікті басылымның хабарламасында: "Жер сілкінісінің қуаты 6 баллды құрап, жақын жатқан аудандарда 5,3 балды көрсетті, - делінген
5280Loading...
31
🚔 Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Іле ауданында полиция қызметкерлерінен қашқан жүргізуші қатты жылдамдықпен аялдамаға кіріп кеткен. Салдарынан екі адам қаза болып, үш адам ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға 12 мамырға қараған түні болды. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
5370Loading...
32
⚡️ Қазақстандық скрипкашы еліміздегі әуе компаниясының жұмысына шағымданды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТаг-қа сілтеп. Марат Бисенғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Өнер адамы FlyArystan әуе компаниясының жұмысына көңілі толмайтынын жазған. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
5610Loading...
33
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жолаушылары бар автобус көпірдің қоршауын бұзып, Мойка өзеніне құлаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Сол елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, автобустың ішінде жиырма шақты жолаушы болған. Оқиға орнында 70 құтқарушы, 18 техника жұмылдырылған. Видеода көрініп тұрғандай, автобус жүргізушісі өзенге құламас бұрын, жолдағы екі көлікке соқтығысып, жайпап өткен. Қазіргі уақытта кем дегенде үш адам қайтыс болғаны, тағы алтауы ауруханада екені айтылды. Жергілікті ақпарат құралдары қаза тапқандар саны алтыға жеткенін хабарлады. Автобус бір сағаттай су астында жатты. Куәгерлердің айтуынша, есінен танып қалған адамдар бірінен соң бірі судан шығарылды.
6742Loading...
34
Танымал қазақстандық продюсер, актриса және кәсіпкер Баян Алагөзова 10 мамыр күні жазылушыларымен қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ол өзінің Instagram парақшасында америкалық танымал рэпер Снуп Доггтың қазақстандық KeshYOU тобымен бірге бейнебаян түсіргенін айтты. «Біз интриганы сақтап, оны бомба етіп жариялағымыз келді, бірақ Snoop Dogg мұны біз үшін жасады, менің қымбатты жазылушыларым, мен сіздерден Snoop-қа жылы шырай танытуларыңызды сұраймын. Біздің қыздар, біздің KeshYOU, олар шынымен керемет», – деп жазды Баян Алагөзова. Қазақстандық продюсер рэпермен бірге түскен суретін де жариялады. Онда Снуп Догтың қазақша шапан мен кепка кигені көрсетілген. Баян Алагөзова ұлттық киімдердің қазақстандық дизайнер Аида Қауменованың туындысы екенін атап өтті.
6590Loading...
35
Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде топ жарды, деп хабарлайды “Адырна” порталы. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет жазды. Әйелдер арасында 48 келі салмақта өткен финалдық белдесуде Ғалия ресейлік Сабина Гилиязовадан оза шапты. Қазақстандық спортшы алдымен ваззари, кейін иппон ұпайын алып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша, Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam додасының алтынын алып отыр. Ол турнирдің финалына өз мансабында алғаш рет шыққанын да айта кету керек.
6220Loading...
36
Түркия Президенті жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының қолдауымен, Turkish Aerospace Industries (TAI) әзірлеген KAAN “қаған” ұлттық жауынгерлік ұшағы екінші мәрте сынақтан сәтті өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Агенттік мәлімдемесіне сәйкес, 10 мамыр күні екінші мәрте көкке көтерілген KAAN жауынгерлік ұшағы 10 мың фут биіктікте 230 түйін жылдамдықпен 14 минут бойы ұшқан.
6521Loading...
37
10 мамырда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы елді мекенінде аты аңызға айналған батыр, қолбасы, әулие-абыз баба Әлмерек Жаншықұлының ескерткіші бой көтерді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Айта кетейік, Әлмерек абыздың ескерткішін орнату мәселесі 2020 жылы көтерілген еді. 2021 жылы қариялар мен алқа мүшелері жарысқа қатысушылардың жұмыстарын талқыға ­салып, 8 мүсіншінің 15 жұмысы әділқазы алқасына таныстырылды. Бастаманы жүзеге асыру мақсатында ауылға кіреберіс жерден кешеннің құрылысына 3 гектар жер телімі бөлінген болатын. Әлмерек абыз — қазақтың Ұлы жүз Үйсін тармағындағы Албан тайпасынан шыққан батыр. Қазақ-жоңғар соғысына басынан аяғына дейін қатысқан батыр. Соғыс ақырына қарай қартая бастағанда әскерге сарбаз жаттықтырумен айналысқан. Шәкірттерінен атақты Райымбек батыр, өз немересі Саурық батыр шыққан.
6510Loading...
38
АИ-92 маркалы бензин мен дизель былтыр көктемде Үкімет белгілеген бағаға сатыла береді. Алайда қазақстандықтар жеңіл көлікке тәулігіне — 100 литр, автобус пен жүк көлігіне 300 литр ғана жанармай құя алады. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/197576
6650Loading...
39
Биыл елімізде қант тапшылығы болмайды. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. https://adyrna.kz/post/197521
6921Loading...
2024 жылғы 13 сәуір мен 11 мамыр аралығында елордада "Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" айлығы өтеді. Әрбір тұрғын елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қоса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Экологиялық айлық шеңберінде қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарлар мен орамішілік аумақтарды тазалау, саябақтар мен скверлердегі жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату жөніндегі іс-шаралар, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жүргізіледі. Сондай-ақ акция аясында 270 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарлануда. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/193325
نمایش همه...
Елордада көктемгі ауқымды экологиялық айлық өтеді | “Адырна” ұлттық порталы

Астанада Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Михаил Григорьевич Куликтің мемориалдық тақтасы «Байқоңыр» ауданында ашылды. Ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, қалалық Қорғаныс істері департаментінің басшысы Айдын Сағынбек, Ұлы Отан соғыс ардагері Михаил Куликтің қызы Валентина Кулик және қала тұрғындары қатысты. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/197440
نمایش همه...

Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінің базасында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау бойынша әлеуметтік акция ұйымдастырды. Гуманитарлық көмек Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындарына жеткізіледі. Зардап шеккендерге киім-кешек, азық-түлік, жеке күтім, төсек-орын, ыдыс-аяқ және дәрі-дәрмектер жиналды. Хасан Шариповтың төрағалығымен құрылған қалалық штаб гуманитарлық көмек жинау жұмыстарын үйлестіреді және тауарларды қабылдау мен түсіруге көмек көрсетеді. 📌Толығырақ: https://adyrna.kz/post/192820
نمایش همه...
Елордалық ҚХА су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 3 “газельмен” гуманитарлық көмек жіберді | “Адырна” ұлттық порталы

00:14
Video unavailableShow in Telegram
Астанадағы тұрғын үй кешенінде подъездің күнқағары баланың үстіне құлап кетті. Кадрде ғимараттан шығып келе жатқан жасөспірімнің үстіне подъездің күнқағары құлап кетеді. Оқиға 12 мамырда болған. "2013 жылғы бала 2-көпбейінді қалалық балалар ауруханасының травматологиялық пунктіне жеткізілді. Басының самай бөлігі жарылған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бала хирургтің амбулаториялық бақылауына жіберілді", - дейді Астана қаласының әкімдігі. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қарап тексергенде контузия нүктелі жаралар анықталған. Жалпы баланың жағдайы қанағаттанарлық. 
نمایش همه...
01:29
Video unavailableShow in Telegram
“Ұят болмасын” бағдарламасынан😍
نمایش همه...
👍 4
Петропавлда су басқан үйден ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ақпаратқа сүйенсек, 34 жастағы ер адамның жоғалғаны туралы інісі 13 сәуірде Подгора шағын ауданына су  кірген күні хабарлаған. Ер адамның денесі бір айдан кейін дәл сол жерден табылған.
نمایش همه...
Петропавлда су басқан үйден ер адамның денесі табылды | “Адырна” ұлттық порталы

Ресей президенті Владимир Путин Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгуды қызметінен босатты. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі мәлімдеді
نمایش همه...
Путин Шойгуды қызметінен босатты | “Адырна” ұлттық порталы

Photo unavailableShow in Telegram

👏 9👍 3 3