cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

EgovKzbot2.0 егов казакша

По вопросам рекламы @Markbtl Осыган кирп старт бас @Kenes1414Bot Егов на русском: 👉 @EgovKzBot2_03

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
9 766
مشترکین
-224 ساعت
-287 روز
-15130 روز
آرشیو پست ها
📆Биыл қазақстандықтар 8 мамыр күні демалады Еңбек министрлігі демалыс күнін 4 мамыр сенбі күнінен 8 мамыр сәрсенбі күніне ауыстыру туралы бұйрық дайындады. Сонымен қазақстандықтар үш күн қатарынан 7,8 және 9 мамыр күндері демалады. 🟡7 мамыр – Отан қорғаушылар күні; 🟡9 мамыр – Жеңіс күні. 📌Ал 4 мамыр жұмыс күні.
نمایش همه...
نمایش همه...
00:26
Video unavailableShow in Telegram
Ақмола облысындағы Жабай өзені арнасынан шығып, Атбасар қаласының бір бөлігін су басты. Тұрғындар эвакуациялануда. ТЖМ
نمایش همه...
Каналға жазыламыз https://t.me/tsitatis
نمایش همه...
Президенттің баспасөз хатшысы белгілі дінтанушы, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Қайрат Жолдыбайұлын қабылдады. Бұл туралы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында хабарлады. "Екіжақты кездесуде еліміздің рухани дамуына қатысты пікір алмастық. Әр іске сергек қарайтын Қайрат Жолдыбайұлы бірқатар ұсынысымен бөлісті", - деді Президенттің баспасөз хатшысы.
نمایش همه...
Енді телеграмм канал админдері, өздерінін каналдарын да жарнамадан акша таба алады, оны Павел Дуров өз каналында айтып өтті телеграмм жарнамасынын 50 % пайызымен Павел Дуров бөліседі, ол Тон криптовалютасы арқылы, жүзеге асады😊 https://t.me/kzdurov
نمایش همه...
«Президент Үкімет отырысында МӘМС жүйесін сынға алып, Үкімет алдына нақты міндеттер қойды. Өкінішке қарай, шын мәнінде мәселе көп. МӘМС моделін толық қайта қарау қажет. Тегін медициналық көмек көлемінің кепілденген пакетіне кіретін (ТМККП) тізім жеткілікті деңгейде анықталмаған. Азаматтар медициналық көмек алуға тырысқан кезде, нағыз квесттен өткендей қиындықтарға тап болады. Клиникалық хаттамалар лайықты түрде жаңартылмайды, олар бақылаусыз жаңа зерттеулермен және дәрі-дәрмекпен толықтырылады. Бірақ МӘМС-тің бюджеті рекордтық деңгейге жеттсе де, медициналық ұйымдар зор кредиторлық қарызға батты. Ал азаматтар медициналық қызметтерді өз қалталарынан төлеуге мәжбүр», - деді Асхат Аймағамбетов.
نمایش همه...
ҚР ТЖМ «СТӘЭ» сейсмикалық станцияларының желісі жер сілкінісі бүгін, 11 қаңтарда сағат 15:20-да тіркелгенін хабарлайды. Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 856 шақырым жерде (Ауғанстан аумағында) орналасқан. Элемент магнитудасы - 6,4. Ал Шымкент пен Жамбыл облысының тұрғындары 2 баллдық жер сілкінісін сезінді https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
«Шіріген құбыр, ескірген қазандық, кеңестік заманнан қалған сорғы»: Саиров қыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтің өткен жылы қыста болған олқылықтарды қайталауға хақы жоқ екенін айтты. «Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкімет алдында еліміздің тұрғындарын жылумен тұрақты қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар қоюда. Дегенмен, бірінші аяз түсуімен еліміздің коммуналдық инфрақұрылымының сыр бере бастауы дәстүрге айналып отыр. Рас, республика бойынша тозығы жеткен жылу орталықтары мен инфрақұрылым 80 проценттен асып кетті. Ал олардың көбін біз 50 жылдан астам уақыт пайдаланып келеміз. Бұл қауіпті жағдай», - деді Жамаубаев. Депутат атағандай, былтырғы Екібастұз, Риддер, Балхаш, Көкшетау, Қарағанды, Теміртау мен Петропавл қалаларындағы апаттар - қордаланған мәселелердің айқын көрінісі. «Бұл тізімге Сарань қаласы қосылды. Техногендік қауіп-қатердің географиясы геометириялық прогрессиямен өсіп барады. Соған қарамастан, біз жылына бұл салада тек 5-7 процентке ғана жаңарып отырмыз. Бұл тіпті, елдегі ескіру үрдісінің орнын толтырмайды. Олай жалғаса берсе, жылу энергетикасындағы коллапс орнауы бек мүмкін. Шіріген труба, ескірген қазандық, «кеңестік заманнан қалған» насостарды ауыстыратын уақыт өтіп кеткенін бәріміз білеміз. Өткен жылы жылу саласындағы инфрақұрылымның тозуын азайту мақсатында арнайы 160 миллиард теңге қаржы бөлінсе де, шықырлаған аязға төтеп бере алар емеспіз. Жыл басында Парламентте Жоғарғы аудиторлық палатасының «Жылумен жабдықтау саласы» бойынша қорытынды есебінде 100-ден аса нақты ұсыныстар мен жүйелі сындар айтылды. Ұсыныс ретінде берілді», - деді Саиров. Оның айтуынша, Үкіметтен сол ұсыныстар бойынша не жауап, не атқарылған істі көрмеген. «Осылай тізіп кете беруге болады. Сондықтан бұл саладағы менеджмент пен бақылау маңызды. Өткен жылы AMANAT партиясы өкілдері Екібастұз халқына мыңдаған үй жылытқыш пен жылы көрпе тасып, халықты жылытқанын білесіздер. Биыл осындай жағдайды қайталатуға Үкіметтің еш хақысы жоқ. Олигархтар протекцияны пайдаланып, өздері пайдаға кенеліп, шығынды мемлекет пен халыққа ысырып тастаудың дәстүрін жалғастыру әрекеттерін қойған жоқ. Осыған балта шабу керек», - деді депутат. Осы орайда алдағы 3 ай қыс уақытына депутат бірқатар ұсыныс жасады: Жауапты министрлер жылы кабинеттерінен шығып, барлық жиналыстарын қысқартып, жылу орталықтарының басы-қасында осы аязды күндері жүруі керек; Министрлер, қиын-қыстау кезеңде кабинеттен шығып, халық арасында болыңыздар; 2022-2023 жылдары Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен бөлінген қаражаттардың есебіне қатаң анализ жасалуы тиіс. Бұл саладағы әрбір жемқор қатаң жазалануы тиіс; Осы күндері өңірлердегі оперативті штабтардың жұмысын «екі еселенген 24/7 режиміне» көшіру қажет; Әкімдіктер мен Үкімет осы саладағы өңірлік қауіпті зоналар бойынша «Тәуекелдер картасын» даярлап, олар бойынша нақты мақсаттық алгоритм жоспарын даярлап қоюы тиіс. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
Біздің ютуб арнамызға тіркеліп қойыңыздар👇👇👇 https://youtube.com/@EgovKzBot2_01?si=wslgswnn9JxbACU4 Рахмет !
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
✍️Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
نمایش همه...
00:33
Video unavailableShow in Telegram
Қасым-Жомарт Тоқаев сел тасқынынан қорғайтын жаңа «Аюсай» бөгетін аралап көрді Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жұмыс сапары сел тасқынынан қорғайтын бөгетпен танысудан басталды. Мұндай нысан соңғы 30 жылда алғаш рет салынды. Сапар  барысында Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов  селдің алдын алу жұмыстары туралы баяндады. «Қазселденқорғау» мекемесінің басшысы Қайрат Бекенов Мемлекет басшысына табиғат апаттарының алдын алу жұмыстары жөнінде мәлімет берді, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 62 мектеп салынды Президенттің тапсырмасына сәйкес құрылған жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын Қор арқылы бүгінде еліміздің бірнеше өңірінде және Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған (екі ауысымдық) 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. "Жалпы Қор құрылған өткен жылдың желтоқсан айынан бері оның есепшотына 151,6 млрд теңге түскен. Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған", - дейді хабарламада.
نمایش همه...
00:44
Video unavailableShow in Telegram
Ішкі істер министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталуына қатысты пікір білдірді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев журналист Сандуғаш Дүйсенованың шағымына қатысты пікір білдірді «Қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысында жүзеге асырылатын заңды әрекеттер және бұл әрекетті орындау кезінде азаматтың бастан кешіретін қолайсыздықтары азаптауға жатпайды. Бұл жеке тінту не қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен реттеледі және барлық азаматтар үшін бірдей. Оны уәкілетті лауазымды адам, яғни бұл жағдайда бір жыныстағы куәгерлердің қатысуымен тергеуші жүргізеді. Бұл жағдайда Дүйсенова ханымның қорғаушысы да болды. Ол бұл туралы өз пікірін білдірді», - деп жауап берді Марат Қожаев.
نمایش همه...
Бала ұрлаған әйел екі айға қамауға алынды «Сот шешімімен 22 шілде күні 1999 жылғы азаматша 2 айға қамауға алынды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК 126 бабы бойынша тергеу басталды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 23 жастағы әйел қыздың қолын байлап, аузына шүберек салып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы видео тараған болатын. Тексеру барысында полиция қызметкерлері әйелді анықтады. Тергеу амалдары заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша басталғанын хабарлаған.
نمایش همه...
00:38
Video unavailableShow in Telegram
Алматы облысында баланы байлап тастап, қорлық көрсетудің себебі қайтарылмаған қарыз болуы мүмкін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысындағы Қарғалы кентінде әйел адамның0 қыздың аузын байлап, кейін баланы қаңырап бос қалған ғимараттың аумағына күштеп алып кеткен видеоға қатысты пікір білдірді. "Қыз бала табылды. Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Қыздың анасы көрші әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрғанын айтты. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Анасының сөзінше, бұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін. Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады", - дейді Динара Зәкиева.
نمایش همه...
📣Орта білім беру ұйымдарында бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 31 шілдеде аяқталатынын еске саламыз. Баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін Сіздерге eGov.kz порталы арқылы немесе мектепке құжаттарды тапсыру қажет. ❓Барлық сұрақтар бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7172) 742048, 8 (7172) 742032.  
نمایش همه...
«Семей-Орманы» резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылығы қамауға алынды Бас прокуратура Абай облысындағы орман өрті фактілерін тергеуді жалғастыруда. Аталған компаниялардың 1 шілдеде олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сараланған Олардың жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, оларға «үйқамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда, өрттің барлық ықтимал нұсқалары пысықталуда, олардың арасында қасақана өртеу, табиғатта ақаулы техниканы пайдалану, найзағай разряды және басқалары да бар. Экология және ТЖД министрлігінің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне де құқықтық баға берілетін болады., - ҚР Бас прокуратурасы https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
🔥❗️Жағдай күрделі Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Абай облысындағы өртті сөндіру, сондай-ақ апат ауқымының кеңеюіне жол бермеу және азаматтар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолда бар барлық техникалық және адами ресурстарды жұмылдыруды тапсырды Өртті сөндіруге Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері тартылды. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
⚡️ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев орман өрті болып жатқан Абай облысына келеді Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президент баспасөз қызметі Тоқаев 11-13 маусымға жоспарланған Вьетнам сапарын кейінге шегергенін мәлімдеді. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
🚛 Қырғыз-қазақ шекарасындағы көлік кептелісіне түсінік берілді. «Бұл Қырғызстаннан басқа елдерге ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортының маусымдық өсуімен байланысты. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті тарапынан жүк тасымалдаушыларға шекаралық бақылаудан өтуге ешқандай шектеулер жоқ», - делінген ведомство хабарламасында. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
Қазақстандықтар жалақысының 50 пайызын азық-түлікке жұмсайды – депутат Қазақстандықтар жалақысының 50 пайызын азық-түлікке жұмсайды. Бұл туралы депутат Мәди Тәкиев Мәжілісте «Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын талқылау барысында айтты «Қазақстандықтардың табысы төмен болғандықтан және инфляцияның салдарынан шығыстарының 50 пайызын тек азық-түлікке жұмсайды. Бұл дегеніміз азаматтардың ақша жинауы былай тұрсын, басқа қажеттіліктеріне ақшасы жетпей жатыр деген сөз. Өңірлік теңсіздік әлі де байқалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде 2022 жылы 94 мың отбасы кедейлік шегінен шығарылды», - деді Тәкиев. Оның айтуынша, бұл айда аталған көрсеткіш өзгеріссіз қалып отыр. «Мәселен, табысы ең төменгі халықтың деңгейінде 5,2 пайыз тұр. Бұл 1 млн адам дегенді білдіреді», - деді ол. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿🇪🇺 Қазақстаннан Еуроодақ елдеріне баратын азаматтарға визалық режим жеңілдеуі мүмкін. Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Брюссельге жұмыс сапары аясында Ішкі істер бойынша Еуропалық Комиссар Ильва Йоханссонмен кездесу өткізді.  Келіссөздер нәтижесінде тараптар ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы ресми консультацияларды бастау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
نمایش همه...
Қай салада жалақы жоғары – ұлттық статистика. Орташа жалақы ең жоғары салалар: - тау-кен өндіру – 766 555 теңге; - қаржы және сақтандыру – 602 114 теңге; - ақпарат және байланыс– 541 218 теңге. Орташа жалақы ең төмен салалар: - сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу – 201 884 теңге; - ауыл, орман және балық шаруашылығы – 179 388 теңге. Орташа айлық жалақы жоғары өңірлер бестігі: - Атырау облысы – 618 420 теңге; - Маңғыстау облысы – 509 818 теңге; - Ұлытау облысы – 450 889 теңге; - Астана қаласы – 432 197 теңге; - Алматы қаласы – 390 322. Орташа айлық жалақы төмен өңірлер бестігі: - Солтүстік Қазақстан облысы – 241 102 теңге; - Жетісу облысы – 246 203; - Шымкент қаласы – 254 202 теңге; - Жамбыл облысы – 254 646; - Түркістан облысы – 257 874. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿📞🇺🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті   Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады.
نمایش همه...
🌙Бүкіл мұсылман қауымның сағынып күткен қасиетті Рамазан айы аяқталып, бүгін барша қазақстандықтар ораза айт мерекесін атап өтуде. Сіздерді Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймыз! «Айт» сөзі – «мерекелеу», «хәл сұрасу», «бір-бірін қуанту», деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан да, бұл барша мұсылман үшін қасиетті әрі ұлық мейрам. Бар тілеуін Алладан сұраған барша мұсылман бауырлар, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын. Ораза айт құтты болсын! https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
⚡️Президенттің төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес басталды. «Жуырда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Үкімет қайта жасақталды. Осылайша, ауқымды саяси өзгерістің алғашқы кезеңі аяқталды деуге болады. Біз билік тармақтарының тепе-теңдігін орнықтырдық. Енді еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құруымыз керек. Жұртшылық бұл реформаларға зор үміт артып отыр. Сондықтан, біз нақты іс-шараларға баса мән беруге тиіспіз», - деді Президент. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
Қазақстанда теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады «Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты, 2023 жылғы 19 cәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз», - делінген хабарламада. «Қазтелерадио» уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Болат Назарбаев "Барыс" автокөлік базарынан айырылды Қарасай аудандық сотының шешімімен жалпы ауданы 37,6 гектар жер телімін сатып алу-сату шарттары ("Барыс" автобазары) жарамсыз деп танылды. Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, шешім 17 сәуірде жарияланды. Судья А. Б. Ахметова Қарасай ауданы прокуратурасының жерді сатып алу-сатудың шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап-арыздарын қанағаттандырды. Айта кетейік, прокуратура, жергілікті әкімдік және Болат Назарбаев арасындағы сот талқылауы биыл наурыз айының соңында басталды. 2004 жылдан 2019 жылға дейін жер телімдерін сатып алу-сату бойынша 7 шарт жасалды. Мемлекеттік жер әртүрлі уақытта Назарбаевтың иелігіне өткен. Оны Қарасай ауданының әкімдігі, Қаскелең қаласы және ауданның жер қатынастары бөлімі берген. Жерді беру фактісі өрескел заң бұзушылықтармен болған деп хабарланды. Сондықтан прокурорлар сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды және оларды мемлекет иелігіне қайтаруды талап етті.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
🕋 Қадір түні не істеу керек 🕌 2023 жылы қасиетті Қадір түні – 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түн. Қасиетті Қадір түні ауыз ашқан уақыттан бастап, сәресіне дейін жалғасады. Мұсылман қауымы үшін ерекше орын алатын бұл түн туралы Құран Кәрімнің "Қадір сүресінде" толық жазылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде жерге түсірілгені жайлы айтылады. Сонымен қатар ол мың айдан да қайырлы болып есептеледі Қадір түнінде жел соқпайды. Айналада тыныштық орнап, жауын-шашын жаумайды. Бұл түні жерге түскен періштелер тастан да көп болып, олар адамдарға дұға етуге жәрдемеседі. Қадір түнін ұйқысыз дұға етіп, құлшылықпен өткізген жөн.
نمایش همه...
Мәжіліске 6 партия өтті: партиялар қанша мандат алды ▪️Amanat партиясы – 53,90% (40 орын); ▪️"Ауыл" партиясы – 10,90% (8 орын); ▪️Respublica партиясы – 8,59% (6 орын); ▪️Қазақстан халық партиясы – 6,80% (5 орын); ▪️"Байтақ" жасылдар партиясы – 2,30% (Мәжіліске өтпеді); ▪️"Ақ жол" партиясы – 8,41% (6 орын); ▪️Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% (4 орын). https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
КамАЗ-дың тіркемесі ажырап кетіп, жас жігітті басып өлтірді Жантүршігерлік оқиға Семей қаласында болған. Жүк көлігінің ақаулығы салдарынан тіркемесі ажырап кетіп, жол жиегінде келе жатқан 20 жастағы тұрғынды басып кеткен. Жігіт оқиға орнында көз жұмды. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
Өзбекстан ғалымдары қатерлі ісікті 99% емдейтін дәрі ойлап тапты Өзбекстан ғылым академиясына қарасты Ядролық физика институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Илхам Садықов отандық ғалымдардың тың зерттеулері жөнінде айтып берді, Ғалымның айтуынша, қазіргі таңда институтта 14 ғылыми зертхана мен кафедралар жұмыс істейді. Соңғы жылдары бірқатар зерттеулер жүргізілді. Ең жақсы нәтижелердің бірі – 2022 жылдың маусымында тіркеліп, өндіріске енгізілген жаңа радиофармацевтикалық векторлық терапия препараты. Ол қатерлі ісікті емдеуде өте тиімді жаңа дәрі. Бұл препараттың бір дозасы қазір АҚШ-та 70 мың долларға, Еуропа елдерінде 25 мың долларға сатылуда. Өзбекстан Ядролық физика институты бұл дәріні республикадағы 3 онкологиялық диспансерге 1,5 мың доллар бағамен жеткізе бастады. 2018 жылдан бері бұл препарат бірнеше шет мемлекетте өндіріліп, медицинада қолданылып келеді. Әрқайсысы өз технологиясын қолданады. Өзбекстан Ядролық физика институты жасаған жаңа технология негізінде бұл дәрінің өндірісі жолға қойылды. Қазіргі уақытта институттың «лютеций-177» деп аталатын изотопы әлемдегі басқа өндірушілердің өнімдеріне қарағанда 10 есе таза және сапалы радиоизотоп болып табылады. Қарапайым тілмен айтқанда, институт әлемде бар препаратты жетілдіріп, отандық технология негізінде сапалы әрі арзан өнім шығара бастады. Өзбекстандық өнім АҚШ, Германия, Ресей өнімдерінен 10 есе таза және 15-50 есе арзан. Препараттың құрамы «лютеций-177» радиоизотопынан және арнайы простата қабықшасы бекітілген «антиген-617» ақуызынан тұрады. Бұл ақуыз лютеций-177 радиоизотопын қатерлі ісік метастаздары болатын дене аймақтарына жеткізетін құрал ретінде әрекет етеді. «Лютеций-177» радиоактивті изотопы қатерлі ісіктерге еніп, оны радиоактивті сәулелерімен күйдіреді. Бұл сәулелердің қашықтығы 1-2 миллиметр болғандықтан, олар ісік арқылы еніп, айналасындағы сау тіндерге зиянды әсер етпейді. Бұл ісіктерді хирургиясыз емдеуге мүмкіндік береді. Фотосуреттің сол жағында бүкіл денесінде қатерлі ісік метастаздары бар 4 науқастың жағдайы көрсетілген. Оң жағында 2-3 ай бойы лютеций-177 PSMA-617 препаратымен емделгеннен кейінгі жағдай. Қазіргі таңда бұл дәрі-дәрмек ісіктің 4-ші сатысын 97-99 пайызға емдейді. Революциялық дәрілердің қатарына кіретін бұл препаратты әлем дәрігерлері «фантастикалық нәтиже» деп бағалап отыр. Бұл препарат – институттың желілік кәсіпорны болып табылатын «Радиопрепарат» мемлекеттік кәсіпорны мен Радиохимия ғылыми зертханасының ғалымдары жүргізген зерттеулердің жемісі. Кәсіпорын қазір АҚШ-тан 55 есе, Еуропа елдерінен 15 есе, әлем бойынша ең арзан деп саналатын Израильден 9-10 есе арзан өнім шығарады. Қазір бұл өңімнің бірнеше жүз дозасын республикадағы 3 емханаға жеткізуге болады. Мәліметтерге сүйенсек, бір жылда Өзбекстаннан 10 мыңға жуық адам онкологиялық сырқатын емдету үшін шетелге барады. Енді олардың бірнеше есе арзан емді өз елінде алу мүмкіндігі бар. Бұл құралдың шыққанына бірнеше күн болғандықтан, ол қазір тек ішкі нарықта ғана қолжетімді. Жалпы, бүгінде 60-тан астам радиофармацевтикалық өнім шығарылуда, олардың бір бөлігі әлемдік нарықта жоғары бағаға ие. Мысалы, «Йод-125» радиоизотопының дүниежүзілік өндірісінің 80 пайызы, «Фосфор-32», «Фосфор-33» изотоптарының 60 пайызы аталмыш аталмыш кәсіпорында өндіріледі. Кәсіпорында өндірілген өнімнің 95 пайызы экспортқа шығарылады. Тек 5 пайызға жуығы ішкі нарықта сатылады. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Toyota Жапонияда Camry маркалы көліктерді сатуды тоқтатады. 43 жылдық флагмандық автомобиль өндіруші ретінде танымал болып қала беретін елдерге назар аудара отырып, Toyota Motor Жапония нарығында Camry седанын сатуды тоқтатуды жоспарлап отыр. Осылайша Toyota жапондық дилерлерге жыл соңында отандық клиенттер үшін Camry өндірісін тоқтататыны туралы хабарлады. Экспорт үшін өндіріс жалғасады.
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿☀️ҰЛЫСТЫН ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Елімізге береке, халқымызға тыныштық әкелсін. Экономикамыз тек қана алға бассын. Әр отбасыға кұт-береке әкелсін.
نمایش همه...
Біз ютубтамыз! Жазылыңыз 👇👇👇 https://youtube.com/@egovkzbot2.083
نمایش همه...
Министрліктің бұйрығы мыңдаған мұнайшыны жұмыссыз қалдыруы мүмкін Энергетика министрлігінің қабылдағалы отырған шешімі Маңғыстау облысында мыңдаған адамды тұрақты жұмысынан айыруы мүмкін. Маңғыстаулық мұнай компаниясының қызметкері Бауыржан Өтесінов әңгімесін осыдан бастап, мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді. Кейіпкеріміздің айтуынша, Энергетика министрлігінің кез келген көлік түрімен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салуды енгізу жоспары мұнайшыларға кедергісін тигізуі мүмкін. Оның уақыты да белгіленген – 4 ай. Жалпы, қазір мұнай саласындағы қызметкерлердің әртүрлі себеппен наразылық акциясына шығуы жиіледі. Мәселен, жуырда Батыс Қазақстан облысындағы KKC-Sicim жұмысшылары жалақысын кемі 50% өсруді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартты. Олардың уәжін тыңдау үшін шетелдік компанияның басшысы заңгерлерін жібере салмай, Италиядан арнайы келгені хабарланды. Қай жағдайды алып қарамайық, жұмысшылардың дені әлеуметтік жағдайының жақсаруын талап етіп отыр. Ал, министрліктің аталмыш шешімінен соң мұнай өңдейтін шағын кәсіпорындарда жұмыссыздық мәселесі күн тәртібіне шығуы мүмкін. https://t.me/EgovKzBot2_020
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram