cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Korkyt Ata University

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жаңалықтары

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
807
مشترکین
-124 ساعت
-37 روز
-2430 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

TECHNOWOMEN KYZYLORDA: KEYS TO SUCCEED АТТЫ АЙМАҚТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында TECHNOWOMEN KYZYLORDA: KEYS TO SUCCEED атты аймақтық форум өтті. Форумды "TechnoWomen" коммерциялық емес ұйымы, кәсіпкерлік пен бизнес-ортаны дамыту жөніндегі USAID жобасы аясында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия және ҚР Ғылым және жоғары білім, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен бірігіп ұйымдастырды. Іс-шара әйелдерді технологиялық индустрияларға тартуға, әйел кәсіпкерлерді цифрлық трансформация және электрондық коммерция, сондай-ақ, стартап-қозғалыс мәселелері бойынша ақпараттандыруға бағытталған шабыттандыратын шеберлік сыныптары мен білім беру тренингтерін ұйымдастыру мақсатын көздейді. Толығырақ🌍 https://korkyt.edu.kz/article/1283
نمایش همه...
👍 1
ҒАЛЫМДАР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ Жамбыл облысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы өтті. Ұлттық академия ұсынған «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» бастамасын іске асыру аясында өңірлік ғылымды дамыту мәселесі бойынша Республиканың әр өңірінен ғалымдар бас қосты. Отырысқа Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары да қатысып қайтты. Президиум отырысында өңірлік ғылымды дамыту, өңірдің ғылыми ұйымдарын басқару, жергілікті жерлерде білім тарату орталықтарын құру және олардың жұмыс істеуі мәселелері талқыланды. Осыған орай Ұлттық ғылым академиясы аталған мәселені шешуге бағытталған бірқатар нақты шаралар ұсынды. Бұл аталған іс шараларды Жамбыл облысының аймағында пилоттық режимде жүзеге асыруды және оны кейіннен еліміздің барлық өңірлерінде іске асыруға ұсыныс айтылды. Толығырақ🌍 https://korkyt.edu.kz/article/1282
نمایش همه...
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «А.С.Пушкиннің шығармаларын оқуда цифрлық білім беру ресурсын қолдану» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинардың мақсаты: А.С.Пушкин шығармашылығын зерттеуде цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың тиімділігін талқылау және анықтау болды. Университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, ф.ғ.к Майнұр Бөрібаева кіріспе сөзін сөйлеп, іс-шараны бастап берді. Толығырақ🌍https://korkyt.edu.kz/article/1281
نمایش همه...
Жасанды интеллектті басқаруға арналған дөңгелек үстел өтті Алматы қаласындағы БҰҰ ғимаратында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық Бюросының ұйымдастыруымен "Жасанды интеллектті басқару: Тұрақты даму мақсаттарына жетудегі Қазақстанның үлесі" атты дөңгелек үстел өтті. Оған жасанды интеллект саласындағы әлемдік мамандар, мүдделі технологиялық компаниялар және Қазақстанның жетекші университеттерінің ректорлары мен проректорлары және қызметкерлері онлайн қатысты. Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Махмұт Томанов және БҰҰ Ақпараттық орталығының өкілі Властимил Самек ашты. Кіріспе сөзден кейін негізгі баяндамалар тыңдалды. Толығырақ🌍https://korkyt.edu.kz/article/1280
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ЖАНКЕНТ ҚАЛАСЫ ЗЕРТТЕЛУДЕ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Тюбинген университетімен (Германия) бірлескен «Ұлы Жібек жолының солтүстік аймағындағы көшпенділер мемлекетінің қалыптасуы және урбанизациялануы: Ерте орта ғасырдағы Жанкент қаласы (Арал теңізі аймағы, Қазақстан)» жобасы 20-26 мамыр аралығында жүзеге асты. Археология және этнография ғылыми орталығының зертханасында ортағасырлық Жанкент қаласында жүргізілген қазба барысында табылған жануарлар сүйектеріне Оксфорт университетінің постдокторанты, PhD, археолог-палеозоолог Эшли Харуда зерттеу жүргізуде. Зерттеу барысында ортағасырдағы үй жануарларының түрлері, өзгеріске ұшырау процесстері, қосымша аңшылық, балық аулау кәсіптері бойынша талдаулар жасалуда. Жоба аясында зерттеулер қыркүйек айында жалғасын табатын болады.
نمایش همه...
ЖАНКЕНТ ҚАЛАШЫҒЫНДА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖАЛҒАСАДЫ Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының «Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі мен «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті келісім-шартқа сәйкес ортағасырлық Жанкент қалашығындағы археологиялық зерттеу жұмыстары бойынша биылғы жаңа қазба маусымы басталды. Қазба жұмыстарына орталық қызметкерлері, Археология және этнология білім беру бағдарламаларының АЭ-22-1, АЭ-21-1 оқу топтарының білім алушылары және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Астана қаласы филиалының директоры, PhD Тәжекеев Әзілхан Әуезханұлы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау бөлімінің бас инспекторы Дарменов Рүстем Тұрарбекұлы, сонымен қатар, Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі және Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері қатысуда.
نمایش همه...
ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ QAZTEST ӨТТІ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында QAZTEST жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу А1 (Қарапайым) және В1(Орта) деңгейлеріне қосымша тестілеу өтті. Тестілеуге «Болашақ» халықаралық бағдарламасының, ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына түсуге үміткерлер, Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлер мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына түсушілер және Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары қатысты. Қазақ тілін білу деңгейін бағалайтын сынақты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы QAZTEST жүйесін дамыту басқармасы, Тестілеуді ұйымдастыру ғылыми-әдістемелік зертxанасының меңгерушісі Әділбекова Жанар Болатқызы қабылдады. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен 173 профессор-оқытушылар мен қызметкерлер қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
نمایش همه...
2👍 1
БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДА Студенттер сарайында университеттің бітіруші курсының білім алушыларымен кездесу өтті. Рекрутинг және мансап басқармасының басшысы Жандос Оразмаханов және Зерделі мектептер желісінің Оңтүстік өңірлік директоры - Жанат Алтаев, “Зерделі" ақыл - ой дамыту орталығының директоры Асқар Сыздықов қатысты. Кездесуде түлектерге бос жұмыс орындары туралы ақпарат берілді. Айта кету керек, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен “Зерделі” республикалық ақыл-ой дамыту серіктестігімен екі-жақты меморандуға отырған болатын. Нәтижесінде бүгінде білім ордасының бірнеше бітіруші түлектері “Зерделі” оқу орталығына тұрақты жұмысқа орналасты.
نمایش همه...
1
КҮМІС ЖАСТАҒЫЛАРҒА «IT-САУАТТЫЛЫҚ» САБАҒЫ ӨТТІ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Күміс университет» жобасы аясында 50 жастан асқан қала тұрғындарына «IT-ҚҰЗЫРЕТТІЛІК» бағдарламасы аясында «ІТ-сауаттылық» интенсивті курсын өткізді. Курсты «Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру» орталығы ұйымдастыруда. Интенсивті курста «Информатика және ақпараттық коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламаларының аға оқытушылары қатысушыларға цифрлық сауаттылықты арттыру бағытында күнделікті тұрмыста қолданылатын мобильді қосымшалар мен әлеуметтік желілер туралы дәрістер өткізіп, практикалық тұрғыда үйретті. Курсқа қатысушы қала тұрғындарына «Күміс университет» жобасы бойынша кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылықты арттыру, тіл үйрену, ән айту шеберлігін дамыту курстары да ұйымдастырылатын болады.
نمایش همه...
👍 1 1
СТУДЕНТЫ ИЗУЧАЮТ МЕТОДЫ ВЫРАЩИВАНИЯ ТОМАТОВ В КЫРГЫЗСТАНЕ Студенты образовательной программы «Аграрные технологии» Кызылординского университета имени Коркыт ата - Жансая Жаксылык, Дина Дильдабаева, Асемай Куттыбаева, Елдана Нуралиева и ассоциированный профессор, доктор философии Нуралы Нургалиев по программе академической мобильности обмениваются опытом в Кыргызско-Турецком университете «Манас» Кыргызской Республики. Студенты участвуют на лекционных и практических занятиях профессорско-преподавательского состава факультета «Сельское хозяйство» по направлениям «Биология-растениеводство», «Подготовка проектов», «Тепличная работа». «По прибытии в Кыргызстан мы наблюдаем за ходом роста различных растений и плодов, получаем о них много информации. Здесь в теплицах выращивают клубнику, рапс, хлопок, новые сорта яблок и различные садовые цветы для озеленения. Подробнее🌍 https://korkyt.edu.kz/ru/article/1272
نمایش همه...
1